Шамалармен амалдар орындау

  • docx
  • 23.01.2021
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала 2.11.20 Математика 2Е.docx

 

Мұғалімнің аты-жөні:

Каденова Ардақ

Пән/Сынып:

2 «Е»

Қай аптаның нешінші сабағы

Тарау немесе бөлім атауы:

1С бөлім- Шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы:

Шамалармен амалдар орындау

Оқу мақсаты:

2.1.3.4** ұзындық /см,дм,м/ масса/кг,ц/өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру

Бағалау критерийі:

-          ұзындық /см, дм, м/ масса/кг, ц/өлшем бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіреді;

-          шамалар мәндерін: ұзындық/см, дм, м/ масса/кг, ц/ көлем /сыйымдылық//л/ өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды;

-          шамаларды пайдаланып есептер құрастырады;

Тілдік мақсат:

түрлендіру

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

 

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

 2 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар!Сіздермен қайта кездескеніме қуаныштымын! Бүгін біз алдында өткен барлық шамалармен түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз.

Сабағымызды бастамас бұрын шамалардың өлшем бірліктерін есімізге түсірейік!

 

 

 

 

 

Математика" пәні бойынша қалыптастырушы бағалау жинағы

Ø  Ұзындық: см, дм, м.

Ø  Масса: кг, ц.

Ø  Көлем: л

Не меңгеретінін білу үшін

 

Презентация № 1-3 бет

8 минут

Жаңа сабақ

Ұзындықты өткен кезде біз бір ережені жаттаған едік! Есімізге түсіріп көрелік.

Біз тек үлкен бірлікті кіші бірлікке айналдыра аламыз!

Сол ережені есімізге сақтай отырып, мына есепті шығарып көрейік.

 

2. Сантиметрмен өрнекте.

 

1 дм 4 см=______см

4 дм 8 см=______см

3 дм=_______см

 

Жарайсыңдар құрметті оқушылар! Енді келесі есепті шығару үшін тағы бір ережені қолдану қажет!

Есіңде сақта!

Әртүрлі өлшем бірліктеріндегі шамаларды бірдей ең кіші өлшем бірліктеріне айналдырып, содан соң қосу және азайту амалдары орындалады.

 

Жаңа тақырыпты меңгеру

 

Презентация № 4-5 бет

10 минут

 

 

Тәжірибе

 

Жеке тапсырма ұсыну

Дәптеріңе жазып, жылдам есепте.

 

3. Түсіндіре отырып есепте.

    1 дм + 8 см=

 1 м – 9 дм=

   1 дм 4 см – 9 см=

  1 дм + 7 см=

4. Ауызша тапсырмалар орындау

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

 

Тамаша!

Жарайсыздар!

 

Керемет жауап!

Презентация №6-11 бет

5 минут

 

 

Бекіту

 

    Құрметті менің оқушыларым! Бүгін біз көп жұмыс жасадық. Жарайсыңдар! Егер әлі де бұл тақырыпқа қиналып жатсаңыздар мен әрдайым көмекке келуге әзірмін!

 

Үй тапсырмасы: 66 бет, 2 есеп. Екі амалмен орындалатын есептер құрастырып, оларды шығар

 

Бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды! Сау болыңыздар!

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Оқушылар әр тапсырманы орындағаннан кейін бағалау шкаласындағы дұрыс шыққан тапсырма санын белгілеп немесе бояп отырады.

Соңында нәтижесін салыстырады.

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 12-16 бет