Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу
Оценка 5

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Оценка 5
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
Детсад
21.02.2018
Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу
Мақсаты/Цель: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; пуантилизм техникасымен сурет салудың әр түрлі тәсілдерімен таныстыру, балалардың көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой-қиялын арттыру; эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиялары, сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, сурет үлгісі "Балық" (4 дана А4 форматтағы); - фломастерлер; желім – қарындаш, түрлі-түсті қағаздардан жасалған дөңгелектер (дырокол арқылы дөңгелектер жасау); ермексаз; гуашь, мақталы таяқшалар.Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиялары, сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: пуантилизм техникасымен салынған шығармалар, сурет үлгісі "Балық" (4 дана А4 форматтағы); - фломастерлер; желім – қарындаш, түрлі-түсті қағаздардан жасалған дөңгелектер (дырокол арқылы дөңгелектер жасау); ермексаз; гуашь, мақталы таяқшалар.
мастер класс пуантилизм.docx
Шебер – сынып: «Пуантилизм» техникасымен сурет салу Мақсаты/Цель: пуантилизм туралы түсінігін тереңдету; пуантилизм  техникасымен  сурет салудың  әр түрлі тәсілдерімен таныстыру, балалардың  көру, бейнелі ойлау қабілеттерін дамыту; шығармашылық ойлау қабілетін, ой­ қиялын арттыру; эстетикалық талғампаздыққа және еңбекқорлыққа  тәрбиелеу.  Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық  сақтау технологиялары, сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: пуантилизм  техникасымен салынған шығармалар, сурет үлгісі "Балық" (4 дана А4  форматтағы); ­ фломастерлер; желім – қарындаш, түрлі­түсті қағаздардан  жасалған дөңгелектер (дырокол арқылы дөңгелектер жасау); ермексаз; гуашь,  мақталы таяқшалар. 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент: Балалар біз бүгін сурет салудың жаңа бір түрі «пуантилизм» әдісімен  танысамыз. Пуантилизм (фр. Pointillisme, нақтырақ «нүктелік», фр. point —  нүкте) ­ жанр немесе живопись өнеріндегі импрессионизм бағытына сәйкес  келмейтін өнер бағыты. Пуантилизм негізі майлы бөлімдермен нүктелік  немесе тікбұрыштық формада салынады. Ол 1885 жылы ең алғаш Францияда  пайда болды. Бұл жанр адамның алдында болып жатқан физикалық  қозғалысты суреттейді. Басты ерекшелігі нүкте арқылы салынған бейнеде екі  немесе одан да көп бояулар салу жұмысы аяқталған соң басым бір түстің өте  әдемі бейнені көрсетуі. Пуантилизмнің өмірге келуі жас суретші Жорж  Сераның қызығушылығымен және түстер теориясымен байланысты.   2.Негізгі бөлім/оснавная часть:  Пуантилизм техникасымен салынған шығармаларды  тамашалау. ­Балаларды пуантилизм техникасымен  сурет салудың  әр түрлі тәсілдерімен  таныстырамын:  фломастермен, ермексазбен, мақта таяқшаларымен және  түрлі­түсті қағаздардан жасалған дөңгелектермен.  Балалардың жеке дамуын анықтау мақсатында жүргізілген индикатор жүйесі   бойынша балаларды топтарға бөлемін: ұғынады, түсінеді, қолданады. 1. Бірінші нұсқада сурет салу үшін  бізге "Балық" үлгісі және фломастерлер  қажет. Қажетті түсті фломастерлерді алып  бүкіл суретті "көпіршіктермен"  (дөңгелектермен) толтырамыз.  Бұл нұсқада ұғынады тобына жататын балалар жұмыс жасайды.  2. Екінші нұсқада сурет салу үшін  бізге "Балық" үлгісі,  желім – қарындаш  түрлі­түсті қағаздардан жасалған дөңгелектер қажет. Желімді алып түрлі­ түсті қағаздардан жасалған дөңгелектерді  жабыстырамыз. Бұл нұсқада  қолданады  тобындағы балалар жұмыс істейді.  3.Үшінші нұсқада сурет салу үшін "Балық" үлгісі және  гуашь пен мақталы  таяқшалар керек. Мақталы таяқшаны аламыз, оны суға малып, бояуға  батырамыз және барлық суретті түсіне сәйкес нүктелермен толтырамыз.  Нүктелерді бір ретпен немесе әр жерге салуға болады. Бұл нұсқада түсінеді  тобындағы балалар жұмыс істейді.  4.Төртінші, соңғы нұсқаны орындау үшін  бізге "Балық" үлгісі  және ермексаз  қажет. Ермексазды алып, кішкентай бөлшектерге бөлеміз, дөңгелектер жасап  оны суретке  жабыстырамыз.  Бұл нұсқада қолданады тобындағы балалар  жұмыс істейді. Саусақ жаттығуы:  Балық болып жүземіз (малту қимылын көрсету)  Шынығамыз суда біз (оң қолмен, сол қолмен)  Шынықсақ біз бәріміз (білектерін көрсеті)  Шымыр болып өсеміз (бір орында жүру) Балалар  үлгілер бойынша тапсырмаларды орындайды. 3.Қорытынды/итоговая часть: Балалар біз бүгін сурет салудың қандай түрімен таныстық?  «Пуантилизм» әдісі сендерге ұнады ма?  Балаларды мадақтау. Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай­бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Шебер – сынып: «Пуантилизм» техникасымен сурет салу Тәрбиеші: Темірбай Қ.С 2017 – 2018 оқу жылы

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу

Шебер сынып: "Пуантилизм" техникасымен сурет салу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.02.2018