Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "
Оценка 5

Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "

Оценка 5
Семинары
docx
математика
Взрослым
01.04.2017
Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "
Қазіргі таңда оқушыдан өздігінен мәселерді шешіп қана қоймай,жаңа білімдерін стандартты емес жағдайларда қолдану, ақпарат кеңістігінде тиімді жұмыс істеу, қарым-қатынас орнату, өз жетістігін нақты бағалау, зерттеу қызметінің технологиясына сүйеніп құзыреттілігін қалыптастыру талап етілуде. Практикада мәселелік оқыту, іздену, зерттеу, эвристикалық оқыту әдістері тиімді болуда. Оқушылардың зерттеу біліктілігі мен дағдысын дамыту нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.Оқушының бұл қызметке дайындық сатысында оның қызығушылығын ескерген жөн. Мұғалімнің міндеті- сабақта ғылымды танудың барлық тәсілдерін: салыстыру мен сәйкестендіру, талдау мен синтез, қорытындылау мен нақтылау, оқушыларды жаңашылдыққа сүйсіндіру, зерттеуді дамыту мен шығармашылығын қалыптастыруда аз уақыт бірлігінде оқу міндеттерін жүйелі түрде күрделендіру болып табылады. Оқушылардың ғылыми зерттеу қызметін сабақтарда, сабақтан тыс ұйымдастыруға болады.
Шеберлік сабағы.docx
Шеберлік сабағы Нугербекова А.И. Тақырыбы: Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру  Шеберлік сабағының мақсаты:  Қатысушыларды оқушылардың пәндік құзыреттілігін қалыптастырудың негізі­жоба зерттеу  қызметін математика  сабақтарында ұйымдастырудың жолдарымен таныстыру Міндеттері: ­шеберлік сабағына қатысушыларды оқушылардың зерттеу қызметінің негізгі теориялық  мазмұнымен таныстыру; ­оқушылардың зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін анықтау; ­сәттілік кезеңдері мен рефлексия қалыптастыру;  ­шебер мен қатысушылар арасында тығыз байланыс орнату; ­ шығармашыл педагогикалық қызметінің жеке стилін қалыптастыру. Құралдар мен жабдықтар: компьютер, проектор, презентация, тапсырмалары бар  үлестірмелер Шеберлік сабағының барысы: Ғылыми жобаның тақырыбын таңдау оңайға соқпайтыны бәрімізге белгілі.Тақырып ата­ана немесе мұғалімнің жетекшілігімен таңдалады.  Көбінесе реферативті тақырыптар таңдалынады.Оқушыларға мақсат пен міндеттерді қоюда, зерттеу  пәні   мен  обьектісін  анықтауда,  зерттеу   әдістерін   таңдауда,  тәжірибе   жүргізуде, материалды   сұрыптап   құруда,   табылған   материалдың   таұырып   пен   зерттеу   мақсатына сәйкестігін ашуда қиыншылықтар туындайды.Оқушыға ғылыми тану жолын көрсету және оның   қадамдарын   меңгерту.Тақырып,   мақсат,   міндеттерді   айқындауда,   жұмыстың жүргізілуіне   талдау   кезінде   ғылыми   жобаның   барлық   кезеңдерінде   педагогикалық басшылық қажеті белгілі.  Ғылыми зерттеу жұмыстарының кезеңдері Тақырып­мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады. Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жқмыс жасауға және зерттеудің барсында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді. Зерттеу жұмысын жүргізу кезеңдері: зерттеу күнделігін жүргізу Зерттеу   күнделігі   оқушылардың   тақырыпты   таңдаған   күнінен   басталады,   әдебиеттермен жұмыс   жасайды  және   жобаны   рәсімдеу   мен   қажетті   құжаттарды   дайындау   кезінде аяқталады.  Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілуі керек. Күнделіктің бет парағы былай толтырылады: Ғылыми зерттеу күнделігі Зерттеу тақырыбы:____________________ Оқушының тегі­аты:_________________ Мектеп, сынып:___________________ Ғылыми жетекшінің аты­тегі, әкесінің аты___________ Бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделікті негізгі бөлімінде  оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады: Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою  керек. 1.1. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі: –аннотация­қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; ­Жетекші:(аты­жөні толығымен,пәні, мектебі, қаласы);   (аты­жөні Кеңесші: толығымен, дәрежесі, оқу орын, қаласы) шешу   формулалары   жеткіліксіз   қолданылады. Мектептегі   математика   курсында  скалярлық     көбейтінді     көмегімен   теңдеулер   мен теңсіздіктерді   Бұл   формулалар математиканы   тереңдетіп     оқытатын     сыныптарда,     олимпиада   есептерінде     және   ҰБТ­ тапсырмаларында     кездеседі.   Осы   тұрғыдан   алғанда   М.Ломоносов   атындағы   №5   орта мектеп­лицейінің       11«Ә» сынып оқушысы  Нұрланбек   Диастың  орындаған ғылыми жоба жұмысы  өзекті   проблемаға     арналған     деп   есептеймін.   Осындай   зерттеулер   нәтижесінде оқушылардың   өздері   ашқан   «жаңалығы»   олардың   зерттеушілік   қабілетін,     белсенділігін арттыруға жол ашқан.  Ғылыми жұмысты орындау кезінде  Нұрланбек   Диастың  өздігінен ғылыми – ізденістерге   өте бейімді екендігін, ғылыми­әдістемелік әдебиетпен     біліктілік деңгейінде жұмыс істей алатындығын көрсетті. Ендігі сөзді Диасқа берейік. Оқушының ғылыми жоба жұмысында қолданған тәсілдермен   11Ә сынып оқушыларымен  есептер шығару жолдары көрсетілді.Топтарға тапсырма берілді. Зерттеуші оқушы Нұрлан­  бек Диас тәсілдерді түсіндіріп берді. Оқушылар топтарда шығарып,қорытындылады. Келесі сұрақтар қойылады: шеберлік сабағына қатысу мақсаты? Қандай пайдалы ақпараттар алдыңыз?; Тағы қосып айтарыңыз бар ма?  Шеберлік сабағы барысында стретегиялардың барлығы уақытылы, талапқа сай, жоспарға сәйкес   орындалды.   Мұғалімдер   тапсырмаларға   үлкен   жауапкершілікпен   қарап, шығармашылықтарын   үйлестіре     білді.   Мұғалімдердің   ой   –пікірлерін   және   шеберлік сабағының   өту   деңгейін   анықтау   мақсатында   жазбаша   түрде   «Дейін­кейін»   кері байланыс түрін таңдап, арнайы парақша тараттым. Әріптестер көптеген ізгі ниеттерін, бірнеше ұсыныстарын тілек түрінде жазып өтті. Олар жоба зерттеу қызметінің түрлерін, әдістері мен тәсілдерін жақсы меңгергендерін, өз практикаларында пайдаланса,  жақсы нәтижеге   жетуге   болатынын     жазыпты.  Келешекте   арнайы   пәндер   бойынша тақырыптарға сай материалдарды дайындалса деген ұсыныстарын білдіріпті.Келешекте тыңдарман   аудиториясын   пәндер   бойынша   бөліп,   бағыт   бойынша   әдіс­тәсілдерді көрсетуім керек деген ой түйдім. Бұл шеберлік сабағы әріптестерім үшін де, өзім үшін де   үлкен   сабақ   болды.   Алдағы   жұмыстарды   жоспарлауда   тиянақты   қарастыратын жақтары бар деп ойлаймын.

Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "

Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "

Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "

Шеберлік сабағы "Оқушылардың жоба зерттеу қызметін ұйымдастыру "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017