"Шынайы білімнің нұры"

  • Разработки уроков
  • docx
  • 05.04.2019
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Тақырыбы: Шынайы білімнің нұры Құндылығы: Ақиқат Қасиеттері: Білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің бірлігі Мақсаты: Оқушыларға адам баласы шынайы білімге талаптанып өмір сүру қажет екенін түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу қажеттігін түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір сүруге тәрбиелеу. Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.https://kk.wikipedia.org 2. oilar.kz
Иконка файла материала 8 сынып ¦6.docx
Тексерілді: _______________                                                                             «____»______________________ Пән: Өзін – өзі тану  Мектебі: Лозов ЖОББМ Күні: _______________  №: 6 Мұғалімі: Альсеитова И.Д. Сыныбы: 8 Оқушылардың саны:  Тақырыбы: Шынайы білімнің нұры Құндылығы: Ақиқат  Қасиеттері: Білім іздеу, жақсыдан жаманды ажырата білу, ойдың, сөздің және істің бірлігі Ресурстар: (материалда р,  дереккөздер) 1.https://kk.wik ipedia.org 2. oilar.kz Мақсаты: Оқушыларға адам баласы шынайы білімге талаптанып  өмір сүру қажет екенін түсіндіру арқылы, ақиқат құндылығының  мәнін ашу. Міндеттері:  Білімділік: Оқушыларға өмір бойы білім іздеу қажеттігін  түсіндіру. Дамытушылық: Оқушылардың жақсыдан жаманды ажырата білу  қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ойдың, сөздің және істің бірлігінде өмір  сүруге тәрбиелеу. Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.   5 Т – ережесі: 1 Тәртіп. 2 Талап.  3 Тыныштық. 4 Тазалық. 5 Татулық.      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап,  оқып ­ білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты  сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.      Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».      Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ ­ қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге  қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге  қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегіорналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын  таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды  тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын  елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды  қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле  шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға  көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін  шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге  апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек  шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды  құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен  әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек  жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз  түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте ­ бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің  денеңіз ден шығып, жан ­ жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды  туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға,  таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп  жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға  толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан ­ жануарларға, өсім  діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір ­  түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр  менің ішім де... Мен Нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл  әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет! 2 Үйге тапсырманы тексеру. 1. №5 – сабақ. Ш. Уәлихановтың өмір жолы мен жасампаздығы  туралы ээсе жазу.  2. Келесі сабақ. №6, «Тапсырма» мәтінін оқып келу.  Сұрақтар:  1. Мұғалім балаларға жазғы демалысқа қандай тапсырма  берді? 2. Қаныштың білімге деген құштарлығы қандай іс –  әрекеттерінен көрінді? 3. Мұғалім Қаныштан неліктен риза болды? 4. Білімге  ұмтылу не үшін қажет? 5. Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерді өзіңе үлгітұтасың? 3 Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) «... Біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр!».                                                 Қаныш Сәтбаев. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани[1] (12  сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы ­ 31  қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) ­ геолог­ғалым, минерология  ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның  тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес  Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін  қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. Сұрақтар:  1 Адам өз білімін қалай шыңдай алады? 2 Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? 4 Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Даналық дәндері Бірде бозбала үш дән мен бір түйіншек тауып алады. Онда адам   бір   нәрсені   білгісі   келсе,   оны   тілеп,   бір   дәнді   жесе,   бәрі орындалады делінген екен.Дән тек үшеу болған соң, тілек те үшеу болады. Бозбала   географияны   меңгергісі   келеді.   Онда   бүкіл   әлем туралы   жазылған.Ол   бір   дәнді   жегенде,   өзін   барлық   жерде болғандай сезінді. Алайда көп нәрсе оған әлі детүсініксіз болды. Енді   ол   өткен   ғасырлардың   сырын   білгісі   келді.   Екінші   дәнді жейді, бірақ басқа ғылымдар беймәлім болады. Тағы нені ойласам, бәрін білер едім деп, ойланып кетті. Ол жартастың шетінде емен ағаштың астында, мұхиттың суына көп қарап отырды. Толқынның   шуы   бозбалаға   толассыз   естілді,   ол   ешнәрсе туралы   ойлай   алмады.   Нені   ойласам   екен   деп   қиналды. Математиканы   ма?   Ол   барлық   жерде   қолданылады.   Бәрін   білу мүмкін емес. Кәсіпті ме? Музыканы ма? Не тілесем екен? Бозбаланың   көңіл­күйі   болмай   отырғанда,   олтөбеден   бір дыбыс естіп, жоғары қараса, ақ көгершін ағашқа қонып, бір айдай сұлуға айналады. Ал қыз болса:   ­ Еңбекті білуді тіле, сонда сен даналық дәндерін өзің өсіре аласың... Айтты да ғайып болды. Бозбаланың   жүрегі   жадырай   түсті.   Ол   қыз   айтқанды тебіренетіледі.   Үшінші   дәнді   жеп,   еңбектің   қуанышы   не   екенін түсінді!   Еңбек   оған   кез­келген   ғылымға   жол   ашты.   Бозбала шаршауды   білмей,   білімді   болғаны   соншалықты,ол   уақыттыңқалай   тез   өтіп   кеткенін   байқамайтын   болды.   Ал   сүйікті   қызын көрген күн сондай ғажайып болды! Сұрақтар:  1. Неліктен ару қыз бозбалаға еңбекті тілетті? 2. Еңбектің қуанышы дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Еңбекқор   адамның   бойында   қандай   құндылықтар   мен қасиеттер болады? 4. Өз еңбектерің арқылы жетістікке жеткен кезде қандай күйге бөленесіңдер? Әңгімелеп беріңдер. 5. Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады? 5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 – топ: «Талап» 2 – топ: «Білім» 3 – топ: «Ақыл» Тапсырма: Нүктелердің орнын толтыр. 1. Жаманға айтқан ақылың — Далаға атқан оқпен тең. Талабы жоқ жас ұлың — Жалыны жоқ ... тең. (шоқпен) 2. Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың ... болсын. (қанат) 3. ... шыққан сөз ­ талаптыға болсын кез. (білімдіден) 4. Талап — ..., Білім — сұңқар. (тұлпар) 5. ... талап ұшырар, Құсты қанат ұшырар. (ерді) 6. Талап ... да асырар. (таудан) 6. Топпен ән айту.    Ұстазым менің ұстазым                                        Өлеңін жазған Аманжол Шамкенов                                        Әнін жазған Әбілахат Еспаев Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын Үлгiңдi көңiлiме қыстатқанмын Есiмде, әлiппенi жаттатқызып Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның Ұстазым, менiң ұстазым Өзiңмен өткен қыс­жазым Қалдырған iзiң мәңгiлiк Жадымда тұрар жаңғырыпҰстазым, менiң ұстазым Зердемдi сен ашпасаң не етер едiм Өмiрден сыбағасыз өтер едiм Ғажайып дүниенiң сырын жайын Қияға қызықтырып жетеледiң Ұстазым, менiң ұстазым Өзiңмен өткен қыс­жазым Қалдырған iзiң мәңгiлiк Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менiң ұстазым Өзiңнен өмiрге азық ала бердiм Ұшырып менi алысқа қала бердiң Бойымда отың кеттi ұшқын атқан Келедi жана бергiм, жана бергiм Ұстазым, менiң ұстазым Өзiңмен өткен қыс­жазым Қалдырған iзiң мәңгiлiк Жадымда тұрар жаңғырып Ұстазым, менiң ұстазым 6. Үй тапсырмасы. 1. №5 – сабақ. Аса көрнекті ғалым, академик Қ.Сәтпаев өмір  жолы туралы эссе жазу.  2. Келесі сабақ. №6, «Хаттар» мәтінін оқып келу.  7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою.  Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ­қолыңызды айқастырмай, түзу  отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз.  Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады.  Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз.  Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа  шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды  тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9­10 рет) немесе   1..................2  [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп,  жүрегімізге сақтайық.