«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің
Оценка 4.6

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русская литература
10 кл
09.06.2017
«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің
Сценарийі Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда ауыл ардагерінің ерліктерін тыңдату. Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Лозингілер, шарлар, гүлдер, венок, жалауша, шаңырақ, музыкалық орталық. Түрі: Мерекелік кеш Жүргізуші: Армысыздар, Отанына шын берілген, қайсар жүрек ауылымыздың соғыс ардагері атамыз және барша құрметті ауыл тұрғындары! Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңына орай өткізіліп отырған «Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері.docx
«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің Сценарийі Мақсаты: 1941­1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда ауыл ардагерінің ерліктерін тыңдату. Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа, ардагерлерді сыйлауға, тағзым етуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:  Лозингілер,   шарлар,   гүлдер,   венок,   жалауша,   шаңырақ,   музыкалық орталық. Түрі: Мерекелік кеш Жүргізуші: Армысыздар, Отанына шын берілген, қайсар жүрек ауылымыздың соғыс ардагері   атамыз   және   барша   құрметті   ауыл   тұрғындары!   Ұлы   Жеңістің   70   жылдығы қарсаңына орай өткізіліп отырған  «Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!  ҚР Әнұраны орындалады. Жүргізуші: 9 – мамыр бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мереке – екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп,   соғыстың   қанға   бөккен   даласында   қайсарлықпен   шайқасқан,   Жеңістің   туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.  Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс, Қирады талай арман көңілге алған. Ән: «Қазақстаным» Орындайтын:  Жүргізуші: 70 жыл бейбіт көктем таңы атқалы 70 жыл шуақты күн таратты әнін  70 жыл көктемде содан бері  Ашылды Жеңіс күннің парақтары Ұлы   Отан   соғысына   қатысқан   Бауыржан   Момышұлы,   Мәншүк   Мәметова,   Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б. және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.  Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, қан кешіп, кеудесін оққа тосқан, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп бір сәт үнсіздікпен еске алайық.  (1 минут үнсіздік) Жүргізуші: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті, Жер бетінен жамандық мүлдем үрікті. Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз, Аспандатып жырлаймыз жақсылықты. Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер, азайып барасыңдар. Ұлы Жеңіске қайсарлығымен, қаһармандығымен ат салысқан майдангеріміз атамызға сөз кезегін береміз. Ән: «Бейбіт күн тілегі». Орындайтын:  Жүргізуші:  ­ Иә,миллиондаған адамның өмірін жалмаған, әрі мерейін үстем еткен соғыс – халық санасынан ұмтылған жоқ. «Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңінде Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі  үшін, сіздер  мен  біздердің  бақытты  өміріміз  үшін,  жер  бетінде  бейбіт  өмір орнауы жолында нәзік жандылар да соғысқа аттанғалы мәлім.  Қимылдаңдар бәрің де майдан үшін, Майдан үшін дегенде қайда күшің?! Ерлігі   аңызға   айналған,   «Шығыстың   қос   жұлдызы»атанған   Әлиямыз   бен   Мәншүгімізді қалай ұмытамыз. (Сахнаға әскери киімде Әлия мен Мәншүк шығады). Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар».Орындайтын:. Жүргізуші: Жігіттердің қолдарында ержүрек, Алаулады Жеңіс туы желбіреп, Бала біткен шапқылап жүр, мәз – майрам, Көптен күткен ең ұлы күн келді – деп. Жеңіс күніне арналған әдеби монтажға кезек береміз. Жүргізуші:Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін, Халқымыз қуанышты тегіс бүгін. Жауды шаншып, Отанды азат еткен, Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін. Ән: «Жеңіс күні». Орындайтын:  Жүргізуші: Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Осы тілекпен барша халайық түрегел! Ардагер атамыздың батасын алайық. Ән: «Сыр елі» Орындайтын:  Жүргізуші: ­ Міне,   өз тәуелсіздігімізді   алып,   егеменді   ел   болып,   әлемге   танылып   отырмыз.   Өз   гимніміз,   өз елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт.   ата­бабаларымыздың   арқасында   бүгінгі   күні Қуанышымыз,   жеңісіміз   ұзағынан   болсын   деп   бүгінгі   мерекелік   шарамызды   аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Айбынды азаматтарымыз аман болсын! Хор: «Атамекен» Клуб әдіскері:                                 С. Куликбаева Шәкен ауылдық клубында  мамыр айында «Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы 1. ҚР әнұраны 2. Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: Жақсылықов Ғани 3. Ән: «Бейбіт күн тілегі». Орындайтын: Қолғанат Арайлым. 4. Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар».Орындайтын: Изенова Гүлжайна. 5. Ән: «Жеңіс күні». Орындайтын: Омаров Роман 6. Ән: «Сыр елі» Орындайтын: Сүлеймен Нұржігіт 7. Хор: «Атамекен» Бағдарлама дайындаған Сүйемелдеуші:                                                            Қ. Бипенов

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің

«Сүйемін сені сұлу Сырдың ардагерлері» атты мерекелік кештің
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.06.2017