Қазақ тілінен «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып, аудандық бастауыш сынып мұғалімдері семинарында «Дара және күрделі сан есім» тақырыбында шебер сынып өткіздім. Қызығушылығын оятуда интерактивті тақтадан «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көрсеттім және сабақтың тақырыбы сан есім болғандықтан оқушыларға логикалық тапсырма бердім. Мағынаны тану бөлімінде оқушылар планшетпен жұмыс істеді, яғни оқушылар бір-біріне сан есімі бар жұмбақтар жасырды. Ал, «Сөзді тап» ойынын ойнағанда, плпншеттен тауып алған сөздерден дара және күрделі сан есімі бар сөйлемдер құрады. Сабақтың соңында «Терме диктант» жазылды, оқушылар оқылған мәтінннен сан есімдерді теріп планшеттеріне жазды.
Смарт книжка.docx
Калибаева Гүлжиян Мажитқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Санаты: I
«М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді селосы
SMART» технологиясы бастауыш сыныпта.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне өзі сенімді,
интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Бастауыш саты білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.
Біздің міндетіміз жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға
қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің
алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан жақты
жетілген, ақыл парасатты, ой өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу
қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен
жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені
болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз
болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие
әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін
жан жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: « Жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын
арттыру».
Жаңа технология үрдістерінің талабы оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа
жету, оқушылардың іс әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу танымдық іс
әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу. Бүгінде
әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең
қолданысқа ие болып отыр. Smart технологиясының элементтерін мен де өзімнің
сабағымда қолданып жүрмін.
«SMART» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды» дегенді білдіреді. SMART
критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі
талаптар төмендегідей:
S (Specific) – мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы
керек.
М (Measurable) – мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін
анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
А (Achievable) – мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар
арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R (Relevant) – мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер
қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
Т (Timelimited) – мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен
шектеулі болуы керек. Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он
лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен
жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін
мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Өзім жұмыс
жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен
қарастырылған.
Мектептің информатика,ағылшын,қазақ тілі,химия,биология,тарих,математика
кабинеттерінде интерактивті тақта орнатылған.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын,
білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны ашық сабақ
өткізгенде,тәрбие сағаттарын өткізу барысынд жиі қолданамын. Мысалы: ақпан
айында «Жол тәртібін білейік, аманесен жүрейік» тақырыбында өткен тәрбие
сағатында оқушылар интерактивті тақтадан «Жолдас көмекке келеді» мультфильмін
тамашалады. Бұл мультфильмде жолда жүру тәртібін үйретеді. Интерактивті тақтамен
жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық
қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны
пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін
пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп,
оны жетік түсінуге, дағдыланады.
Өз істәжірибеме тоқталатын болсам, «SMART» технологиясының элементтерін
пайдалана отырып айына бір рет сабақ беремін. Әр сабағымызды қызықты, өзгеше
өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Мысалы 3сыныпта қазақ тілі сабағында «Жалаң және жайылма сөйлем» тақырыбын
өткенде интерактивті тақтаны тиімді пайдаландым. Интерактивті тақтадан оқушылар
«Тапқыр қойшы » ертегісін көріп отырып бірнеше тапсырмалар орындады. Сабақ
барысында бір ғана тәсілмен шектелмей, жаңа ақпараттық технологияларды
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап қолданамын. Атап айсақ, бұл
сабақта оқушылар планшетпен де жұмыс істеді. Планшеттен «Сөзді тап» ойынын
ойнап, тапқан сөздерінен жалаң және жайылма сөйлем құрастырды. Сөйлемдерін
талдады.Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірбиелерді пайдалану үлкен
жетістіктерге жетелейді. Өзімнің әрбір сабағыма озық технологияларды пайдалану
жақсы нәтижелер бергенін көрудемін.
Қазақ тілінен «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып,
аудандық бастауыш сынып мұғалімдері семинарында «Дара және күрделі сан
есім» тақырыбында шебер сынып өткіздім. Қызығушылығын оятуда
интерактивті тақтадан «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көрсеттім және
сабақтың тақырыбы сан есім болғандықтан оқушыларға логикалық тапсырма
бердім. Мағынаны тану бөлімінде оқушылар планшетпен жұмыс істеді, яғни
оқушылар бірбіріне сан есімі бар жұмбақтар жасырды. Ал, «Сөзді тап» ойынын
ойнағанда, плпншеттен тауып алған сөздерден дара және күрделі сан есімі бар
сөйлемдер құрады. Сабақтың соңында «Терме диктант» жазылды, оқушылар
оқылған мәтінннен сан есімдерді теріп планшеттеріне жазды.
Кез келген сабағымның тақырыбын жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау, сол
сабақтың аяғына дейін қызық өтуіне себеп, сондықтан да Play Маркеттен өте қызықты
ойындарды таңдап сабаққа пайдалануға болады. 1. «Сөзді тап» ойыны қазақ тілі сабағында, ал мақалмәтелдер, жұмбақтар,
2.
ертегілерді әдебиеттік оқу сабағында пайдалануға болады.
«Әліппе» ойыны дыбыстардың дауысты және дауыссыз екенін ажыратып
ойнауға арналған.
3. «Көбейту кестесі», «Мерсибо» деген ойын сандар қатарын табуға,
«Балалар» деген ойыны 10 көлемінде қосып азайтуға,
«Барбоскины» деген ойын санның құрамын табуға арналған.
Осы ойындарды 1сынып оқушыларымен өткізген сабақтарға пайдалануға
болады.
«SMART» технологиясының мүмкіншіліктері:
1. Оқушылардың сабаққа қызықты әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;
2. Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуға немесе интернетпен
жұмыс жасауға болады;
3. Оқушылардың жеке және әлеуметтік қабілеттерін арттыра отырып, топпен
жұмыс жасауға көмектеседі;
4. Егер сабаққа керек материалдар әзір болса, сабақ темпінің жақсы өтуіне
септігін тигізеді;
5. Оқушылардың өздеріне деген сенімі арттып, шығармашылықпен жұмыс
жасаулары артады;
«SMART» технологиясының мүмкіншіліктерімен қатар қиыншылықтары да
кездеседі.
1. Мектептегі материалдық техникалық базасының толық болмауы.
(планшеттер)
2. Интернет желісінің жылдамдығының аздығы т.б.
Қорыта келгенде, мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол
– оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен енгізу.
Қазіргі кезде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім
беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа
технологиясын, жаңа әдістәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу
тиімді.Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдістәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың
жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор.
Қазақ тілі. 4сынып.
Жалаң және жайылма сөйлемдерді қайталаймыз.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру,
жаттығулар арқылы меңгерту;
ә) тәрбиелік: топтасып жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың адамгершілік
қасиетін, көзқарасы мен сенімін қалыптастыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу; б) дамытушылық: оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын,
шығармашылық қабілетін, тілін, жадысын, қиялын дамыту, өзінөзі бағалауға
үйрету.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабақ.
Әдістер: түсіндіру, сұрақжауап, көрнекі, техникалық құралдарды қолдану,
әңгімелеу, салыстыру, құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар,
суреттер
Сабаққа пайдаланылған оқыту технологиялары: смарт технологиясы, ойын
арқылы оқыту, тірексызба технологиялары
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық кезең.
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн ашылды,
Айнала нұр шашылды.
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену.
1. Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар шешу.
Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын. (Сөйлем)
Қоясалсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін. (Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады. (Сұраулы сөйлем)
Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,
Білдіріп ойын талайдың, Шарға ине қадаймын (Лепті сөйлем)
Жұмбақтардың жауаптарын диктофонға жазу. Жауаптарын диктофоннан
тыңдау.
Ойын: “Кім көп біледі?” Ережелер әлемі.Сөйлемдерді ауызша толықтырады.
Сөйлем......болып екіге бөлінеді.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем ..........деп аталады.
Тұрлаулы мүшелерден басқа түрлаусыз мүшелері де барсөйлем ......деп
аталады.
2. Мағынаны тану.
Планшетпен жұмыс. Ойын «Сөзді тап»
Оқушылар сөздерді тауып жалаң сөйлем құрастырады,жалаң сөйлемдерді
жайылма сөйлемге айналдырады.
Наурыз,бауырсақ,жаз.
1қатар. Жай сөйлем құрастырады.
2қатар. Жайылма сөйлем құрастырады.
Интербелсенді тақтадан «Тапқыр қойшы » ертегісін көрсету.
Сурет бойынша жалаң жайылма сөйлем құрастыру.
Сергіту сәті. Оқулықпен жұмыс.
1жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
3. Ойтолғау.
«Құстар әлемінде»
Кесте бойынша құстардың аттарын қатыстырып жалаң және жайылма сөйлемдер
құрастыру
1қатар.
Торғай
2 қатар.
Қарға
сауысқан
бұлбұл
бүркіт
Қарлығаш.
«Ең керемет жарнама»
Екі қатарға төрт заттың суреті беріледі (тоңазытқыш, компьютер, шаңсорғыш,
қобыз). Әр топ осы заттарды жарнамалайды. Негізгі шарты: ол заттың атын
атамауы тиіс. Басқа топтар жарнамаға қарап, ол заттың не екенін табады.
Жарнама ішінен жайылма сөйлемдерді табады.
Шығармашылық диктант. Орны ауыстырылған сөздерді тиісті орындарына
қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Бұл сөйлемдер сөйлемнің қай түріне жатады? Зәуре суарды қозыларды кішкентай.Болат құйды ыдысқа сүт. Түптеді
оқушылар кітаптарды тозған. Соқты ұста құралсайман. Отырды атам мен
әжем төрде. Достар қанатты пайда әкеледі табиғатқа.
Сөйлемдерді құрастырып,планшеттеріне теріп жазу. Оқып талдау.
Сабақты бағалау.
Ұзақ мерзімді
жоспар бөлімі:
4A бөлім: Күнделікті
өмірдегі есептеулер.
Күні:
Сынып: 1 А
Сабақ тақырыбы
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасы
на сілтемеу)
Мектеп : Мәлік Ғабдуллин атындағы ЖББОМ.
Мұғалімнің атыжөні :Калибаева Г.М.
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Ақша.Теңге.
1.1.3.6 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг тиындарымен түрлі операцияларды орындау
1.5.1.2 орынды, бағытты, заттардың арасындағы қашықтықты анықтайтын
сандарды, заттарды, тауар бағаларын/терминдерді салыстыру кезінде
қолданылатын ұғымдарды пайдалану Сабақ мақсаттары Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі.Бір
бірінен ажыратады, ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады. Өз
бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығарады.
Барлық оқушылар білу керек:
Жетістік
критерилері
Тілдік мақсат
Сөздік қор
Құндылықтарды
дарыту
Пәнаралық
байланыстар
Алдыңғы
меңгерілген білім
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтың басы
2 минут
Монета (теңге) номиналдарды таниды, атайды, тауардың
ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады
Көпшілігі:
Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады.
Кейбір оқушылар:
Өз бетінше қорытынды шығарып, ойпікірін білдіре отырып,
төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Тиындар, ақша құны, баға,теңге, жалпы сан, қалдық ақша, қайтарым.
Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:
Талқылау үшін сұрақтар:
• … теңгеге не сатып алар едің?
• Сенде осы теңгелер болса, сен не сатып алар едің?
• Бұл зат қанша тұрады?
• Төлеу үшін қандай монетаны пайдаланасың?
Ақша (монета) артылып қала ма? Қандай монетамен төлейсің/
қайтарым аласың ба?
Ақшаденьгиmoney, монетамонета coin
Теңге, ақша, баға,құн.
Құрмет,еңбек және шығармашылық.
Дүниетану, ана тілі
Теңгені тану. Ақша туралы сен не білесің? тақырыбы қарастырылған.
Сабақта жоспарланған ісәрекет
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: «Маша мен аю»
бейнетаспадан көрсету.
Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі күн біз үшін
Интерактивті
тақтада
жазылған өлең
жолдары. Сабақ ортасы
3 минут
2 минут
7 минут
12 минут
Сәттілікке толсын
2).Балалардың көңіл күйлерін сұрау. «Бас бармақ»
әдісі
Көңілсіз Көңілді
(Т) Жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын
ашу
Балалар жұмбақты оқып, топ ішінде талқылаңдар да
жауабын айтыңдар.
Қалталардың түбінде
Сылдырсылдыр етеді.
Адамдарға мәңгілік
Адал қызмет етеді.
/топтардың ойларын тыңдау/
Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы
«Ақша.Теңге».
Сабақтың мақсаты: Монеталарды танып және айыра
білу, заттардың бағасына сай ақшамен төлем жасай білу.
Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не үйренеміз, не
білеміз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Монетаны (Теңгелерді) ажырата аламыз;
Заттарға төлем жасай аламыз.
Үш тілде айтып көрейік.
Ақшаденьгиmoney, монетамонета coin
Қосу мен азайту туралы білімімізді пысықтап көрейік.
Планшетпен жұмыс.
(Ө) «Қосу және азайту» ойыны
Оқулықпен жұмыс.Монеталар.
Барлық монеталар бірдей ме?
Монеталарды қандай белгілер бойынша .салыстыруға
болады?
Қай монета өлшемі бойынша ең кіші?
Азық түлік сатып алу үшін бізге не керек?
Планшетпен жұмыс.
«Барбоскины супермаркетте» ойыны.
(Ж) «Дүкенде » ойыны.
(Ұ) Тақтаға «ДҮКЕН» деп жазылған қағазды іліп қою, 5 минут
оқушылардан бүгін сабақта немен айналысатындары
туралы не ойлайтындарын сұрау. Болжауларын сұраған
соң, оларға сабақтың мақсатын хабарлау. Сұрақтар қою.
Дүкенге адамдар не үшін барады?
Дүкенде кім жұмыс істейді? (Тұтынушы, сатушы
сөздерін тақтаға ілу)
Қандай тауарлар сатып алуға болады?
Олар не үшін қажет?
«Дүкенде» рөлдік ойын. Сөреге: дәптер, фломастерлер,
қалам, қарындаш, кітап, сурет дәптерін қойып, бағаларын
қыстыру.
Сергіту сәті
(Ө)Оқулықтағы тапсырманы өз бетімен жеке жұмыс
түрінде беру Өз бетімен жұмыс практикалық
түрде орындалады.
Сабақтың соңы
5 минут
Бекіту сұрақтары:
Теңге дегеніміз не?
Теңге монетасында не бейнеленген?
Әр ұлттың ақшасы қалай аталады?
Рефлексия:
Балалар, әр топтың алдында түрлі ісәрекеттегі
смайликтер бар.Әр топ бүгінгі ісәрекеттеріне
байланысты смайликті таңдап алсын және вагонға
отырғызып , өз таңдауын түсіндірсін.
Кім критерийлерге жетті?
Қандай қиындықтар болды?
Сабақтың
басында
жазылған
критерийлер
мен маркерлер
Түрлі іс
әрекеттегі
смайликтер
Өзөзін бағалау
парағы мен
стикерлер Қандай тапсырма қызықты болды?
Дифференциация –
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін
тексеру жоспарыңыз?
Оқушылардың монета теңгелерді ажырата алуы мен
есептеуде қолдана алу қабілеттерін бағалаймын.
Номиналы әр түрлі монеталармен төлем жасаудың 23
әдісін көрсете алуын бағалаймын.
оқушыларға
көбірек қолдау
көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға
қандай
тапсырмалар
қоюды жоспарлап
отырсыз?
Денсаулық
және
қауіпсіздік
техникасының
сақталуы
Денсаулық
сақтау
технологиялар
Қауіпсіздік
техникасының
ережелерімен
таныстыру
Қабылдау деңгейі
жоғары оқушыларға
теңгемен
байланысты
өрнектерді
шығаруды
тапсырамын.
Сабақ бойынша
рефлексия
Сабақ
мақсаттары/оқу
мақсаттары дұрыс
қойылған ба?
Оқушылардың
барлығы ОМ қол
жеткізді ме?
Жеткізбесе,
неліктен?
Сабақта
дифференциация
дұрыс жүргізілді
ме?
Сабақтың
уақыттық
кезеңдері сақталды
ма?
Сабақ жоспарынан
қандай ауытқулар
болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да
ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі
сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Сабақ
тақырыбы:
Жануарлар
Жануарлар —
тірі ағзалар
Күні : 11.10.2016
СЫНЫП: 1сынып
Оқу мақсаты:
Ресурстар:
Күтілетін нәтижелер:
Сабақтың мақсаты:
Мектеп: «Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін
орта мектеп» КММ
Мұғалімнің есімі: Калибаева Г.М.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды,
үдерістерді және нысандарды оқыпүйренудің маңызын түсіну;
жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың ұқсастығы
мен айырмашылықтарын анықтау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары,
құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін
түсіндіру.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде
қолданады.
қағаз ұстағышы бар тақтайшалар;
фотоаппарат (бейнекамера);
ермексаз;
жануарлардың суреттері. Интернетресурстар:
Қазақстан табиғаты туралы бейнефильм
http://www.youtube.com
Оқушылар жануарлардың тірі ағзаларға жата тынын мына
белгілер бойынша біледі: олар қо ректенеді, өседі,
дамиды, көбейеді.
Оқушылар өсімдіктердің жануарлардан қандай
айырмашылығы бар екенін түсінеді, оның ішінде
жануарлардың қозғалуға қабілеттілігін түсінеді.
Оқушылар бақылау, талдау, түйіндеу, түсіндіру
дағдыларын жетілдіреді.
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың
ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
Сабаққа байланысты деректі
материалдар
Сабаққа қатысты ескертпелер Шаттық шеңбер.
Тірі ағзалардың айқын белгілері:
қоректену, өсу және даму, тыныс
алу мүмкіндігі.
Барлық тірі
ағзалардың қоректенуі әртүрлі.
Бірдебір жанды ағза тыныс алмай
тіршілік ете алмайды. Жануар
ларға да өсімдіктер сияқты
жоғарыда аталған белгі лердің
барлығы тән. Яғни, жануарлар —
жанды ағзалар.
Жануарларға
қозғалу тән,
бұл олардың
өсімдіктерден ерекшелігі болып
табылады.
Түйе.
аймақтарға
бейімделген ірі жануар.Екі өркешті
түйелерді
Қазақстанда және
Моңғолия да өсіреді.
Әлемде алуан түрлі жануарлар
бар. Жануарлар да өсімдіктер
сияқты тірі
ағзаларғажатады.Фотосуреттерге
қара.Топтарға бөл. Қандай топтар
шықты.
Шөлді
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бірбіріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы
жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Кіріспе тапсырма.
Сабақтың басында оқушылардың
эмоциялық көңіл күйін сабаққа аудару үшін
“Өрмек” ойынын ойнаймыз.
Ойын барысында мұғалім жіптің бір шетін ұстап оқушыларға
өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды.Әрі қарай
оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында мұғалім
“Өсімдіктер дегеніміз не? Өсімдіктер қандай болады? Олар
неге тірі ағзаларға жатады?” деген сияқты сұрақтар қояды.
Оқулықпен жұмыс.
Топтарға бөл. Бұл тапсырманың мақсаты өсім діктер және
жануарларды топтастыру болып табы лады. Тапсырманы
оқушыларға жұппен орындатуға болады. Берілген жұмыс
нәтижесінде оқушылар өсімдіктердің жанды ағза екенін
түсінеді.
Жауабы
Өсімдіктер: қарағаш, итмұрын, түймедақ. Жануарлар: құлан,
түйе, аққу. Өсімдіктер мен жануарларды
салыстыр
Суреттерге қарап, өсімдіктер мен
жануарлардың үш ұқсастығын
анықта.
Суреттерді сипатта.
Мысық не істеп жатыр? Мысық пен
гүлдің айырмашылығы неде?
Жануарлар өсімдіктер сияқты
өседі, қоректенеді, тыныс алады
және көбейеді. Жануарлар
қозғалады әрі түрлі қимылдар
жасайды: жүреді, жүгіреді,
қарғиды, секіреді, өрмелейді,
ұшады, қалықтайды, қонады,
жүзеді, сүңгиді т.б.
Қазақстандағы жануарлар. Бейне ролик интертақтадан
көрсету.
Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.
Оқушылардың назарын бірінші қатардағы суретке аудару..
“Өсімдіктің қандай ерекшелігі бар? Жанды ағзалардың
қандай белгілері көрсетілген?” Әрі қарай үш бағандағы
суреттерді салыстырып, қандай ортақ белгісі барын
анықтаңыз. Бірінші ба ғандағы сурет (өсімдік өскіні де,
марғау да қорек теніп жатыр, яғни екеуі де қоректі қажет
етеді) пен екінші бағандағы суреттерде не ортақ (өскіннің де,
марғаудың да өсіп қалғаны байқалады, яғни екеуі де өсуге
қабілетті) және үшінші бағандағы суреттерге назар аударыңыз
(өсімдік гүлге айналды, кішкене марғау — мысыққа айналды,
гүлдің жанында жас өскіндер пайда болып келеді, ал
мысықтың жанында кішкене марғау пайда болыпты, яғни
екеуі де ұрпақ беріп, көбеюге қабілетті).
“Биші үйректер” атты сергіту сәті
Топпен жұмыс.
1топ.Ойыншықтарды сипатта. Қимылдарды пантомимамен
көрсету.
2топ. Оқушылар ермексаздан өздері ұнататын бір жануарды
жасап, оның басқа жануарлардан қан дай ерекшелігі бар екенін
айтуы керек. Жасаған жануардың ерекшелігі мен ол туралы
есте қалған қызықты сәттерін еске түсірсін.
3топ. Үй жануарлары мен жабайы жануарларды салыстырып,
әңгіме құрастыру.
4топ. Сюжетті суреттерден ертегі құрастыру.
Зерттейік. Үйге тапсырма. Смарт телефондармен
планшетеріне бес жанды ағза тауып түсіріп келу. Сол
суреттерімен өз жұмыстарын қорғау.Зерттеу алдында
тағы бір рет жанды ағзалардың белгілерін қайталаңыз.
Оқушылардың алдына нақты мақсат қойыңыз, мысалы, бес жанды ағзаны табуы керек екенін айтыңыз. Олар
жанды ағзаларды тауып, суретке түсіріп, жазып,
сыныпқа келгеннен кейін өсімдіктер мен жануарлар
тобына
керек.
бөлуі
Есте сақта!
Жануарлар — бұл тірі ағзалар. Олар тыныс алады, өседі,
қозғала ды, қоректенеді және көбейеді.
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Көркем еңбек. Сүйікті
жануарлардың бейнесін
ермексаздан жасау.
Мысық қалай өсті? Оқушылар мысықтың өсукезеңдерін
анықтап, дұрыс тәртіппен нөмірлеуі тиіс. Кейбір оқушыларға
бұл тапсырманы жеке орындауға, қалғандарына топпен
орындауға ұсыныс жасаңыз. Бағалау
Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын пайдалану.
Еркін микрофон әдісін пайдалану.
Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы мең гергенін
тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды
сипаттап беруін және қандай да бір өсім дікпен салыстырып,
жануарлардың тірі ағза екенін түсінуі керек. Tапсырманы
жеңілдету үшін оларға екі суретті (жануар мен өсімдікті)
немесе нақты мысалды ұсынуға болады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім ?
Сауат ашу. 1сынып.
Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Осы сабақта қол жеткізілетін
оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
Асадамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер.
1.1.2.1. Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылған
анықтау. 1.1.9.1. Сөздегі дыбыс түрлерін
(дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке дауыстылар) ажырату және
дұрыс дыбыстау.
1.3.8.1.Жазу жолын,жоларалық кеңістікті,жолдың жоғарығы және
төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық
талаптарына сай жазу.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Сабақтағы жоспарланған ісәрекет
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бірбіріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы
жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Ресурстар
Шаттық шебері
Таныстырылым,
оқулықпен
жұмыс
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай
алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Оқушыларды бірбіріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Өнер, ана тілі сабағы
Аудиожазба , таныстырылым.
Аседа
Жетістік критерийлері
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыс
АКТ қолдану дағдылары
Тілдік құзыреттілік
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
Сабақтың басы
Ынтымақтастық
атмосферасын
қалыптастыру
5 минут
Сабақтың ортасы
8 минут
Балалар бүгін мен сендерге керемет бір қызықты әңгіме
айтып берігім келіп отыр.
Күлшат күнде ешкісіне шөп,су беріп қамқорлық жасап
жүрді.
(сурет көрсету). Бір күні ешкісі тоғайда жүрген малға
қосылып кетті. Күлшат ешкісін іздеп тоғайға келеді. Бір
кезде қатты жел соқты.
Жел соққанда қандай дыбыс шығады?
УУУУУУУ
Желдің әсерінен ағаштар жапырағы шулайды. Қандай
дыбыс естіледі?
ШШШШШШ
Тоғай ішінде жүру өте қиын болады.Масада ызыңдап,
мазасын алады.Маса қандай дыбыс шығарады?
ЗЗЗЗЗЗ
Күлшаттың қасына еріп келе жатқан Ақтөстің ырылдаған
дыбысы естіліді.Ит қандай дыбыс шығарады? РРРРРР
Күлшат айналасына қарады. Шөп арасында басын көтеріп
Ақтөске айбат шегіп тұрған жыланды байқайды. Жылан
қандай дыбыс шығарды?
СССССС
Жыланды көрген Күлшат қорыққанынан өсіп тұрған ағаш
артына тығылады. Сол кезде ешкінің дыбысын құлағы
шалып қалады. Күлшат ешкісін шақырады.
Шөрешөре, шөрешөре.
Ия!
Кәне, балалар, ешкіне шақыруға көмектесейікші.(Ешкі:
Мәмә)
Қуанған Күлшат ешкісін айдап үйіне қайтады.Балалар
сендерге әңгіме ұнайды ма?
Балалар жауаптары.
Енді балалар біз әр түрлі дыбыстар естідік.Кім қайталап
айтып береді?
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Дыбыстар мен әріптерді
қайталау. Тағам және сусындар туралы білу.
1жаттығу
Мәтінді мәнерлеп оқы.
Сұрақтарға жауап беріп көр.
Аян атасының жүмбақтаған нәрсесін тапты ма?
Дүниеде ең тәтті не болады?
I Мәтінде не туралы айтылған?
II
III
2жаттығу
Көркем жаз.№1 Жұмыс дәптеріне орындату.
Сөйлемдегі сөздерді буынға бөлу. Тақтамен жұмыс.
Тұз сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3жаттығу.
Бір бала әріптерді ортасынан бөліп тастапты. Енді оларды
ешкім тани алмайды. Сен көмекке кел. Топтық жұмыс.
Әріптерді тауып сол әріптен басталатын сөз құрастыру.
Смарт телефондарынан «Әліппе» ойынын ойнау.
Әріптерден сөз құрап дыбыстық талдау жасату.
Сергіту сәті.
4жаттығу
Қатесіз көшіріп жаз.
5жаттығу. Топтық жұмыс.
Сөз жұптарының мағынасы қай дыбыстың әсерінен
өзгергенін тауып көріңдер. Оқушылар өз ойларын
айтып,жазған жұмыстарын топта жариялап «Бағдаршам»
әдісі арқылы рефлексия жасату.
Үйге: 6жаттығу,7бетте.
Оқулық,
дәптерлер.
16 минут
Қызықты
тапсырма
8 минут Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін
тексеру жоспарыңыз?
Оқушылар өздері жасаған бетбейнелеріне қарап бір
біріне көңіл күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді,
көңілсіз, ашулы)
Дифференциация –
оқушыларға көбірек
қолдау көрсетуді
қалай жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары
оқушыларға қандай
тапсырмалар қоюды
жоспарлап отырсыз?
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары
оқушылар
айтылған сөздер
мен
сөйлемдердің
көпшілігін дұрыс
қайталай алады.
Кеменің
суреттері
Пәнаралық
байланыс
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасының
сақталуы
АКТ
Құндылықтармен
байланыс (тәрбие)
Өнер, ана тілі
сабағы
Оқушыларды
бірбіріне деген
құрмет
көрсетуіне
тәрбиелеу. «М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді селосы
“Smart" технологиясы бастауыш сыныпта Дайындаған : Бастауыш сынып мұғалімі
Калибаева Гульжиян Мажитовна
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Смарт технологиясы бастауыш сыныпта
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.