Су ресурстары – бұл су объектілерінде болатын жер асты және жер үсті сулары, қолданылатын және болашақта да қолданылады. Су қатты, сұйық және газ тәрізді түрлерінде де Жер бетінде таралады.
Су ресурстары – гидросфераның барлық сулары, яғни өзен, көлдердің, су қоймалардың, мұхиттың, теңіздің сулары, жер асты сулары, топырақ ылғалдылығы, атмосфераның булары, поляр ендіктеріндегі мұздықтардың сулары.
Су ресурстары
Су ресурстарының жалпы көлемі 1390 млн м 3 м м 3 3 м 3 құрайды, оның 1340млн Әлемдік мұхитты құрайды. Оның 3 % тұщы судың үлесіне тиесілі.
Су ресурстары қайтадан қалпына келетін болып саналады алайда олардың қандай жылдамдықпен қалпына келетіні беймәлім. Сонымен бірге тұзды суларды тұщыландыру технологиясы кең таралған. Әлемдегі тұщы судың аса кең тараған қоры – Ресей, Канада және Бразилия елдерінде шоғырланған.
Ағын (ақаба) сулар
Ағын (ақаба) сулар – канализация жүйесі арқылы өндірістік кәсіпорын мен елді мекен территориясынан су қоймасына жіберілетін кез келген атмосфералық жағдай.
Ағын (ақаба) сулар төмендегі белгілеріне қарап үшке бөлінеді:
Түзілу жеріне қарай;
Ағынның құрамындағы заттардың түріне қарай;
Ластаушының дисперсті-фазалық күйіне қарай.
Тұрмыстық – өндірістік, коммуналдық және қоғамдық, тұрғын жайларда орнатылған ванна, унитаз, раковиналардан және т.б. Көздерден болатын ағындар:
Өндірістік – өндірістің әр түрлі технологиялық процестерінде суды қолданғаннан болатын ағындар;
Атмосфералық – атмосферадан түсетін жауын-шашындардан ғимараттың төбесінде, жүретін жерлерде пайда болады. Оған жауын-шашындар, жер бетіндегі сулар жатады.
Түзілу жеріне қарай ағын сулар:
Ағын сулардың ішінде негізгі екі топты айрықша айтуға болады: Консервативті сулар, басқа қосылыстармен химиялық реакцияға түспейтіндер. Және олар биологиялық ыдырауға төзімді. Мысалы, оларға ауыр металдардың тұздары жатады. Екінші тобын консервативті емес деп атайды. Олар су қоймаларының өзіндік тазалануына жататындары. Ағын сулардың құрамында органикалық және бейорганикалық элементтер болады. Органикалық – мұнай өнімдері, органикалық қышқылдар. Бейорганикалық – топырақтың бөлшектері, кен және бос кен орындары, қож, бейорганикалық тұздар, қышқылдар, слтілер.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.