Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар
Оценка 4.8

Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар

Оценка 4.8
doc
04.11.2020
Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар
Су қоймасы градирнялар.doc

Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар. Салқындатқыш-су қоймалары

 

            Су көптеген өндірістік процестерде қолданылады. Су көбінесе өндірістерде келесі негізгі процестерде қолданылады, олар: салқындату, шаю, бу түзілуі, су тасымалы, шығарылатын өнімнің құрамында қолданылуы. Әр процестерде қолданылатын су жекеленген талаптарға сай болуы керек. Мәселен, салқындату үшін су кермектігі аз, таза болуы керек; ал қазандықтарды қоректендіру үшін қолданылатын су тұзсыз болуы керек.

            Негізгі гидротехникалық құрылғылар болып өнеркәсіптік кәсіпорындарда айналымдық сумен жабдықтау жүйесінде суды салқындату үшін қолданылатын шашыратқыш бассейндер, градирнялар мен салқындатқыш-су қоймалары саналады.

            Су шашыратқыш бассейндер салқындатушы су ұсақ тамшыларға шашыратылып, желмен шайылады да, салқындайды. Су шашыратқыш бассейннің   негізгі бөлігін шығыңқы тік бұрышты су өтпейтін қазаннан тұрады, ол желге қарсы орналасады, және олардың үстінде құбырлар жүйесі-шашыратқыштар суды фонтан секілді шашушы насадкалар орналасқан.

Сурет 1. Су шашыратқыш-бассейн.

1 – ыстық судың құбыры; 2 – шашыратқыштары бар құбырлар; 3 – шашыратқыштар; 4 – бассейн; 5 – салқындатылған судың шығуы

            Шашыратқыштан шығатын су ауада салқындатылып, бассейнге түседі де, бассейнді толтырады және сорғылық станция арқылы қайтадан өндіріске келіп түседі.

            Градирнялар тамшылы және қабыршақты болады. Тамшылы градирнялар көлденең торлары бар торлы башняға ұқсайды. Су башняның жоғарғы бөлігіне беріледі, осының ішінде арнайы құрылғымен шашыратылып, торлардың үстіне тамшылайды. Осы кезде су тамшылары желмен шайылып, салқындайды. Салқындатылған су башняның су өткізбейтін қоймасын толтырады, сорғының көмегімен өндіріске қайтып келеді. Башнялық градирняларды дөңгелек, квадраттық немесе тік бұрышты, шығыңқы формада жасайды. Градирнялардың биіктігі 100м және одан жоғары болады. Градирняларды көбінесе ағаштан немесе темірбетоннан жасайды. Қабыршақты градирняларда су жұқа қабыршақ секілді тақтайшалардан тұратын ағаш қалқаншалар арқылы ағады. Табиғи желдетілетін градирнялар жақсы жұмыс жасайды, бұл градирнялар желге тәуелді емес. Желдеткіштерді градирняның төменгі қабатында көлденең орнатады. Желдеткіштің диаметрі 10-15м құрайды.

 

Сурет 2. Башнялық қарсы ағындық градирня.

1 – сорғалаушы башня; 2 – су таратқыш стояк; 3 – су ұстағыш; 4 – су таратушы жүйе; 5 – шашыратушы құрылғы; 6 – қопсытқыш құрылғы; 7 – суұстағыштың, су таратқыш және қопсытқыш құрылғылардың тірек каркасы; 8 –ауа кіруші шынылар; 9 – ауа бағыттауыш қалпақ; 10 – қысқы бұрылыс қалқаншалары; 11 – ауа таратушы кеңістік; 11 - колонналар; 13 – су жинауыш бассейн; 14 – беруші су арналары.

            Градирнялардың термиялық есебі өте күрделі, сондықтан тәжірибеде жиі арнайы құрастырылған есептік графиктермен және кестелермен қолданып шығарады. Шашыратқыш бассейндер мен градирняларда булануға кететін су шығыны мен желдің шығуына кететін шығындар жүзеге асады. Булануға кететін шығындар жазда 3,5 % құрайды, ал қыста аз болады.         

            Соңғы кезде құбырлар-иірімдер жүйесі бойынша салқындатылған  су айналатын «құрғақ» градирнялар құрылысы басталды. Құрғақ градирняларда су шығыны жоққа тән.

       Салқындатқыш-су қоймалары су айнасының үлкен ауданды жасанды су қоймасы. Олар тек қана суды салқындату үшін, немесе бірмезгілде суды жинауға арналған су қоймасының рөлін де атқара алады (су жинағыштар-салқындатқыштар).

        Салқындатқыш-су қоймасында су температурасы табиғи күйдегі су температурасынан жоғары болады. Бұл буланудың күшейтілген деңгейде болуына әкеледі, яғни, аса қызған ортадан судан аз қыздырылған ортаға ауаға жылудың ауысуы жүзеге асады.

            Кіші су қоймалары күн радиациясының тәуліктік жүрісіне сезімтал болып келеді. Су қоймасынан-салқындатқыштан суды жинау және оны шығару әр түрлі  нүктелерде жүзеге асырылады, сондықтан оларда күндізгі кезде және жаз мезгілінде температураның жоғарылауы   орын алады.  Суды жинау мен шығару нүктелерінің арасына бөлгіш дамба орнатылады, ол суды қойманың соңғы бөлігіне қарай бағыттайды, одан су оның барлық ауданы бойынша ағып жайылады.   Су қоймасының-салқындатқыштың су айнасының ауданының бөлігі жұмысшы ауданы деп аталады; ал қалған оның кеңістігі – өлі аймақ деп аталады.

 

Сурет 3.  Су қоймасы-салқындатқышы бар айналымдық сумен жабдықтаудың сызбасы

1 – суды жинау; 2 – ыстық суды шығару; 3 – суды қыздыру орны; 4 - бөгет; 5 - бөлгіш дамба.

 

            Су қоймалары-салқындатқыштардың есебі – күрделі инженерлік есеп болып  саналады, оны шығару кезіндегі қиындық қойманың жұмысшы аймағын анықтауға арналған ағыстың жоспарын құру болып табылады. Су қоймалары- салқындатқыштардың тереңдігі 2,0-2,5 м құрайды.        


Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар

Су-шашыратқыш бассейндер. Градирнялар

Сурет 2 . Башнялық қарсы ағындық градирня

Сурет 2 . Башнялық қарсы ағындық градирня

Сурет 3. Су қоймасы-салқындатқышы бар айналымдық сумен жабдықтаудың сызбасы 1 – суды жинау; 2 – ыстық суды шығару; 3 – суды қыздыру орны; 4 -…

Сурет 3. Су қоймасы-салқындатқышы бар айналымдық сумен жабдықтаудың сызбасы 1 – суды жинау; 2 – ыстық суды шығару; 3 – суды қыздыру орны; 4 -…
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.11.2020