Технологическая схема ТЭс на казахском языке
Оценка 5

Технологическая схема ТЭс на казахском языке

Оценка 5
docx
04.11.2020
Технологическая схема ТЭс на казахском языке
тема 3.1 Генплан ТЭС, Главный корпус ТЭС.docx

2 Бөлім. ЖЭС-тің технологиялық сұлбасы

4 тақырып. ЖЭС-тің негізгі міндеттері мен құрылғылары.

ЖЭС-тің генпланы. Басты корпус.

 

         ЖЭС-тің ген планы  дегеніміз – бұл ЖЭС территориясының жоспары, оның құрамына кіретін барлық негізгі өндірістік, қойма-өндірістік ғимараттар мен құрылғылар, қосалқы ғимараттар мен құрылыстар, сонымен магистральдар мен коммуникациялар жатады. ЖЭС құрылысының ауданы немесе ауылының салынуы энергожүйенің даму сызбасына немесе ауданның жылумен жабдықтау сызбасына байланысты анықталады. ЖЭС-тің негізгі сипаттамаларын анықтау және құрылысқа қажетті жерді таңдау техникалық-экономикалық жағдайларға байланысты жасалады. Салынатын жерді таңдау, бекіту және келісу өнеркәсіптік құрылыстың сметасы мен жобасын жасау инструкциясымен анықталады. ЖЭС-ті салатын жер өндірістік тораптың сызбасымен немесе аудандық жердің сызбасымен салыстырылып қаралады. ЖЭС-тің орналасу орнын таңдағанда, отынмен жабдықтау, техникалық сумен жабдықтау, электр энергиясы мен жылуды тұтынушылардың орналасуы, халық шаруашылығының қажеттілігіне күл мен қождың пайдаланылу шарттары қарастырылады.

         ЖЭС-ті салу ауданы келесі талаптарға сай болуы керек:

-ауылшаруашылығына аз пайдаланылатын немесе жарамсыз жерлерде орналастырылуы керек;

-өзендер мен су қоймаларында, тура ағынды сумен жабдықталатын жерлерде, яғни су деңгейі биікке көтерілмейтін, суы тасымайтын жерлерде орналастырылуы керек. Бұл жер су деңгейінен 0,5м биіктеу болуы керек;

-топырақ ғимараттар мен құрылыстар салуға жарамды болу керек;

-жер суларының деңгейі мүмкіндігінше (3-4м) болу керек. Бұл жер асты ғимараттың коррозиясы мен гидро оқшалануынн қажет болатын шығынды азайтады;

- салынатын жердің беті жер бетіндегі суларды тұрғызбайтындай шамалы көлбеу болып келуі керек. Егер ауданның жер бедері 0,03 көлбеу болса, онда ЖЭС ауданының террастық жоспары жасалады.

         Террастық жоспар келесі жетістіктерге ие болып келеді: жер жұмыстарының азаюыяна, қоймадан басты корпусқа таспалы тасымалдағыштардың ұзындығының азаюына.

ЖЭС ауданының террастық жоспарлануы

 

Кемшіліктері: ЛЭП орнатудың қиындығы; ЖЭС территориясында теміржол жолдарының және жолдардың құрылысының күрделілігі; түтін мұржасының біршеме ұзартылуы; пайдалы қазбалар бар жерлерде ЖЭС слынбауы керек, радиоактивті заттар мен қалдықтар болатын аймақтарда салынуы.

Генплан келесі шарттардың орындалуымен қатар жасалады:

- негізгі өндірістен қосалқы қызметтердің технологиялық тәуелділігі;

- қосалқы ғимараттар мен құрылыстар өндірісінің максимал блоктануы;

- отын қоймасы мен теміржол станциясының орналасуы;

- ауданның архитектуралық ресімделуі.

 

Басты корпус

         ЖЭС-тің негізгі құрылыстық құраушысы болып басты корпусы саналады, ол деген төмендегі суретте ЖЭС-тің ендік қимасы. Ол үш бөлімшеден тұрады: турбиналық, деаэраторлық және қазандық. 

         Турбиналық бөлімше бұл рамалық іргетас, темір бетонды құрылыс, ол жерге орнатылған төменгі іргетастық плитасынан, тік колоннадан және колоннаға тіреліп тұратын жоғарғы іргетастық плитасынан тұрады. Жоғарғы іргетастық плитаға (бұл жерде ол 13,5м биіктікте орналасқан) бу турбинасы, электр генераторы мен қоздырғыш орнатылады, бұл үшеуін турбоагрегат деп атайды.

Турбина орналасқан бөлме машина залы деп аталады. Металл қаптармен жабылған турбоагрегаттар маш залдың ортасында орналастырылады, олардың арасында бос орындар болады, ол жерлерге биік болып келетін қондырғыларды орнатады (мысалы, жоғары қысымды қыздырғыш ЖҚҚ). Машзалда турбоагрегаттың оң және сол жақтарында бос жерлер болады. Машзалдың еденінің астында конденсациялық бөлме болады, себебі онда конденсатор орналастырылған, ол өзінің кіре берістік патрубогымен турбинаның шыға берістегі патрубогына жалғанған. Турбинаның төменгі қысымды цилиндрінен (ТҚЦ) шығатын бу конденсатор-жылуалмастырғышқа барады, құбырлары арқылы үздіксіз салқындатушы су жүріп тұрады, ол су арнайы салқындатушы құрылғыдан, су қоймасынан және өзеннен циркуляциялық сорғымен беріледі.

Нөлдік белгіде немесе одан да төмен деңгейде конденсаттық сорғылар, маймен жабдықтаудың сорғылары және басқа да қондырғылар  орнатылады. Конденсациялық бөлмеде көптеген  этажеркалар орнатылған, оларға жетегі бар қоректік сорғылар (электрқозғалтқыш немесе кішігірім бу турбинасы), тораптық қыздырғыштар (ЖЭО үшін), ЖЭС-тің көптеген қондырғыларының тоқтауына және іске қосылуына қажетті қосымша құрылғылар болады.

Қазандық бөлімше басты корпустың оң бөлігінде орналастырылады. Мұнда қазандар орнатылады. Қазандық бөлімшенің қабырғасының ар жағында ашық ауада ауа қыздырғыштар, түтінсорғыштар және түтін мұржасы орналастырылады.

Турбиналық және қазандық бөлімшелердің арасына деаэраторлық бөлімше орналастырылады. Деаэраторлық шкафта 15-26м биіктікте деаэратор орнатылады. Деаэрацияға ұшырайтын конденсат және оны қыздыруға керекті буды деаэратор турбина бөлімшесінен алады. Деаэратордан қоректік су қоректік сорғыларға келіп, ЖҚҚ барады (ал одан соң қазанға). Деаэраторлық бөлімшеде машзалдың жоғары бөлігінде автоматика мен қажетті аспаптары бар турбина мен қазанды басқаратын басқару қалқаны орналасқан. Мұнда операторлар, ЖЭС жұмысын басқарушылар болады.

Салынатын ауданды дұрыс таңдау жұмыстың орташа шарттарын, құрылысқа шығындар және электрстанциясының пайдаланылуына жағдай жасайды. Электрстанциясының ауданын таңдау кезінде техникалық және экономикалық талаптарды ескерген жөн:

1) тұтынушыларға энергияның жақын болуы;

2) отын қоймасына немесе өндірілетін кен орнына жақын болуы;

3) техникалық сумен жабдықтау көзіне жақын болуы керек;

4) ауданының шамалы үлкен болуы.

 


 

Бөлім. ЖЭС-тің технологиялық сұлбасы 4 тақырып

Бөлім. ЖЭС-тің технологиялық сұлбасы 4 тақырып

Кемшіліктері: ЛЭП орнатудың қиындығы;

Кемшіліктері: ЛЭП орнатудың қиындығы;

Деаэрацияға ұшырайтын конденсат және оны қыздыруға керекті буды деаэратор турбина бөлімшесінен алады

Деаэрацияға ұшырайтын конденсат және оны қыздыруға керекті буды деаэратор турбина бөлімшесінен алады
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.11.2020