ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ ДЛЯ ДО

  • Лекции
  • docx
  • 14.11.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

"ОРМАНҒА ПОЕЗДБЕН САЯХАТ"

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала 35 тех карта.docx

Технологиялық карта

Білім беру саласы: «Денсаулық». «Таным».

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Шыршалық көңілді шаттық шеңбері.

Мақсаты: бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіруге үйрету. Денені түзу ұстап, тепе-теңдік сақтау қабілеттерін жетілдіру. Жағымды көңіл күй, өзіндік қимыл белсенділігін қалыптастыру. Аяқ пен табан бұлшықеттерін нығайту.   

            Қолданылатын құрал-жабдықтар: Шырша, қимылды ойын атрибуттары.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың               

  іс - әрекеті

 

 

            

Мотивациялық – 

 қозғаушылық

   

Педагог төмендегі тапсырмаларды орындатады:

 

- «Шыршалық көңілді шаттық шеңбері». Бір-бірден сап-тізбекте жүру; шеңбер жасап тұру. Музыканың басталуына, аяқталуына көңіл қойып, назар аударуларын; бір-бірден сап-тізбекте жүріп, үйлесімді ырғақты қимыл (марш) жасау, аяқтың ұшымен бір-біріне қарама-қарсы жүру, жүгіру; екі шеңбер жасап, шыршалық көңілді шаттық шеңберінде қол ұстасып, еркін би қимылдарын орындай жүру. Сап-тізбекте бірінін артынан бірі белгі бойынша тоқтап, тапсырмаларды орындай жүгіру.

 

Педагогті мұқият тыңдайды, дұрыс орындауға тырысады.

 

 

 

         

Ұйымдастыушылық

–  ізденістік

Жалпы дамыту жаттығулары

Екі қатарға тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындатады.

Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсетеді. Балаларға орындатады. Балалардың дұрыс орындалуын қадағалайды.

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:

-Бір орында тұрып, аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік сақтап тұру.

-Бір орында тұрып қос аяқпен өзін айнала секіру.

Қимылды ойын: «Жоғары лақтыр»

Жалпы дамыту жаттығуларын орындайды.

 

 

 

 

Педагогті мұқият тыңдайды, тапсырманы бұлжытпай орындауға тырысады.

 

Ойынға жаппай қатысады.

   

Рефлек

сиялық

     – түзету

шілік

Қорытынды бөлім.

 

Қимыл қозғалысы аз ойын: «Затыңды сақта»

 

 

Ойынға жаппай қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: бір орында тұрып аяқтың ұшына көтерілу және тепе-теңдік  сақтап тұруды;

Түсінеді: жаттығулардың маңызын.

Қолданады: жаттығулар орындау кезінде шапшаңдық, мұқияттылық тәрізді сапаларды.