Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті
Оценка 4.8

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Оценка 4.8
Семинары
doc
обществознание
Взрослым
22.02.2018
Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті
Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміздің ерекшелігі, ол – қоғамдағы діннің нығаюы мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтыны белгілі болды. Бір жағынан – бұны жақсы хабарға баласақ, екінші жағынан –дәстүрлі дінімізбен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдатады. Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы – жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән-мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетіп, оларға қысқаша тоқталуды мақсат ету.Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті
терис дини агымдар.doc
І. Қарар (тақырыбы) Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті ІІ.Қарардың өзектілігі Қазіргі   таңда   тәуелсіз   мемлекетіміздің   ерекшелігі,   ол   –   қоғамдағы   діннің   нығаюы   мен елдегі діни ахуалдың тұрақты болуы. Соңғы жылдары еліміздің діни ахуалына талдау жасау барысында, халқымыздың сексен пайызға жуығы асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып   жатқандығы   және   олардың   басым   бөлігін   жастар   құрайтыны   белгілі   болды.   Бір жағынан   –   бұны   жақсы   хабарға   баласақ,   екінші   жағынан   –дәстүрлі   дінімізбен   мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйіттер алаңдатады. Осыған орай, еліміздің жарқын болашағын қалаушы – жас ұрпақтарымыздың санасын улап жатқан жат ағымдардың мән­мағынасын, әсер ету жолдары мен тигізер зияндарын ашып көрсетіп, оларға қысқаша тоқталуды мақсат ету.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Қазақстан өз дамуындағы  жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауында егеменді  еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті озық елдердің қатарына кіру стратегиясының басым  бағыттарының бірінде «.... Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі дәстүрдің озық  үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз» деп  айрықша атап өткен болатын [1]. Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін, білімін  меңгерген, мәдениетті, адами қасиеті мол шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу ­ өмір  талабы, қоғам қажеттілігі. Ел басына күн туған сәтте Отанына қорған болар жастарымыздың ай мен күннің аманында мемлекетіміздің   тәртібіне,   заңына   қарсы   шығуы   ақылға   сыймайды.   Таза   мұсылман қатыгездікке бармайды. Мұндай жағдай ұлты үшін, діні үшін, тілі үшін, ұлтарақтай жері үшін қанды соғыста басын тәуекелге тіккен ата­бабаларымыздың тарихында да болмаған. Дін жолынан адасып жүрген ұрпағымыз ең алдымен елін жамандаса – көмусіз қалатынын, жерін жамандаса – кебінсіз қалатынын, тілін қорласа – қадірсіз болатынын, дінін қорласа – кәпір болатынын ұғынуға тиісті. Ешқандай пенде өзін өмірге әкеліп, өсіп­өндірген анасына, екінші анасы – Отанына қарсы шықпайды емес пе?! Қолынан келсе, сол аналарының ақ   сүтін   Ислам   әлемін   алаңдатқан   ағымдар.   Кез келген халықты құрту үшін оның дініне саңылау түссе, ол халықтың тұтастығы кетеді. Ал тұтастығы кеткен халықты кез келген сыртқы жау қалпақпен ұрып алады. Сондықтан дініне мықты болған халықтың ғана санасы сергек, тұтас болады» дейді Ұлт жанашыры ­ Бекболат Тілеухан. етуге   жұмыстанбасқа?!   Олар   бізге   қайдан   келді? ақтауға, соларға   неге       қызмет ІІІ. Диффиниция (кілт сөздерге анықтама) Дәстүрлі   дінге   қайшы   ағымдарды   қоғамда   деструктивті   немесе   теріс   пиғылды   діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Сонымен, жат ағымдардың әуелгі белгісі – адам жүрегіне төзімділік пен сүйіспеншіліктің емес, өзімшілдік пен қатігездіктің дәнін себуі. Бұны кәпір деп атаймыз. Шынында «кәпір» сөзінің   араб   тіліндегі   төл   мағынасы   «мейірімсіз».   Әр   халыққа   отбасылық   және   ұлттық құндылықтар тән. Егер қай дін, қай ағым болмасын жергілікті әдет­ғұрыпты сыйламаса, оларды сыртқа тебетін болса, бұл оның шатақ дін екенінің айқын айғағы. Ғылым тілінде бұл дертті дейді. «космополитизм»     IV.Status Quo (статистикалық мәлімет). Қайнар көздері Еліміздің ата заңында ар­ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты  кемсітуге болмайтындығы, сондай­ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеліктеріне  қарамастан тең құқылы екендігі жазылған. Дегенмен, соңғы бірнеше жылда қалыптасқан  еліміздегі діни ахуал заңдық жағынан болсын, діни сауаттылық тұрғысынан болсын біраз  шраларды қабылдау керектігін дәлелдеді деуге болады. Осы орайда жастардың құқықтық  және діни сауаттылығын жетілдіру бағытында әлі де атқарылар шаралар көп. Олай  болатыны, қазіргі дәстүрлі емес деп атап жүрген діни ағымдардың негізгі назары жастарға  бағытталып, олардың қатарын көбінесе жастар толтырып отыр. Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан­салалы. Сөзіміздің дәйекті болуы үшін  соңғы кездердегі деректерге назар аудара кетсек, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға  тиесілі 700­ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни  бірлестіктер жұмыс істеген. 2012 жылғы қайта тіркеу шарасынан бұрын еліміздегі  тіркелген ұйымдардың саны 4551­ге жеткені белгілі [1]. Қазір олардың қайта тіркуден  өткендерінің саны үш мыңнан астам. Мұның өзі аз емес. Әсіресе дәстүрлі емес,  тоталитарлық және десструктивті секталар мен радикальды діни ағымдардың кейбірі  тіркелуді қажет деп таппайтындықтан, олардан зардап шеккендерді анықтау немесе оларды жауапқа тарту барынша қиын. Ең басты алаңдатушылық тудыратын мәселе діни ұйымдар  мен олардың іліміне сенушілердің күн санап өсуінде болып отыр. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Шәпиев Б. Діни бірлестіктер іс­әрекеттерінің бағыттары. Әдістемелік құрал. –  Алматы, 2009. – 5  б. •  Абдуррахман К., Түмер Г. Діндер тарихы. –Анкара: 1997. – 411 б. •  Жастардің көзқарасы тұрғысынан Түркі әлемінің діни мәселелері// Форум  материалдары/ ­ Анкара: 1998. 24­25 бб. Қазақстан  бойынша 2010 жылы  осындай  ахуалдың  салдарынан  еліміздегі  жастардың  15 пайызы осы ағымға ере бастаған. 2011 – 2012 жылдары бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткен. Егер өңірлерге бөліп қарасақ, 10 000 адамның 7,5 мыңы «уаххабилер», оның ішінде 75 пайызы – 13 – 25 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар 2. Баркер А. Новые религиозные движения . –СПБ., 1997, 108­119 б. V.Мәселе VI.Мәселе себебі Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың/топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы  нашар жастарымызды  өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата­бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт­дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы   қояды.   Тіпті,   өздерінің   істеген   істерін   және   сөйлеген   насихат   сөздерін   дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын таратады. Бұл деструктивті ағымның радикалды идеологияны таратудағы мақсаты   екі   түрлі:   бірінші   –   заңсыз   жолмен   пайда   табу;   екінші   –   мемлекет   мүддесіне нұқсан келтіріп, билікті басып алу. Бүгін   де,   асыл   дінімізбен   мүлдем   жанаспайтынжат   ағымдар   жетегінде   кеткен   қаншама қандастарымыз   өз   жақындарынан,   достарынан   теріс   айналып   жатқаны   баршаға   мәлім. Мұндай   түрлі   жат   ағымдардың   жетегіне   ерген   жас   азаматтарымыз   балаларына   тиісті медициналық екпе ектіруден бас тартып, мектептегі сабақтарын тастап, мектеп жасындағы ұл­қыздардың музыка тыңдауына – қарсылық білдіріп, мемлекеттік әнұранды тыңдауды және   туға   құрмет   көрсетуді   харам   дейтіндер   де   бар.   Осындай   бір   ағымдардың   теріс пиғылды уағыздарының салдарынан еліміздегі кейбір ұл­қыздарымыз отбасы мүшелерінен, үй­меншіктерінен айырылып, түрлі психикалық ауруларға шалдығып, өз­өзіне қол салып, әр түрлі жағымсыз жағдайларға тап болып жатқандарын да жоққа шығаруға болмайды. Айта кетерлік жәйт, деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастарды, жалпы  адамдарды қоғамға қайтару аса қиынға соғады. Себебі олардың сана­сезімдерін  уландырғаны соншама, олар кірген жат ағымның «көсемі» не айтса, соны екі етпей  орындайтын жанды роботқа немесе сарбаздарға айналады. Осындай қателіктерге жастарымызды ұрындыратын ең басты себеп – ара жікті ажырата  алмау салдарынан ғаламтор кеңістігіндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіру, діни  сауатсыздық, отбасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктер және тәрбиенің жеткіліксіздігі. ...Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа!  Дініңді сен ардақтағын, құнтта.  Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,  Қателесіп жаман жолмен былықпа!  Оян, қазақ! Бүгінгі күн қаралы,  Сондықтан да жүрегім менің жаралы.  Бұл қайғыны көріп тұрған балаңның  Бір сілкініп тебіренді қаламы.  Оян, қазақ! Оянсаң, бәрі жақсы болады!  О, елім! Ерте оянсаң, көңілің нұрға толады! Осы жыр жолдарында да Міржақып бабамыз  қалың елі қазағының ертеңіне алаңдады емес пе?!  Ислам   діні   Алла   тағаланың   аманаты,   ертеңгі   нұрлы   болашағымыздың   үміті,   баянды бақытымыздың кепілі. Бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты көздің қарашығындай қорғау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу қазіргі әрбір исі мұсылман баласының   «Ислам   –   тек   дін   ғана   емес,   ол   біздің   мәдениетіміз»   дейді   Елбасымыз.   Ислам   Қазақ мемлекеттілігінің   сан   ғасырлар   бойы   жүрер   жолы,   таянышы,   сүйеніші,   қорғаны,   берік иманы болды. Ал, қазір ше?!  борышы.   қасиетті   VII.Шешу жолдары (қанша, қашан, қалай, кім) Қорыта келе, ақпараттық кеңістіктегі түрлі діни сайттардың жұмысын қадағалаумен бірге, жастарымызды мұндай олқылықтардан сақтандыру үшін барынша, жұмылған жұдырықтай атсалысып,   тәрбие   мәселесіне   басты   назар   аударуымыз   қажет.   Өйткені,   жас   ұрпақты тәрбиелеу – әр ата­ананың борышы. Осы ретте, жастарға қоғамның да, қоршаған ортаның да ықпал ететінің ескеруіміз керек. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың»  деген халқымыздың  аталы сөзі бекер   айтылмаған.   Сондықтан   да   балалардың   бойына   жастайынан   ізгілік,   имандылық, отансүйгіштік,   қайырымдылық,   кішіпейілділік,   адалдық   секілді   қасиеттерді   сіңіру   мен тәрбиелеуде   отбасы   маңызды   рөл   атқарады.   Демек,   «Ұяда   не   көрсең,   ұшқанда   соны ілерсің»   дегендей,   баланы   балабақшадан   бастап   тұлға   ретінде   қалыптастыруға,   мектеп қабырғасында   тілімізді,   мәдениетімізді   қастерлеуге,   жоғарғы   оқу   орындарында   ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге үйретуіміз қажет. Тек сонда ғана осындай теріс пиғылды діни ағымдарға бөгет қоя аламыз. VIII.Нәтиже Себебі, біздің халқымыздың мақсаты – ынтымағы мен бірлігінсақтап, бейбіт өмір сүру. Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық! Бірақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы азаматтарды шетелге жіберуді тоқтату мақсатында   «Нұр   Мүбәрәк»   университетін,   Астана,   Алматы,   Ақтөбе,   Шымкент   және Павлодар қалаларында діни медреселерді ашқан. Соның өзінде де жастарымыз шет елге баруға құмар. Бүгінгі жастар болашақ өмірінің жарқын болуы үшін әрекет етіп, еліне тигізер оң пайдасы  туралы ойлануы керек. Ол үшін жақсы білім алып, оны тәлімді тәрбиемен ұштастыра білуі  тиіс. Сақал өсіруді міндет қылып, қара жамылуды қасиет көретін қазақтың ұл­қыздары  өздерінің туған ұлтына қара күйе болып жатқанын біле ме екен сірә?!  Көпке топырақ шашпаймыз, дәстүрлі исламды дұрыс жағынан дәріптеп, халықтың көзін  ашып, имандылыққа тәрбиелеп жүрген қазақ жастары баршылық. Бірақ, олардың  жұмыстарын әркімнің сөзіне еретін ақылсыз, жат ағымның сойылын соғуға бейім жастар  жоққа шығаруда.  Біз ­ жерін бөтенге басқызбаған, дәстүрлі дініне қылау түсірмеген, тілін қасиет тұтқан,  үлкеннің сөзіне ұйыған ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан, елдің тыныштығы мен тәуелсіздігі  жолында жасайтын жұмысымыз көп. Біз ұлттық идеологияны басты бағыт етіп, дені сау  ұрпақ өсіруге тиіспіз. Шаңырақ құрған қазақтың әр жас отбасының өмірлік мақсаты мен  елдік мұраты осындай болса, бізді жасанып келген жау да, ұрланып келген дау да ала  алмайды.  Келешекті нұрландырар жас жалындардың алдағы өміріне алаңдаушылық білдіріп, дұрыс  жолдан таймауына кішкене болса да өз үлестеріңізді қостыңыздар. Барлықтарыңызға  рахмет. Алла жар болсын! Сөз соңы, зайырлы мемлекет тағатты емес, иманды бекіту, өсіруге мүдделі. Басқаша  айтқанда, діндарлықтың орнына ғылымды және қоғамның интеллектуалдық байлығын  арттыру маңызды. Сондай­ақ, осы заманның талабы – жастарды ғылым­білімге үйір қылу,  адал еңбекке баулу екені талассыз ақиқат.

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті

Теріс діни ағымдар қоғам үшін қауіпті
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2018