Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Академик Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі
0907000 Жылу техникалық және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)
«Өнеркәсіптік экология негіздері» пәні бойынша
сынақ тапсыруға арналған
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Екібастұз, 2016ж.
І НҰСҚА
1.Азот оксидтерінің түзілуінің неше жолы болады?
А) 1;
В) 2;
С) 3;
Д) 5.
2. Тозаңның тұну процесі ненің әсерінен болатын құбылыс?
А) токпен қыздырылып шығарылуы
В) сумен шайылу
С) тозаң бөлшектерінің электр сүзгіден шығарылуы;
Д) қабаттағы ауаның зарядталуы
3. Мұнай ұстағыш құрылғысының принципінің негізін айтып беру
А) қалқып шығу;
В) буландыру;
С) шығару;
Д) тұндыру.
4. Механикалық тазалау әдісі өндірістік суларды неше пайызға дейін тазалайды?
А) 88%;
В) 100%;
С) 65%;
Д) 95%.
5. Қуаты 4000 МВт болатын Екібастұз көмірімен жұмыс жасайтын ЖЭС-те 1 сағатта қанша тонна күл мен шлак шығады?
А) 1300 т;
В) 1500 т;
С) 1620 т;
Д) 5200 т.
6. Күл мен шлакты қандай тәсілмен тасымалдайды?
А) гидравликалық;
В) пневматикалық;
С) гидро пневматикалық;
Д) қолмен.
7. Бактериялар, саңырауқұлақтар ластаушылардың қай түріне жатады?
А) органикалық;
В) минерал;
С) биологиялық;
Д) бейорганикалық
8. Топырақ, саз бөлшектері, кен бөлшектері ластаушылардың қай түріне жатады?
А) бейорганикалық;
В)органикалық;
С) биологиялық;
Д) минерал.
9. Су ресурстарының жалпы көлемі нешеге тең?
А) 1520 м3;
В) 1390 м3;
С) 3000 м3;
Д) 2540 м3.
10. Ішкі қабырғасы сумен шайылып отыратын тік тура ағынды циклон
А) батареялық циклон;
В) Вентури түтікшесі;
С) скруббер;
Д) циклон
11. Инженерлік экологияның оқитын басты мақсаты –
А) «табиғат- техника-табиғат;
В) «табиғат- қоршаған орта»;
С) «адам-табиғат»;
Д) «адам-техника-қоршаған орта».
12. Организмге әсер ететін өмір сүру ортасының қасиеті деген не?
А) қоршаған орта;
В) табиғат ресурстары;
С) табиғат шарттары;
Д) экологиялық фактор.
13. Газдан бөліп алу немесе ластаушы затты зиянсыз күйге келтіру деген не?
А) тазалау;
В) тұндыру;
С) жылулық азот оксидтері;
Д) жылдам реакциялар.
14. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, қызмет көрсету сферасының табиғатқа әсері деген не?
А) химиялық экология;
В) өнеркәсіптік экология;
С) радиоэкология;
Д) қоршаған ортаны қорғау.
15. Табиғат пен адамның арасындағы әр түрлі аспектілерді қарастыратын экология
А) әлеуметтік экология;
В) медициналық экология;
С) ауыл шаруашылық экология;
Д) инженерлік экология.
16. Экологияның зерттеу объектісіне не жатады?
А) өсімдіктер;
В) әлем;
С) жеке организмдер;
Д) адамдар.
17. Энергетикалық әсерлердің неше түрі болады?
А) 3;
В) 2;
С) 4;
Д) 5
18. Температура, климат, жер бедері және т.б. қайсысына жатады?
А) табиғат ресурстарына;
В) экологиялық факторға;
С) қоршаған ортаның қаиеттеріне;
Д) Табиғат шарттарына.
19. Судың құрамынан металл, фосфор және басқа да заттарды бөліп алу қай әдіспен жүзеге асырылады?
А) коагуляция;
В) иондық алмасу әдісі;
С) флотация;
Д) сүзгілеу.
20. Факторлардың бірі басқасының әсерін жояды
А) провокациялық;
В) синергизм;
С) антагонизм;
Д) монодоминантты
ІІ НҰСҚА
1.Экологиялық факторлардың неше түрі болады?
А) 5;
В) 3;
С) 2;
Д) 4
2. Адамның өндірістік қызметі мен өмір сүру ортасы деген не?
А) табиғат ресурстары;
В) қоршаған орта;
С) экологиялық фактор;
Д) табиғат ортасы.
3. Көлікте, тұрмыста өнеркәсіпте адамның жұмысының әсерінен нақты және потенциал шикізат ретінде қолданылатын өнімдер деген не?
А) қалдық;
В) уыттылық;
С) радиоактивті қалдықтар;
Д) диоксинді қалдықтар
4. Хлоркөмірсутек қосылыстары, органикалық және синтетикалық заттар қандай қалдықтарға жатады?
А) уыттылық;
В) қалдық;
С) радиоактивті қалдықтар;
Д) диоксиндер.
5. Тұрмыс деңгейінде пайда болатын тамақ қалдықтары мен қатты заттардың жиынтығы деген не?
А) радиоактивті қалдықтар;
В) өнеркәсіптік қалдықтар;
С) қатты тұрмыстық қалдықтар;
Д) диоксиндер.
6. Тек қана күл қоспасының сорғысы қалай аталады?
А) багерлік;
В) шламдық;
С) қоректік;
Д) қоректендіру.
7. Күлдің жанбай қалған біріккен үлкен кесектері деген не?
А) шлак;
В) шлам;
С) күл мен қож қоспасы;
Д) тұман.
8. Белсенді реактор аймағында су ядролық реакциядан бөлінетін жылудың әсерінен неше градусқа дейін қыздырылады?
А) 120;
В) 520;
С) 320;
Д) 555 .
9. Диаметрі 250-500мм болатын параллель қосылған бір корпусқа біріктірілген циклондар қалай аталады?
А) жалюзийлік күлтұтқыштар;
В) инерциялық күлтұтқыштар;
С) суланған күлтұтқыштар;
Д) батареялық циклондар.
10. Қазіргі кезде кіші және орташа қуатты бу генераторлары үшін қандай күлтұтқыш типі қолданылады?
А) ЦС-ОРИ типті инерциялық күлтұтқыштар;
В) ЦС-ВТИ типті ортадан тепкіш скруббер;
С) ВТИ батареялық циклоны;
Д) циклон
11. Суда нашар еритін, иіссіз, түссіз газ
А) су;
В) азот;
С) азот диоксиді;
Д) азот монооксиді.
12. Территория бойымен ластау көздерінің таралуы туралы мәліметтердің, атмосфераны ластаушы заттардың құрамы мен саны туралы жүйелілік деген не?
А) қалдықтардың инвентаризациясы;
В) тұтыну қалдықтары;
С) қалдықтарды тазалау;
Д) тазалау әдістері.
13. Канализация жүйесі арқылы өндірістік кәсіпорын мен елді мекен территориясынан су қоймасына жіберілетін кез келген атмосфералық жағдай қалай аталады?
А) тұщы мұздар;
В) мұхит сулары;
С) ағын сулар;
Д) су ресурстары
14. Ағын сулардың құрамында болатын бейорганикалық элементтерге не жатады?
А) органикалық қышқылдар, мұнай өнімдері;
В) қышқылдар, сілтілер, топырақтың бөлшектері және т.б.;
С) ауыр металдар, тұщы сулар;
Д) тұщы мұздар, мұхит
15. Азот диоксиді, көміртегі оксиді қай отын түрін жаққанда пайда болады?
А) бәрін;
В) сұйық отынды;
С) қатты отынды;
Д) газды
16. Тас көмір мен қоңыр көмірде күлдің мөлшері қандай болады?
А) 3-тен 55%;
В) 2-ден 65%;
С) 1-ден 45% дейін;
Д) 3-тен 95% дейін.
17. Жеке бір организмнің немесе түрдің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылымның түрі
А) синэкология;
В) аутэкология;
С) демэкология;
Д) фундаменталды
18. Қолданбалы, әлеуметтік және фундаментальды (биологиялық) деп кім бөлді?
А) Э.Геккель;
В) Б.Коммонер;
С) Н.Реймерс;
Д) Ч. Эльтон.
19. Тозаңның құрамындағы қатты бөлшектердің өлшемі нешеге тең болады?
А) 6-дан 70мкм;
В) 6-дан 75 мкм;
С) 6-дан 70 мкм дейін;
Д) 5-тен 50мкм дейін.
20. Фазалы жүйелер қалай аталады?
А) альдегидтер;
В) ластаушы көздер;
С) зиянды қоспалар;
Д) аэрозолдар.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.