Туынды тақырыбын пысықтау сабағы
Оценка 4.8

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
математика
10 кл
22.01.2018
Туынды тақырыбын пысықтау сабағы
Публикация является частью публикации:
М.Габдуллин 100 жыл.docx
М. Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай  ұйымдастырылған «Батыр, Ұстаз, Ғалым» атты шара даярламасы ЖҮРГІЗУШІ: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар!  Биыл Ұлы Жеңістің  70 жылдығы  Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Кеңес Одағының Батыры, Қазақ  жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының профессоры,  КСРО Педагогика ғылым  академиясының академигі, Қазақ КСР­інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері  Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығымен тұспа –  тұс келіп отыр. ВЕДУЩИИ: Герой войны, любимец народа, воин­гвардеец, ученый­педагог, писатель – как много успел Малик Габдуллин и как мало  пожил. В нем есть все –ум, широта натуры, мужество и ученость, прямота и справедливость, вежливость и  интеллигентность, доброта и заботливость! Если бы он дожил до 70­летия Победы, за которую сражался на фронтах  Великой Отечественной войны, ему исполнилось бы сто лет.  ЖҮРГІЗУШІ:  «Батырым – Мәлік беренім, Жүйрігім, озған өренім.  Халқы сүйген қалаулым, Жырымды саған төгемін» деп Жамбыл бабамыз  жырлағандай М. Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай   ұйымдастырылған «Батыр, Ұстаз, Ғалым» атты шараға қош келдіңіздер! ВЕДУЩИИ:  Добро пожаловать на торжественное мероприятие «Войн, Педагог, Учитель» посвященную 100 летию Малика Габдуллина   ӘН: «Туған жер» ЖҮРГІЗУШІ:  Айыртау, Зерендідей кімде тау бар,  Ел сәні Қошқарбай мен Имантаулар.  Жыланды, Сырымбет тау, Жалғыз таулар,  Бәрі де көктен түскен ай арулар.  Оқжетпес алтын арқау сұлу жырға,  Қыраны ұя салған биік шыңға.  Ағамыз батыр Мәлік шыңда туып,  Шыңдалған шар болаттай өшпес тұлға,  Слайд «Батыр,Ұстаз,Ғалым»  Мукушева Ж.О  Сахнада тақпақ оқытын 8 оқушы шығады:  1­оқушы:  Асылан Ата­баба қазағымның данасы,  Туады екен аталардан дарасы.  Қанай биден Мәлік батыр тараған,  Қасиетті халқымыздың баласы.  2­оқушы:  Қанат Қазағым, құтты болсын қуанышың,  Мәліктей батыр тұлға туғаны үшін.  Бүгінде әлем жатыр сыйлап бізді,  Қалайша елжіремес бұған ішің.   3­оқушы: Дидар Қойсалған батырдың көркем елі,  Зеренді Көкшеміздің сұлу жері.  Жаралған елінің топырағында,  Мәлік батыр Көкшетаудың асыл ері.   4­оқушы:Гульназ Абзал жан, ана сүтін ақтап өткен, Отан үшін қоныпсыз атқа бекем. Сүйсінбеген жан бар ма  ерлігіңе, Мәлік  ата, өзіңді  мақтан  етем! 5­оқушы: Асылхан Өн бойы қайсарлықтан жаратылған,  Өтіпті бұл өмірден дара тұлғам.  Мәлік аға ­ мәңгілік ел есінде,  Зерендідей киелі жерде туған.  6­оқушы: Данияр Капезов  Көрініп ақыл ­ ойдың асқарынан,  Інжу ­ маржан төгілтіп дастанынан.  Ұстаз, ғалым, жауынгер – Мәлік ата,  Жүректердің төрінен орын алған.  7­оқушы:  Олжас Сол жылдардың соғыстары қан­майдан, Адамдардың  бақыттарын жаулаған. Күнәсі жоқ,адамдарды қырып сап, Жүректері жаралған ба,ол тастан!? Жырлаймын қазағымның батырларын, Олар жайлы сөз айтпау – ақынға мін. Биыл – Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығы, Академик, филолог, батыр, ғалым 8 оқушы:  "Өлді ме адам? Өлген жоқ! Келіп кетті! Топыраққа мәңгілік еніп кетті.  Біреу қимай өкінсе өткеніне, Ал, біреулер азды – кемді жеміс төкті. Өлдіме адам? Жоқ, ол тек тоқырады, Өткен жолы өрнек боп тоқылады. Бірге бізбен! Бірақ та бөліп тұрған,  Туған жердің киелі топырағы" ӘН: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» Жекежан ВЕДУЩИИ: Был враг силен. Но встали двадцать восемь, Смелы, непоколебимы как стена. Мы бережно в сердцах солдатских носим Панфиловцев отважных имена ЖҮРГІЗУШІ:  Батыр Мәлік жалғанды жалпағынан басып, алысқанды айдаһарша арбап жұтпақ болған жаумен арыстанша арпалысты.  Қанды шайқастың тарихындағы Москва іргесіндегі болған оқиғаның алатын орны айрықша.  КӨРІНІС:  «Мәлік майдан даласында»   Кеңес әскері полкінің штабында: КАПРОВ:   Төртінші ротаның политругі Ғабдуллинді және оның қасында бірге болған салдаттардың бәрін түгел ерлікпен қаза тапты деп жоғары басшылыққа баянат жібердік. Олар үлкен ерліктің үлгісін көрсетті. Жаудың күшіне біз ойланғаннан көп уақыт төтеп тұра алды. Үсті  үстіне қайталанған бір неше шабуылдарға тойтарыс берді. КАПРОВ:   Тоғыз күн өтті ғой. Тірі болса, бір хабар ошар келмес пе еді. БАУЫРЖАН: Ғабдуллин секілді жігіттің өле қалауы мүмкін емес, тағы біраз күтейік. КАПРОВ:   Сен өзің қазақ десе тіпті шаң жұқтырғың келмейді. Немене қазақ тұтқынға түспей ме екен? БАУЫРЖАН: Қазақ та ет пен сүйектен жаралған адам баласы. Көптің ішінде бәрі болады. Бірақ Мәлік Ғабдуллин  секілділер қай ұлтта да некен саяқ. Менің пікірім осы. Жолдас Генерал рұқсат етсеңіз мен бөлімшелерге барайын.  ПАНФИЛОВ: Рұқсат комбат. (Ол кеткесін). Бауыржанның түйсігі бір шындықты сезетін шығар. Әрине, тұтқынға түсуді  басқа бермесін.  КАПРОВ:   Иван Васильевич, Сіз қазақ пен қырғызды көп мақтайсыз. Бауыржан Момушевты да қатты мақтап, үнемі сосын  кеңесін тыңдайсыз. ПАНФИЛОВ: Бұл соншалықты дауласатын мәселе емес. Бауыржан Момышұлы өте дарынды командир. КАПРОВ:   Өзі ғалым болса білімді болмай қайтушы еді.  Бірақ білімділердің де жақсы, жаман мінезі бола береді.  Дегенмен полутрук Ғабдуллин бастаған взводтың тірі  қалардай мүмкіншілігі болған жоқ. Олардың бекінген  тұстарын немістер көп атқылады. Және жау танкілерінің  солай беттегенін өз көзіммен көрдім. ПАНФИЛОВ: Олар автоматшылар ғой, он үш автоматшы дегеніміз бір ротаға татиды. Сонымен қатар оның  жігіттерінің осалы жоқ. Арнайы жасақталған ыңғай  іріктеуден өткен таңдамалы мергендер емес пе КАПРОВ:   Неше жерден керемет болса да, анандай  қырғыннан олар аман қалған жоқ. Егер оралатын болса  көре жатармыз. Мәліметті өзгерту қиын емес. Осы кезде Мәлік келеді. Қолын шекесіне қойып,  Панфиловқа баянат жасайды. МӘЛІК: Жолдас Генерал, үшінші ротаның саяси  жетекшісі лейтенант Ғабдуллин.... ПАНФИЛОВ: Жарайды, жарайды, Ғабдуллин, шынымен  сенсің бе?! Біз сені өлді деп жоғары штабқа баянат  жіберіп жатсақ.  МӘЛІК: Көріп тұрғандай сап сау оралдық. ПАНФИЛОВ: Келші, қыраным, құшақтап көрейін.  болған екен. болағаны қалай? мұнша әуреге салғанымды айтамын. (қуақылана) Ол сенің не бітіріп келгеніңе  политрук. снаряд жарылып, ұрыс басталып кетеді.  құтырған фашистер, шешуші ұрысты бастап  Жігіттер, бөлімшелеріңе барып, бекіністерді  (Құшақтап қайта қайта иығынан қағады) Молодец, жарадың, жарадың, политрук. КАПРОВ:    (Қапсыра құшақтап алып) Тірі келгенің қандай тамаша болды! МӘЛІК: Мынандай соғыс жүріп жатқанда өле салсам әділдік бола ма, жолдас полковник! ПАНФИЛОВ: Батальондағылардың бәрі де сендерді өлді деп жан жақтан қоймады ғой тіпті.  КАПРОВ:   Асқан ерлікпен қаза тапты деп наградаға да ұсынып қойдық.  МӘЛІК: Қап, ұят КАПРОВ:   Ұят МӘЛІК: Сіздерді КАПРОВ: байланысты, жолдас Осы кезде бомба, ПАНФИЛОВ: Қап, жіберді ақыры. қорғаңдар. КАПРОВ:   Жолдас, автоматшылар ротасын ойламаған тұсынан МӘЛІК: Құп болады, ПАНФИЛОВ: отан үшін алға! Бәрі шепке қарай өзінің автаматшы МӘЛІК: Жау негізгі шайқас. Не олар, не біз. Бүгінгі ұрыста жеңіске жетсек, ертеңгі үлкен жеңіс те біздікі болады.  ШАШКО: Біз дайынбыз, жолдас политрук. РАМАЗАН: Өліспей беріспейміз. ШАШКО: Кеттік жігіттер! Жігіттер жүгіріп кете береді. Мәлік қалтасынан бір түйіршек орамалды алып шығады да бір тізерлеп отыра  қалады. МӘЛІК: Туғам жерім Қойсалғанның бір уыс топырағын елден аттанарда орамалға түйіп ала кетіп едім. Кестелі орамалды  жарым Жанбөпем сыйлап еді. Бұл топырақты мен аман қалғанда елге қайтадан апарып қайтем. Одан да Москваның  топырағына қосайын. Мен осы жерде қанша рет соғысып, аман қалдым. Әр аман қалаған сайын қайта тудым. Бұл да менің  туған жерім болып саналсын. Қорғаймын осы жерді. Мен соғысқа өлу үшін емес, жеңу үшін келдім. Куә бол осыған, Жер  лейтенант Ғабдуллин, қарамағыңдағы  бастап Бородино деревнясына аттан. Жаудың  соққы беріңдер. жолдас полковник, енді аянуға хақымыз жоқ. Өздеріңді сақтаңдар, қырандарым, жеңіс үшін, жүгіре жөнеледі. Сәлден соң сахнада Мәлік сарбаздарымен күштерін әкеп төгіп жатыр. Бұл шешуші Ана. (Түйіршектегі топырақты шашып жіберіп, орамалды сілкіп құшарлана иіскеп, сосын басына батырларша таңып байлап  ап, бас киімін бастыра киіп, автоматтын қолына алады). МӘЛІК: Алға жігіттер! Тақпақ:  «ЕРЛІК ДАСТАНЫ»   Самғашы, сайра көңіл сандуғашы,  Шабыттың жыр нөсері, ағындашы,  Отты жыл жөргектегі жас нәресте,  Отыздан барады асып бүгін жасы. Егескен ерлеріме елім үшін,  Самғаттым қиялыммен көңіл құсын.  Ұя сап жеңіс сарай шатырына,  Ұшырсын балапанын өмір үшін. Аулымда азанғы шай құйылмастан,  Некесі жас жұбайлар қиылмастан,  Аттанды азаматтар қару алып,  Әжемнің көз жасы көл тыйылмастан. Есімде түбіндегі Москваның  Ажалдың ысқырығы, ащы жалын!  О, ерлер, Россия кең! Жол жоқ!— деп,  Тажалдың танкін қарыс бастырмадың.  Есімде зеңбіректер гүрсілдері,  Қас жаудың қалған қаңқа, құр сүлдері.  Генерал Панфиловтан айрылғанда,  Сұрлана сарбаздардың күрсінгені. Ерліктің естім ерен мен ескегін,  Соғыстың тайғақ кешу белестерін.  Бақыл бол, ер Төлеген ел деп туған,  Көзіме кешегідей елестедің! Айқастың не қиямет ауыр жолын  Ағындат ақбоз атпен, Бауыржаным.  Қиында қара нардай қайыспас ер,  Қашанда риза саған бауырларың! Полкты отызыңда жасақтадың  Бес рет Крюкованы босатқаның.  Есімде ер Жуковтан алғыс алып,  Жауларға жай оғындай сес атқаның. Өтсе де жүз ғасырлар, мың ғасырлар,  Қартаймас хас батырлар тұлғасы бар.  Полктің туын алып Мәлік батыр,  Орманнан шыға келсін – сырласыңдар!­  Ақиық сұңқары едің Зерендінің,  Мәшһүр боп қан майданда ерендігің.  Өрлігін «Оқжетпестің» дарытқандай,  Бейнеңді батыр Мәлік көрем бүгін! ӘН:  Журавли с видео Мирас ЖҮРГІЗУШІ:  М.Ғабдуллин соғыс жылдарында бір қолында автомат, бір қолында қаламын ұстап, елдегі достарына, құрбы­құрдастарына,  басқа бөлімдерде соғыс салып  жүрген жауынгер жолдастарына көптеген хаттар жазған екен. Мәселен, Б.Момышұлына жазған хатын ол кісі «Құрметті Бауке» деп бастаса, Бауыржан аға: «Мәлігім»  деп бастайды екен. Осы бір сөздердің өзі­ақ  ол кісілердің арасындағы үлкен ілтипатты көруге болады. КӨРІНІС: «Хаттар»  Ардақты Баукеш! Ақыл­ойдың арнасынан шыққан асыл сөздеріңізбен шын жүректен құтты болсын айтып жазған ашық хатыңызды алдым. Бар жан тәніммен риза болып отырмын. Ұяңда не көрсең ұшқанда соны ілерсің деген ғой. Тар жол, тайғақ кешу кезінде, тас қамалды бұзып темір қоршауды қирата шыққан кездерде біздің үлгі алған адамымыз, ақыл мен адамгершілігіне, қайраты мен өсиетіне сенген адамымыз да Сіз  едіңіз. Сіз басшы, біз қосшы болдық.  . Атақ үшін емес, ар­намыс үшін халық алдындағы борышты өтеу жөнінде де Сізден үлгі алдық, Бауке. Тек аман­сау болайық. Қазақ халқының  қәдірлісі, арда өскен атағыңыз, соңына мыңды ертіп, қаһарлы жаудың тас қамалын бұзуға ержүрек ұлы Бауке,  Сіздің дәрежеңіз артып, мәртебеңіз үстем бола беруіне шын көңілден тілектеспін. Ақыл мен қайраттың, адамшылық пен батырлықтың тұлғасы болған Баукеш, халқыңыздың рахаты мен болашағы үшін жасаңыз.  Інілік сәлеммен еркелеп, қолыңызды қысып, мойныңыздан құшақтап, бетіңізден сүйдім, Ініңіз Мәлік. ЖҮРГІЗУШІ: Батырым – мақтанамыз сендей ұлға  Қосамыз аттарыңды өлең ­ жырға.  Намысын ер қазақтың жауға бермей,  Болдыңдар жүрекке жан, елге тұлға,­ дей отырып бүгінгі М. Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай   ұйымдастырылған іс­шарамызды аяқтаймыз.

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы

Туынды тақырыбын пысықтау сабағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018