Урок на тему "Аналитикалық анықтама" ( Химия)

  • Научные работы
  • docx
  • 21.11.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мен келешекке білім атты гүлдің қызғалдаған үзіп алып таратсам деген арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап алдым.Сондықтан ұстаз-дық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте істеген аз уақыттың ішінде өзіндік педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты.
Иконка файла материала Аналитикалық анықтама.docx
Байбакова Салтанат  Жамкаралиевна Бастауыш сынып мұғалімі "Дәуір"атындағы №51 жалпы орта  мектебі КММ Жетысай ауданы,  Түркістан облысы                                                                             Аналитикалық анықтама «Жас бала жас­ шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,  өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»                                                                                                         М.Жұмабаев       Мен келешекке білім атты гүлдің қызғалдаған үзіп алып таратсам деген  арманмен ұстаздық жолдың ауыр жүгін өз жүрегімнің қалауымен таңдап  алдым.Сондықтан ұстаз­дық жолда адал міндет атқаруды өзіме мақсат етіп  қойдым. Аталған мақсатты жүзеге асыруда мектепте істеген аз уақыттың  ішінде өзіндік педагогикалық философиям және ұстанымым қалыптасты.         Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан  дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің  негізгі ұстанымым. Сонымен  қатар баланы жеке тұлға ретінде қабылдау, бала  пікірімен санасу және қоғамда өз көзқа­расы қалыптасқан, бәсекеге қабілетті  өзін көрсете білетін, шығармашыл тұлғаны қалып­тастыра білу. Осы  ұстанымдарым негізінде ұстаздық жолда қызмет жасаудамын. Ұстаздық  қызметте, шәкірттермен қарым­қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және  мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Бұл қасиеттер  ұстаз бойынан табылу үшін әр мұғалім өз мәдениетін, біліктілігін көтеріп  отыру қажет. Ахмет Байтұрсынұлы: «Олақтықтың белгісі­ бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі­ түрлі әдісті білу, керек орында жоқ әдісті табу да  қолынан келу... Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне  сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп жазған еді. Шынымен  де, қазіргі кезде түрлі жолдар тауып, оқыту технологиясының оқу  материалдарын меңгертудің неғұрлым тиімді әдістері таңдалған. Бұл  әдістерді жүзеге асыру мұғалімнің тікелей шеберлігіне, ізденуіне байланысты.  Осының негізінде мен үздік­сіз ізденіс жасауды, өз еңбегімді байыту және  1ынталандыруды, біліктілікті жоғарлатып отыруды жүзеге асыруды қолға  алдым. Бүгінгі жаһандану заманында ұлттың бәсекеге қабілеттілігі білім  деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы  болуына апаратын жол­ білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы,  басшы болары сөзсіз. Бұл орайда ұстазға артқан сенім өте зор.   Еңбек жолымның алғашқы күнінде жүрегіме нық орнаған ұстаздық  ұстанымым – мамандығыма деген сүйіспеншілік сезімі мен тәжірибелі  ұстаздарға деген құрмет еді.             Мұғалімнің басты мақсаты: әртүрлі педтехнологияларды пайдаланып,  оқушылардың оқу материалын меңгеруіне мүмкіндігін кеңейту.      Түсінік бар жерде ғана қызығушылық болатыны бәрімізге мәлім. Ал егер  оқушы мұғалімді түсінбесе, онда мұғалімнің оқытатын пәнге де  қызығушылығы болмайды. Сондықтан, мен өз тәжірибемде оқушыларды  ынталандыруға көп көңіл бөлемін. Өзімді оқытқан мұғалімдердің ұстанымын  есте сақтай отырып, оқушыларға бастауыш пәнін барынша түсінікті, сонымен  қатар өмірмен байланысты  мысалдар арқылы түсінуіне жағдай жасауға  тырысамын, өйткені заманауи педагогиканың мақсаты – алған білімдерін  өмірде табысты қолдануына үйрету болып табылады.         «Нашар оқушылар жоқ , нашар оқытатын мұғалімдер бар» деп  бекер  айтылмаған. Демек, кез келген оқушыны үйретуге болады. Осы ұстанымды  ұстана отырып, сыныптағы барлық оқушыларға бірдей көзқараспен қарауға  тырысамын. Және оқушыларға да олардың оқиалатынын , түсіне алатынын  жеткізуге тырысамын.  Үнемі іздену, шығармашылық қасиет, теориялық білім  – менің серігіме айналды.  Бірнеше жылдық тәжірибенің нәтижесінде тек өзін­өзі дамытатын мұғалім  ғана өз оқушыларының шығармашылық дамуына үлгі бола отырып,  ынталандыра алатын тұлға бола алатынына көз жеткіздім. Сол себептен   мұғалім өмір бойы оқу керек.                Мен өзімді бақыттымын деп санаймын, өйткені  менің ізімді жалғастырған  оқушыларым бар.  «Жақсы ұстаздың шәкірті озар»  дегендей сол  оқушыларымның жетістіктерін көріп, менің  еңбегімнің зая кетпегінін, өз  міндетімді табысты орындап келгенімді көріп, өмірімде дұрыс таңдау  жасағанымды түсіндім. Менің мамандығын – менің дұрыс таңдауым!  2«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаздардан алған тәлім­ тәрбие, ата­анамнан алған өнеге – бәрі де менің ұстаздық жолымды нық  басуыма үлкен үлесін қосты деп ойлаймын.       «45 жыл мұғалім болсаң да, 45 минутыңа дайындал» деген нақыл сөз менің ең басты ұстанымым болып табылады.       Әрбір ұстазда мақтан етер бүлдіршін болса, онда еңбегі зая кетпегені.  Мен өз мамандығымды, бүлдіршіндерді өте жақсы көремін, сыйлаймын,  құрметтеймін. Ақырын жүріп анық бас,  Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,  Үйретуден балаға, ­ деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім  дегім келеді. Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Бұл  сөзді мен жай ғана айта салмаймын өйткені бұлай айтуым – маған үлкен  жауапкершілік жүктейді. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам  бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең  сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып,  талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең  шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың  сәулетшісімін. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Сондықтанда, бұл  сөз мен үшін қадірлі, мен үшін құдыретті сөз. Күнде ертеңгісін жұмысқа  келгенде, балалармен бірге болған әрбір уақытым мені жаңа әлемге  жетелегендей болады. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де,  әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының  жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын  байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп...  Қазіргі заман талабына сай мұғалімдер бір орында тұрмай үнемі ізденісте  болып, өзі жаңа әдіс ­ тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда  ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады. Бүлдіршіндердің сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл  үйренуге деген ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана  отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізгенді жақсы көремін. Қазір  жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын  қызықтыра оқыту көп нәрсені талап етеді. Әрбір бала­бір­бір әлем.  3Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі  формаларды қолдануға тырысамын. Әсіресе ойын  технологиясын көп  қолданамын, бұл технологияны қолданғанда бүлдіршіндердің көздері жанып  тапсырманы орындауға асығып отырады.Осы технологияларды сабақтарымда  үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп  отырмын.Бүлдіршіндердің бір орында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып  кетпеуін ескеріп сабақтарды ойын түрінде қимылды­әуенді ойын­жаттығулар,  қимылды­қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы,  логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды жұмбақ суреттер,  ситуациялық тапсырмалар, дидактикалық ойындар, ертегі негізіндегі  тапсырмаларды қолданамын. Ойында әрбір баланың шығармашылық қабілеті,  ерік­жігері, көңіл­күйі ерекше байқалады. «Ойлы бала­ойыннан белгілі» деген  халық даналығы. Сондықтан,баланың ойынға деген қызығушылығын сабақ  процесімен әр сабағымды ұйымдастырамын.  Өз тәжірибемде осының біреуін қолдану үшін күнделікті сабаққа кірген кезде  бүлдіршіндердің жүздеріне мұқият қарап, олардың көңіл ­ күйлерін түсінуге  тырысамын. Кейбір бүлдіршіндер көңілдері көтеріңкі, жайдарлы болса,  кейбіреулерінің сабаққа ешқандай құштарлығы болмайды. Сондай сәтте мен  әр сабағымды шаттық шеңбері, жүрек жылуы,  жылулық шеңбері, жақсы лебіз, психологиялық сәт немесе жақсы көңіл көтеретін әнмен, өлеңмен бастаймын.  Бұл әдіс бір жағынан бүлдіршіндердің көңілін көтереді, екінші жағынан  сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын арттырады.        Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан балаларды  дұрыс сөйлеуге,  ойын еркін жеткізе білуге үйретіп қана қоймай, оларды қазақ халқының салт­  дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, мемлекеттік тілді қадір тұтып, сыйластықпен  қарауға үйретемін.  Мұғалімге қойылатын жауапкершілік зор.Сонымен қатар бүлдіршіндердің  соған сай үйренсем – білсем деген талаптары күннен – күнге өсіп келеді.  Мерекелік ертеңгіліктерде үйірме жұмысында қазақ тілінде тақырыпқа сай  тақпақ, жұмбақ, мақал­мәтелдерді жатқа айтқызып, ойлау, есте сақтау  қабілеттерін дамытуға тырысамын. Ұлттық мерекелерде қазақ халқының салт  дәстүрлерінен үзінді, қойылымдар көрсетіледі.Бүгінгі білім мен білік  бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі  жаңашылдығымыз арқылы, жан­жақты берген тәрбиеміз арқылы қол  4жеткіземіз деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып басқан және  таудай болып шыққан бүлдіршіндерді сауатты, саналы азамат болып өсіру  біздің қолымызда. Олай болса еліміздің болашағын ойлайтын саналы  азаматтарымыз, қасиетті тілімізді биік – биік шыңдарға шығарып, әлемдік  тілдер қатарынан қоссын дегім келеді. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.  Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы,­деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын  оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын.  Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам  Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе  жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп  дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі ­ өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар­тарапқа жетелеуші. Ұстаз ­ бала болмысына өзгеріс енгізуші,  бағыт­бағдар беруші, ата­ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан­жақты білімділікті, икемділікті,  шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат  қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса,  екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым­қатынаста болып, білсем, үйренсем  деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші,  шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі.  Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға  қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,­ десе, Абылайхан Төле биді,  Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.  Ендеше, менің табынатын ұстазым өмірдегі үйренерім –қазақ тілі пәнінен  сабақ беріп  жетік меңгерткен  ­Оралова Айжан мұғалім. Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу­сызу, оқуды  үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша.  5Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны  дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке  жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан  келеді.  Ал жаңашыл ұстаз қандай болуы керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы,  осы мақсатқа рухани күш­жігерін, парасат­қуатын салу керектігі айтпаса да  түсінікті. Бұл ­ әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет  ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай­ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі  кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және  оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс. Өмірдің көшінен қалмау, яғни  білімі мен біліктілігін әрдайым жетелдіріп, жаңа инновациялық  технологияларды меңгеріп отыруы керек. Сондықтан да ұстазды әр баланың  жан­дүниесін танып­білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел  болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін  оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам.  Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата­анасы, болашаққа айқын жол сілтер  ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты  кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті  жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп,  ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі­өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:  Ақырын жүріп, анық бас,  Еңбегің кетпес далаға.  Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,­ деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт  өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!  Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау ­ әр  мұғалімнің борышы. Ол ­ өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін  шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді.  Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.  6Ұстаздың осыншама қадір­қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен  әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым­қатынас  жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі,  әдепті жүріс­тұрысы, жинақы іс­әрекеті, білімі шәкіртке де, ата­анаға да,  жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:  Жай мұғалім хабарлайды,  Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді,  Ұлы мұғалім шабыттандырады,­ дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби  икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін­өзі  басқару, өзін­өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.  Өйткені қазіргі жас буын ­ еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси­ экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,  ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан­жақты  жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,­ деген тұжырым жасады. Ол үшін  бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы  жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге  байланысты»,­ дейді осы мектептегіАйгүл  апай. Біздер, мұғалімдер,  күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды,  адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды  ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен­өзі айқын. Осыған  байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:  ­ Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі ­ Қызметке бейімділігі ­ Кәсіптік білімі мен біліктілігі  ­ Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім ­ Ұйымдастырушылық қабілет ­ Заманға сай жаңашылдық  Бақыттың үлкені ­ өзіңді­өзің тану. Ұстаз өзін­өзі қай уақытта таниды? Ол  алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен  7таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың  биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан­жақты  берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.            Мұғалімнің негізгі мақсаты ­ оқушылардың шығармашылық қабілетін,  өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды  ұйымдастыру.  Сабақ беретін 2«ә» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен  арнаулы іс­жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп,  еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене  бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш­жігерімді шәкірт тәрбиелеуге  жұмсаймын. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында  информациялық­коммуникативтік технологияны кең пайдаланамын.  Білім  көрсеткіштері пән бойынша жоғары .  2015­2016 жылындағы тәрбие жұмысы рейтингісі және мектеп пен сынып іс­  шараларында белсенділік танытын 1 орынға ие болғаны үшін марапатталды. 2017­2018 оқу жылдары өз пәндері бойынша сапалы білім көрсеткіштері үшін  « Мадақтама қағазымен» марапатталдым. 2017­2018 оқу жылы   4 «Б» сынып бойыншажылдық  тәрбие жұмысының  қорытындысы     4. Пән бойынша білім сапасына 3­жылдық салыстырмалы сараптама (салыстырмалы мониторинг диаграмма түрінде көрсету) Пән бойынша білім сапасына 3­жылдық салыстырмалы сараптама (салыстырмалы мониторинг диаграмма түрінде көрсету) 8жж) 2 “А” 73 % 84 % 72 % 84  % 1“А” 72 % 80 % 71 % 85 % 84% 72% 89% 85% 71% 80% 72% 80% 100% 100% 100% 100% 100% 120% Үлгерім сапасы 20% 72% 80% Білім сапасы Үлгерім сапасы 40% 60% 100% 120% 2015­2016 2016­2017 2017­2018 (І Пәндер 4 “А” Математика Әдебиеттік  оқу Қазақ тілі Дүниетану 72 % 89% 72% 84% Дүниетану Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Математика 0% Дүниетану Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Математика 0% 20% 40% 60% Білім сапасы Linear (Үлгерім сапасы) 9Дүниетану Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Математика 0% 20% 40% 60% Білім сапасы Linear (Үлгерім сапасы) 85% 84% 72% 73% 80% 100% 100% 100% 100% 100% 120% Үлгерім сапасы   «Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені» деп бекер айтылмаса керек. Соның  бір айғағы : 2 «а» оқушыларымен жүргізілген тәрбие іс­шаралары : «Әдептілік әдемілік», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Қарттарымыз  мақтанышымыз»  «Дос болайық бәріміз», «Салт­дәстүр халқымның орта  белгісі»,  «Табиғатты аяла» , «Желтоқсан ызғары», «Тауелсіздік таң нұры»   атты тәрбие сағаттары және «Бәрімізге ортақ міндетті тәртіп», «Табиғат ­  тіршілік нәрі», «Спорт – біздің досымыз» , «Менің ең жақын досым», «Өзін­өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» , «Өнерпаздық дәстүрлері »,  «Ана өмірдің шуағы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар  «Мен ғарышкер боламын», «Спорт денсаулық кепілі», «Табиғатты  қорғай білеміз бе? » , «Ескермеген ерен еңбектер», «Жолда жүру ережесін  білеміз бе?», «Көңілді мәре» спорттық ойын түрінде сыныптас тыс сағаттар  өткізілді. Нәтижесінде:  2017ж  7 қыркүйек айында өткен «Көңілді мәре» жарысына 2  «а» сынып оқушылары белсене қатысты. «Күз – мереке, күз – береке!» атты  мерекесіне қатысып 1 орынға ие болды. 2017ж  қараша айында өткен  бастауыш сыныптардың онкүндігінде өткен іс­шараларға  2 «а» сынып  оқушылар белсенді қатысты. Сонымен қатар тәуелсіздік күніне арналған  шығармашылықтарда  Алмасқызы  Жанерке  «Тәуелсіз ел» атты өлең  шығарды. Оқушылар тәуелсіздік күніне арналған іс­шараларға қатысты.  Қараболат Мадина ағылшыннан өткен олимпиадаға қатысты. Сонымен қатар 2 «а» сынып оқушылары «Жана жылдық» ертеңгілігіне қатысты. 2018ж  қантар  айында өткен бастауыш сыныптар арасындағы «Алтын жабағы» сайысына   10Мутан Ерасыл, Ақылбек Көркем, Көшербай Балауса сынды балалар қатысып  сертификаттар алды. Наурыз мерекесіне арналған бастауыш сыныптар  арасындағы «Көктем аруы» атты қыз сыны сайысында 2 «а» сынып оқушысы   Көшербай Каусар  қатысып «Көктем аруы» атты мадақтама мен  марапатталды. Мектепшілік жарыстарға қатысып  мақтау қағаздарымен  марапатталды. «Көңілді мәре» спорттық ойын сайысында 1 орынға ие  болды.Мектепшілік өтіп жатқан іс­шараларға  2 «а» сынып оқушылары  белсене қатынасып жүрді. Білім беру сапасының басты міндеті­2020 жылға дейін білім беруді дамыту  жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың қызмет  көрсету аясын кеңейту» Қазіргі таңда жас ұрпаққа жан­жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың  басты міндеті болып табылады. Жас ұрпақты оқытып ­ тәрбиелеу үлкен  жауапкершілікті, ізденіс пен шыдамдылықты, ұстаздың заман көшіне сай  білімнің қыр­сырын терең меңгеріп, жаңа ақпараттық технологиялармен  қаруланғанын, жан­жақтылығын талап етеді. Себебі ұстаз алдында заман  талабына сай­жеке индивид тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Жан­жақты  қалыптасқан, білім мен тәрбиені қатар тізгіндеген,  өмір көшінен өзіндік орын  алар тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру оңай шаруа емес екенін ұстаздың өзі  де түсініетіні белгілі. Тұлғаны оқытып, тәрбиелеу ең алдымен отбасы­ошақ  қасынан бастау алып, жаңа мектеп табалдырығын аттаған­яғни бастауыш  сатыдан басталуы керек. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау  мүмкіндіктері әр түрлі. Сол себепті оқушыларының білім сапасын көтеру­ әр  ұстаздың міндеті. Оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін, оның  шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса,  қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық  саласындағы белсенді, шығармашылық іс­әрекетіне қабілетті, еркін және жан­ жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін,  ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу  үрдісін жүргізуі керек. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты  тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы  11азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін­өзі тануға ұмтылу,  іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,  дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы  қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде  М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында,  меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде,  күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы  малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы  жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «Баланың атаға тартуы рас болса,  сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тиісті». Педагог  ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Шығармашылық сипаттағы сабақтар  түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі  қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс­әрекет тәсілдерімен бағалау  өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын  игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс­әрекетте шығармашылық бағыт  ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі. Оқушыларды шығармашылыққа  баулудың, өзіндік іс­әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі­оқытудың жаңа  технологияларын енгізу, халықаралық ғылыми коммуникациялық байланысқа  шығу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мектеп оқушыларында болуы керек  сапалар: 1. Қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда  болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды  тәжірибеде біліктілікпен пайдалану,  жылдам өзгеріп  отырған өмір жағдайларына оңай бейімделу. 2. Өздеріне өздері сын көзбен қарай алу, кездесетін  қиындықтарды көріп, оларды шеше білу, дұрыс әрі  уақытылы шешім қабылдай алу. 123.Ақпарат ағынымен дұрыс жұмыс істей алу,мақсат­ міндеттерді дұрыс анықтап, болжам жасап, тиісті қорытынды шығарып,  проблемаларды шеше білу. Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында болмайтынын  көрсетеді. Сондықтан оқу ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа  технологияларды кең көлемде енгізуді талап етеді. Инновациялық (озық)  білім беру деп ­ тұлғаның бағдарлы қөзқарасты, білімдегі дәлдікті,  шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды  игеруін айтады. Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларының  мақсаттары мен міндеттері: 1. Сабақтарды жаңаша ұйымдастыру. 2. Мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау. 3. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру. 4. Оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, ақпараттық  технологиялар негізінде ізденушілігін дамыту. 5. Шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау арқылы ізгілікке,  елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 6. Баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай қолдану. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс­әрекетін  ұйымдастырудың түрлері өте көп.  1. Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.  /сурет салдыру, шығарма жаздыру, нақыл сөздер жинастыру,т.б./ 2. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту  жолдары. 3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. 13«Образға кіру» Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай  күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну «Суырып салма ақын» Бастауыш сыныптарда шығармашылықтың алғашқы  сатысын іс­әрекет және ойын түрінде бастаған жөн. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдауы мен шығармашылық ойлауы  қалыптасып дамиды. «Диалог­ертегі» Мұғалім не оқушы ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме­ертегіні бастап  кетеді. Ал қалған оқушылар басталған әңгіме­ертегіні бір­бір сөйлемнен ары  қарай жалғастырады. Ұстаз еңбегі – оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі —  әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті  дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы  жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Жаңа технологияны оқыту­тәрбие үрдісінде қолдана отырып, біз неге үйрете  аламыз? 1. Өз бетімен ойлауға. 2. Жаңа шешімдер табуға. 3. Ұжымдық өмір сүруге. 4. Шыдамды болуға. 5. Өзгелердің көзқарас пікірлерін тыңдай білуге. 6. Өзінің жеке болашағын жасақтауға. 147. Өз бетімен білім алуға. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану нәтижелері ­ өз бетімен жұмыс істей отырып, шеберлігін арттыра біледі; ­ өз беттерімен ізденулеріне, шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыт  беріледі; ­ ойлау қабілеті дамиды; ­ нәтижелерін керек жағдайда түзетеді және одан қорытынды жасай алады; ­ қорытындыны басқа нәтижелермен салыстырады; ­ әр түрлі жағдайда өз шешімін таңдай біледі, мұғалімге жалтақтамайды; ­ өзін­өзі бағалай білуге үйренеді; ­ жаңа технологияны пайдаланып, интерактивтік тақтада жұмыс жасай біледі. Оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан­жақты, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай  білетін,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту үшін инновациялық әдістер  мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың маңызы өте зор. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік.  Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау  қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми ­ ізденіс қабілеттерін қалыптастыру,  т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр ­ білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары  дамыған, зерделі, жан ­ жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен  шығармағанымыз жөн деп ойлаймын Қорытынды: Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармшылықты дамытуда  үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен­ күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып,  сыныптан­сыныпқа көшкен сайын оқушының ішкі дүниесі, сыртқы ортамен  байланысы дамып, оқушы дүниетанымы арта түсері анық. Ол үшін жалықпай  жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен  қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың  қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің  танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары  деңгейге көтеріледі.   15

Посмотрите также