Мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................2-3
Негізгі бөлім
1.1. “Тазы” сөзінің этимологиясы мен шығу тарихы........................4-7
1.2. Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі..........................8-10
1.3. Тазы бітімі.......................................................................................11-14
Қорытынды .....................................................................................15-16
Әдебиеттер тізімі.............................................................................17
Қосымшалар .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бұл тақырып менің әуестігім болар деймін. Тазылар тарихы ендігі ретте бізді — әрбір қазақ баласы кішкентайынан қызығып-құмартып өскен, аты аңызға айналған қазақ тазысына да алып келді. Ит – адамның досы, сенімді серігі. Атақты жүйрік аттармен қоса тазы иттер де ру мен ел арасындағы мәмілеге, бітімгершілікке себеп болған. Тіпті, "Кенесары хан қырғыздармен алғашқы ұрыстардың бірінде Ақыртөбе деген жерде тазы итпен жауға шапқан. Кезінде қазақ жерінде кең таралған тазы иттердің Кеңес өкіметі жылдарында санының күрт кеміген. Алайда Кеңес өкіметі кезіндегі отарлаушылық саясат жергілікті жердегі елдің бет бейнесі мен жердің экологиясына ғана зардабын тигізіп қойған жоқ, тіптен ит пен тазының тұқымына да салқынын тигізді. "Әр кезеңде қазақ жеріне келген бөгде ұлт-ұлыс өкілдерінің өздерімен бірге ала келген иттерімен араласып, будандасқан соң небір түрлі дүрегей тұқымдар пайда болып, тазы мен төбеттің тұқымы азып кетті.
Тақырыптың мақсаты: Ит болғанда жалпы барақ атаулы әңгіме емес, ит төресі тазы туралы зерттедім. Қазақта “ит – жеті қазынаның бірі” деген аталы сөз бар. Бұл өзі тым ертеде дүниеге келген мәтел сияқты, себебі осы тектес тіркестер аңшылықты кәсіп еткен көптеген халықтарда кездеседі. Қазақ, сондай-ақ, баласын еркелеткенде де “ботам”, “қозым”, “құлыным”, “күшігім” дейді. Байқағанымдай, бұлардың ішінде зеңгі баба мен шекшек ата төлі аталмайды, сөйте тұра “иттей болды”, “ит қорлық” “ит мінез”, “ит өмір”, “иттей ырылдасу”, “итін шығару” деп “өмірдегі барлық сәтсіздіктерді” ит жазғанның басына үйіп-төгеді. Осы оймен “тазы” сөзінің этимологиясына тағы да тереңдей түссем деймін.
Тақырыптың міндеті: Қазіргі заманғы өркениеттегі иттің алатын орны туралы ашып көрсету.Тазы иттің әлемдік деңгейдегі маңызын дәлелдеу, тыңдаушыларға ашып көрсету.
Тақырыптың ғылыми болжамы: Егер де әр қазақтың баласы тазы итті өсірсе, онда барлығы да мен сияты бұл иттің түріне қызығар еді, себебі “ит – жеті қазынаның бірі” емеспе.
Тақырыптың зерттеу базасы: бұл тақырып күнделікті арнайы ит түрлерін өсіретін жерлерде және аңшылардың көмегімен зерттелді.
Ғылыми жобаның жаңалығы: тазы итті өсіру әлі де әрбір қазақ баласының қолында екенің дәлелдеу.Жалпы, итке деген көзқарасты өзгерту.
Зерттеуде қолданылған әдіс-тәсілдер: күнделікті бақылау, сауалнама сұрақтары, зерттеу жұмыстары.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: пайдаланылған кітаптарға талдау жасалынды.
Зерттеудің дерек көздері: 1.дерек көздерімен жұмыс.2.ғаламтор желісіндегі ақпараттарды өңдеу.3.тазы ит тақырыбындығы баспа материалдарын талдау, талқылау, ой елегінен өткізу.
1.1.“Тазы” сөзінің этимологиясы мен шығу тарихы.
“Тазы” сөзінің этимологиясы жұмбақ болып келді, бірақ зерттеушілер оны парсы тілінен шыққан деп есептейді. Шындығында парсы тілінің диалектісі болып табылатын пушту, дари тілдеріне “тазы” атауы да көне парсыдан келгенге ұқсайды. Парсы тілі мамандарының айтуынша Фирдоусидің әйгілі “Шахнамасында” патшалар аңшылыққа ұстаған иттің атын “Саг-и тази”, яғни “араб тазысы” деп атаған. Тазы сөзінің қазақ тілдерінде бірнеше баламасы бар: таза, алғыр, жүйрік. Әрине, “тазы” қазақтың “таза” сөзінен шыққан, бірақ бұл жадағай пікір өз қазағымызды оңай иландырғанымен, өзгені бірден сендіре қоймас. Осы оймен “тазы” сөзінің этимологиясына тағы да тереңдей түссем деймін. Ауған тазысын американдықтардан артық зерттеген ешкім жоқ шығар. Солардың бірі Смитсон институтының докторы Ван Бик “тазы” сөзі Йемендегі “Таиз” қаласының атынан шыққан деген пікірді көлденең тартады. Таиз портты қала болған, олар теңіз жолымен саудаға араб арғымақтарымен бірге тазы иттерді де алып шыққан. Сондықтан таиздық иттердің атауы әуелгіде “таиз-и”, кейіннен ықшамдалып “тази” болып кеткен деген тұжырымға келеді. Дұрысы “тазы” көне парсы сөзінен шығып, түркі, ауған тілдеріне сіңген. Ал тазының пайда болу эволюциясы: перғауын иті – салюки – парсы тазысы – ауған және қазақ тазысы жолымен жүрген сияқты. Бүгінде ит атаулымен әуестенушілер ішінде ауған тазысын білмейтіндер кемде кем. Дэвид Тейлордың деректері бойынша ол алғаш рет 1886 жылы Ұлыбританияға, ал 1926 жылы АҚШ-қа әкелініп, аз ғана уақыт ішінде өз даңқына сәйкес талай үйдің төрінен орын алған. Бұл асырып айтқандық емес, тазы атаулы үйшіктен гөрі иесімен бірге үйде тұруды қалаған. Оның бұл қасиетін жақсы түсінген иелері тазыны көбінесе үйінде ұстаған. Бір–ақ “әттегенайы” — иттің бұл тұқымы әлемдік классификаторға ауған тазысы деген транскрипциямен емес, “ауған хаунды”деген атпен кіріп, бүкіл дүние жүзіне осындай лақаппен таралып кетті. Қазақ тазысының атасы – салюки, ағайыны – ауған тазысы, оның ішінде үлпілдек жүндісі емес, тықыры немесе далалық ауған тазысы сияқты көрінеді. Тазы мәселесін алғашқылардың бірі болып зерттеген А.Слудский дерегі бойынша қазақтар Қараталда тазыны қалыңдыққа берілетін құнға, яғни 47 байталға сатып алатын болған. Жақсы тазының құны аттың құнынан да кем түспеген. Таза қанды тазылар Бөкей Ордасында да өсірілген және құны өте қымбат сол кездегі ақшамен 50 сомға тең келген. Кейінде ел кедейленген кезде аң алатын иттің қарапайым күшігін бір құлынды биеге сатып алған жайлар кездескен.[2;26]
Тазы атаулының бәрі хаундтар, яғни аңшы иттер тобына жатады. Жалпы, тақыр жүнді тазылардың атасы бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретіліп, перғауындар заманында дербес ит тұқымы ретінде өсірілген перғауын иттері сияқты көрінеді. Біздің дәуірімізге дейінгі 1350 жылдары өмір сүрген әйгілі Тутанхамонның қабірінен табылған заттар ішінде ажал құдайы Анубис бейнесінде осы қара түсті перғауын иті бейнеленген. Бір ғажабы тазы иттің осы тұқымы Солтүстік Африка мен Мальта аралында күні бүгінге дейін дәл осындай күйінде сақталған . Қазақта тазының тұқымы араб, парсы жұртының салюки атты ит тұқымынан бастау алады. Салюки мен қазақ тазысының арасында бүгінде де еш айырым жоқ. Қазақ тазысының ең жақын атасы дүниедегі ең бекзат ит тұқымы деп бағалаған осы ауған тазысы болуы бек мүмкін. .[4;34]
1942 жылы бұл американдық ауған тазысының тарихы туралы арнайы зерттеу еңбегін жариялайды. Онда автор қытай жылнама деректеріне сүйене отырып, шамамен біздің заманымызға дейінгі 126-жылы Орталық Азияға иттің бұл тұқымын хунндардан батысқа қарай Алтай тауларында орналасқан өздерін өзі “юэчжи” деп атайтын көшпелі тайпа әкелген деген деректі келтіреді. “Юэчжилер үйір-үйір жылқы бағып, жылқы сүтін сусын ретінде ішкен. .[1;2]Сол көп жылқыны үлкендігі тайдай, қара түсті сабалақ иттер күзеткен. Бұл иттің қаһарына қарсы тұрар хайуан жоқ”, — деп қытай жылнамашысы юэчжи иттері туралы тамсана жазған. Дж. Сэнфорд келтірген қытай жылнамасындағы иттің сипаты тазыдан гөрі қазақтың төбетіне келеді. Қазақтың деп отырғаным: біріншіден, әңгіме көшпелі тайпа туралы болып отыр; екіншіден, юэчжилер хунндардың батысындағы Алтайда – яғни бүгінгі қазақ жерінде орналасқан; үшіншіден, қазақтар сияқты жылқы бағып, қымыз ішкен; төртіншіден, қытай жылнамаларындағы “юэчжи” деген тайпа – біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Алтай мен Алатау арасын мекендеген прототүріктік үйсін тайпасы. .[2;18]
Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит екі түрлі жабайы тұқымнан оңтүстікте шиебөріден, солтүстікте қасқырдан шығып жер бетіне тегіс тараған хайуан дейді қазіргі ғылым. Иттің шығу тегі туралы бір ғана ортақ ит тұқымынан бастау алған және түрлі тұқымдар ұзақ эволюциялық (тарихи дамудың нәтижесі деп қарайтын монофилетикалық және көп негізден шықты дейтін полифилетикалық теориялар бар. Жартас бетіне салынған суреттерді есептемегенде тазыға ұқсас кейіптегі бейнелер Мысыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бейнеленген. Қысқасы олардың сүлбасы тазыға көбірек келіңкірейді (ат пен иттің басқа тұқымдары бұдан көп кейін бейнеленген, яғни кешірек қолға үйретілген). .[1;15]Тазының шыққан жері мекені туралы мәселе аса тартысты болғанымен қазір адамзаттың көбі Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияның үстіртті даласы деп түсінеді. Қазіргі кезде тазының таралған аймағында оған жақын тұқымдас деп айтуға келетін екі түрлі ит тұқымы бар: ол Абиссиния иті (бірақ оның 6 азу тісі бар, әрі шиебөріге жақын. Күллі ит тұқымдасының азу тісі 8) және үнділердің дол (колсун) иті. Соңғы тұқым тазы тәрізді аңды үндемей баспалап келіп алады, көп үрмейді, әрі батыл, түсі түлкіге ұқсас. Бірақ олар ну орманды мекендейді, қимылы баяу, аяқтары шомбал. Мысыр перғауындарының итіне ұқсайтын, Судан мен Кордофанда тағылау, кесек бітімді иттерді тазының ең көне "туысқаны" деп долбарланады. Бірақ Ніл дариясы аңғары қолға үйретілген тазының шыққан жері деп саналады. Ол аумақтан Араб түбегіне, ары қарай Кіші Азия мен Парсы жеріне, онан әлемге жаппай таралған делінеді. Осылай таралған иттер бірнеше ондаған ғасырлар барысында жергілікті жердің аумалы-төкпелі ауа райына үйлесіп, түрленіп сұрыпталып отырды. Яғни, тақыр жүнді тазылар бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретіліп, перғауындар заманында дербес ит тұқымы ретінде өсірілген перғауын иттері сияқты көрінеді. Біздің Осы күнгі перғауын итінің ұзындығы 50-55 см, салмағы – 20-25 келі. Құлағы тік және шашағы жоқ демесең қазақ тазысынан еш айырымы бар деп айту қиын. Перғауын итінің жалпы тазы атаулының арғы атасы демесең, таза қазақы тазының тұқымы араб, парсы жұртының салюки атты ит тұқымынан бастау алады. .[3;12]
Салюки мен қазақ тазысының арасында бүгінде де еш айырым жоқ десе де болғандай. Мысыр, Сауд Арабиясы, Катар сияқты араб елдерінде осы бір ит төресін кездестіруге болады.Бойы 70-72 см, салмағы 25-27 келі шамасындағы салюкиді сәл биіктеу, сәл ұзындау демесең айна қатесіз тазы дерсіз. Иран еліндегі археологиялық қазбалар кезінде біздің заманымызға дейінгі 4200 жыл шамасы бұрынғы көне парсы көзелерінде осы салюкиге ұқсас иттердің бейнелері табылған. Солтүстік Ирактың Мосул қаласының маңында Ғаура-төбе деген жерден табылған көне мөрде салюкиге ұқсас иттердің таутекелерге аңшылығы бейнеленген. Мөрдің жасы — археологтардың пайымдауынша – 5000 жыл. Әуелгіде көне Ассирияға қараған бұл өңірде кейін әйгілі Шумер мемлекеті орнаған. Демек шумер бекзадалары да салюкиді аңға салып, қызығын талай көрген. Біздің заманымызға дейінгі 430-350 жылдарда өмір сүрген көне грек тарихшысы Ксенофонт Арабия туралы жазбаларында түр-тұлғасы салюкиге өте жақын тазылар туралы тамсана жазған. Арабтар ерекше сұлулығы мен ерен жүйріктігі үшін салюкилерді құмды өлкенің киіктері деп атаған. .[5;44] Арабтар ешуақытта салюкилерді сатпаған: сыйлаған немесе жақын-жуықтарына тегін берген. Ислам дінінің таралуымен мұсылмандар салюкиді Алланың ерекше сыйы ретінде бағалаған. Көшпелі араб ақындары ішінде салюкилерді жырға қоспағандары кемде кем. Салюки бүгінде Сауд Арабиясы мен Парсы шығанағындағы Біріккен Араб Әмірлігі, Катар, Оман, Бахрейн сияқты елдерде көп тараған. Арабтар әлі күнге дейін салюкимен аңға, әсіресе киік аулауға шығады екен. Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде иттің бұл тұқымын парсы грейхаунды деп атағанымен дүниежүзілік классификацияға кейінгі жылдары тек салюки деген атаумен енді. Осыдан шамамен 4000-3000 жыл шамасы бұрын салюкидің тұқымы Таяу Шығыс, Парсы жұрты арқылы Ауған жеріне де жеткен сияқты. Осы күнгі аты аңызға айналған сабалақ деуге келмейтін, жібектей төгілген үлпілдек жүнді ауған тазысының да арғы атасы осы салюки болса керек. М.Э.Гилберттің “Ауған хаунды” атты тамаша еңбегінде, Ауғанстанда иттің бұл тұқымын тек “тазы” деген ортақ атаумен ғана атайтынын және елдің жазық жерлері мен оңтүстік өлкелерінде салюкиден айнымайтын тықыр жүнді түрі тарағанын, ал үлпілдек жүнді түрі елдің суықтау солтүстік өлкесінде ғана ұсталатынын келтіреді. Міне, қазақ тазысының ең жақын атасы дүниедегі ең бекзат ит тұқымы деп бағалаған осы ауған тазысы болуы бек мүмкін. .[6;22]
Еуропаға қарай арийлермен келген тазы тұқымды иттер кеңінен таралып, аңшылық пен күн көрудің негізгі арқауына айналды, солтүстікте Балтық теңізі жағалуына таралды. Ал тазылар бұлардан кейінірекбатыс Африкадан көне Испания (Иберия) жері арқылы кельттерғе, Галлиялықтарға жетіп, солардың атымен аталатын тазы тұқымдары пайда болғандығын Ұрым заманындағы жазбаларында жазылған, онан әрі Ирландия, Шотландияға дейін таралған. Соның айғағы қазіргі әлемдегі көптеген ит тұқымдарының аталған қарт құрлықтан кездесуі. Орта ғасырда тазымен аң аулау, тазыны тарту ету еуропалықтарда үлкен қызығушылыққа ие болған. Әсіресе, ағылшындарда таза қанды тазы иттерді сұрыптау, белгілі мақсаттарға пайдалану кеңінен етек алған. .[3;9]
Ал араб бәдеуилерінің ермегі болған тазылар арабтардың дін тарату жорығы кезеңінде Азияға кеңінен таралған дейді зерттеушілер. Дін таратумен тазы да бірге келді деуінің себебі ислам діні таралған аумақта, дәлірек айтқанда Алтай, Гималай тауларына дейінгі аралықта (батыста Испания жерінедейін) арабытазыға ұқсас иттер ұшырасады. Орта Азияның қатал табиғатына үйлесу үшін тазыларды ғұндардың итінің сипатына ұқсайтын ұзын сабалақ жүнді, салпаң құлақты жергілікті тұқыммен будандастырып, жаңа сұрып - шығыстың салпаң құлақ тазысы дүниеге келді. Оның құйырығы мен шонданайы ұзындау, сабалақ жүнді иттер еді және оның пайда болған және таралған аймағы тарихи кезеңіне қарай бұл тұқымды "турік-татар тазысы" деп атауға болады дейді. Батысқа қарай ығысқан түрік халықтары өзімен бірге салпаң құлақ тазысын ала келіп, оңтүстік орыс даласы мен күңгей шығыс Еуропада тазыға ұқсас жаңа ит тұқымдарының пайда болуына негіз етті...
Ал мұсылман емес халықтарда тазы мүлде беймәлім деуге келеді. Атақты Марко Поло моңғол императорларында аушы құстар мен басы қазандай, кесек тұлғалы иттер туралы тамсана жазады. Монах Иакинф қытайлар Шығыс Түркістанды иеленгеннен соң ғана тазымен етене таныса бастаған дейді. Махмұд Қашғаридің "Диуани лұғат ат-түрік" сөздігінде (ХІғ.) "тайған" сөзін келтіріліп, оған "тазы, алғыр ит" деген анықтама берді. (Қашғари М., Түрік сөздігі, А., 1998, 3-том, 238- бет).
Алайда, қазақ жеріне тазы тұқымы одан да бұрын, дәлірек айтқанда сақ заманнда келген. Оның дәлелі тазы пошымды иттердің жартасқа салынған бейнелері, атаудың өзінің көне парсы тілінен туындауы тегін емес, оның таралуы перғауын иті - салюки - парсы тазысы ауған тазысы және қазақ (сақ) тазысы деген болжамды ұсынады. .[5;32]
Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі.
Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар. Мысалы, самарқанның тазысы - аласа бойлы, бірақ мүше-мүшесі әсем де сүйкімді болған. Жем бойы мен Aтыpay бойындағы қазақтардың тазылары - табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзындығымен ерекшеленеді. Ең соңында, Оңтүстік Сібір тазыларына келер болсақ, олар табанының сүйірленіп бітісімен, сондай-ақ өздерінің өте күштілігімен дараланады. бұлар Ертіс бойында таралған. Ал орыс деректерінде Түркістан тазысы аталған тазылар қазақ жерінің оңтүстік пен солтүстік батыс өңірлерінде көптеп таралған. Сібір тазылары қазақ жерінде ғана емес, батысқа дейін жеткен таңдаулы аң алғыш тұқым. 1889 ж. Сібірде самоед тайпалары арасында үш ай болған британ зоологы Ернст Килбурн, онан кейін Орал бойына және Батыс Сібірден әкелген ит тұқымын лайкаға ұқсас самоед тазысы атаған тұқым осы атпен Еуропада таралған.
VII-VIII ғасырларда қазақ жеріне дін тарата келген арабтармен келген тазы тұқымынан аңшы иттер тарихы басталады. Сонымен бірге жергілікті жерде қалыптасқан тұқым деген тазының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Кезінде орыс отаршылдары көптеп келе бастаған замандағы зерттеу нәтижелеріне қарасақ (Я.Полферов пікірінше) қазақ жерінде Орта Азия тазысының өзіндік бір тармағы көбірек таралған. Оның бойында таулық және қырымдық тазыларға жақындығы басым болған. Қолдану жағдайына байланысты тазыларды далалық және таулық деп бөлген: далалығы бойы сұңғақ, жазықта алғыр болса, таулық тазы бітімі кішкене, қия жартастарда жақсы жүгірген. Қазақ тазысына өте жақын туыс болып есептелетін ауған тазысының да тақыр жүндісі жазық аумақта, ал үлпілдек жүндісі суықтау солтүстік аймақта таралған. Ал қазақ тазысы орыстың аңшы тазысының пайда болуына септігін тигізген.
Қазақтар тазыны жарғақ құлақ тазы және шаша құлақ тазы деп екіге бөледі. Оның бірін салюкиден , екіншісін слюггиден таралған тұқым дейтіндіктен бірінің құлағының жарғағы үлкен, екіншісінің құлағында көп жүн өскен. Шынымен-ақ жарғақ құлақ тазының құлағында ешқандай жүн болмайды, ал шашақ құлақ тазының құлағының жүні үзын, шашақ тәрізді болады. Ал бұған қоса "дүрек" (дүрегей тазы) деп аталатын тазы мен қазақы иттердің будандасуынан шыққан терісі қалың, суыққа шыдамды, денесі кесек, қасқырды алатын батыл тұқымы да кездеседі. Қазақ жерінде тазының құмай, қайың қаптал, ауған, орыс, түрікмен деген түрлері ұшырасқан. Қазақы тазыны тау тазысы және дала тазысы деп бөлген. Шоқтығының биіктігі 80-85 см аралығында. .[3;11]
Ал қазақ-тазысына ең жақын деп айтып өткен ауған тазысы әлемдегі ең дегдар тұқымға саналады, бойы 70-74 см, мінезі қатаңдау болғанымен иесіне шексіз берілген, тамаққа талғампаз, жеке емес, иесімен бірге үйде тұрғанды сүйетін тұқым. Ол өз олжасын көзімен торуылдап, жіті бақылау арқылы алады. Тіпті иесінің көмегінсіз өз бетімен аң аулайтын тұқым. Оның әлемге кеңінен таралып, үлкен қызығушылыққа ие болуы - батыс елдерінің әскери жорықтарымен тура байланысты. XIX ғ. Екінші жартысынан батыс әлеміне белгілі болған ауған тазысын британ әскерилері алып келген, 1907 ж.-дан тіптен көптеп келіп тазының түрлі линияларын Еуропада дүниеге әкелген. Дегенмен онан сәл бүрын 1809 ж. салынған сурет 1813 ж. Лондонда жарық көрген болатын. 1920 ж. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Балукыстаннан апарған тазы Шотландияда, солтүстіктен апарғаны Англияда онан әрі Америка құрлығына таралып, дербес линияны дүниеге әкелген. Теңдесі жоқ сұлу бітімге ие ауған тазысы мен араб салюкиін өсіретіндер арасында I960 жылдардан бастап Dog World кәсіби журналының бетінде басталған дау әлі бір мәмілеге жеткен жоқ. Бір тобы тазыны салюкиден шыққан дейді де ежелгі Мысыр мен Месопотамия, парсы жерінде табылған б.з.д. 4 мың жыл бұрынғы ит қаңқалары Ауғанстан жерінен ұшыраспайтындығын алға тартады. Сауда-саттық арқасында қазақ жеріне әкелінген иттер жергілікті ортаға бейімделген дейді. Оған қоса салюкидің иығы мен санына, кейде басына қарай үлпілдек, мақта тәрізді жүн ұшырасуы сирек кездеспейді деген уәжді алға тартады. Қазақ жеріндегі салюки биік таулы өңірге бейімделуден жүні қалың, жүндес болып, ұзара түскен, тіптен жағы, арқа жота, құйрығына дейін түк біткен. Қазақ тазысының 6 бірдей сүрпы бар болғанымен климаттық негізінен екі түрге бөледі: күңгей, батыс өңірдегілері жүндері сұйықтау әрі ашық түсті болса, солтүстіктегілері баран түсті, қою жүндес.
Кезінде қазақ жерінде кең таралған тазы иттердің Кеңес өкіметі жылдарында санының күрт кемуіне алаңдаған осы тақырыпты арнайы зерттеген А.А.Слудский дабыл қағып, оларды қорғауға алу қажеттігін ескерткен еді. Алайда Кеңес өкіметі кезіндегі отарлаушылық саясат жергілікті жердегі елдің бет бейнесі мен жердің экологиясына ғана зардабын тигізіп қойған жоқ, тіптен ит пен тазының тұқымына да салқынын тигізді. "Әр кезеңде қазақ жеріне келген бөгде ұлт-ұлыс өкілдерінің өздерімен бірге ала келген иттерімен араласып, будандасқан соң небір түрлі дүрегей тұқымдар пайда болып, тазы мен төбеттің тұқымы азып кетті",- дейді мамандар. Қолда қалай болса солай ұсталған тазылар осылай дүрегейленді, мылтықтың көбірек қолданылуы олардың аңға пайдалану парқын азайтты. Осы мәселе дер кезінде көтеріліп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы, Бәйдібек ауданы, тазыларын көптеп әкеліп қан жаңғырту, тазы тұқымын сақтап қалу шаралары жүрілген-ді. Тазылардың түр-түсіне тоқталар болсақ, қазақ жерінде кездескен тазылар туралы деректерде оның қара, сары, көкшіл сұры болады. Көк тазылар өте жоғары бағаланады. .[6;2]
Егемендіктен соңғы жылдардағы кәсібилер мен әуесқойлардың тізе қосып қимылдап, ұлттың дәстүрлі мәдениетін замана талабына сай хоббиына айналдырған азаматтардың қолдауымен қазір тазы тұқымын сақтап қалу, санын өсіру, асылдандыру, түрлі кәсіптік шаралар ұйымдастыру арқасында қазір Қазақстанда таза тұқымды тазылардың саны жарты мыңнан ғана асты...
Қасқыр мен түлкіні қатар алатын қазақ (қыпшақ) тазыларымен будандастырып, тұқымын асылдандыра отырып Орталық Россияда аң қағатын орыс тазысының (борзая) кейінгі орта ғасырда дүниеге келгендігі тарихтан белгілі. XI ғ. француз Генрик I үйленген орыстың Мудрый Ярославтың қызы некесі кезінде орыс тазысы борзая туралы алғашқы дерек жазылған. Олар аң қаққыш, әрі суыққа төзімді, ұзақта суыт жүріске шыдамды жүріске мықты келетін борзаямен аң аулау 1861 ж. басыбайлылықты жойғанға дейін жақсы дамыды. Өздерімен бірге батысқа қарай алып жеткен ит тұқымдарын сақтап қалған Анадолы түріктерінде қаңғал (қаңлы), ақбас, қарабас деп аталатын, ал мадьярларда (венгрлерде) кубас, комондор (құмандұр) аталатын иттің тамаша тұқымдары бүгіндері әлемге әйгілі. Соңғылары қасқыр алатын күшті иттер де бар. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, "ұтылап" аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сүйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді. .[4;8]
Тазы бітімі.
Тазы бітімінің негізі Тазының екі аяғы дене тұрқымен салыстырғанда ұзын болуы, оның қозғалысына қолайлылық тудырады. Оған қоса артқы аяқтары мен ондағы бұлшық еттер өте жақсы дамығаны, ал құрсағы жіңішке болып қазақтар "қаншырдай" қатқан деп атайтын іші жотасына қарай жақын бітуі тазының қозғалысын өте қолайлы етеді. Биіктігі сиырдың бұзауындай, көсілгенде есік пен төрдей жерге жететін келісті қазақ тазысыньщ адымы ұзын, қимылы ширақ, ұмтылған жерден шабан-шалағай аңды құтқармайтын алғыр келеді.Тазының жылдам, ширақ қозғалуына оның сүйек қаң- қаларының берік жетілгендігі, шеміршек, жұлын-тұтасының, сүйектер мен сіңір-тарамысының бір-бірінің қимыл- қозғалысын икемдей, шапшаңдыққа келтіре алатындығымен тура байланысты. Мойын омыртқа жетеу, ауыз омыртқасы қанаты жұқа, жалпақ, артқа қарай көсіле жатқан, үстінде шүйделі төмпегі болмайды. Арқа омыртқа он үш, олардың жоталық өсінділері жуан, алдыңғы омыртқалар да иіле келген. Оған ұштасқан он үш жүп қабырғаның тоғызы дөңгеленіп иіліп тұрады. Олардың ұшы бір-бірімен біте қайнасып кеткендіктен төстің етегінде бар болғаны сегіз ғана өскін байқалады. Қабырғаның ұзындығынан көкірек қуысының терең дігібірден- бір байланысты болады. Шоқтығы денесінің артқы жағынан биіктеу келеді. Иттің бел омыртқасы жетеу, қанаттары алға сүйірлене жантайған, ұштары жуандау. Арқа жон тұсы төмен қарай ойысып, қайқыбелденіп келеді де, бел тұсынан жоғары қарай томпайып кетеді.Тұрық тұтасының ең қозғалмалы бөлігі болып саналатын құйрық омыртқалар саны итте 18-22, артқа қарай кішірейе береді. Дегенмен бұл шық еттің омыртқалы басы ал ғашқы құйрық омыртқаларынан басталады.Төс сүйегі бір-бірімен шеміршек арқылы байланысқан, пішіні төрт қырлы сегіз сегменттен тұрады. Оның дөңгелек жиектігі тұтқасы мен семсерше шеміршегі мөлшері жағынан кішілеу және жалпақ болып келеді. .[4;15]
Итте жауырын қыры буын ойысына дейін созылған, құстұмсық өсіндісі шодырайып шыққан оған сіңір еттер берік отырған. Иттің ортан жілігі жіңішке, асықты жілігі иіліп келген, ал тоқпақ жілігі жіңішке, төменгі басы сәл иіліңкіреп тұрады, бас жағында тесігі көрінеді. Ит тізесінің төменгі қатарында кәрі жілік және ортаңғы сүйектер қосылып кеткен, әрі сәл ғана иіліңкі келеді (кән дек иттерде ол өте иілген). Ал жіл іншік сүйектері жақсы дамыған. Олардың шеткісі қысқа, ортасындағы екеуі ұзын болғандықтан, ортадағысының (үшінші, төртіншісінің) ізі анық түседі. Бірінші башпайы (ол көп иттерде болмайды немесе екінші башпаймен ұстасып кеткен) қысқа болғандықтан ізі жерге басылмайды. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті алдыңғы асықты жілік бұлшық етін жауып жатады және екінші және шеткі бақайларға бекиді.Иттің бөксесі мен саны өте күшті, қуатты тек денені алға лақтыратын, тазылардың қозғалысына екпін беретін, алға итермелейтін міндеті бар. Сонымен бірге, әсіресе, тазыда мойын, арқа және жамбастың жалпақ еті, мықынды бүгетін, құйымшақ еттері, құрсақ қабырғасының айқыш-ұйқыш келген еттері, төс бұлшықтары жақсы дамығандығы шапшаң қозғалысының бірден-бір кепілі. Бұлшық еттегі талшықтары басқа жануарларға қарағанда салыстырмалы түрде көп. Итте өкше бұлшық еті болмайды, тек тобық сүйегінің сыртқы байламымен асықты жіліктің айдаршығынан басталады. .[6;44]
Иттің басындағы ми сауыты мен бет көлемі бір-біріне пара-пар, яғни 1:1 шамасында. Бас сүйегі екі-үш қабат қабыр- шақшадан түрады, орталары ауаға толы келеді. Итте сүт тісі 28, ересектерінде 42 тіс болады, ол қысқасауытты тістерге жатады. Түрақты тістердің жанасу беттерінде үш-үштен өткір тісшелер болады. Сойдақ тістер конус тәрізді, бір ғана тісшесі бар көлемі кішілеу тісті "ит тіс" дейді. Тістер қабу, қорғану, ұсату міндетін атқарады. Жақсы тазылардың астыңғы, үстіңгі тіс қатары бір- бірімен жымдасып тұрады, яғни жоғарғы маңдай тіс сыртынан 1/3 бөлігіне дейін айқасып келеді. Ондайда артқы азу тістер бір-бірімен беттесіп келеді.Аң алатын иттің жотасы, жоны кейін толық бұлшық етті нығыз болып келеді. Терең келген төс жағынан құрсағы артқа қарай дөңгеленіп келіп құймышақтың тұсына неғұрлым жақын орналасқан. Ондай кейіпті қазақтар арыстанның ұрғашысының құрсағына теңеп, "қаншырдай қатқан" құрсақ деп есептейді.Қарын мен ішектердің сыртынан шарбы жауып тұратындықтан, құрсақты суық тиюден сақтайды. Сондықтан иттер суық сазды жерлерде бауырын төсеп жата береді. Ит бауырының салыстырмалы мөлшері басқа жануарларға қарағанда көлемді келеді. Итте жүрек 3-ші қабырға мен 7-ші қабырға аралығында жантая орналасқан.
Иттің еріндері жұқа және нашар қозғалады. Ауыз саңылауы ұзынынан созылып, оның езулері үшінші-төртінші азу тістерінің қатарына дейін жетеді. Төменгі ерні алға салпиып озып шығып тұрады. Иттің өңеші орасан үлкен болып кеңи алады, оның асқазанға ұласқан тұсында жауып тұратын "қақпақ" тәрізді өскіні болмайды. Сондықтан да ит өте оңай құсып тастайды. Саятта итті тамақтандырмай шығуға тырысатындығы соған байланысты. құрсақ пен кеуде екі қуыс арасындағы көк ет тыныс алуда қосалқы міндет атқарады. Итте күрек тістері жақсы жетілген, сойдақ тістері жіңішке әрі иіліп келген, ал азу тістері доғал, әрі шайнауға бейімделген. Иттің астыңғы үстіңгі тіс қатары жақсы жымдасып, үстіңгі жағы астыңғы қатарының 1/3-ін жауып тұрса жақсылықтың нышаны дейді. Tic қатары жымдаспаған, озық шыққан немесе кемиек болып жетпей тұрса, ондай иттер тазы бола алмайды.Иттің үш қабаттан тұратын терісінің арасында май шығаратын бездер терінің түгін майлап тұратындықтан түгі жылтырап тұрады, суықта дене жылуынан айырылмай аязға төзімді келетін себебі сондықтан.
Қазақтар "есті жануар" деп қасиет тұтатын иттің миы мен сезім қабілетін зерттеу нәтижелері оның миында әрбір әрекетті басқаратын (есту, көру, сезу, қимыл, тепе-теңдік, дәм сезу, сипау және т.б.) орталықтары өте күрделі байланыста екендігін айтады. Әсіресе, өте жақсы дамыған иіс сезу мүшесінің көмегімен он литр суға еріген бір шөкім тұздың иісін де сезе алады дейді. Неміс қойшы итіне жүргізілген зерттеулер оның өн бойы мен миындағы иіс сезу аумағы 1,5x1,5 метрлік (үлкен кілемдей) аумақты алатындығын анықтаған. Бұл көрсеткіш адамда 5x5 см. Иттер "танауымен" ұйықтайды,яғни ұйықтап жатқан кезде не болғандығын, иіске қатысты оқиға болса ол дереу ажыратып, іске кіріседі екен. Иттің бұл қабілеті тазыда иіс пен із "сезу" үрдісінде маңызды міндет атқарады. Ол туабітті иісшілдігіне қоса, үйрету барысында көндіктіруге тура байланысты болады дейді бүгінгі күнгі тазы ұстаушылар. Сондай-ақ көз жанарының ойнақшып қозғалуы мен көзінің қырағылығы да ширақ қимылдауына үлкен көмек көрсетеді, көзқарасы өткір, байқампаздығы жоғары, қараңғыда дажақсы көреді, өң-түстіжақсы ажырата алатындығы белгілі болып отыр (бұрындар иттің көру қабілеті осал деп келген-ді). Ал есту жағына келсек, ит өте сақ, ол секундына 30-40 мың тербелісті, тіптен 70-100 мың тербелісті қабылдап ажырата алады екен (адамда бұл көрсеткіш 16-18 мың аралығында). Иттерді сабау немесежекіп үрсу олардың агрессив әрекетін, қарсыласуын арттыра түседі. Танауындағы "мұрты" мен "сақалы" түнде адастырмайтын бағдар нұсқаушы міндетінде. Иттің ерекше қимылы мен шұғыл қозғалысы соның ішінде, тазының ересен қозғалысы оның дене бітімінің сипатымен тура байланысты: атап айтсақ, өзінше бір ерекше механикалық тетікті, яки аспалы көпірге щсайды. Мұндағы көпірдің екі жағындағы таянышы алдыңғы және артқы аяқтар, ал оның арасындағы параболикалық торланған конструкция орнында скелеттің статикалық бөлігі жүреді. Ал, бас, мойын және құйрық, құймышақ көпірдің екі жақ шетіндегі кіреберісі ролінде. Жотадағы еттер мен сіңір, құрсақ, төс қуысындағы ет, шеміршек, қабырға, тері барлығы жайшылықта және жүгірген кездегі дене массасын тең бөле отырып, омыртқалар қаңқасының бүгіліп-жазылуын, кинематикалық үйлесімді қимыл, ширақ қозғалыс жасауын қамтамасыз етеді.Иттің омыртқа қаңқасы өте қозғалмалы болғандықтан, жүгірген кезде артқы аяғы денесінің "жалғасы" тәрізді үйлесе қимылдайды. Ит жай жүрген кезде төрт аяғы қайшылай (диагональды түрде) қимылдай отырып, дененің салмағын екі аяғы "алып жүреді", ізі бір сызық бойына түседі. Сирақтарының дүрыс бітпеуі мен олардың өзара пропорциясы, сәйкеспеген мүшелер қимылды тежейтіндігі белгілі. Сондықтан да, тазы денесінің сипаты мен өлшемдері "стандарт" іспетті қабылданады.
Тазы денесінің шұғыл, ширақ қозғалысы дененің ауырлы нүктесімен байланыста болады: қазан толмас шеміршегінің артында "тқрған" (басқа жануарларда алға қарай) нүкте басын көтеріп, құйрығын жазған кезде артқа жылжиды. Яғни көсіліп жүгірген кезде тазы денесінің дәл ортасында ауырлық нүктесі түседі де тепе-теңдігін тауып, алдыңғы және артқы аяқтарға (қол мен санға) біркелкі күш қысым түседі. Ол жылдам қозғалуға, әрі үзақ уақыт мүшелердің шаршамауын қамтамасыз етеді. Ал жайшылықта тұрғанда иттің дене салмағының 2/3 бөлігі алдыңғы аяққа түседі. .[4;12]
Айталық, тұрқы қысқа иттің ауырлық нүктесі алға кетеді, жүгірген кезде аяқтарын "кісе басып" алады, яки артқы аяғы алдыңғы аяғын өкшесінен басып отырады. Мұндайда ит артқы аяғын баяу тастайды, көсіле алмай, аңның артынан жүгірген кезде баяулап, шабандап қалады. Бүлкілдеп желген кезде денесі селкілдеп, алдыңғы оң аяқтың қозғалысымен сол жақ артқы аяқ бірге жүрген кездегі қимылы тәрізді "қайшылай" қимылдайды. Артқы аяқтың күші алға итермелеп отырады. Тазының сымбатты келіскен бітімі желген кезде алдыңғы аяқ ізіне артқы аяқ дөп келеді. Ал денесі қиралаңдап, ізі ирелеңдей түссе, ол тазыға тән емес, дүрегей иттің қозғалысы саналады.
Итке тән жылдам қозғалыс, секеңдеп көсіле шабу. Қозғалысқа икемді омыртқа тұтасы, мықты бұлшық етті ит артқы аяғынан үлкен екпінмен алдыңғы аяғына қарай секіреді, жотасы домалана бүкірейіп, артқы аяғын алға қарай жазады. Жерге артқы аяғы алдыңғысынан озып жетеді. Иттің көсіле жүгіруіне жалпақ, қиғаш біткен жауырын, кең иық, бұлшық етке толы ұзын сан, сәл ғана дөңес пружина тәрізді созылған арқа мен құймышақ, барлығы үйлесе икемделіп үлкен мүмкіндік тудырады. Қазақтар айтатын: аса үлкен жылдамдықпен көсіле жүгіруіне - "ұшуына" жоғарыдағы етпен, сүйекпен қатар құрсақтың бұлшық еттері тізе, артқы аяқтың секіретін еттері араласады. Қартайған немесе болдырған иттер "жорғалайды", яғни бір жағының алдыңғы, артқы аяқтары қатар қозғалады. Мұндайда ит қисалаңдап, тепе-теңдігін әрең табады.
Иттің қолы немесе алдыңғы аяғына жанынан қарағанда ені қысқа жауырыны артқа қарай сәл қисая кеткен ортан жілігі қолдың бойымен алға сәл ғана еңкейген болса түзу бітіс деп санайды (Жіліктік жауырын артқа кеткен болса ол дұрыс емес). Жауырын қабырғаға жымдасып, жабысып алдынан қарағанда тіп-тік жерді басып тұрса жақсы. Иттің сирағы етсіз, тарамысты, шертіп керіп тұрады. Алдыңғы аяқтың басқан ізі бір-бірінен алшақ талтақ, немесе шалыс басса, аяғының басы екі жағын ақсиып тұрса немесе маймақ болса ол жақсылықтың нысаны емес. Ал құрықтың түбінің төменгі тұсы артқы аяқтың жайшылықта тұрғанда маңдайына дөп келіп тұрса, ол иттің қозғалысы аяқ алысын жақсы деп жатады қазақтар. Артқы аяқ дұрыс бітпесе ит аяғын сиырша сүйреп талтаңдап немесе маймылша тойтаңдап жүреді, ондайлар аң қуған кезде алысқа жүгіре алмайды.
Жайшылықта тұрған иттің бұлшық еттері барлығы жұмыс жасайтындықтан оңай шаршайды да жерге бір қырынан жата кетіп дем алады. Бұлайша қырындап жатқан иттің бұлшық еттері күш түспейді ал жанбасымен шоқиып отырған иттің бұлшық еттері де жақсы дем алады. Сондықтан тазыны үйрет- кен баулыған кезде оны шоқитып отырғызу немесе қырынан жатқызуға көп көңіл бөледі. .[6;32]
Қорытынды
Қорытындылай келе, “Тазы” сөзінің этимологиясы әлі күнге дейін жұмбақ болып келді, бірақ зерттеушілердің көбі оны парсы тілінен шыққан деген тұжырымдамалар айтылды. Тазы сөзінің қазақ тілдерінде бірнеше баламасы бар: таза, алғыр, жүйрік. Әрине, “тазы” қазақтың “таза” сөзінен шыққан, бірақ бұл жадағай пікір өз қазағымызды оңай иландырғанымен, өзгені бірден сендіре қоймас. Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит екі түрлі жабайы тұқымнан оңтүстікте шиебөріден, солтүстікте қасқырдан шығып жер бетіне тегіс тараған хайуан дейді қазіргі ғылым. Иттің шығу тегі туралы бір ғана ортақ ит тұқымынан бастау алған және түрлі тұқымдар ұзақ эволюциялық яғни, тарихи дамудың нәтижесі деп қарайтын монофилетикалық және көп негізден шықты дейтін полифилетикалық теориялар бар. Жартас бетіне салынған суреттерді есептемегенде тазыға ұқсас кейіптегі бейнелер Мысыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бейнеленген. Қысқасы олардың сүлбасы тазыға көбірек келіңкірейді (ат пен иттің басқа тұқымдары бұдан көп кейін бейнеленген, яғни кешірек қолға үйретілген). Тазының шыққан жері мекені туралы мәселе аса тартысты болғанымен қазір адамзаттың көбі Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияның үстіртті даласы деп түсінеді. Ал, қазақ жеріне сонау замандардан яғни, дәлірек айтқанда сақ заманыда келген. Оның дәлелі тазы иттердің жартасқа салынған бейнелері, атаудың өзінің көне парсы тілінен туындауы тегін емес, оның таралуы перғауын иті - салюки - парсы тазысы ауған тазысы және қазақ (сақ) тазысы деген болжамды ұсынады. Біріншіден, көшпелі тайпа туралы болып отыр; екіншіден, юэчжилер хунндардың батысындағы Алтайда – яғни бүгінгі қазақ жерінде орналасқан; үшіншіден, қазақтар сияқты жылқы бағып, қымыз ішкен; төртіншіден, қытай жылнамаларындағы “юэчжи” деген тайпа – біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта Алтай мен Алатау арасын мекендеген прототүріктік үйсін тайпасы.
VII-VIII ғасырларда қазақ жеріне дін тарата келген арабтармен келген тазы тұқымынан аңшы иттер тарихы басталады. Сонымен бірге жергілікті жерде қалыптасқан тұқым деген тазының пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Кезінде орыс отаршылдары көптеп келе бастаған замандағы зерттеу нәтижелеріне қарасақ (Я.Полферов пікірінше) қазақ жерінде Орта Азия тазысының өзіндік бір тармағы көбірек таралған.
Сонымен қатар, тазы итке байланысты қазақ халқымызда наным –сенімдер өте көп. Атап айтсам, мысалы, Қазақта баланы қырқынан шығысымен ақын, шешен, батыр тәрізді атақты адамның (т.б.) үзеңгісінен өткізіп алу ғұрпы сияқты иттің күшігін де белгілі адамдардың үзеңгісінен өткізіп алатын ырым бар. "Бала мен күшікті үзеңгіден өткізу ғұрпы б.з.б. II ғасырларда көшпенділердің үзеңгіні ойлап тауып, салтаттылық мәдениетті жоғары сатыға көтеріп, қаһарлы күшке айыалдырған дәуірден бастау алады", - дейді зерттеуші А.Тоқтабаев. Адамзат тарихында садақ пен жақ, дөңгелек сияқты айтулы бетбұрыс жасаған үзеңгіні қаттылық пен беріктіктің, алысқа жорту мен шабуылдың тиянағы дегеннен осы ырым туған дейді ол. Иттің бағзы замандардағы тотем-бабаға айналғандығының белгісі ит жейде салтынан байқаймыз. Ол тек қазақта ғана емес көптеген түрік халықтарына ортақ салт: қазақ, қырғыз, өзбек және татарларда сақталып қалған "ит жейде", "ит көйлек", "эт кулмәк" ғұрпының мәні ортақ. Оны нәресте туғанда кигізеді. Ит көйлекті (ит жейдені) көп жасаған адамның киімінің қалдығынан жеңі мен бойын тұтас пішіп, жағасын ойып, шетін бүкпей, екі жаны тіккен жас баланың нәзік етіне батпауы үшін тігісті сыртына қарата тепшіп тігеді. Сәби қырқыңа толысымен ит көйлегін шешіп, оны әр түрлі қант, кәмпит, өрік-мейіз сияқты тәттілерге толтырып, иттің мойнына байлап қоя берген. Қазақ қартайып, алжыған иттің аузына май тығып, басын күн батысқа қаратып, малша бауыздап өлтіріп, көметін болған. Манси мен угрлерде және алтайлықтарда итті ағаш науаларға жерлеп, бір аяғына қызыл, екінші аяғына қара таспа жіп байлап, иттің денесін әсемдеген. Моңғолдар қазақтарға ұқсас жолмен өлтірілген иттің құйрығын кесіп басына жастайтын және түскен келінді итке тағзым еткізеді. Ол үшін жас келін қайын атасына сәлем етіп, отқа май құйған соң, үлкен үйдің итіне тәу етеді. Үйге ит енгізіледі де келін етегіне салып ет беріп, сүт жалатып, арнайы тілек атқан. Ит иесі, итін күшік күнінен асыраған ең жақыны, сол үшін итін өлімге қиып, қолы батпайды. "Ит өлтірген мұсылман қажыға баратын құқынан айырылады, Мекке топырағын басуға тиіс емес",- деп көрілетін қағида бар. Итті қорлауды, азаптау, мазақ еткен адамның басына жаманшылық әкеледі деп көреді халық. Итті атып өлтірген адам "иттің қарғысына" қалады, ұзақ жасамайды, кедейленіп, жарлылыққа, тапшылыққа, жоқшылықтың қаріне ұшырайды деп сенген. "Ат жақсысы - бозы, ит жақсысы - тазы" деген атам қазақ тазыны ер жігіттің үш жолдасының бірі дейді: жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт. Қазақ халқымыз осындай наным-сенімдерге қарап тазы итті құрметтей білген халық.Егемендіктен соңғы жылдардағы кәсібилер мен әуесқойлардың тізе қосып қимылдап, ұлттың дәстүрлі мәдениетін замана талабына сай хоббиына айналдырған азаматтардың қолдауымен қазір тазы тұқымын сақтап қалу, санын өсіру, асылдандыру, түрлі кәсіптік шаралар ұйымдастыру арқасында қазір Қазақстанда таза тұқымды тазылардың саны жарты мыңнан ғана асты...Ендеше тазы итті өсіру қазақ баласының әр біреуінің қолында.
Әдебиеттер тізімі
1.»Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 4 том
2.Историко- культурное наследие и современная культура-Алматы-2000
3.К.Асылбеков «Тақ тұяқтылар» Алматы-1999
4. «Балапанды барқыт таз» .
5.Қазақ энцикломедиясы 1 том.
6.Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007.
7.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
8.Слудский А. А. «Қазақ иті тазы және аңшылығы» («Қазақстан жазығы» жинағы ), Алматы «Қайнар», 1965.
9.Бабалықұлы Ж., Турдыбаев А., «Құмай — тазы» («Саят» жинағы), Алматы, 1967.
10.Плахов К. Н., Шелестова А. С. «Тазы тарихы»
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.