үйрету. (желдің уілі, қардың сықыры, т.б.) Вивальди. Времена года «Зима». Л.Бетховен «Буря» шығармасын тыңдау.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.
Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, дыбыс шығаратын ойыншықтар, слайд Вивальди: Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау.
II. Негізгі бөлім: Балаға қыс мезгілінің суреттерін көрсетіп, қыс мезгілінің әуенімен қардың дыбыстарымен таныстыру.
Психожаттығу: -Қорбандап жүрген аюдың жүрісін салайықшы.
-Қорқып қашып бара жатырған қоянды саламыз
III. Жаңа сабақ. Бугінгі сабақта қыс мезгілімен танысамыз. Қыста далага қар жауады. Қардың түсі аппақ болады. Қыста балалар далаға шығып аққала жасап қар лақтырып ойнайды. Қыста қар жауады, аяз болады, ағаштарды қырау басады, қар қатып мұз болады. Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.
Босаңсытып денеңді,
Бей-жай күйге ен енді
Басты көтер, тік ұста
Емін – еркін тыныста!
IY.Сергіту сәті: Оң қолыңды соз алға,
Сол қолыңды соз алға.
Екі қолды тең сілкіп,
Би биле сен, қозғала.
II апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: : баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Релаксация.
Әуенді тыңдау арқылы бір сәт баланы демалдыру, тыныштандыру.
Көзін жұмып, әуен тыңдату. Вивальди. Времена года «Зима». Л.Бетховен «Буря» шығармасын тыңдау.Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.
Аяқпенен топ-топ,
Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мында.
Ойын:»Ұшты-ұшты»
Шарты: ұшатын нәрселерді айтқанда қолды көтеріп,ұшады дейді ал ұшпайтын заттарды айтқанда қолдарын көтермей ұшпайды деу керек.
III апта
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату.
Саусағымды жаздым,
Жұдырығымды түйдім.
Қайшылайық 1,2,3
Бойға жинап күш
«Тарсылдатамыз, тарсылдатамыз» ойыны.
Заттардан алуан түрлі дыбыс шығару: ағаш немесе металл заттарды бір-біріне соғу, батареяны таяқпен сырғытып өту,әйнекті саусақпен тықылдату арқылы баланың есту қабілетін дамыту.
«Снежинка би қимылдарын жасап үйрену.» «Қар жинау»
Ақ қағазды алып алақанмен мыжып, қыртыстандырып, домалақтап қар жасау.
IY.Сергіту сәті: Оң қолыңды соз алға,
Сол қолыңды соз алға.
Екі қолды тең сілкіп,
Би биле сен, қозғала.
IY апта
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Қыстағы табиғаттағы өзгерістерді әуен тыңдау арқылы қабылдауға үйрету.(желдің уілі, қардың сықыры, т.б.)
Релаксация.Балаға түрлі аспаптардың үні қосылған баяу әндерді тыңдату арқылы тыныштық күйде отырғызу.
Сергіту сәті: Аппақ қалап өңірді, (Алақандарын ашу.)
Қар жауды! Қар жауды! (Қолдарын сермеу.)
Көңілді балалар, (Қолдарын шапалақтау.)
Қызығып секірді, секірді. (Орындарында тұрып секіру.)
V. Бекіту. « Біз адымдаймыз» ойыны.
Шарты: баланы екі қолынан ұстап алдыға және артқа әуен ырғағымен жүргізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Баланы мақтап мадақтау.Мақсаты: Қыстағы табиғаттағы өзгерістерді музыка тыңдау арқылы қабылдауға үйрету. (желдің уілі, қардың сықыры, т.б.) Вивальди. Времена года «Зима». Л.Бетховен «Буря» шығармасын тыңдау.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, дамыта – түзету, қайталау.
Көрнекі-құралдар: күйсандық, үнтаспа, дыбыс шығаратын ойыншықтар, слайд Вивальди: Времена года «Весна» шығармасын тыңдау.
Сауат ашу.docx
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Ғ дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз
құрап, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту,
қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем жазуға баулу.
Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.
Балаларды әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақжауап, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе әріптер, ермексаз, тақтаға
ілетін құралдар, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы)
Психологиялық дайындық. Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Жарайсыңдар, балалар! Өткенді қайталау.
Қандай дыбыспен таныстық? (Н н дыбыспен)
Дауысты ма, дауыссыз ба? (дауыссыз)
Н н дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Мысалы: Нан, наубайхана,т.б.
басында
ортасында
барлық буында
II. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу. Көп әріп ішінде,
Шалғы пішінде.
Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)
Дұрыс, балалар! Бүгінгі біздің сабағымызда Ғ ғ әрпімен танысамыз.
Ғ әрпін жазуды үйренейік. Ол бас әріп және кіші әріпке бөлінеді.
Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, Ғ әрпін
жазамыз. (Баспа және жазбаша түрлерін жазып көрсету)
Ғ ғ дауыссыз дыбыс. Ғ ғ дыбысын көк дөңгелек текшемен белгілейміз.
Жарайсыңдар, балалар!
IV. Сергіту сәті: Біз жаздық, біз жаздық,
Қолымыз шаршады.
Ақырын демалып
Қайтадан жазамыз.
II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу
құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз (қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ
дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі ғ дыбысы
ның орнын тап.
IY.Сергіту сәті.
«Сиқырлы таяқша» ойыны. Шарты: « Ғ ғ» әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар
бірбіріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы
ретпен жалғаса береді.
Суретпен жұмыс. Мысалы: ағаш сөзіндегі ғ дыбысының орнын тап.
III апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,
оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Мимикалық гимнастика.
Көзімізді ашыпжұмамыз(қаттыжәй)
Ернімізді түтікше тәрізді алға қарай созамыз «Жымию»
Оқулықпен жұмыс. Сөздерді аяқтау, буындарды оқыту.
Таға, ғалам, сағат, ғарыш, т.б
Әліппе дәптермен жұмыс. Ғ әрпін бастырып жазады. ҒА,ҒО,ҒУ.
АҒА, АҒАШ, ТАҒА, буындарын айтқызу.
IY.Сергіту сәті. IY апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару,оқу
құралдарын жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Психологиялық дайындық.
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Тапсырма: дәптердегі сызықтарға қарап Ғ әріпін үзік сызықтар арқылы сызып
үйрену. Ғғғғғ қолдары жаттықтырғанша жазып үйрену.
Ойын: «Сөз ойла – тез ойла»
Ойын: "Ғ" дыбысын тап.
АӘБИҒШЗТНКҒ
V. Бекіту.
«Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім
тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды
тауып магниттік тақтаға ілгізу.
VI. Қорытынды.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.
VII. Бағалау.
Балаларды жекежеке мадақтау.
«Қыс келбеті»
«Қыс келбеті»
«Қыс келбеті»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.