"Құқықтық сауаттылық заман талабы"
Оценка 5

"Құқықтық сауаттылық заман талабы"

Оценка 5
Разработки уроков
doc
история
9 кл—10 кл
30.11.2020
"Құқықтық сауаттылық заман талабы"
Құқықтық сауаттылық заман талабы
Құқықтық сауаттылық.docҚҰндыз.doc

К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жолаева Құндыз Акашевна

«Құқықтық  сауаттылық –заман талабы»

 

                          Пікір талас

 

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар , оқушылар және кеш қонақьтары  Бүгінгі біздің  «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты пікірталас  кешімізге қош келдіңіздер! Кездесу  кешіміздің бүгінгі қонағы Тарбағатай аудандық ішкі істер  бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі учаскелік  полиция инспекторы Демеуов  Еркебұлан Серғазыұлы келіп отыр.

 

                       «Құқықтық сауаттылық-заман талабы»  атты пікір таласымыздың  жүру барысы:

 

1. Құқық туралы жалпы түсінік

2. Сенің құқығың- менің құқығым (Оқушы құқығы)

3. «Тығырықтан шығар жол қайсы» ( Ситуатциялық жағдайды шешу»

4. Көкейде жүрген сауал ( Сұрақ жауап)

  5. Қорытынды

 

Пікір таластың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен , түрлерімен таныстыру,  жасөспірімдердің құқықтарымен  міндеттерімен таныстыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік  сезімін қалыптастырып , шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру . Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға , құқықтарын  біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 

1. Құқық туралы жалпы түсінік

Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек . Интерактивтік мтақтаға назар аударыңыздар

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.

                                Әлеуметтік норма

Құқық                                         Мораль

 

Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің  пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің  пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.

Құқық  дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын , жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құықтық  ерекшелігі оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке  тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Құқықтық нормалар тек  қана заңдардан тұрмайды , басқада нормативтік құқықтық актілерде  де көрсетілген. Президент – нормативтік жарлықтар , Үкімет – нормативтік қаулылар. Миністірліктер – нормативтік бұйрықтар , жергілікті  мемлекеттік органдар –нормативтік шешімдер қабылдайды.1948 жылы  10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамбелеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларатциясын қабылдады. .Ол бойынша адам құқықтары 3 топқа бөлінеді.

                          Адам құқығы

 

Табиғи құқық .Азаматтық құқық . Экономикалық әлеуметтік  мәдени құқық .

Біздің елімізде адам құқықтары Атав Заңымыз- Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан . Ол 9 бөлім 98 баптан тұрады. Оның  екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

2. Сенің  құқығың – менің құқығым.

 

Бұл кезеңде оқушылар  өз құқықтары жөнінде айтып өтеді

1. оқушы : 2 Бөлімнің  10 бабы

Баланың өмір сүруіне жеке басының бостандығына , қадір –қасиетіне және жеке өміріне қол  сұғылмауына құқылы.

2. оқушы: Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге,  дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтарымен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге  асырады.

 

3 оқушы 9 –бап

Баланың  даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы . Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты , азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР –ның  заң актілерінде көзделген  жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа  жататындығына , тіліне , біліміне, денсаулығына, ата-анасына қатысты мән –жайларға қарамастан бала тең құқылы .

3. оқушы: 11 бап

Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға , ар-ождан бостандығына коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР –ның  заңдарымен  рұқсат етілген бейбіт  жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

4. оқушы 12 бап

Біреудің атына кір келтіруге жеке басының тіршілігіне араласуға рұқсатсыз үйіне  кіруге біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ.

5. оқушы. 19 бап

Әркімнгің  ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас , тәрбие, оқу жәнек шығармашылық тілін еркін таңдап сөйлеуге  құқығы бар.

6. оқушы 30 бап

Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

Республика азаматтарының конкурыстық негізінде тегін жоғары білім алуға құқығы бар .

7. оқушы 19 бап

Әрбір адам өз пікірі болуына ойындағысын еркін айтуға құқығы бар. Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер , қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (. Оқушылар өз міндеттерін айтады)

3. «Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

 

 

 

 

ІІІ «Тығырақтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Көшедегі көрініс

 

Алмат: Айболат бүгін  Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?

Айболат: Ия,ия айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық,той қызықтаймыз деген

Саған хабарласқан жоқ па?

Алмат: Жүр, ендеше солай  қарай барайық,бар қызықтан құр қалармыз.

Айболат: Кеттік,жолшыбай Бекжолға соға кетейік,ол да барар мүмкін.

Алмат: Бекжол,біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз.Балалар да сол жақта жүр,бізбен бірге жүргеңші.

Бекжол: Жоқ,мен әуелі ата-анама ескертуім керек,әйтпесе алаңдайтын шығар.

Айболат: Ту,ата-анаңа ескертіп  не істейсің,біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба,сұрансаң жібермей қалады.

Бекжол: Жоқ,балалар,мені жібермейді бара алмаймын.Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп,бірнәрсеге душар болармыз.

Алмат: Онда өзің біл, «көп қызықтан қалдым»-деп өкініп жүр ме.?

Айболат: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?

1.   Құрметті ата-аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.

Ата-ана қай жерден қате жіберіп отыр?

       2.Учаскелік полиция инспекторына

Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

ІҮ. Көкейде жүрген сауал (сұрақ жауап)

Кездесу кешіміздің бүгінгі Тарбағатай аудандық іщкі істер бөлімінің   жасөспірімдер жөніндегі учаскелік полиция иниспекторы Демеуов Еркебұлан Серғазыұлы келіп отыр. Өздеріңізді мазалап  жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

1.   Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

2.   Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылық жасаса қандай жауапқа тартылады?

3.   Түнгі уақытта мейрамханаларда жұмыс істейтін балалар  кездеседі , балалардың жұмыс істеуі заңды ма әлде заңсызба?

 

4.   Қазіргі уақытта мектеп жасындағы  балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?

 

Бүгінгі кешімізге мектеп психологы Алкенова Гүлбақыт апайымыз келіп отыр,сізге мынадай сұрақтар қойсақ

1.   Мектеп жасындағы балалардың мінез-құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді?

2.   Кәмелетке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз?

3.   Мектебіміздің 9-10-11 сынып  оқушыларының мінез-құлқын қалай бағамдар едіңіз? Оның кейбір іс-әрекеттерінен ауытқушылық байқалмайма?

Мектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі  орынбасары  Хамитжанова Айым апайымызға бірер  сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі-ережесін түсінік бере кетсеңіз.

1.   Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?

2.   Мектептің  ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады,оны болдырмаудың жолдары қандай?Соған байланысты қандай жұмыстар жүріп жатыр ?

Ү Қорынтынды

Бүгінгі  пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері,мұғалімдер мен оқушылар басқосуда.Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек.Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.

(оқушылар да  өз пікірлеріңізді  ортаға  салсаңыздар)

Мектеп жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп,тәрбиелі,мәдениетті білімді адам болуға ұмытылумыз керек. Құқықтық сауатсыздың ,яғни өз құқығын мен міндетін білмей,басқаның құқын сыйламаудың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыр адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз . Олай болса құқықтық  тәрбие мен құқықтың мәдениетті санаға  сініріп өзімізді және қасымыздағы  адамдардың жеке басын  қадірлеп,құрметтейік дегім келеді.

Мен жігіт 15-30 арасында

Бұл шақта  көп бересі аласымда

Жан-жағым толған мақсат,толған тандау

Алайын анасынба, мынасын ба

-деп арқалы ақын Сұлтанмахұмұт  Торайғыров  жирағандай  болашақта шалыс қадам баспай,өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасынынң емес бүкіл алаштың  азаматтары болады деген  сенім мен бүгінгі  пікір  таласымызды аяқтаймыз . Көңіл қойып тындағандарыңызға көп рахмет .

 

 

 

 

 

 

 

 

 


К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Президент – нормативтік жарлықтар , Үкімет – нормативтік қаулылар

Президент – нормативтік жарлықтар , Үкімет – нормативтік қаулылар

Республика азаматтарының конкурыстық негізінде тегін жоғары білім алуға құқығы бар

Республика азаматтарының конкурыстық негізінде тегін жоғары білім алуға құқығы бар

Бүгінгі кешімізге мектеп психологы

Бүгінгі кешімізге мектеп психологы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.11.2020