Жаналык бастауы.
Оценка 4.8

Жаналык бастауы.

Оценка 4.8
Семинары
doc
администрации
Взрослым
19.12.2018
Жаналык  бастауы.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Неткалиева Г.макала.doc
ЖАҢАРТЫЛҒАН  БІЛІМ ­ ЖАҢАЛЫҚ  БАСТАУЫ Неткалиева  Гульмира Бисеновна БҚО,  Орал  қаласы,   №43  жалпы орта  білім беретін мектебінің математика  және информатика  мұғалімі Аңдатпа Бұл  мақалада  қазіргі  заманғы мектепте оқыту  үдерісін  ұйымдастыру, іске асырылуы,   жаңа   форматтағы,   жаңартылған  білім   мазмұны   бойынша мұғалімнің  қалыптасуы    туралы  баяндалады. Мұғалімнің  кәсіби рефлекциясы негізінде  ұсынылған. В   этой   статье   рассматривается   вопрос   о   формировании   учителя нового  формата в  организации  учебного  процесса  в  современной  школе. В основе  статьи   профессиональная  рефлексия  учителя. Аннотация Summary In this article  the question of formation of the teacher of a new format in the organization of   educational process at modern school   is   considered. At   the   heart of article  professional reflection of the teacher. ХХІ ғасыр ­ жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы   әлеуетін   жұмылдыру,   ғылымның   басым   бағыттарын   дамыту жолындағы   ресурстарды   шоғырландыру,   оның   жетістіктерін   өндіріске   енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім   берудің   негізгі   мақсаты   ­   білім   мазмұнының   жаңаруымен   қатар, оқытудың   әдіс­тәсілдері   мен   әртүрлі   құралдарын   қолданудың   тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазақстан   2030   стратегиялық   бағдарламасы   білім   берудің   ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру   кеңестігіне   кіріктірумен   сипатталады.   Қазақстанның   тәуелсіз   мемлекет ретінде   қалыптасуы   орта   білім   беру   жүйесінің   дамуымен   тығыз   байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген[1,5]. Білім беруді реформалау жағдайындағы айрықша өзекті мәселелердің бірі — қазіргі қоғамдағы мұғалімнің қызметі. Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге     аса зәру болып отыр. Сол 1 себепті   кез  шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса қабілетті   мамандар   қажет. ­  келген   инновациялық   тапсырмаларды   шешуге   ойлы, Қазақстанда   білім   беруді   дамытудың   2011­2020   жылдарға   арналған мемлекеттік   бағдарламасы   жобасында   Қазақстандық   білім   беру   жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім   беру   жүйесіндегі   реформалар,   өзгерістер   мен   жаңалықтар   мұғалімнің өткені   мен   бүгіні,   келешегі   мен   болашақ   жайлы   ойланып,   жаңа   идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың   жолдауында   айтқандай:   Болашақта   өркениетті   дамыған елдердің   қатарына   ену   үшін,   заман   талабына   сай   білім   қажет.   Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне   байланысты   педагогика   ғылымының   теориясы   мен   оқыту   үрдісі   де түбегейлі   өзгерістерге   ұшырауда[3,6].   Соған   орай   оқытудың   парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс­тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және   технологияларды   меңгеру,   оны   тиімді   қолдана   білу   міндеті   тұр.Жаңа бағдарлама   бойынша   жаңаша   көзқарас   қалыптасып,   білім   деңгейі   биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен ­ күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің   шеберлігі   қандай   жоғары   болса   да,   мұғалім   оқушының   өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие.   Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс.     Оқытудың   нәтижесі   сын   тұрғысынан   ойлау,   өздігінен   зерттеу   және ақпаратты   терең   талдау   дағдыларын   меңгеруге   тиіс.   Қазіргі   мемлекеттік бағдарламаларда  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  білім  берудегі  озық  іс­ тәжірибелерінің ең үздік үлгілерін еліміздің барлық білім беру мекемелерінде кіріктіру көзделген[4]. ­Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары; ­Рухани құндылықтар мен дағдылар; ­Спиральді (шиыршық) оқу бағдарламасы; ­ Тілді   оқытуда қолданылатын оқыту тәсілдері; ­Белсенді оқу, белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі; ­Тілдік дағдылар; Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені   қазіргі   заманда   елдің   бәсекеге   қабілеттілігі   оның   азаматтарының парасаттылығымен   анықталады,   сондықтан   білім   беру   жүйесі   болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен 2 туындап   отыр.   Оның   үстіне   білім   берудің   жүйесін   қарқынды   дамытқан   бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Жаңа   форматты   бағдарламаның   арқасында   мұғалімдер   оның   негізін құрайтын жеті модульдің теориясын игеріп, халықаралық тәжірибені өздеріне енгізе   алады.   Мұғалімдер   өз   тәжірибесі   туралы   сыни   тұрғыдан   ойланып (рефлексия),   өзін­өзі   жетілдіру   қабілетіне   ие   болуда.   Оқушылар   білім   алуға тарту әдістемесін меңгереді және мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге үйренеді. Педагог ретінде өз рөліне және өз мамандығына   жаңаша   көзқараспен   қарап,   жеке   басының   тұлғалық   қасиетінің жақсаруына, құзыреттілігінің дамуына мүмкіндік алып   отыр. Қазіргі заманғы мектептерде   оқыту   мен   тәрбиелеу   үдерісін   жақсартатын   әдіс­тәсілдермен қарулануда. Бірінші     деңгей     бағдарламасы   үшінші   және     деңгей бағдарламаларының     түйінді     идеяларын     біріктіретін     ауқымды   бағдарлама болып  табылады. Бірінші  деңгей  бағдарламасын игерген  мұғалімдердің негізгі функциясы ­ оқыту  мен оқу  тәжірибесіне  жаңа  тәсілдерді енгізу  мақсатында өз  мектептерін  дамыту  бағдарламасын  әзірлеу  болып  табылады. [2, 4 б ]   екінші   Блім игеру  процесінің  негізгі  проблемаларының  бірі ұстаз  қызметімен байланысты. Бүгінгі  күн  педагогтардың  негізгі  қызметтері  мынандай: ­ ұйымдастырушы, ­ менеджер (басқарушы), ­ бағыт­бағдар  беруші, ­ қолпаштаушы. Педагог     білім   тасымалдаушыдан     ­   білім     әлеміне     жол     көрсетуші дәрежесіне   көтеріліп   (ізгі   қызмет) , нағыз   ұстаздық     харекетті   атқарушы болады.   Интербелсенді   оқуда / оқытуда   педагог   оқушының өзіндік таным процесін  ұйымдастырушыға  айналады, ол  үйретпейді ­ үйренуге  бағыт­бағдар сілтейді, өзі де әр сабақта  үйренеді. Педагог ­ "білім көзі"  емес, ол ­ оқушының шығармашылық     жұмысы   мен     еңбегінің  бастамашысы,  ұйытқысы,    оқушыны білім     алудың   белсенді   әрекеттеріне     ынталандырушы,   оқушының     үйрену процесіндегі  серігі  әрі  үлгі  тұтар  тұлғасы. [4, 93 б] Мектеп  шеңберінде  даму бағдарламасын  іске  асырып, оқыту  мен  оқу тәжірибесіне   жаңа   тәсілдерді   енгізуге   бағытталған   коучинг бағдарламасын енгізу әріптестеріме   тәлімгер болу   , мониторингті жүзеге асырып, мектепті дамыту үдерісіне   қолдау көрсету  еңбек  жолымда  түйінді  мәселелер. Мен,  Қазақстан   Республикасының   педагог   қызметкерлерінің   біліктілігін арттыру   курсының   бірінші     деңгей   бағдарламасын   оқып   меңгеру   барысында адамдардың қалай білім алатыны жөнінде заманауи ой – пікірлермен танысып, соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін өз қажеттілігіме пайдалануға мүмкіндік алдым. Педагогикалық тәжірибемді жетілдіріп , өз жұмысыма сыни тұрғыдан қарап   бағалау   қабілетімді   дамыттым.   Дегенмен   бағдарламаның   мазмұн, мақсатын түсінгеннен кейін өз ұстанымым өзгерді. Сабақты бұдан да тиімді , 3 оқушының   пікірін   ескере   отырып,   олардың   сындарлы   ойлауын   дамытуға бағыттап өткізу , нәтижелерімді арттыра түсті. Мен үшін бұл әдістемені  қолданып  сабақ өткізуді  үйрену  өте  тиімді  . Жалпы менің түйгенім, бұлай оқытудың бастапқы идеясы оқушыларды дайын, жаттанды   білімменен   сусындату   емес,   керісінше   механикалық       деңгейдегі сұрақтардан   туындайтын     жоғары   деңгейдегі   яғни   сыни   тұрғыдан   ойлануға түрткі болатын «… не болар еді?», «қалай өзгертуге болады?», «егер де … сен не  істер  едің?»  деген  сияқты    сұрақтарға   оқушылар   жауап бере отырып, өзі ізденіп, өзі қызыға оқитын, өздерінің ойын пікірталаста еркiн айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлғаны елімізде тәрбиелеп шығару. Дәстүрлі сабақ   тек   мұғалімнің   монологымен,   мұғалімнің   рұқсатымен   жауап   берумен, мұғалімнің   бағалауымен   шектеліп   қалса,   ендігі   сабақтар   оқушылардың диалогымен,   өзін­өзі   немесе   бірін­бірі   бағалаумен,   өз   ойын   еркін   жеткізумен жалғасатын   болады.     Үлгерімі   орта,   өзіне,   біліміне   сенімділігі   таяз,   ұялшақ оқушылар   топта   басқа   оқушылармен   диалогқа   түсе   отырып   өзгере   бастады. Мүмкіндігіне қарай   әр сабақта ақпараттық­ коммуникативтік   технологияны қызық. қолдану Жалпы, бағыты: Біріншісі   ­мұғалімдердің   оқыту   мен   оқудың   табыстылығы   туралы   заманауи түсініктеріне игеру. Екіншісі­   өзара   байланысты   мұғалімнің   құзыреттілігін   жетілдіру   және   өз әріптестерінің   кәсіби   дамуына   ықпал   етуі   үшін   оның   коучинг   (тренер) тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу.   бағдарламаның   басым білімді тиімді екі     сай, де,             бай     Курс бағдарламалары мазмұнының негізі жеті модульді құрайды, олардың ішінде — сын тұрғысынан ойлау, оқу жетістіктері нәтижелерін сын тұрғысынан бағалау,   ІТ­технологиясын   пайдалану,   білім   берудегі   заманауи   әлемдік тенденцияларды айқындайтын білім берудегі менеджмент. Бұл  әдістеме  мектепті, мұғалімдерді, оқушыларды танып білуге «басқа жағынан»   яғни   бұрын   байқамаған     жағынан   көруге     үйретеді.   Сабақ   беру үрдісінде  оқушылардың  бейімделуін,  қабілеттерін, жас  ерекшеліктерін  ескеру өте     маңызды     деп     ойлаймын.   Әрине     үйреніп     қалған     бұрынғы     әдіс­ тәсілдерімізден  өзгеріп  «жаңаша»  мұғалім болу  оңай емес. Сол қиындықтарды жеңе   отырып   оқушылардың   топпен   және   жеке   жұмыстануларына   бағыт­ бағдар  беріп,  сабақтарымызды  жаңаша  жоспарлап, оқушыларды  өзімізбен  тең жағдайда     жұмыстандырып,  оқушылардың     өздері     еңбектенуі     арқылы     сол тақырыптарды меңгеріп, жеткізіп түсіндіруі  үлкен еңбек. «Білім  берудің  жаңа тәсілдеріндегі»     диалогтық   білім   беру     оқушылардың     сөйлеу     дағдысын қалыптастыру ғана емес сонымен қатар пікірлесін  , яғни  мұғалім не  оқушыны тыңдай  білу . Әр     мұғалімге     дәстүрлі     сабақтан   өзгеріп   әдістемесін   өзгерту     оңай жұмыс   емес.     Оқушыларға   да     жеке   жұмыс   жасап   ,   жасаған     жұмыстарына бағаланып   үйренген     тиімді.   Жауап   беріп       бағасын     өзі     алып   үйренген 4 оқушыларда өзгерулері тиіс. Оқушылардың  ішкі  уәждері   басым болуы керек. Олар топпен бірігіп жұмыс жасап, әр топ мүшесінің  жұмыстанып жауап беруі, топ   ережелерін   қадағалап,   кері   байланыс   жасауға     дағдыланулары   керек. "Критерий"   арқылы бағалауда     мұғалім     бағыт беріп,   оқушыларда шынайы бағаны   көріп отыруы керек.   Сол жағдайда   бұрын   сабаққа   ынтасы   аздау оқушыларда     жұмыстанып,     бағаланады.   Жаңа     тәсіл   бойынша     мұғалім   аз сойлеп,   оқушылардың     жұмыстануына     көп   көңіл   бөлінеді.   Оқушыларға     әр уақытта сеніммен  қарауымыз керек. Бұл   жерде Л.Фридманның ережелерге негізделген тұжырымдамаларына сүйенуге болады:  Оқу     оқушының   жеке,   топтық,   ұжымдық   жұмыс   барысындағы   түрлі қызметінің   жүйесі   ретінде   қаралады.   Олар   оқушының   қисынды   ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын   дамытуға , яғни   білім   берудің   мақсаттары   болып   табылатын     тұлғалық   қасиеттерін дамытуға бағытталған.  Оқуды басқарудың психологиялық сенімді  түрі – ең алдымен  , оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және  қызмет  мақсаттарын  дамытуға жағдай жасау.  Оқуды  басқару  икемді  болуы  тиіс,  бұл тек    оқушыларды    іштей    өсуі жүргенде                       ғана , балалардың  білім  дәрежесінің артуына  қарай мүмкін  болады.  Оқушылар   нақты   оқу   қызметінің     мақсаттарын     анықтауға     тікелей қатысуы  керек, яғни  басқару  тұлғалық бағытталған  болуы тиіс.Оқу  процесін тұлғалық  басқару  дәрежесі  оқушылардың  өсуіне  қарай артып отыруы және оқудың  жоғары  сатысында  жалпылама  сипат  алуы тиіс.  Оқу процесін  басқару  балалардың  ішкі қуатына және  мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс. [ 3, 13  б ]   отырады.   Осы   Модульдарды   меңгере   отырып, осы   жеті   модульді   қамтымай   сабақ өткізуге болмайтынына   көзім жеткен   сияқты. Олар   сабақтың   әр   бөлігінде қамтылып     де, әріптестерімнің   пікірлерімен де   үнемі танысып отырдым. Өзімнің мектептегі практика    уақытынан    түйгенім  сабақты   осылай   ұйымдастыру   өте  тиімді, әсіресе     балаларды қанаттандырады ­  деп ойлаймын.   балалармен     кері     байланысқа     түсу   (рефлексия)     уақыттарда     бүкіләлемдік     желіден   Осы  жеті  модульді қамтыған  сабақтардың барлығы ­ оқушылардың   өз беттерімен   іздене   отырып   білім алуына   бағытталған. Мұғалім оқушыларға бағыт   бере   отырып   барлық сұрақтарға   ізденіп ,   жұмыстануына,         жауап беруіне  мүмкіндік  туғызады. Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды­ақ, бірақ оның ықпалымен     шәкірттерінің   не   біліп,   не   істейтіні   одан   да   маңыздырақ.   Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады.­ деген екен  Цицерон. 5 Егер  әрбір  модульді  жеке  қарастыратын  болсақ, онда  әрбіреуінің нақты соңғы  нәтижесі  болады. Модульдерді  сабақтарда  пайдалана  отырып  әрбір мұғалім жетістікке  жететіні  сөзсіз. Мысалы,    " Ақпараттық  ­ коммуникативтік   технологияны"   пайдалану оқушылардың     сабаққа     ынтасын     арттырады   және   таным     қызығушылығын арттырады.   Бұл     модульді     барлық     сабақтарда     да     қолдануға     болады. Интерактивті   тақтаның   көмегімен,   оның   мүмкіндіктерін пайдалана отырып оқушылардың     ойланатын,   жауап   беретін       сұрақтарын     қамтуға     болады. Оқушыларды   сабаққа  бағыттайтын   түрлі    көрсетілімдер, таныстырылымдар мен     бүкіләлемдік   желі   ,   жұмысқа   бағыттайтын     демалу     сәттерін     айтуға болады. Диалогтық     оқыту   оқушылардың     сөйлеу   қабілетін     ғана     дамытып қоймайды   сонымен қатар   пікірлесін   мейлі   ол   оқушы   болсын, мейлі   ол мұғалім болсын мұқият  тыңдауға  дағдыландырады. Қазірдің     өзінде   сыныптағы     оқушылардың   бірлескен     сұхбаты     үлкен пайда  келтіретіндігін көрсететін дәлелдер  жеткілікті. Олар:  оқушылардың     тақырып     бойынша     өз     ойларын     білдіруіне мүмкіндік  береді;  басқа адамдарда   түрлі   идеялардың болатындығын   оқушылардың түсінулеріне  ықпал етеді;  оқушылардың  өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;  мұғалімдерге  оқушыларды оқыту  барысында  олардың  оқушылары қандай деңгейде  екендігін  түсінуге  көмектеседі. [2, 26 б] Сонымен   қатар   сыныптағы топтық   жұмыста   топқа басшылық   немесе топтың   жетекшісі   болу   да, топ   ішіде   орындайтын тапсырмаларды   бөлуде үлкен  роль атқарады. Сабақ  үрдісінде  "Оқыту үшін   бағалау  және   оқуды  бағалау"  модулінің де   маңызы   өте зор. Біріншіден   оқушылардың   өзін ­өзі   бағалауы, екіншіден оқушыларға     қатысты     формативті     бағалауы   балалардың   пәнеге     деген қызығушылық   уәждерін көтерері  сөзсіз. Осы жоғарыдағы  аталған  жеті  модулді  сабақтарымда біріктіре  қолдана отырып   өзімнің   сабақ беру әдісімнің   жаңарағанын , оқушылардың білім алу әдісінің     жаңарғанын     сезіндім.   Әлі     де   сабақтарымды     саралай     отырып өзгертетін   жерлерін  ой  елегінен өткізудемін. Бұл     жұмыс     оқушылардың     болашаққа     сенуіне   ,   өздерінің     қолынан келетініне  сенуіне   күш  жігер  беретіні  сөзсіз. Заманауи   қоғамның   зиялы   азаматына   білім   беру   ­   сана   әлеуеті   жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Заманауи   мектептердің   мақсаты­жоғары   білімді,   шығармашыл   адамның үйлесімді   тұлғаланып,   дамуы   үшін   қолайлы   білім   беру   кеңістігін   жасау.   Өз білімінің   нәтижесінде   оқушы   бойында   сын   тұғысынан   ойлау, 6 білімін шығармашылықпен   пайдалана   білу,   зерттеушілік   дағдылары,   АКТ дағдылары,  топта   және   жеке   жұмыс   істей   білуі,  тілдік   дағдылары,   қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына кіріктірілген пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты   сабақта   тереңірек   зерттеп,   әлем   туралы   тұтас   ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. Жаңа     форматтағы     ұстаз     ­     жаңартылған   оқу   бағдарламасының құрылымын, мақсат ­ міндеттерін меңгеруде. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс­тәсілдер және белсенді оқыту техникалары қарастырады.Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектенуде. Мұғалімдер  үшін  жаңа  форматтағы  мұғалімнің  қалыптасу  кезеңі. Өз еңбегіңді тек ізденісте ғана көруге болады.   Жаңа заман талабына   сай «жаңа форматты мұғалім»  атану әр мұғалімнің міндеті. Жаңартылған  оқу  бағдарламасы аясында  өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Пайдаланылған  әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы­ 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж. 2.   Мұғалімдерге  арналған нұсқаулық. І деңгей. 3.   Жанпейісова М.М. "Модульдік  оқыту  технологиясы оқушыны   дамыту  құралы    ретінде ". Алматы, 2006. 4.   Әлімов А.  "Интербелсенді  әдістемені  ЖОО­да   қолдану мәселелері". Оқу     құралы.   Алматы ­ 2013. 5. ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007. 7

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.

Жаналык бастауы.

Жаналык  бастауы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.12.2018