Жапсырмалау өнері

  • Разработки уроков
  • docx
  • 02.05.2018
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі: - түрлі-түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма; - Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;
Иконка файла материала Жапсырмалау өнері.docx
Сабақтың тақырыбы: Жапсырмалау өнері Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жапсырмалау түрлерімен таныстыру. Білімділігі: жапсырмалау түрлерін, жапсыру технологиясын түсіндіру. Дамытушылығы: оқушыларды жапсырмалау, қиыстыру тәсілі арқылы әр түрлі бұйымдар  жасауға шеберліктерін шыңдау арқылы эстетикалық талғамын, ой­қиялын дамыту. Тәрбиелігі: оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа баули отырып, әсемдікті сүйе білуге  тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сарамандық жұмыс. Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, орыс тілі, математика. Сабақтың көрнекілігі: жіп қиындыларынан, қағаздан, матадан жасалған коллаж, панно,  нұсқау карта. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ беру арқылы оқушылардың білімін тексеру. ­ Мата тұрмысымызда кеңінен қолданылады. Күнделікті киімдеріміздің, үй, тұрмыс  заттарының бәрі матадан тігіледі. Матаның анықтамасын кім айтады? ­ Мата – жіптер жүйесін өзара көлденеңінен тік айқастырудан туған тоқыма бұйым.  Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе, ал матаға көлденең түсетін жіптерді арқау жүйе деп атайды. ­ Мата қалай жасалады? ­ Мата арнайы тоқу станогында тоқылады. ­ Мата жіптерден тұрады, ал жіп неден тұрады? Табиғи талшықтардан алынатын маталар ­ Жіптер бірнеше қабат жіңішке талшықтардан тұрады? Жасанды Талшықтардан алынатын маталар Ортақ қасиеттері 3.Жаңа сабақ. Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде  алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған. «Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан.  Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі: ­ түрлі­түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма; ­ Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен  орындалатын жапсырма; ­ табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын  жапсырма. Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі – екі түстен құрақ құрап, жапсырмалау. Негізі  жүннен басылған жұқа киіз бетіне түсті барқыттан өрнекті құрақ жапсырып бұйым  жасайды. Сондай­ақ ақ, қара киіз арқылы оюлап жасалған сырмақтың өзі жапсырмалау  өнерінің бір туындысы. Бұл өнер киімде, әсіресе баскиімде көбірек қолданылады. Ертеде халқымыз бар қажетін өз қолдарымен жасаған уақытта, қолөнерді барынша  дамытты, әр бұйымды үлкен өнер көзіне айналдырды, бұйымға салынатын ою­өрнекке  терең мән береді, наным­сенімін паш етті. Барынша әдемілікке ұмтылды, ал қазіргі уақытта өнеркәсіп пен техника дамыды, барлық қажет бұйымдар дүкенде бар. Әйтсе де, өз  қолымызбен, игерген білімді пайдаланып жасаған дүниелердің орны бөлек. Әр істе өзіңдісынап, шеберлігіңді қалыптастыру өз­өзіңді бағалау үшін қажет. Сарамандық жұмыс. «Күз» коллажын дайындау үшін төрт топқа төмендегідей тапсырма беріледі: 1.Түрлі­түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма; 2.Әр түрлі мата, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын  жапсырма; 3.Табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын  жапсырма. 4.Терімен орындалатын жапсырма. Сабақты бекіту. Жапсырмалау деген не ? Жапсырмалау өнері неше бөлікке бөлінеді? Желіммен жұмыс істеу ережесі. Халқымыздың қандай ұлттық бұйымдарында жапсырмалау өнері қолданылады? Үйге тапсырма: жапсырмалау өнері арқылы өз бетінше шығармашылық жұмыс жасау. Сабақты қорыту Бүгінгі сабақтың өту барысын қайталап өту.

Посмотрите также