Тақырыбыы. «Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» (Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу)
Дайындаған: Рухани жаңғыру орталығының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі
Жумабекова Г.Б., Семей қаласы
Мақсаты: Қазіргі заманда қазақ жастарына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын түсіндіру, рухани жаңғыру аясында жастарды өз халқының тарихын қастерлеуге тәрбиелеу.
(«Көк тудың желбірегені» әні орындалып тұрады)
1-жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді қонақтар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн қадірлі ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-ел тілегі» атты мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын, ағайын!
1-оқушы:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
2-оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
3-оқушы:
Ағалардың алып берген биігін,
Абыроймен асқақ ұстап жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет,
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болып жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!
4-оқушы:
Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып, буынған бел.
Көкке өрлеген байрақты желбіретіп,
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел!
5-оқушы:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік-жүректерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
6-оқушы:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Ән «Жаса, Қазақстан!»
2-жүргізуші:
Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік-ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Желтоқсан оқиғасының куәгерлері бүгін бізде қонақта. Кешімізді бастамас бұрын осы қонақтарымызбен таныстырып өтсек. ( келген қонақтармен таныстырады.)
Эльмира Жүрсінбекқызы, Жакупова Анар Оразгалиевна, Бақыт Орақбай
2-жүргізуші:
Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,
Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.
Мерейі үстем мерекең болсын құтты,
Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін.
Құттықтау сөз Алма Медетқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,
Күмбірледі күй болып шертілді үнің.
Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,
Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.
2-жүргізуші:
Қазақтың арайланып азат таңы,
Тағдырдың артта қалды азаптары.
Үмітін үкілеумен өткен жылдар,
Жасампаз жазып жатыр парақтарды.
1-жүргізуші:
Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім болса керек-ті.
2-жүргізуші:
Біздің ең киелі, қасиетті ұғымымыз-тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп, қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Біздер тәуелсіздіктің арқасында еркін шалқып өмір сүрудеміз. Осының бәрі бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз, аманат болған азаттықтың арқасы. Біздің қонақтарымыз сол тәуелсіздік оқиғасының куәгерлері. Соларға сөз берейік!
1-жүргізуші:
Біздің мектебіміздің мақтанышы 11-сынып оқушысы Ғалымбек Дильназ..ортаға шақырайық.
6 оқушы (хормен):
Мәңгі жасай берсін менің қазағым,
Оңға бассын арманың мен талабың.
Бейбітшілік нұрын шашып далама,
Желбіресін бейбіт күнде байрағың .
2-жүргізуші:
Кең байтақ , көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан-елім менің!
1-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып ерлікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына!
2-жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі,-
дей келе, бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік-ел тілегі» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
«Желтоқсан тұр басында азаттық деген ұғымның!» кездесуден көріністер
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.