Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.
Оценка 4.7

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
география
6 кл
06.11.2017
Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.
Алматинский лицей «Білім-Инновация » для девочек Кенжебаева Жанна Онгарбековна учитель географии Сабақтың тақырыбы: Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды адамзаттың Жердің табиғаты мен пішіні жөніндегі түсінігі уақыт мерзіміне сай өзгеріп отырғанын және адамдардың табиғат жайлы ілімінің қалай дамығанымен таныстыру. Көрнекілік: Жарты шарлар картасы,атлас,ежелгі кездегі Жер туралы ұғымдар жайлы сызбалар, «Ұлы саяхатшылар » фильмі.Электронды оқулық. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасын сұрау.Өткенді қайталау. - География дегеніміз не? - География ұғымын алғаш рет кім қалыптастырды? - География қандай салаларға бөлінеді? Ауа райы күнделігін тексеру. III. Жаңа материалды оқыту -Жер туралы қазіргі біздің білетінімізден ежелгі адамдардың елестетуі әлдеқайда өзгеше болған және болашақтағы адамдардың ой-өрісі мен білімі де басқаша болуы мүмкін. -Әртүрлі кезеңде өмір сүрген адамдардың Жер туралы ілімін қарастырып көрелік: а) алғашқы қауымдық құрылыстағы өмір сүрген адамдар ә) ежелгі цивилизация б) орта ғасырдағы өмір сүрген адамдар в) ғылыми-білім дамыған кезеңдегі өмір сүргендер г) жаңа заманда өмір сүрушілер. Электронды оқулықты қосып, барлық оқушылар бірнеше кезеңдегі жер туралы мәліметтерді тыңдайды.Сонымен бірге оқушылар өз беттерімен дайындап келген мәліметтерін айтып береді. Қосымша мәліметтер. Қауымдық қоғамдағы өмір сүрген адамдардың табиғатпен байланысы. Адамзат өте ерте кезде қауымдық қоғамда өмір сүргенде өздері мекен еткен жердің табиғатымен байланыста болуының маңызы зор еді.Ежелгі адамдар тіршілік тұрғыда биологиялық компоненттің бірін құрды.Материалдық құрал жеткіліксіздігіне байланысты адамдардың табиғатқа әсер ету мүмкіндігі азаяды.Бірақ уақыт өте келе адам белсендірек ықпал ете бастады. Оның ақылы, алғырлығы,қабілеттілігі арта түсті.Адамзат табиғатты өмір сүру үшін, тамақ табу, орманда адаспас үшін, от жағу, жануарларды қолға үйрету т.с.с. мақсатында зерттей бастады.Біртіндеп табиғат жайлы білгені көбейе бастады. Бұл қызық. Бразилияның солтүстік шығысындағы кішігірім Сай-Рай-Мундо қаласының жанындағы жартаста аң аулауды, тұрмыстық жағдайларды бейнелейтін көптеген ежелгі бейнелеулер табылған. Осындай жартастағы бейнелеулер бар әлемде 30 мың екен. -Қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар сол кезде Жердің пішіні туралы не білді? ( Ештеңе, ол туралы тіпті ойлап та көрген жоқ). Ежелгі цивилизация ( мәдениет) әлемі Бұл кезеңді географияның пайда болуының ең бастапқы есептелу мерзімі деп атауға болар еді. Осы кезеңде философия, астрономия, медицина, математика және мәдениеттің басқа да түрлері шықты.Жазудың пайда болуы ақпараттардың сақталып және таратылуына мүмкіндік туғызды.Сол кезде әлемдік діндер де пайда болды. Негізгі көлік жолдары орналасқан өзен бойларында қалалар пайда болды.Әртүрлі алқаптан келген адамдар бір-бірімен кездесіп ақпараттармен алмасып, білгендерін одан әрі молайтты. Әлем адамдардың бұрынғы елестетулерінен әлдеқайда үлкен екендігі белгілі бола бастады. Бұл кезеңде теңізде жүзу басталды.( Қандай теңіздерде?) Адамдар жердің, дүние бөлігінің пішіні жайлы ойлана бастады. Сондықтан Жер пішіні жайлы алғашқы түсініктер пайда болды ( атластың бірінші бетіне талдау жасау). Вавилон тұрғындары жерді тау бейнесінде елестетті, таудың батыс беткейінде Вавилон бар деп есептеді.Үндістан тұрғындары жерді шардың жарты бөлігі ретінде, үлкен тасбақаның үстінде тұрған піл көтеріп тұрғандай елестетті.Ежелгі гректер жердің пішінін дөңгелек түрінде жан-жағын теңіздер қоршап тұрғандай сезінді. Орта ғасыр Техниканың дамуына және кеме жасауға байланысты адамдар тым алыстау жерлерге саяхтқа шықты.Олар теңізден мұхитқа жүзіп шықты.Алғашқы кезде олар мұхитқа кездейсоқ шықса,кейінірек біртіндеп олары ғылыми-экономикалық сипат алды. Адамдар жердің шар тәрізді екендігі жайлы айта бастады. - Жердің шар тәрізді екендігін адамдардың өз көзқарастарын өзгертіп айта бастауына не әсер етті? ( интерактивті тақтаға жағалаудан жүзіп бара жатқан кеменің схемасы көрсетілуге тиісті). - Жағада тұрған адам кеменің жүзіп бара жатқанын қалай бақылайды? - Жердің пішіні тегіс немесе шар тәрізді болса жүзіп бара жатқан кеменің бейнесі өзгерер ме еді? Христофор Колумб Үндістан мен Қытайға жерді айналып өтіп Үнді мұхиты арқылы жүзіп бармақшы болды. Христофор Колумб Христофор Колумб Генуяда дүниеге келген. Оның әкесі кедей тоқымашы болған.Теңіздің жағасында тұрғандықтан Х.Колумб бала кезінен бастап-ақ теңізде жүзуді әдетке айналдырған.Ол төрт тілді: өз тілі итальян,испан, португал,латын тілдерін білетін көзі ашық білімді адам болатын.Колумбтың бір жерде оқығаны немесе өз бетімен білім алғаны белгісіз.Өзінің бірінші экспедициясын ұйымдастырғанға дейінгі өмірбаяны күреңсіз,қызықсыз еді.Кейбір мұражай мәліметтеріне қарағанда,1476 жылы Колумб Чентурион сауда үйінің кірісін есептеуші ретінде сол кездегі ірі теңіз державасы болған Португалияға келіп алады. Үйленгеннен кейін ол сол мемлекетте ұзақ тұрып кеме жүргізудің қыр-сырын әбден үйреніпт алады.Ол кезде Европаның көптеген елдері « Үндістан » деген атпен аталатын Оңтүстік және Шығыс Азияға баратын теңіз жолын іздей бастаған.Бұл елдерден Европаға бұрыш,мускат,қалампыр,даршын, жібек маталар келетін.Испания Үндістанға теңіз жолымен бара алмайтын,себебі батысынан оны Португалия флоты жауып тұратын. XV ғасырда жердің шар тәріздігі көзі ашық,көңілі ояу білімділер үшін еш күмән келтірмеді.Олай болса Атлант мұхиты арқылы үнемі батысқа қарай жүзе берсе Үнді мұхитына өтіп, Шығыс Азия жағалауына жетуге болар еді.Азияға жететін бұл жол қанша қызықтырса да, испандықтардың бірде-біреуі бұндай бұндай қауіпті жолға басын тіге алмады.Испанияға келген теңізшіні олар Кростобаль Колон деп атады.Атлант мұхитын кесіп өту саяхатының жобасы Колумбының ойында ертеден пісіп жетілген болатын, бірақ португал королі қабыл алмағандықтан теңізші Кастилияға келеді.Христофор Колумб Испания королевасы Изабельді өз жобасымен екі рет қызықтырмақшы болғанымен ештеңе шығара алмайды.Колумб енді Испаниядан кетіп Францияға бармақшы ойы болады.Күтпеген жерден Испания королевасы оның жобасын қабылдап,азық-түлік,кемелер,адамдарды тауып беріп,табысқа жеткен жағдайда оль өзі ашқан жердің вице-королі болатынын айтып онымен келісім шартқа отырады. 1492 жылы 3 тамызда Балос қаласынан онша үлкен емес үш қала-Нинья,Пинта және Санта-Мария теңізге шығады.Кемеде көпшілігі сотталған, жазаға кесілген 90 матрос болды.Адамдар тұратын аралдан экспедицияның шыққанына 33 күн өтсе де ешқандай жер көрінбейді.Елірген команда наразылық көрсете бастайды.Оларды тыныштандыру үшін Колумб борт күнделігіне өздері жүріп өткен қашықтықты әдейі кемітіп жаза бастайды.12 қыркүйекте кемелер тропиктік өсімдіктермен көмкерілген аралға келіп жетеді ( бұл Багам аралдарының бірі еді).Олар Гаити, Куба және басқа да аралдарды ашады.Колумбының нанымы бойынша бұл Оңтүстік және Шығыс Азия жағалауындағы аралдардың бірі деп есептелді. «Үндістанға жеттім »- деген оймен Колумб жергілікті тұрғындарды «үндістер» деп атады. Өздері ашқан аралдардың біріне өз інісін басшы етіп біраз адамдарды қалдырып, Колумб Испанияға қайтады.Азияға жол ашқанын дәлелдеу мақсатында аралдан бірнеше тұрғындарды,құс қауырсындарын, европалықтарға белгісіз жемістерді ала кетеді.1493 жылы 15 наурызда Палас тұрғындары Колумбты ержүрек батыр ретінде қарсы алады.Колумбтың бірінші саяхаты осылай аяқталады.Христофор Колумб Королеваның салтанатты қабылдауында болып,дворян атағын,елтаңба,вице-король лауазымына ие болады. Көп кешікпей Колумб екінші,одан кейін үшінші жүзу саяхатына шығады.Ол Үндістанға дейін жетіп, Африканы оралып өтіп,дүниені айналып өту саяхатын армандағанымен Колумб бұл ойына жете алмады.1504 жылы қазанда бір жарым жыл теңізде жүзіп Испанияға қайтып оралады.Колумб 1506 жылы 20 мамырда Вальядолиде қайтыс болады.Оның қазасы өз замандастарына белгісіз өте шықты.Өз өмірінің соңына дейін Колумб Азия жағалауын ашып,зерттедім деген сенімде болды. -Колумбының еңбегі қандай еді? -Не себептен ол Азияға жол ашу үшін дәл осы бағытта жүзгісі келді? Ф.Магеллан Магеллан ( 1480-1521 ж.ж.) – алғаш рет дүние жүзін айналып өткен португал теңізшісі. XVI ғасырдың басында-ақ европа ғалымдарына Колумбының Азия жағалауын емес,бұрын мәлім болмаған, кейінірек Америка атын алған жаңа дүниені ашқаны белгілі болды.Испания әлемді айналып өту саяхатына шешім қабылдады.Оны Фернандо Магеллан басқарды.Ол 1480 жылы Саброде қаласы, теңізге шыға алмайтын португал провинциясында туған.1504 жылы Үндістанға баратын португал әскерінің отрядына өз еркімен жазылады. 1512 жылы Португалияға қайтып оралып, Үндістанға батыс бағытта жол ашпақ сенімде болғандықтан португал королінен көмек сұрайды,бірақ ол оны қуып жібереді.Содан кейін Магеллан Отанын тастап Испанияға жол тартады. Испания императоры Карл V бұл жобаға қатты қызығып, 1519 жылы бес кемеден тұратын флоттың капитаны етіп Магелланды тағайындайды. Испандықтар 23 қарашада Бразилияның Әулие Августа мүйісіне жетеді және оларды жергілікті адамдар жылы қарсы алады.1520 жылы наурызда флот 45◦ о.е. жетеді.Осы жерде үш кемеде ереуіл басталып, Магелланға бағынудан бас тартады.Түнде басбұзарлар Буэрто Сан-Хулиан айлағынан кетіп қалмақшы болады,бірақ нағыз шайқас басталып,нәтижесінде ереуілшілер толығымен жеңіледі.Қырық адам кісенге салынады.Тәртіп орнатқанмен алда әлі талай қиын жол күтіп тұр еді.Алға қарай шолушы ретінде жіберілген бір кеме апатқа ұшырайды. 11 қазанда флот мүйісті айналып өтіп жіңішке бұғазға кіреді.Тар бұғаздан өту өте ептілікті қажет етеді.Өте терең болғандықтан жәкір тастау мүмкіндігі болмайды.Жел қарсыдан соғып,түнде дауыл басталады.Түнде оңтүстікте жатқан жалаңаш құздар арасынан жергілікті адамдардың оттары көрінеді.Испандықтар бұл жерді «Отты Жер » атайды.Ақырында 18 қарашада үш кеме ашық мұхитқа шығады.Испандықтар мұхиттың тыныш кезінде шыққандықтан Магеллан бұл мұхитты «Тынық » деп атайды.Бірақ бұл мұхитпен жүзу испандықтар үшін өте ауыр болады, тамақ та, ауыз су да таусылады.Адамдар жеуге болатын барлық нәрсені, тіпті былғары қаптамаларды да пісіреді,егеуқұйрықтардан да жеркенбей жей бастайды. 16 наурызда саяхатшылар Самара ( Филиппин аралдары) аралына келіп жетеді.Жергілікті адамдармен саудаласады.Кеме Себу аралына тоқтағанда Магеллан мен оның командасындағы 40 адам өзара алауыздықтан туындаған соғысқа килікті.Шайқас кезінде Магеллан және 8 адам қаза тапты.Кемелерді Испанияға дейін Барбос және Эль-Кано капитандар бастап алып келді.Жер жүзін айналып өткен адам ретінде әділдік бойынша Эль-Каноны атауға болар еді, алайда Магелланның энергиясы, қайрат-жігеріне байланысты бұл саяхат ұйымдастырылғандықтан, оны барлығы бірінші деп таныды. Материктің ішкі бөліктерін зерттеуде – Н.Н. Пржевальскийді,П.П. Семенов-Тянь-Шанский,Ш.Уәлиханов жайлы мәліметтер беру қажет. Жаңа замандағы географиялық зерттеулерде оңтүстік жарты шардағы ашылған материктерге,мұхит түбінің зерттелуіне зымыран техникасының табыстарына көңіл бөлу қажет. IV.Бекіту - Материктер барлығы ашылып болғанымен, Жер құпиясы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Біз әлі Жердің ішінде қандай құпиялар бар екенін білмейміз.Климат бізге талай кереметтерін көрсетіп, адамзатты тығырыққа тірейді. - Ал адамзат Жер туралы не біледі,оны біздер география курсынан жыл бойы білетін боламыз. V.Үйге тапсырма§1. Қайталау, §2 оқу. Кескін картаға Х.Колумбының,Ф. Магелланның жолдарын әртүрлі бояу қарындаштармен түсіру.
Алматинский лицей.docx
Алматинский лицей «Білім­Инновация » для девочек Кенжебаева Жанна Онгарбековна учитель географии Сабақтың тақырыбы:     Жер туралы мәлімет қалай жинақталды?                                                  Қазіргі география құрылымы, географиялық білім                                               алу көздері. Сабақтың  мақсаты:                                               пішіні жөніндегі түсінігі уақыт мерзіміне сай                                                өзгеріп отырғанын және адамдардың табиғат                                                жайлы ілімінің қалай дамығанымен таныстыру. Оқушыларды адамзаттың Жердің табиғаты мен Жарты шарлар картасы,атлас,ежелгі кездегі География дегеніміз не? География ұғымын алғаш рет кім қалыптастырды? География қандай салаларға бөлінеді? Көрнекілік:                                                Жер туралы ұғымдар жайлы сызбалар,                                                «Ұлы саяхатшылар » фильмі.Электронды оқулық. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру II. Үй тапсырмасын сұрау.Өткенді қайталау. ­ ­ ­ Ауа райы күнделігін тексеру. III. Жаңа материалды оқыту ­Жер туралы қазіргі біздің білетінімізден ежелгі адамдардың елестетуі әлдеқайда  өзгеше болған және болашақтағы адамдардың ой­өрісі мен білімі де басқаша болуы  мүмкін. ­Әртүрлі кезеңде өмір сүрген адамдардың  Жер туралы ілімін   қарастырып көрелік: а) алғашқы қауымдық  құрылыстағы өмір сүрген адамдар ә) ежелгі цивилизация б) орта ғасырдағы өмір сүрген адамдар в) ғылыми­білім дамыған кезеңдегі өмір сүргендер г) жаңа заманда өмір сүрушілер. Электронды оқулықты қосып, барлық оқушылар бірнеше кезеңдегі жер туралы  мәліметтерді тыңдайды.Сонымен бірге оқушылар өз беттерімен дайындап келген  мәліметтерін айтып береді. Қосымша мәліметтер. Қауымдық қоғамдағы өмір сүрген адамдардың табиғатпен байланысы.      Адамзат өте ерте кезде қауымдық қоғамда өмір сүргенде өздері мекен еткен  жердің табиғатымен байланыста болуының  маңызы зор еді.Ежелгі адамдар тіршілік  тұрғыда биологиялық компоненттің бірін құрды.Материалдық құрал жеткіліксіздігіне байланысты адамдардың табиғатқа әсер ету мүмкіндігі  азаяды.Бірақ  уақыт өте келе адам белсендірек ықпал ете бастады. Оның ақылы,  алғырлығы,қабілеттілігі  арта түсті.Адамзат табиғатты өмір сүру үшін, тамақ табу,  орманда адаспас үшін, от жағу, жануарларды қолға үйрету т.с.с. мақсатында зерттей бастады.Біртіндеп табиғат жайлы білгені көбейе бастады. Бұл қызық. Бразилияның солтүстік шығысындағы кішігірім Сай­Рай­Мундо қаласының  жанындағы жартаста аң аулауды, тұрмыстық жағдайларды бейнелейтін көптеген   ежелгі бейнелеулер табылған. Осындай жартастағы бейнелеулер бар  әлемде 30 мың екен. ­Қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар  сол кезде Жердің пішіні туралы не білді?  ( Ештеңе, ол туралы тіпті ойлап та көрген жоқ). Ежелгі цивилизация ( мәдениет) әлемі      Бұл кезеңді географияның пайда болуының ең бастапқы есептелу мерзімі деп  атауға болар еді.  Осы кезеңде философия, астрономия, медицина, математика және мәдениеттің басқа да түрлері шықты.Жазудың пайда болуы ақпараттардың  сақталып және таратылуына мүмкіндік туғызды.Сол кезде әлемдік діндер де пайда  болды. Негізгі көлік жолдары орналасқан өзен бойларында қалалар пайда  болды.Әртүрлі алқаптан келген адамдар бір­бірімен кездесіп ақпараттармен  алмасып, білгендерін одан әрі молайтты. Әлем  адамдардың бұрынғы  елестетулерінен әлдеқайда үлкен екендігі белгілі бола бастады.        Бұл кезеңде теңізде жүзу басталды.( Қандай теңіздерде?) Адамдар жердің,  дүние бөлігінің пішіні жайлы ойлана бастады. Сондықтан Жер пішіні жайлы  алғашқы түсініктер пайда болды ( атластың бірінші бетіне талдау жасау).   Вавилон  тұрғындары жерді тау бейнесінде елестетті, таудың батыс беткейінде Вавилон бар  деп  есептеді.Үндістан тұрғындары жерді шардың жарты бөлігі ретінде, үлкен  тасбақаның үстінде тұрған піл көтеріп тұрғандай елестетті.Ежелгі гректер жердің  пішінін дөңгелек түрінде жан­жағын теңіздер қоршап тұрғандай сезінді.                        Орта ғасыр Техниканың дамуына және кеме жасауға байланысты адамдар тым алыстау  жерлерге саяхтқа шықты.Олар теңізден мұхитқа жүзіп шықты.Алғашқы кезде олар  мұхитқа кездейсоқ шықса,кейінірек біртіндеп олары ғылыми­экономикалық сипат   алды.  Адамдар жердің шар тәрізді екендігі жайлы айта бастады. ­ Жердің шар тәрізді екендігін адамдардың өз көзқарастарын өзгертіп айта  бастауына не әсер етті? ( интерактивті тақтаға жағалаудан жүзіп бара жатқан кеменің схемасы көрсетілуге  тиісті). Жағада тұрған адам кеменің жүзіп бара жатқанын қалай бақылайды? Жердің пішіні тегіс немесе шар тәрізді болса жүзіп бара жатқан кеменің  ­ ­ бейнесі өзгерер ме еді? Христофор Колумб Үндістан мен Қытайға жерді айналып өтіп Үнді мұхиты арқылы жүзіп бармақшы болды. Христофор Колумб        Христофор Колумб Генуяда дүниеге келген. Оның әкесі кедей тоқымашы  болған.Теңіздің жағасында тұрғандықтан Х.Колумб бала кезінен бастап­ақ теңізде  жүзуді әдетке айналдырған.Ол төрт тілді: өз тілі итальян,испан, португал,латын  тілдерін білетін көзі ашық білімді адам болатын.Колумбтың бір жерде оқығаны  немесе өз бетімен білім алғаны белгісіз.Өзінің бірінші экспедициясын  ұйымдастырғанға дейінгі өмірбаяны күреңсіз,қызықсыз еді.Кейбір мұражай  мәліметтеріне қарағанда,1476 жылы Колумб Чентурион сауда үйінің кірісін  есептеуші ретінде сол кездегі ірі  теңіз державасы болған Португалияға келіп алады.        Үйленгеннен кейін ол сол мемлекетте ұзақ тұрып кеме жүргізудің қыр­сырын  әбден үйреніпт алады.Ол кезде Европаның көптеген елдері  « Үндістан » деген атпен аталатын Оңтүстік және Шығыс Азияға баратын теңіз  жолын іздей бастаған.Бұл елдерден Европаға бұрыш,мускат,қалампыр,даршын,  жібек маталар келетін.Испания  Үндістанға теңіз жолымен  бара алмайтын,себебі  батысынан  оны Португалия флоты жауып тұратын.          XV ғасырда жердің шар тәріздігі көзі ашық,көңілі ояу білімділер үшін еш  күмән келтірмеді.Олай болса Атлант мұхиты арқылы үнемі батысқа қарай жүзе  берсе Үнді мұхитына өтіп, Шығыс Азия жағалауына жетуге болар еді.Азияға  жететін бұл жол қанша қызықтырса да, испандықтардың бірде­біреуі бұндай бұндай  қауіпті жолға басын тіге алмады.Испанияға келген теңізшіні олар Кростобаль Колон деп атады.Атлант мұхитын  кесіп өту   саяхатының жобасы Колумбының ойында  ертеден пісіп жетілген болатын, бірақ португал королі қабыл алмағандықтан теңізші Кастилияға келеді.Христофор Колумб Испания королевасы Изабельді өз  жобасымен екі рет қызықтырмақшы болғанымен ештеңе шығара алмайды.Колумб  енді Испаниядан кетіп Францияға бармақшы ойы болады.Күтпеген жерден Испания  королевасы оның жобасын қабылдап,азық­түлік,кемелер,адамдарды тауып  беріп,табысқа жеткен жағдайда оль өзі ашқан жердің вице­королі болатынын айтып  онымен келісім шартқа отырады.            1492 жылы 3 тамызда Балос қаласынан онша үлкен емес үш қала­ Нинья,Пинта және Санта­Мария теңізге шығады.Кемеде көпшілігі сотталған, жазаға кесілген 90 матрос болды.Адамдар тұратын аралдан экспедицияның шыққанына 33 күн өтсе де ешқандай жер көрінбейді.Елірген команда наразылық көрсете  бастайды.Оларды тыныштандыру үшін Колумб борт күнделігіне өздері жүріп өткен  қашықтықты әдейі кемітіп жаза бастайды.12 қыркүйекте кемелер тропиктік  өсімдіктермен көмкерілген аралға келіп жетеді ( бұл Багам аралдарының  бірі  еді).Олар Гаити, Куба және басқа да аралдарды ашады.Колумбының нанымы  бойынша бұл Оңтүстік және Шығыс Азия жағалауындағы аралдардың бірі деп  есептелді. «Үндістанға жеттім »­ деген оймен Колумб жергілікті тұрғындарды  «үндістер»  деп атады.  Өздері ашқан аралдардың біріне өз інісін басшы етіп  біраз  адамдарды қалдырып, Колумб Испанияға қайтады.Азияға жол ашқанын дәлелдеу  мақсатында аралдан бірнеше тұрғындарды,құс қауырсындарын, европалықтарға  белгісіз жемістерді ала кетеді.1493 жылы 15 наурызда Палас   тұрғындары  Колумбты ержүрек батыр ретінде қарсы алады.Колумбтың бірінші саяхаты осылай  аяқталады.Христофор Колумб Королеваның  салтанатты қабылдауында  болып,дворян атағын,елтаңба,вице­король лауазымына ие болады.   Көп кешікпей  Колумб екінші,одан кейін үшінші жүзу саяхатына шығады.Ол Үндістанға дейін  жетіп, Африканы оралып өтіп,дүниені айналып өту саяхатын армандағанымен  Колумб бұл ойына жете алмады.1504 жылы қазанда бір жарым жыл теңізде жүзіп  Испанияға қайтып оралады.Колумб 1506 жылы 20 мамырда Вальядолиде қайтыс  болады.Оның қазасы өз замандастарына белгісіз өте шықты.Өз өмірінің  соңына  дейін Колумб Азия жағалауын ашып,зерттедім деген сенімде болды. ­Колумбының еңбегі қандай еді? ­Не себептен ол Азияға жол ашу үшін дәл осы бағытта жүзгісі келді? Ф.Магеллан       Магеллан ( 1480­1521 ж.ж.) – алғаш рет дүние жүзін айналып  өткен португал  теңізшісі.   XVI ғасырдың басында­ақ европа ғалымдарына Колумбының Азия  жағалауын емес,бұрын мәлім болмаған, кейінірек Америка атын алған жаңа дүниені  ашқаны белгілі болды.Испания әлемді айналып өту саяхатына шешім  қабылдады.Оны Фернандо Магеллан басқарды.Ол 1480 жылы Саброде қаласы,  теңізге шыға алмайтын португал провинциясында туған.1504 жылы Үндістанға  баратын португал әскерінің отрядына өз еркімен жазылады. 1512 жылы  Португалияға қайтып оралып, Үндістанға батыс бағытта жол ашпақ сенімде  болғандықтан португал королінен көмек сұрайды,бірақ ол оны қуып жібереді.Содан кейін Магеллан Отанын тастап Испанияға жол тартады. Испания императоры Карл  V бұл жобаға қатты қызығып, 1519 жылы бес кемеден тұратын флоттың капитаны  етіп Магелланды тағайындайды.       Испандықтар 23 қарашада Бразилияның Әулие Августа мүйісіне жетеді және  оларды жергілікті адамдар жылы қарсы алады.1520 жылы наурызда флот 45  о.е.  жетеді.Осы жерде үш кемеде ереуіл басталып, Магелланға бағынудан бас  тартады.Түнде басбұзарлар Буэрто Сан­Хулиан айлағынан кетіп қалмақшы  болады,бірақ нағыз шайқас басталып,нәтижесінде ереуілшілер толығымен  жеңіледі.Қырық адам кісенге салынады.Тәртіп орнатқанмен алда әлі талай қиын    жол күтіп тұр еді.Алға қарай шолушы ретінде жіберілген бір кеме апатқа  ◦ ұшырайды.   11 қазанда флот мүйісті айналып өтіп жіңішке бұғазға кіреді.Тар  бұғаздан өту өте ептілікті қажет етеді.Өте терең болғандықтан жәкір тастау  мүмкіндігі болмайды.Жел қарсыдан  соғып,түнде дауыл басталады.Түнде  оңтүстікте жатқан жалаңаш құздар арасынан жергілікті адамдардың оттары  көрінеді.Испандықтар бұл жерді «Отты Жер » атайды.Ақырында 18 қарашада үш  кеме ашық мұхитқа шығады.Испандықтар мұхиттың тыныш кезінде шыққандықтан  Магеллан бұл мұхитты «Тынық » деп атайды.Бірақ бұл  мұхитпен жүзу  испандықтар үшін өте ауыр болады, тамақ та, ауыз су да таусылады.Адамдар жеуге  болатын барлық нәрсені, тіпті былғары қаптамаларды да пісіреді,егеуқұйрықтардан  да жеркенбей жей бастайды. 16 наурызда саяхатшылар Самара ( Филиппин  аралдары) аралына келіп жетеді.Жергілікті адамдармен саудаласады.Кеме Себу  аралына тоқтағанда Магеллан мен оның  командасындағы 40 адам өзара  алауыздықтан туындаған соғысқа килікті.Шайқас кезінде Магеллан және 8 адам  қаза тапты.Кемелерді Испанияға дейін Барбос және Эль­Кано капитандар бастап  алып келді.Жер жүзін айналып өткен адам ретінде әділдік бойынша Эль­Каноны  атауға болар еді, алайда Магелланның энергиясы, қайрат­жігеріне байланысты бұл  саяхат ұйымдастырылғандықтан, оны барлығы бірінші деп таныды. Материктің ішкі  бөліктерін зерттеуде – Н.Н. Пржевальскийді,П.П. Семенов­Тянь­ Шанский,Ш.Уәлиханов жайлы мәліметтер беру қажет.       Жаңа замандағы географиялық зерттеулерде оңтүстік жарты шардағы ашылған  материктерге,мұхит түбінің зерттелуіне зымыран техникасының табыстарына көңіл  бөлу қажет. Материктер барлығы ашылып болғанымен, Жер құпиясы әлі толық зерттеліп  IV.Бекіту ­ болған жоқ. Біз әлі Жердің ішінде қандай құпиялар бар екенін білмейміз.Климат  бізге талай кереметтерін көрсетіп, адамзатты  тығырыққа тірейді. ­ білетін боламыз. Ал адамзат Жер туралы не біледі,оны біздер география курсынан жыл бойы  V.Үйге тапсырма§1. Қайталау, §2 оқу. Кескін картаға Х.Колумбының,Ф.  Магелланның жолдарын әртүрлі бояу қарындаштармен түсіру.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.

Жер туралы мәлімет қалай жинақталды? Қазіргі география құрылымы, географиялық білім алу көздері.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2017