Жылу электр станцияларының түрлері
Бу қазанының жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылар мен механизмдердің құрамына кіреді: отындайындау құрылғылары; қоректік сорғылар , олар қазанға қоректік суды беріп отырады; үрлеу желдеткіштері, жану үшін қажетті ауаны береді; түтінсорғыштар, атмосфераға түтін мұржасы арқылы жану өнімдерін шығаруға арналады. Бу қазаны мен айтылған қондырғы кешені қазандық қондырғысын құрайды.
Бу турбиналық электр станциялары
Конденсациялық (КЭС) теплофикациялық (ЖЭО)
(тек электр энергиясын ғана өндіреді) (электр және жылу энергиясын өндіреді)
Қазан қондырғысының құрамына кіретіндері:
отын трактысы – қатты отынның берілуі, ұнтақталуы және үгетілуі, отынның жағылу үшін оттық камерасына тасымалдануы мен берілуі жүзеге асырылатын элементтердің кешені. Отын трактысына ұнтақтау қондырғысы, тасымалдағыштар, ұнтақталған отынның бункері, көмірүгеткіш диірмен және оны оттық камерасымен байланыстырушы тозаңқұбырлары жатады. Бункерлерге отынның ұнтағы конвейерлермен барады; диірменнен бастап болатын отын трактысындағы кедергілер желдеткіштерден пайда болатын ағынмен реттеледі;
субулық тракты - қызған бу, субулық қоспа және қоректік су жүретін тізбектей қосылған қондырғылардың элементтер жүйесі. Субулық трактысына келесі элементтер кіреді: экономайзер, оттық экрандары және буқыздырғыштар.
ауа трактысы – оттық камерасына атмосфералық (салқын) ауаның, оның қыздырылуы мен тасымалдануын жүзеге асыратын қондырғылар кешені. Ауа трактысына салқын ауа қорабы, ауақыздырғыш (ауақыздырғыштың ауа бөлігі), ыстық ауаның қорабы, жанарғы құрылғылары жатады.
газ трактысы - жану өнімдерінің атмосфераға шыққанға дейінгі қозғалысы жүзеге асырылатын элементтер кешені; ол оттық камерасында басталып, буқыздырғыш, экономайзер, ауақыздырғыш (оның газ бөлігі), күлтұтқыш арқылы өтіп, түтін мұржасымен аяқталады.
Ауа және газ трактылары өзара тізбекті қосылады. Осылай газауа трактысы пайда болады.
ЖЭС-те ОРЫНДАЛАТЫН ПРОЦЕСТЕР:
1)ЭЛЕКТРЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ;
2)ӨНДІРІСТІК БУД ӨНДІРУ;
3)ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ.
Әрбір ірі электрстанцияларының құрамы бір, яғни ішкі бөлімдері (цехтары).
Жалпы ЖЭС бірнеше цехтардан тұрады:
а) қазандық цехы;
б) турбина цехы;
в) отын-көлік цехы;
г) химиялық цех;
д) жөндеу-механикалық цехы;
е) ГЗУ цехы (жылуизоляция цехы).
Осы цехтарға толығырақ тоқталатын болсақ, онда
Қазандық цехы – бу өндіруге арналған, температура мен қысымды анықтауға арналған цех.
Турбина цехы – электрэнергиясын және өндірістік буды өндіруге, тұрғын үй мен кәсіпорын ғимараттарын жылумен қамтамасыз етуге арналған цех.
Отын-көлік цехы – отынды тасымалдау және дайындау жүзеге асырылатын цех.
Химиялық цех – қоректік суды дайындайтын цех.
Жөндеу- механикалық цехы – негізгі цехтарды запас (қор) бөлшектерімен қамтамасыз ететін, жөндеу мен бөлшектерді даярлау жұмыстары жүзеге асырылатын цех.
ГЗУ цехы – түтін мұржасы мен багерлік сорғылардың көмегімен станциядан тысқары алысқа күл мен газдарды тасымалдайтын цех.
Энергияны пайдалану
Электр энергиясын тұтыну – электрді және жылуды пайдалану уақытпен өзгеріп отырады (тәулік, апта, жыл). ЖЭС-тің электр жүктемесіне:
- тұтынушыларға энергияны шығаруы;
- тасылдау кезінде электр энергиясының шығыны;
- өзіндік қажеттілікке кеткен өзіндік шығын.
Уақыт бойынша ЖЭС жүктемесінің өзгерісін график түрінде көрсету жүктеме графигі деп аталады. Электр энергиясын негізгі тұтынатындар: өнеркәсіптік жарықтандыру және коммуналдық-тұрмыстық қондырғылар. Электр жүктемесінің тәуліктік графигі негізінен жыл маусымдарына, өндірістік кәсіпорындардың жұмыс ауысымына тәуелді болып келеді. Өнеркәсіптік жүктеменің графигі күндізгі уақытта максимал болады, себебі барлық кәсіпорындар жұмыс істейді. Жүктеменің жоғары көтерілуі таңертеңгі уақытта, түскі үзіліс уақытында байқалып, түнгі уақытта біршама азаяды. Қысқы тәуліктік жүктеме таңертең жұмысқа кетер алдында шамалы көтеріліп, максимал шегіне қараңғы мезгілде жетеді. Өндірістік жазғы жүктеме қысқыдан біршама төмен болып келеді. Себебі жазда қондырғыларды жөндеуге алып кететіндіктен. Нәтижесінде қысқы жүктеме 2 максимумға ие: таңертеңгі және кешкі. Ол өнеркәсіптік және жарықтандыру жүктемелерінің қосылуы арқылы анықталады. Сондықтан график екіөркешті деп аталады, ал қысқы график үшөркешті деп аталады.
Жылулықты пайдалану
ЖЭО-мен жылу энергиясы негізгі екі тұтынушыларға беріледі: өндірістік және коммуналдық. Өндірісте жылу энергиясы негізінен технологиялық процестер үшін қолданылады, жылуды қысымы 0,5-тен 1,5 МПа аралықта болатын аса қызған бумен шығарады. Минимал қыздырылу (25 0С) тұтынушыға будың сенімді түрде толығымен жеткенін қамтамасыз ету керек. Қаныққан буды жеткізу құбырларда гидравликалық соққының болуына әкелуі мүмкін.
Коммуналдық тұтынуға тұрмыстық қажеттіліктерге, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарды жылытуға және желдетуге кететін жылу шығынын кіргіземіз. Бұл тұтыну түрлерін қалалық жылу тораптары арқылы температурасы 1500С дейін баратын ыстық сумен қамтамасыз етеді. ЖЭО-ның жылулық жүктемесі жазда да қыста да өзгеріп отырады.
ЖЭС құрылымы
Қазіргі заманғы ЖЭС құрамы негізінен блоктық құрылымды болып келеді. Әрбір энергоблок құрамына қазандық пен турбинаның негізгі агрегаттары және оларға қажетті қосымша қондырғылар кіреді.
ЖЭС-тің блоктық сызбасы. ПК – бу қазаны (паровой котел); ПЕ – буқыздырғыш (пароперегреватель); ЧВД – жоғары қысымның бөлігі (часть высокого давления) ЧНД – төменгі қысымның бөлігі (часть низкого давления)
Блоктық құрылымының пайдаланылуы будың екіншілік аралық қыздырылуына байланысты. Және де қоректік судың құбырларының, буқұбырларының аз болуы үшін, негізгі және қосымша қондырғыны реттеу мен автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін қолайлы.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.