Аділжан Ілімбаевтін «Жаралы солдат" олендеріндегі термин создер
Оценка 4.9

Аділжан Ілімбаевтін «Жаралы солдат" олендеріндегі термин создер

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
чтение
8 кл
22.01.2018
Аділжан Ілімбаевтін «Жаралы солдат" олендеріндегі термин создер
Ғылыми жобаның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы. Шығармашылық іс «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз» бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің «Жаралы солдат» өлең жинағына талдау, термин сөздерді қолдану мақсатын ашу. Зерттеу жұмысының міндеттері: Жинаққа кірген өлеңдерді талдау арқылы патриоттық рухтағы сезімін ояту; Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау; Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру; Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз. Батыр жерлесімізді туған ұрпағына таныстырып оның өшпес рухын ұрпақ жүрегінде мәңгі сақтату. Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің «Жаралы солдат» атты өлеңін насихаттап, жастардың рух, жігерін көтеріп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз елін, жерін, тарихын, қоғам қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігін оятып, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.
ғылыми жоба.doc

«Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп» КММ

 

 

 

 

 

 

Жоба атауы: 
Әділжан Ілімбаевтің «Жаралы солдат" өлеңдеріндегі термин сөздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017- 2018 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

Авторы: Сұлтан Ескелді Жомартұлы,  8 «А» сыныбы 

 


Бағыты: «Туған жер» бағдарламасы. Шығармашылық іс «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз»


Секциясы: Қазақ әдебиеті 


Жетекшісі: Тутубаева Гульзира Султановна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Ғылыми жобаның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы. Шығармашылық іс «Менің қаламның, ауылымның тарихын жазамыз» бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің «Жаралы солдат» өлең жинағына талдау, термин сөздерді қолдану мақсатын ашу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Жинаққа кірген өлеңдерді талдау арқылы патриоттық рухтағы сезімін ояту; Қазіргі жастардың бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау; Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіру;

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің артына өшпес мол мұра қалдырғанын анық білеміз.  Батыр жерлесімізді туған ұрпағына таныстырып оның өшпес рухын ұрпақ жүрегінде мәңгі сақтату.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер біз Ұлы Отан соғысының ардагері, батыр жерлесіміз Әділжан Ілімбаевтің «Жаралы солдат» атты өлеңін насихаттап, жастардың рух, жігерін көтеріп, қазақ жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының өз елін, жерін, тарихын, қоғам қайраткерлеріне деген сүйіспеншілігін оятып, елінің үмітін ақтауға жетелеуге жол ашар едік.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен салыстыру арқылы өзіндік ой топшылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

                                                 Жоспары:

І. Кіріспе бөлім
         Туған жер түлегі
ІІ.
Негізгі бөлім:
         2.1 «Жаралы солдат» жинағындағы өлеңдері
         2.2 Жинақтағы өлең ерекшелігі және термин сөздер
ІІІ. Қорытынды
         «Өлмес мұра»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ілімбаев Әділжан 11 желтоқсан 1923 жылы Бартоғай ауылында дүниеге келген.

         Он жылдық мектепті үздік оқып бітіріп 1942 жылы өз еркімен Ұлы Отан соғысына аттанады. Сержанттар курсын бітірген соң, Сталинград түбіндегі Ұлы шайқасқа қатысады. Сталинград майданының даңқты, генерал М.С.Шумиловтың, 64- армия қатарында ПТР (противотанковое ружье) бөлімшесінің командирі ретінде неміс фашистерімен соғысады. Кейін Дон, Степной, 3-Украина майдандарының қатарында ПТР бөлімшесінің командирі, саперлар бөлімшесінің командирі болып алдыңғы шепте соғысқан. Харьков түбіндегі шайқаста сол көзінен ауыр жарақат алған.   

         Сталинград түбінен бастап Украина, Молдавия, Болгария, Венгрия, Румыния, Австрияны азат етуге қатысқан. Жеңіс күнін 1945 жылы Австрия жерінде қарсы алған. Ұлы Отан соғысынан 1946 жылы оралған.

         1948-1952 жж Шелек аудандық атқару комитетінің жетекшісі, сектор меңгерушісі, жауапты хатшы міндеттерін атқарған.

         1952ж Шелек аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалған.

         1953ж Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеттің филология факультетіне түсіп, Сталиндік стипендиямен оқиды.

1958ж оқуды үздік бітіріп шығады. Студент кезінде университеттің партком мүшесі, студенттер кеңесінің  төрағасы міндеттерін атқарады.

         1954ж тың игеруге қатысады.

         1958ж университетті бітірген соң Қаратұрық кешкі мектебінің директоры қызметіне тағайындалады.

1960ж Қаратұрық мектеп интернатының завучі, сол жылы директоры болып қызмет атқарады.

         1963- 1964 жж Шелек аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің жетекшісі болып жұмыс атқарады.

         1964- 1967 жж Шелек СПТУ-96 училище директоры болып қызмет істейді.

         1967- 1970 жж Қорам орта мектебінің директоры болады.

         1970- 1973 жж Қаратұрық сегізжылдық мектебінің директоры болады.

         1973-1967 жж Қаратұрық ауылындағы М.И.Калинин атындағы орта мектебінің завучі болады.

         1976- 1978 жж Қаратұрық кешкі мектебінің директоры болып қызмет атқарады.

         1978 жылы осы мектепті эксперименталді ауыл жұмысшыларының күндіз және сырттай оқитын орта мектебіне ауыстырып өмірінің соңына дейін осы мектептің директоры болып қызмет атқарған.

Огни Алатау, Коммунизм туғи, Еңбек туы газеттерінің корреспонденті болды.

Ұлы Отан соғысының 2- дәрежедегі соғыс мүгедегі Ілімбаев Әділжан бірнеше медаль, грамоталармен марапатталған.

         1945ж 9- сәуір Молдаван ССР жоғарғы кеңесі төралқасының құрмет грамотасымен марапатталған.

1958 жылдан өмірінің соңына дейін Достық ауылы Жауыншиев көшесінің №12 үйінде тұрды.

Әйелі Бүбіқыз екеуі 9 бала өсіріп, сонымен қатар мыңдаған шәкірттер тәрбиелеген.

         Қартайған әке- шешесінің жағдайын жасап, жас іні- қарындастарын азамат етіп тәрбиелеп, бауырларына үнемі көмектесіп, қамын ойлап жүрді. Ауылдастарына үлкен- кіші демей, мүмкіншілігі келгенше қол ұшын беріп, ақыл- кеңесімен көмектесіп отырды.

         Бүкіл халық сыйлайтын сыйлы кісі еді.
Ілімбаев Әділжан білім беру саласында, ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған, шәкірттерін өз баласындай тәрбиелеген, білім берген нағыз педагог еді.

         Бірнеше рет жергілікті, аудандық кеңестің депутаты, аудандық партия комитетінің мүшесі, бюро мүшесі, аудандық атқару комитетінің мүшесі болып сайланған. Бірнеше рет Қазақстан мұғалімдері съездерінің делегаты болып қатысқан.

         2002 жылы Достық ауылының тұрғындарының өтініші бойынша Еңбекшіқазақ аудандық аномастикалық- терминологиялық комиссиясының шешімімен жаңа көше Ілімбаев Әділжан атындағы көше деп аталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2002 жылы «Жаралы солдат» атты өлеңдер жинағы шықты.

         “Жаралы солдат” жинағында ақын өлеңдері белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келіп, өзіндік өрнек пен сөз жүйесін құраған.

Жинаққа кірген өлеңдерді 3 топқа бөлдім.

1. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған өлеңдері 7.

2. Туған- туыс, ата- ана, балаларына жазған арнау өлеңдері. Жинаққа кірген 25 өлеңі арнау үлгісінде жазылған. Олар өзінің ата- анасына, бауырларына, туған- туыстарына, Ұлы Отан соғысының батырларына арнап жазған.  (Әкеме, Анаға, Мұқаметқалиға, Жамалханға, Пітайға, т.б)

3. Соғыстан кейінгі жылдары жазған өлеңдері 16.

         “Жаралы солдат” жинағындағы шығармалар тізімі:


1.Әкеме
2. Әке махаббаты
3. Анаға

4. Әкемнің ескерткішіне

5. Анамның ескерткішіне

6. Пітайға (Бүбіқызға)

7. Ініме

8. Ақанға (1)

9. Ақанға (2)

10. Ахметжанға

11. Ахмедьярға

12. Ахмедьяр мен Ғалияға

13. Мұқаметқалиға

14. Мұқамедиярға

15. Жамалханға

16. Шарванға

17. Розаға

18. Болатқа (1)

19. Болатқа (2)

20. Шолпанға

21. Шымболатқа

22. Ақанға, Рақымға,

       Рәнға, Азметжанға

23. Намыс

24. Білім туралы

25. Менің ойым

26. Біздің өмір

27. Қуанам

28. Тұрсынға

29. Ауруханада

30. Туысқанға

31. 10Б класс оқушыларына

32. Оқыңдар

33. 8- март

34. 1- май

35. 1 май

36. Бақыттымыз

37. Тамаша

38. Алматы

39. Қызғалдақ

40. Көркем Асы!

41. Өмір

42. От емей ол не?

43. Көктем күні

44. Кешегі қайран өмірім

45. Балалар біздің болашақ

46. Ар- адам көркі

47. Жаралы солдат

48. Әділжанға (Молдабек  

      Саламатов)

 

 


Бұл жинақта “Ұлы Отан соғысы” тақырыбына 7 өлеңін арнаған


1.     Біздің өмір

2.     Тұрсынға

3.     1-май

4.     Алматы

5.     Қызғалдақ

6.     Жаралы солдат

7.     Әділжанға (Молдабек   Саламатов)


Өлең жолдары буын саны, тармағы, ырғағы мен мағынасы жағынан және үйлесімі жағынан өзіндік жеке жүйе құраған. Жалпы жинаққа кірген өлеңдер көбінесе

1.     Қара өлең ұйқасы- ааба

2.     Шұбыртпалы ұйқас- аббб

3.     Шалыс ұйқас- абаб түрінде жазылған.

Ардагер ақын айшықтаудың қайталау түрін жақсы қолдана білген. Өлең тармақтарында сөз тіркесінің жол басында қайталануы “анафора”, “аллитерация”, “ассонанс” тәсілін қолданған. Мысалы, “Алматы” өлеңінде “Алматы қаласы” тіркесі 48 рет қайталанған. “Біздің өмір” өлеңінде “Біздің өмір” тіркесі 16 рет қайталанған. Автор осы сөздерді қайталау арқылы сол сөздерге баса назар аударту мақсатында қайталағаны анықталды.


              Біздің өмір

Біздің өмір- көрікті, салтанатты,

Біздің өмір- бақытты балдан тәтті.

Біздің өмір- құлпырған қызғалдақтай,

Біздің өмір- қуантқан адамзатты.  

                     Алматы

Алматы- өскен елдің астанасы,

Алматы- Қазақстанның бас қаласы.

Алматы- оралған ол кең байлыққа,

Алматы- табыстардың бастамасы.


Сонымен бірге жинақта автор кірме сөздерді (орыс) право, класс, гармон, укол, матрас, Чкалов, Громов, полюс, крейсер, капитан, фашист, автомат, бинт, солдат сөздерін кіргізген.

Ардагер ақынның бұл жинағындағы өлең стиліне келсек, өзінше өзіндік стилі барлығы көрінді, автор көп өлеңін М.Мақатаев, Қ.Аманжолов стилінде жазғанын аңғардым.

“Жаралы солдат” Ә.Ілімбаевтың жинағы өз оқырмандарына берер тәрбиесі мен үйретері көп жинақ деп ойлаймын. 

Туған жеріміздің тарихын, өткен ұлы тұлғаларымызды келер ұрпаққа жеткізу, қастерлеп сақтай білу- біздің парыз деп түсінемін. Еліміз аман, ұрпағымыз білімді болсын.

 

 


Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп»

Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп»

Авторы: Сұлтан Ескелді Жомартұлы, 8 «А» сыныбы

Авторы: Сұлтан Ескелді Жомартұлы, 8 «А» сыныбы

Аннотация Ғылыми жобаның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы

Аннотация Ғылыми жобаның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы

Жоспары: І. Кіріспе бөлім

Жоспары: І. Кіріспе бөлім

Бартоғай ауылында дүниеге келген

Бартоғай ауылында дүниеге келген

М.И.Калинин атындағы орта мектебінің завучі болады

М.И.Калинин атындағы орта мектебінің завучі болады

Бірнеше рет Қазақстан мұғалімдері съездерінің делегаты болып қатысқан

Бірнеше рет Қазақстан мұғалімдері съездерінің делегаты болып қатысқан

Жаралы солдат» атты өлеңдер жинағы шықты

Жаралы солдат» атты өлеңдер жинағы шықты

Молдабек Саламатов)

Молдабек Саламатов)

Ардагер ақынның бұл жинағындағы өлең стиліне келсек, өзінше өзіндік стилі барлығы көрінді, автор көп өлеңін

Ардагер ақынның бұл жинағындағы өлең стиліне келсек, өзінше өзіндік стилі барлығы көрінді, автор көп өлеңін
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018