АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Оценка 5

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Оценка 5
Руководства для учителя
doc
география
7 кл
27.03.2017
АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақстанның ішкі мемлекеттік дамуда қол жеткізген нәтижелері, жоғары сыртқы саяси деңгейі оның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпқырлы қызметінің жемісі екендігін атап айтқан жөн.
Кошербаев СБ.doc
АЙМАҚТЫҚ­ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ      С.Б.Көшербаев,Ертіс ауданы,№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады»                     Н.Ә.Назарбаев  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан ­ 2050» стратегиясы  – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына  2012  жылғы Жолдауында: Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық  азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан алдындағы жалпы  жауапкершілігі.Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет  құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар  бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты  міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке  және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады.  Өз  бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық  патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның  игіліктеріне деген мақтаныш сезімдерін ұялатады делінген [1]. Қазақстандық патриотизм идеясының қамтылу керектігі даусыз іс. Ол –  білім берудегі мемлекеттік принцип. Көп ұлтты мемлекетімізде халықтар   арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуда мектептегі  патриоттық тәрбиенің қызметі аса маңызды. Оның өзі ұлт мектебінің басты  белгісі де. Мектептегі білім беру «ұлт» пен «ұлыс» өкілдерінің этностық  мәдениетін қамтып, оларды ортақ Отанының болашағың дамытуға үлес  қосатын азамат етіп тәрбиелеу – қазақстандық патриотизмнің басты  мазмұнын құрайды. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен  бейбітшілігін сақтауда Қазақстандық патриотизм арқылы жастардың  бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға үлкен мән беріліп  отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан  Республикасының Білім турады Заңында, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Білім бағдарламасында, «Адам құқықтарының жалпыға  бірдей декларациясында», Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру  Заңдарында, Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелеріндегі  тәрбие берудің кешенді бағдарламасында және үкіметтің қаулы­ қарарларында, педагогикалық ғылыми­зерттеу жұмыстарында және  күнделікті басылым беттеріндегі материалдардан айқын аңғарылады.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім»  бағдарламасында еліміздегі оқу­тәрбие жүйесін жетілдірумен байланысты  алға қойған негізгі мақсат – «Қазақстандық  азаматтық, ізгілік және жалпы  адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке  тұлға ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру» ­ көзделіп отыр  [2].Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8­бабында білім  беру жүйесінің басым міндеттері – «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны − Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік  рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға  және қоғамға қарсы кез­келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» – деп  айтылған [3].Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру – біздің  мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму бағыттары шеңберіндегі ұлттық  қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ең өзекті мәселелердің бірі. Патриоттық  тәрбие берудің рөлін арттыру, неғұрлым маңызды құралдарына өлкетану,  яғни туған өлкенің табиғатын, халқы мен шаруашылығын, оның өткені мен  бүгінін жергілікті қоғамдастық өмірін жақсарту мақсатында зерделеу  болып табылады. Оқушыларға өзінің туған өлкесі туралы туралы толық,  терең мазмұнды білім беруді талап ететін, олардың туған жеріне және  табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін, сондай­ақ өз халқының әдет­ ғұрпына деген құрметін қамтитын аймақтық­өлкетану ұстанымында өз  бейнесін табады.Мектептегі оқу­тәрбие үдерісінде оқушыларға патриоттық  тәрбие беруді қалыптастырудағы аймақтық­өлкетану мәліметтерін  пайдаланудың рөлін арттыру, аймақтық базалық білім берумен  байланыстыру, педагогикалық шарттарын айқындау, аймақтық­өлкетануға  тән ерекшеліктерді анықтау біздің зерттеуіміздің негізі болып табылады [4]. Оқушыларды өлкетану арқылы патриотизмге тәрбиелеуде мектеп  әрқашанда жоғары рөл атқарады. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда,  «төрт түрлі құрмет: Отанға құрмет, адамға құрмет, кітапқа және туған  тілге құрмет салтанат құрғанда ғана мектеп мәдениеттің нағыз ошағына  айналады»[5]. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы  қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер,  ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие  үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту,  ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін  қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге  асырылады.Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ  Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.Қазақстандық  патриотизм – көп ұлтты Қазақстан халқының өзін­өзі  тануының күрделі  жолы. Өзін ­ өзі тану ­ өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы  адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы  – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін  қалыптастыру.Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден­бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»­ дейді.Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді  оқыту қажет. Білім қоғамды әлеуметтік­мәдени, ғылыми үрдіспен  қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Тек білім ғана қоғамды алға жетелеп,  болашағымызды  жарқын етеді. Кез келген елдің  өсіп­өркендеуі, әлем  елдері  арасында  өзіндік орнын  алуы оның ұлттық білім жүйесінің  деңгейіне, даму  бағытына байланысты.  Еліміздегі білім беру жүйесін  әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік­байланыста  интеграциялау қажеттілігі уақыт талабына айналды. Жаһандану үдерісі,  дамыған елдердің үздік үлгісін бақылап­зерделеп, ұлттық   ерекшеліктерімізге сай  ұтымды, тиімды жақтарын тәжірибеге еңгізу білім  кеңістігін дамытудың бір жолы саналады. .  Заманауи әлемде елдің әлеуеті  бірінші біліммен, қабілетімен өлшенеді.  Алған білімін өмірде қолдану,  қажетіне жарата білу, тәрбиелі де саналы жастар тәрбиелеу—мұғалімдер  қауымының міндеті болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық сатыға көтерілді.  Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи  құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қазақстан­2050» Стратегиясы.  Жолдауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясатын  паш етті, бүкіл қазақстандық бірегейлікті халқымыздың тарихи санасының  өзегіне айналдыруды жаңа патриотизмнің алғышарты ретінде айрықша атап  өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын  жалғастыруымыз керек» ­ деген болатын.  Қазақ тарихын зерттеуші ғалым  Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің  патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды,  туған­туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл­аймақ, ел жұртымды,  руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін», ­ деген еді.    «Патриотизм, ­ дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, ­ Отанға,  мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман­саулығы, қоғамдық,  мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің  мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз –  мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен  бүгінгі күні және болашағымен қарым­қатынасын білдіреді». Мектеп  оқушыларын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ұстаздар алдына үлкен  міндеттер жүктейді. Тарих сабағында өлкетану материалдарын халықтық  педагогика қағидаларын ұстана отырып, оқушыларды өз елі мен жерін  сүюге баулу жүзеге асады.Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи  санасының қалыптасуы мен патриоттық сана­сезімі анағұрлым арта түсер  еді. Себебі, «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген  жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, мектептерде  «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негізін қалайды. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған  материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ  барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан  өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек. Өңірлерде өлке тарихы  жазылған дайын оқу әдебиеттерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану»  сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен  шығармашылығына негізделеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен  өмірі мен бүгінгі тіршілігін Өлкетану пәні арқылы оқытып үйрету жеке  тұлғаның дамуына септігін тигізіп Қазақстандық патриотизмді  қалыптастырады.Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін  көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен  бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматтық пен  ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның  дамуына септігін тигізеді. Туған жерге деген құрмет отаншылдықтың негізі  болып табылады. Сондықтан да өлке тарихынан мәліметтер беру және  өлкетануды оқыту әдістемесіне енгізу арқылы жастарымызды  отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей аламыз. Өйткені, өз Отанын шын сүйген, өз елінің нағыз патриоты болған ұрпақтан жақсы нәтиже күтуге  болады. Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша орта буын оқушыларына  арналған факультативтік курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. «Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы: 1. 2. 3. арттыру; «Өлкетану» курсының мақсаты: Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту арқылы  Отан тарихын оқып үйрену; Оқушыларда туған өлкеге деген қадір­құрметті оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті  қалыптастыру;  «Өлкетану» курсының міндеттері: ­оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру ­оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру ­өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу ­практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті  қалыптастыру  және дамыту; Атқарылатын жұмыс түрлері: 1. 2. 3. 4. Ертіс ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу Тарихи­өлкетану қоғамын құру Тарихи­өлкетану  саяхаттарын ұйымдастыру Тарихи­өлкетану ескерткіштерді зерттеу Мектепте тарихи­өлкетану жұмысын жүргізу; Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру; Оқушыны өзіндік іс­әрекет жасауға үйрету, оның рухани дүниесін Тарихи­өлкетану материалдарын жинақтау, талдау, баспа беттеріне  Тарихи­өлкетану тақырыбына конференция, пікір­сайыс, талқылаулар Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет­ғұрпын құрметтейтін  Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады,  Кездесулер, тарихи кештер өткізу, өлкетану жұмыстарын насихаттау. Кітапша жинақтар шығару, стендтер дайындау 5. жариялау 6. ұйымдастыру.  7.  9. Күтілетін нәтиже: 1. тұлға тәрбиеленеді. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір­құрметін оята отырып, сол  2. арқылы туып­өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады. 3. 4. олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды. 5. «Өлкетану» курсының қысқаша мазмұны:Өлкетану  курсының мақсат­ міндеттерімен танысу.  Отантану өлкетанудан басталады. «Менің Отаным­ Қазақстан» Оқушылар туып­өскен жері туралы не білетіндері  жайлы ой толғау  жасайды.  Туған жерін бейнелейтін суреттер салып  жеке жұмыстар  атқарады. «Менің әулетімнің тарихы» Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан – отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып,  отбасы тарихын жазу. «Тарихыңды таны –тұлғаңды құрметте» Ауыл тарихы. Ауыл тарихы,  географиясы, топонимикасы туралы материалдар жинақтау, талдау,  мұражайға экскурсия ұйымдастыру. «Шежірелер сыр шерткенде». Оқушыларды ата­тегін білуге баулу. Өлке  шежіресінің маңызын білу.Ауыл, елді мекендер тарихының дамуы туралы  материалдармен танысу. Орталық кітапханаға саяхат жасау.  «Дәстүрді білеміз бе?» Жергілікті жердің салт­дәстүрі, оның маңызы.  Ұлттық ойындар жайында материалдар жинақтау. «Ауылым­алтын бесігім»  Ауыл тарихымен танысу.  Жер­су атауларын  анықтап, сұрастыру. Жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу.Өлкеміздегі  жер­су аттарының ерекшелігі, әрбір тарихи кезеңдегі жер­су аттарының  өзгеруі. Ауылдың картасын құрастырып, жер­су аттарын анықтап, картаға  түсіру.Тарихи орындарымен танысу. «Атақты тұлғалар» Өлкеден шыққан атақты тұлғалар, олардың еңбектері,  Қазақстан тарихындағы орны туралы материалдармен танысу, қосымша  материалдар жинақтау. «Ауданның тарихи –мәдени ескерткіштері»  Аудандағы тарихи орындар,  ескерткіштер, олардың тарихы туралы материал жинақтау «Аудан кеңестер кезінде» Өлкеде Кеңес өкіметінің орнатылуы. Кеңестер  саясаты, сол жылдардағы әлеуметтік, экономикалық жағдай туралы  материалдармен танысу «ҰОС жылдарында біздің өлке» Соғыс жылдарындағы  ахуал, соғысқа  қатысқан жерлестеріміз, олардың ерлігі туралы материалдар жинақтау; Соғыс ардагерлерімен кездесу.Соғыс ардагерлері, ауылдағы тың және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру. «Асыл мұра» «Ата мұрасы асыл қазынамыз».Ұлттық бұйымдардан  көрмелер ұйымдастыру. Этнографик мәліметтер жинақтау. Жарыстар  ұйымдастыру. «1986 жылғы  желтоқсан оқиғасы». 1986жыл желтоқсан көтерілісі  егемендік бастауы екендігін түсіндіре отырып, оның тірі куәгерлерімен  кездесу өткізу.  «Ғылым мен білімнің дамуы»  Өлкемізде ғылым мен білімнің даму тарихын  зерделеу. Алғашқы мектеп ашқан, білім беру, ғылым салаларындағы  жерлестеріміздің еңбектерімен танысу. Қазіргі таңдағы Қазақстан  ғылымында еңбектеніп жүрген ғылым мен білім саласына   қосқан үлестері  туралы оқып үйрену.  «Мектеп тарихы»   Алтын ұя­мектебім тарихымен, оның тәлім­ тәрбие  берудегі жұмыстары, үздік ұстаздары, түлектері туралы материал  жинақтау, альбом жасау.  «Ауданымыздың бүгінгі келбеті» ;«Менің туған жерім» тақырыбына  шығармашылық жұмыс орындау  (альбом, буклеттер, таныстырылым,  видеоматериал).Қорыта айтқанда, қазақстандық патриотизм ­ бүкіл  қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт ­  дәстүр, ортақ  тіл, рухы бір халықпыз. Отан – от басынан басталады десек,  туған облысымыздың,ауданымыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы  оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білудің мәні зор.  Өлкетану пәні  небір тамаша фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және тарихи  қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі  олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы  азамат болып қалыптасуына үлес қосады. Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның  жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік  мақтаныш сезімінің өркені ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Пайдаланылған әдебиеттер:  1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2012 ж.         2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы. Астана.       3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана 2007 ж.             4.  Қазақстан тарихы.  9­томдық еңбек 5. М.Жаманбалинов . Ертіс ауданының тарихы.                                                                                                                               Кештер,  конференциялар  ұйымдастыру Кіріктірілген  сабақтар  ұйымдастыру АКТ­ дан тиімді  пайдалану өл Өлкетануды  оқытудағы  инновацион әдіс­ тәсілдер Атаулы күндерді  атап өту Экскурсия,  зерттеу  сабақтарын  ұйымдастыру Оқу мен оқытудағы  жаңа тәсілдерді  қолданып  шығармашылық  ізденуге баулу Өлкетану бағыты  бойынша білім   сайыстарын ұйымдастыру Туған өлкенің тарихын зерттеу Отбасы  тарихы Әулет  тарихы Өлке  тарихы Білімділік Жиналған материалды  пайдаланып Отан тарихын  оқытудың 3 міндетін атқару Тәрбиелік Дамыту­ шылық Өлкетануды оқытудың бағыттары Арнайы топтар  Жергілікті жердің,  (үйірме,  бірлестіктер құру туған өлкенің  тарихын зерттеу Өлке табиғаты,  географиялық орнын  зерттеу,ежелгі жер­су  атауларын іздестіріу Жергілікті жердегі   қасиетті орындар  тарихын оқып үйрену,  тіркеуге алу Өлкетануды  оқытудың  бағыттары Топтардың жұмыс  жоспарын, саяхат  бағыттарын белгілеу Өлкедегі тарихи­ этнографиялық  ескерткіштерге  туристік  жорықтар  жасау Халық тарихы туралы  шежірелер, қолжазбалар,  кітаптар,экспонаттар  жинау Саяхаттар нәтижесін  талқылау, есеп беру Аудан мұражайымен  тығыз байланыс  орнату Атқарылған жұмыс  нәтижелерін  талқылау,қорытындысын  шығару

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

АЙМАҚТЫҚ-ӨЛКЕТАНУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.03.2017