Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)
Оценка 5

Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)

Оценка 5
Разработки уроков
docx
чтение
2 кл
04.05.2017
Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)
Мақсаты: Өлеңнің мазмұны бойынша Қабанбай батырдың өмірі туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекіліктер: Қабанбай батырдың суреті, .Қабанбай батыр туралы бейне рольик, слайд Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа деген дайындығын дайындықтарын тексеру. Қызығушылықты ояту кезеңі: бейне ролик АКТ пайдаланам (2мин) Топқа бөлу. (1мин) Ортаға төрт адам шығады . Олар өз алдына тағы төрт адамды алып шығады. -төрт адам өзінің ішкі жан сырын бөлісетін тапсырманы бірігіп орындайтын адам. -Бұл төрт адам алдына тағы төрт адам алып шығады . Ол адамдарға туған күнге кімді шақырасыңдар? 4 - Экскуртсияға шығарда кіммен бірге шығасыңдар ? 4 адам Бос уақытыңда кіммен бірге сабаққа бірге дайындаласыңдар? 4
№4.docx
Сыныбы: 2 сынып     Пәні: Әдебиеттік оқу    Тақырыбы: Бала Қабанбай Мақсаты:             Өлеңнің мазмұны бойынша Қабанбай батырдың өмірі  туралы түсініктерін  кеңейту. Көрнекіліктер:  Қабанбай батырдың суреті, .Қабанбай батыр туралы бейне рольик,  слайд                                                                        Сабақтың барысы Ұйымдастыру  кезеңі: Оқушылардың  сабаққа деген  дайындығын  дайындықтарын   тексеру.  Қызығушылықты ояту кезеңі:  бейне ролик  АКТ пайдаланам                (2мин) Топқа бөлу.   (1мин) Ортаға төрт адам шығады .  Олар өз алдына тағы төрт адамды  алып  шығады. ­төрт адам  өзінің  ішкі жан сырын бөлісетін  тапсырманы бірігіп орындайтын адам. ­Бұл төрт адам алдына тағы төрт адам алып шығады . Ол адамдарға  туған күнге кімді   шақырасыңдар? 4       ­ Экскуртсияға  шығарда кіммен бірге шығасыңдар ?  4 адам      Бос уақытыңда кіммен бірге сабаққа бірге дайындаласыңдар? 4  Өткен сабақты қайталау. Автор орындығына отырып Абылайдың өмірі  туралы және  оқулықта берілген өлеңін жатқа айту.   1. Абылай хан кім болған? ( Қазақтың ханы болған). 2. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр). 3. Абылай хан қай жылы дүниеге келген? (1711 жылы). 4. Абылай ханның әкесінің аты кім? Қай жерде билеуші болды? ( Уәли, Түркістанды  билеген). 5. Абылай хан кімдермен шайқасқан? (Жоңғарлармен, қалмақтармен). 6. Абылай кімдердің ақылына жүгінген? (Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ақылына  жүгінген). ( 5мин) Жаңа сабақ. Қабанбай батыр   Топтастыру әдісін қолдана отырып  Бала Қабанбай туралы қысқаша мәлімет бермес  бұрын оқушылардың өздерінің не білетіндерін анықтап аламыз. Кейін толықтырып  қосымша мәліметтер беремін.  Қаракерей  Қабанбай – батыр, талантты  қолбасшы .  Азан шақырып қойылған есімі­ Ерасыл. Ол  1692 жылы  Қазіргі Шығыс  қазақстан облысың Үржар ауданындағы Барлық тауының бауырында өмірге келіп,  1770 сонда дүние салған. Жеті жасында әкесі Қожағұл қаза тапса, он алты жасында ағасы  Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын  барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін зайсандағы  керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға  шапқан қабандарды жайратып  Қабан батыр атанды.                      (7 мин) Мәтінді оқушыларға бөліп беремін.. Кейін жұпта, топта талқылау Әр топтарға  мәтіннің желісін қағаз бетіне сурет түрінде түсіруді ұсынамын. Мәтін  мазмұнын баяндағанда бұл суреттерді  пайдалануға болады.                  ( 7мин) Мәтінді әр топ жеке –жеке оқиды өзара түсінгендерін бір­біріне айтады.Ортаға шығып  топ басшысы қорғайды егерде білмей мүдіріп жатса топтағы оқушылар бір­біріне  көмек жасайды.            (5 мин) Миға шабуыл   Өз достарыңның мінез құлқынан жағымды қасиеттерді , батырға  ұқсастықты ізде.                                Оның басқа балалардан қандай ерекшелігі байқалған? Дәптер мен жұмыс. Өзің білетін қазақ халқының  батырларын топтастырып  жаз.                  (3мин)    Қабанбай батыр туралы бейне ролик .Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына  қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай болған.     Еліне жау шапқанда жерін елін қорғап  қалған.                (7 мин) Деңгейлік тапсырмалар: А оқушы   Ерасылды халық тағы қалай атапты ? Оның туған жері туралы не білдің?   В оқушы    Бала Қабанбайдың балалық шағы қандай болуы мүмкін ? С оқушы    Жырдың соңғы шумағын оқып, мағынасын түсіндір.   ( 6мин) Қорытындылау. Бағдаршамды  алсам болама?  (1 мин) Бағалау. Өзін­ өзі бағалау.  (  1мин)

Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)

Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)

Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)

Ана тiлi панiн сабак жоспары "Бала Кабанбай" (2 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017