Қазақ тілі 5 сынып
Тақырыбы: Атақты спортшылар.
Мақсаты: Білімділік: Қазақстан спортшылары туралы ақпараттарды тыңдау арқылы
коммуникативтік сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, спорттың адам өміріндегі
рөлі оның денсаулыққа пайдасы туралы мәтінді оқу, аудару, етістік шақтарын
қайталап, практикалық жолмен бекіту.
Дамытушылық: ойөрісін кеңейтіп, сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту
тақырып бойынша спорттың түрлері мен спортшылар туралы пікір алысуға
дағдыландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, денсаулықты сақтауға,
спортпен айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ел мерейін
өсіретін азаматтардан үлгі алуға, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдісі, түрі: пысықтау сабағы, топтық жұмыс, жеке дара жұмыс, аударма, диалог,
шығармашылық, Венн диаграммасы, ойын.
Көрнектілік: интерактивті тақта, таблица, слайд,дидактикалық материалдар..
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу, сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру.
2. Психологиялық тренинг.
Оқушыларға тәтті кәмпиттер таратылады. Бірбіріне жақсы тілектер айтып, кәмпитті
жанындағы сыныптасына сыйлайды. Кәмпиттердің түріне байланысты оқушылар үш топқа
бөлінеді.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
1.Қазақстанның атақты спортшылары туралы оқушылар қысқаша мәлімет береді (слайдтар).
2. Ереже бойынша сұрақтар қою:
А) Ұлттық ойындарды ата.
Ә) Оның түрлерін ата, біреуінің ойнау шартын түсіндір.
Б) Етістік деген не? Қандай сұрақтары бар?
В) Келер шақ етістігі қалай жасалады?
Г) Етістіктің осы шағының дара түрі мен күрделі түрі туралы айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі: Қазіргі кезде Қазақстан әлем елдерінің арасында саяси ұстанымымен ғана
емес, сонымен қатар спорт түрлерінен де көп елдерге танымал болып отыр. Спорт
Қазақстанда жақсы дамып келе жатқанын кешегі өткен 7ші Қысқы ойындар, Азиада 2011
олимпиадсы куә. Бұл олимпиадаға 44 елдің спортшылары қатысты. Қазақстан
спортшылары бұл олимаиадада 32 алтын медаль, 21 күміс, 17 қола медаль жеңіп алды.
Яғни салауатты өмір салтын насихаттау біздің елімізде жақсы жолға қойылған. Сол
себепті де Елбасымыз өзінің Жолдауында да сол туралы айтып жүр. Спортпен айналысу
өзіміздің мектепте де жақсы нәтиже беріп жүр. Көптеген оқушылар аудандық, облыстық
жарыстарға қатысып, спорт шебері атағын алды. Біз осы тақырыпты әрмен қарай
жалғастырамыз. Қазір сендерге мәтін жазылған парақтар таратамын.
Топтық жұмыс. «Аквариум» әдісін пайдаланамыз. Яғни І топ ортаға шығып, мәтінді
«Тізбектеу әдісі» бойынша дауыстап оқиды, аударады, әр сөйлемге сұрақ қояды.
Қалған екі команда оларды тыңдап, толықтырады, қатесін түзейді. Мәтін: «Спорт денсаулық кепілі».
Спортпен айналысу денсаулыққа өте пайдалы. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда
спорттың маңызы зор. Қазақ халқында «Тәні саудың – жаны сау» деген мақал бар. Қазір
спорт түрлері көп. Олар: коньки тебу, шаңғы тебу, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, дзюдо,
велоспорт, футбол, волейбол, баскетбол, суда жүзу, шахмат, күрес, тоғызқұмалақ, бокс,
хоккей, т. б. . Әр адам денсаулығын сақтау үшін спортпен шұғылдануы керек. Және де өзіне
ұнаған спорт түрімен айналыса алады. Денсаулығың мықты, әрі шымыр болғың келсе,
спортпен айналыс.
Жаңа сөздер: Кепілі – залог.
Салауатты өмір салты – здоровый образ жизни.
Қалыптастыру – формировать.
Шұғылдану – заниматься.
Суда жүзу – плавание
Мықты , шымыр – крепкий, сильный.
ІV. Сабақты бекіту.
1.Тапсырма. Әр топ бір сөйлем арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
«Қарлы кесек» ойыны. Сол сөйлемді қағазға жазып, келесі топқа береді, яғни топтар өз
сөйлемдерімен алмасады. Топтар берілген сөйлемдерге сұрақ қоюлары керек. Сөйлемдерде
қате болса, оны түзейді. Әр топ сөйлемдерін оқып, дұрыс, бұрыстығын анықтайды.
2.Б:116. 1тапсырма. Тақтада үш оқушы жұмыс істейді. 9 етістікті үшүштен бөліп, жіктік
жалғауын, оның жағын анықтау керек (ауызша түсіндіру).
І топ ойна+й+сың+дар, оқу+шы+сың, ой+ын+дар+ымыз.
ІІ топ – бала+мын, тұр+а+мын, кел+е+мін.
ІІІ топ – қалып+тас+у+ым, жалғау+лар+дың, кеш+іг+е+мін.
V. Қорытынды.
1.Б:117. 3тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беру (ауызша).
2. Венн диаграммасын құру:
Ұлттық ойындар Спорт ойындары
3.Ұлттық ойын ойнау. «Жаңылма» ойыны.
Бір оқушы өлең айтып тұрып, әр түрлі қимылдар жасайды. Қалғандары қайталайды. Кім
қателессе, сол жеңіледі.
VІ. Үйге тапсырма.
Ереже, модуль бойынша қайталау, б: 116. ІІ деңгей.
VІІ. Бағалау.
Ашық сабақ "Атақты спортшылар"
Ашық сабақ "Атақты спортшылар"
Ашық сабақ "Атақты спортшылар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.