Асыл сөзді іздесең
Оценка 4.9

Асыл сөзді іздесең

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
чтение
10 кл
04.03.2020
Асыл сөзді іздесең
10.1.4.1 – көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
Ашық сабақ Асыл сөзді іздесең .docx

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

САБАҚ:2

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асыл сөзді іздесең...

Оқу мақсаттары

10.1.4.1 – көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық  жұмыстарда қолдану;

10.2.4.1.-көркем шығармада көтерілген мәселелерге  талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және тақырыптық шығарма)жазу.

Сабақтың мақсаттары

Шығармашылығын қазіргі заманауи дүниетаныммен, эстетикалық талап –талғаммен байланыста қарастыра отырып, білік дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық  жұмыстарда қолдана алады,;

көркем шығармада көтерілген мәселелерге  талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және тақырыптық шығарма)жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

ПОПС әдісі

«........... өлеңi .......... айтуға/баяндауға/дәлелдеуге тырысады»

 (тақырып, хабарлама және т.б.)

«Бұл............ жабдықталған» (мәтiннен дәлелдер)

«Қолданылған әдеби құралдар.........» (мысалы, аллитерация)

«Өйткенi............» (Бұл тәсiл нелiктен қолданылғанын сипаттайды)

Осыған дейін меңгерілген білім

 Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Бағалау түрлері.

Әдіс-тәсілдері

Сабақтың басы

 

 

 

 

 

8 минут

 

Ұйымдастыру

Сабаққа назарларын аудару

АКТ бойынша видео көрсетілім жасап сабақтың тақырыбын болжау

С.Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең» өлеңін тыңдату

1)      Өлең кімге арналған ?

2)      Сабағымыз қандай тақырыпта болмақ?

3)      Сабақтан не күтеміз?

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

«Лирикалық мозайка» әдісі

Алгоритм:

-өлең жолдарындағы әр сөз қиып қойылады;

- сөздердің жалғасын тауып оқушылар топқа бөлінеді.

1)Ғылым таппай мақтанба,

   Орын таппай баптанба.

2) Алыстан сермеп,

   Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған.

4)      Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар.

 

Қызығушылығын ояту

 Оқушыларға тапсырма:

«6 қадам» стратегиясы

стратегиясы арқылы автор өмір сүрген заман көрінісіне үңіліңіздер.

(Сұрақтар мен жауаптар тығырыққа тірелмей, 6 қадам арқылы заманға сипаттама беріп, автор шығармаларының тарихи маңызы талқыланады)

-         Абай өмір сүрген ғасыр

-         қазақ елі бұл кезеңде қай империяның отары еді?

-         Орыс ұлтының ішінде Абайдың достары болды ма? Кімдер

-         Абайдың шыққан тегі туралы не білесің?

-         Абайдың шәкірттері бар ма? Есімдерін ата.

-         Абайдың білім алған оқу орындары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Лирикалық мозайка»

 

Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«6 қадам»

стратегиясы

2 минут

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін белгілеу.Абай суретін көрсету

            Мына тұрған Абайдың суреті ме?

            Айналған өлең- жырдың құдыретіне

                                                              (Жамбыл)

            Асыл сөзді іздесең,

           Абайды оқы,ерінбе.

                                                           (С.Торайғыров)

 

 

Эпиграф

Сабақтың ортасы

 

2 минут

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 минут

 

Мағынаны тану

3 топқа Абайдың 3 шығармасы таратылады. Оқушылар шығармамен танысып, оның тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды.

1-топ «Сегіз аяқ»

2-топ «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

3-топ «Лай суға май бітпес қой өткенде»

 

1 -тапсырма.

ПОПС формуласын қолданып, шығармадағы көркемдік бейнелеуіш құралдар автордың мазмұн-мақсатын ашуға қандай үлес қосып тұрғанын анықтаңыз.

«........... өлеңi .......... айтуға/баяндауға/дәлелдеуге тырысады»

 (тақырып, хабарлама және т.б.)

«Бұл............ жабдықталған» (мәтiннен дәлелдер)

«Қолданылған әдеби құралдар.........» (мысалы, аллитерация)

«Өйткенi............» (Бұл тәсiл нелiктен қолданылғанын сипаттайды)

 

(дифференциация үшін мұғалім таратпа материалда шығармадағы көркемдегіш құралдарды алдын ала қоюмен ерекшелеуіне болады)

 

2 -тапсырма

«Конверт сұрақ»

Әр топбасшылары «Ақыл», «Жүрек», «Қайрат» сөздері жасырылған конвертті таңдап алады. Алынған сөздерді қорғауы тиіс. «Он жетінші» , «Отыз екінші » қарасөздеріндегі  Ақыл, Жүрек, Қайрат ұғымдарына қазіргі заман көзқарасымен баға беру

Проблемалық сұрақ:ХХІ ғасыр жастарының бойында ақыл, жүрек, қайрат қасиеттері қандай деңгейде болу керек?

Дескриптор:

- шығарманың көркемдік сипатын анықтайды;

- шығармадағы мәселені қазіргі өмірмен байланыстырады.

«Галерея»әдісі

 Дескриптор:

-         айтылған ой-пікірлерін плакатқа түсіреді;

-         оқушылар топтарды аралап жүріп плакаттарға  баға береді;

-         қорғалған ой-пікірлерді негізге алып ,

« келісу-келіспеу» эссесін жазады.

 

 

 

Кері байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

ПОПС формуласы

 

 

ҚБ

 

Өзара бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Конверт сұрақ» әдісі

 

 

 

 

 

ҚБ

 

Өзін-өзі бағалау

 

«Галерея»

әдісі

 

 

ҚБ

Өзара бағалау

Жаңа материалды бекіту

8 минут

Шығармашылық тапсырма

           Асыл сөзді іздесең,

           Абайды оқы,ерінбе.

                                                Шумақты аяқта

   Болжам жауаптар :

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

Болашаққа бағыттап,

Үйретеді ілімге.

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Абайды түгел оқысаң,

Өмірің түсер гүлдене.

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

Ерінбей егер іздесең,

Боларсың құштар өмірге.

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы,ерінбе.

Кенелерсің мәңгілік

Ақыл мен кемел білімге.

 

 

 

 

Оқушылар тапсырманы орындау нәтижесінде  Абай шығармашылығын қазіргі заманауи дүниетаныммен, эстетикалық талап –талғаммен байланыста қарастыра отырып, білік дағдыларын қалыптастырады.Оқушыларының пікірі тыңдалады немесе мұғалім өзі қорытындылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері байланыс беру

«қолпаштау»

Сабақтың соңы

1 минут

Кері байланыс

«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

 

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

Төменде берілген бөлімді осы сабақ  туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым таппай мақтанба,

   Орын таппай баптанба.

 Алыстан сермеп,

   Жүректен тербеп

Шымырлап бойға жайылған.

 Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар.

 

 

 

 

«Сегіз аяқ»

 

 «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

 

 «Лай суға май бітпес қой өткенде»

 

Ақыл,

 

Жүрек,

 

Қайрат

 

           Асыл сөзді іздесең,

           Абайды оқы,ерінбе.

                                                Шумақты аяқта

 

           Асыл сөзді іздесең,

           Абайды оқы,ерінбе.

                                                Шумақты аяқта

 

 

           Асыл сөзді іздесең,

           Абайды оқы,ерінбе.

                                                Шумақты аяқта

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

Лай суға май бітпес қой өткенге

Лай суға май бітпес қой өткенге,

Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.

Сол қасқырша алақтап түк таппадым,

Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?

Берген бе тәңірім саған өзге туыс?

Қыласың жер-жићанды бір-ақ уыс.

Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы

Таппаған бір тиянақ не еткен қуыс?

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіңе құмар қылған оның әмірі.

Халиққа махлуқ ақылы жете алмайды,

Оймен білген нәрсенің бәрі — дәћрі.

Өзгені ақыл ойға қондырады,

Біле алмай бір тәңіріні болдырады.

Талып ұйықтап, көзіңді ашсымен,

Талпынып тары да ойлап зор қылады.

Көңілге шек шүбәлі ой алмаймын,

Сонда да оны ойламай қоя алмаймын.

Ақылдың жетпегені арман емес,

Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын.

Мекен берген, халық қылған ол лә мәкан

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен? 

Өмір жолы — тар соқпақ, бір иген жақ,

Иілтіп, екі басын ұстаған хақ.

Имек жолда тиянақ, тегістік жоқ,

Құлап кетпе, тура шық, көзіңе бақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,  

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 

Жақсы менен жаманды айырмадың, 

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. 

Бет бергенде шырайың сондай жақсы, 

Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? 

Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,  

Аузымен орақ орған өңкей қыртың. 

Өзімдікі дей алмай өз малыңды, 

Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. 

Көрсе қызар келеді байлауы жоқ, 

Бір күн тыртың етеді, бір күн — жыртың. 

Бас-басына би болған өңкей қиқым,  

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? 

Өздеріңді түзелер дей алмаймын, 

Өз қолыңнан кетпесе, енді өз ырқың.

Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, 

Оның да алған жоқ па құдай құлқын? 

Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, 

Сапырылды байлығың, баққан жылқың. 

Баста ми, қолда малға талас қылған,

Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың. 

Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың,

Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың.

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,

Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың?

Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың,

Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың,

Ұғындырар кісіге кез келгенде,

Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сегіз аяқ

Алыстан сермеп, 

Жүректен тербеп,

                Шымырлап бойға жайылған;

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

                Тағыны жетіп қайырған,

                        Толғауы тоқсан қызыл тіл, 

                        Сөйлеймін десең, өзің біл.

Өткірдің жүзі, 

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас. 

Білгенге маржан, 

Білмеске арзан,

                Надандар бәћра ала алмас.

                        Қиналма бекер, тіл мен жақ, 

                        Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

Басында ми жоқ, 

Өзінде ой жоқ

Күлкішіл кердең наданның. 

Көп айтса көнді, 

Жұрт айтса болды —

Әдеті надан адамның. 

Бойда қайрат, ойда көз 

Болмаған соң, айтпа сөз.

Қайнайды қаның, 

Ашиды жаның,

Мінездерін көргенде; 

Жігерлен, сілкін, 

Қайраттан, беркін

                    Деп насиқат бергенде,

                            Ұятсыз, арсыз салтынан 

                            Қалғып кетер артынан.

Аулаққа шықпай, 

Сыбырлап бұқпай,

Мейірленбес еш сөзге. 

Пайдасыз ақыл — 

Байлаусыз тақыл,

                    Атадан бала ойы өзге.

                            Санасыз, ойсыз жарым ес, 

                            Өз ойында ар емес.

Тасыса өсек, 

Ысқыртса кесек,

Құмардан әбден шыққаны. 

Күпілдек мақтан,

Табытын қаққан

                                Аңдығаны, баққаны. 

                                Ынсап, ұят, терең ой 

                                Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

Болмасын кекшіл, 

Болсайшы көпшіл,

Жан аямай кәсіп қыл. 

Орынсыз ыржаң, 

Болымсыз қылжаң

                                Бола ма дәулет, нәсіп, бұл? 

                                Еңбек қылсаң ерінбей — 

                                Тояды қарның тіленбей.

Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде. 

Адал бол — бай тап,

Адам бол — мал тап,

                                Қуансаң қуан сол кезде. 

                                Біріңді, қазақ, бірің дос 

                                Көрмесең, істің бәрі бос.

Малыңды жауға, 

Басыңды дауға

                        Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

                                Құрысын, көзің ашылмас. 

                                Ұятың, арың оянсын, 

                                Бұл сөзімді ойлансын.

Тамағы тоқтық, 

Жұмысы жоқтық

                        Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

                                Қор болып, құрып барасың. 

                                Өтірік шағым толды ғой, 

                                Өкінер уақтың болды ғой.

Жұмыссыз сандал, 

Еріксіз малды ал

Деген кім бар сендерге, 

Қулықты көргіш, 

Сұмдықты білгіш

                                Табылар кісі жөндерге. 

                                Үш-төрт жылғы әдетің 

                                Өзіңе болар жендетің.

Ауырмай тәнім, 

Ауырды жаным,

Қаңғыртты, қысты басымды, 

Тарылды көкірек, 

Қысылды жүрек,

                        Ағызды сығып жасымды.

                                Сүйеніп күлкі, тоқтыққа, 

                                Тартыпты өнер жоқтыққа.

Қайратым мәлім, — 

Келмейді әлім,

Мақсат — алыс, өмір — шақ. 

Өткен соң, базар, 

Қайтқан соң ажар,

                        Не болады құр қожақ?!

                                Кеш деп қайтар жол емес, 

                                Жол азығым мал емес.

Бір кісі мыңға, 

Жүз кісі сұмға

Әлі жетер заман жоқ.

Қадірлі басым, 

Қайратты жасым

                                Айғаймен өтті, амал жоқ. 

                                Болмасқа болып қара тер, 

                                Қорлықпен өткен қу өмір.

Сөзуар білгің

Законшік, көргіш

Атанбақ мақсат,мақтанбақ. 

Жасқанып, қорқып, 

Жорғалап, жортып

                        Именсе елің, баптанбақ.

                                Қарғағанын жер қылмақ. 

                                Алқағанын зор қылмақ.

Хош, қорықты елің, 

Қорқытқан сенің

Өнерің қайсы, айтып бер. 

Ел аңдып сені, 

Сен аңдып оны,

                                Қылт еткізбей бағып көр. 

                                Ойнасшы қатын болса қар, 

                                Аңдыған ерде қала ма ар?

Көмексіз көзің, 

Бір жалғыз өзің

Баға алмай басың сандалар.

Баурыңа тартқан, 

Сырыңды айтқан

                                Сырласың сырт айналар. 

                                Ол қаны бұзық, ұры-қар 

                                Қапысын тауып сені алар.

Басы-көзі қан боп.

Арқа-басы шаң боп,

Және тұрып жылпылдап; 

Жығылып тұрып, 

Буыны құрып,

                        Тағы қуып салпылдап.

                                Абұйыр қайда, ар қайда?

                                Әз басыңа не пайда?

Ит үрсе, бала 

Таяғын ала,

Қуады итпен кектесіп. 

Ұрысқансып “ой” деп, 

“Ұят” деп, “қой” деп,

                                Үлкендер тияр “тек” десіп. 

                                Оны білсең, мұның не? 

                                Мен де ұят іс қылдым де.

Білгенге жол бос, 

Болсайшы қол бос

Талаптың дәмін татуға. 

Білмеген соқыр 

Қайғысыз отыр,

                                Тамағы тойса жатуға. 

                                Не ол емес, бұл емес, 

                                Менің де күнім — күн емес.

Ғылымды іздеп, 

Дүниені көздеп,

Екі жаққа үңілдім. 

Құлағын салмас,

Тіліңді алмас

                                Көп наданнан түңілдім. 

                                Екі кеме құйрығын 

                                Ұста, жетсін бұйрығың.

Жартасқа бардым, 

Күнде айғай салдым,

Онан да шықты жаңғырық. 

Есітіп үнін, 

Білсем деп жөнін,

                        Көп іздедім қаңғырып..

                                Баяғы жартас — бір жартас, 

                                Қаңқ етер, түкті байқамас.

                                Жаяуы қапты, 

                                Аттысы шапты,

Қайрылып сөзді кім ұқсын. 

Іште дерт қалың, 

Ауыздан жалын

                                Бұрқ етіп, көзден жас шықсын. 

                                Күйдірген соң шыдатпай,

                                Қоя ма екен жылатпай?

Мамықтан төсек, 

Тастай боп кесек,

Жанбасқа батар, ұйқы жоқ. 

Сыбыр боп сөзі, 

Мәз болып өзі,

                                Ойланар елдің, сиқы жоқ. 

                                Баяғы қулық, бір алдау, 

                                Қысылған жерде жанжал-дау.

Атадан алтау, 

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ. 

Ағайын бек көп, 

Айтамын ептеп,

                                Сөзімді ұғар елім жоқ. 

                                Моласындай бақсының 

                                Жалғыз қалдым — тап шыным

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу Фон

 

 

                   Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

                  Айтқұл Шынасилов орта мектебі КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Асыл сөзді іздесең...

10-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Мейрманова Клара Сергеевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарлысу ауылы

2019-2020 оқу жылы

 


 

САБАҚ: 2 Мектеп:

САБАҚ: 2 Мектеп:

Жүректен тербеп Шымырлап бойға жайылған

Жүректен тербеп Шымырлап бойға жайылған

Мағынаны тану 3 топқа Абайдың 3 шығармасы таратылады

Мағынаны тану 3 топқа Абайдың 3 шығармасы таратылады

Оқушылар тапсырманы орындау нәтижесінде

Оқушылар тапсырманы орындау нәтижесінде

Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер…

Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер…

Орын таппай баптанба. Алыстан сермеп,

Орын таппай баптанба. Алыстан сермеп,

Шымырлап бойға жайылған. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар

Шымырлап бойға жайылған. Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар

Лай суға май бітпес қой өткенде»

Лай суға май бітпес қой өткенде»

Асыл сөзді іздесең,

Асыл сөзді іздесең,

Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы

Шарықтап шар тараптан көңіл сорлы

Аузымен орақ орған өңкей қыртың

Аузымен орақ орған өңкей қыртың

Тағыны жетіп қайырған,

Тағыны жетіп қайырған,

Адам бол — мал тап, Қуансаң қуан сол кезде

Адам бол — мал тап, Қуансаң қуан сол кезде

Жорғалап, жортып

Жорғалап, жортып

Білсем деп жөнін,

Білсем деп жөнін,

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы

Асыл сөзді іздесең

Асыл сөзді іздесең
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2020