Аңыздың тәрбиелік мәні
Оценка 4.8

Аңыздың тәрбиелік мәні

Оценка 4.8
Разработки уроков
doc
русская литература
5 кл
18.02.2018
Аңыздың тәрбиелік мәні
- А/И3: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; (дәйектеме: шығарма мазмұнымен танысқан соң, шығарма құрамындағы сөздердің мағынасын ашу мен тану үшін көріктеу мен бейнелеу сөздерді анықтау қажеттігінен туындады) Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелде. Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Шығармадан бейнелеу құралдарын ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: - Шығармадан дәйек келтіре отырып, бейнелеу құралдарын ажыратып, қолдана алады. Талдау, жинақтау- А/И3: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау; (дәйектеме: шығарма мазмұнымен танысқан соң, шығарма құрамындағы сөздердің мағынасын ашу мен тану үшін көріктеу мен бейнелеу сөздерді анықтау қажеттігінен туындады) Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелде. Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Шығармадан бейнелеу құралдарын ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: - Шығармадан дәйек келтіре отырып, бейнелеу құралдарын ажыратып, қолдана алады. Талдау, жинақтау
4.doc
Күні:  24.10.2017ж. Мұғалімнің аты жөні:  Сынып:  5      Пәні: қазақ әдебиеті                                         Сабақ  тақырыбы Осы сабақта қол  жеткізілетін оқу  мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) Сабақ мақсаты   Ойлау  дағдыларының  деңгейі: Бағалау  критерийі Тілдік  мақсаттар Аңыздың тәрбиелік мәні ­ А/И3: Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет,  ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы)  мағынасын анықтау;  (дәйектеме:  шығарма   мазмұнымен   танысқан  соң,  шығарма  құрамындағы сөздердің   мағынасын   ашу   мен   тану   үшін   көріктеу   мен   бейнелеу   сөздерді анықтау қажеттігінен туындады)   Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелде. Асан  қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: ­ Шығармадан бейнелеу құралдарын ажыратады. Кейбір оқушылар орындай алады: ­ Шығармадан дәйек келтіре отырып, бейнелеу құралдарын ажыратып, қолдана  алады. Талдау, жинақтау ­ жырдaн бейнелеу құрaлдaрын aнықтaйды;  ­ aнықтaлған бейнелеу құралдарының мағынасына талдау жасайды.   Пәнге қатысты көріктеу, бейнелеу құралдары: метафора, мегзеу (синекдоха),  ауыспалы мағыналы сөз, эпитет Құндылықтарға  баулу Айналадағыларға қамқорлық көрсету; шығармашылық пен сын тұрғысынан  ойлау Пәнаралық  байланыс Жаратылыстану, өзін­өзі тану   Алдыңғы білім Асан қайғы аңызының тәрбиелік мәні Сабақ барысы Сабақтың  жоспарланған  Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар кезеңдері Сабақтың басы Үй тапсырмасын сұрау    Қамын ойлап халқының,       Қайғы жұтқан қария.     Жайлы қоныс іздеген       Қазақ деген халқына.       Әділдікті жырлаған,      Ел бақытын ойлаған,      Желмая мініп шарлаған    Жерұйық іздеп жалғанда...       Сабақтың  ортасы «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» Асан Қайғы  Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін  қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс  іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы  жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті  бағасын беріп отырады. Алматыны көргенде: “Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы  сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар  жүректей. Сол жерді қимадым.” Шымкент, Сайрамды көргенде: “Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі  басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары  жақын – байымас, мазары жақын ­ көбеймес” Семейтауды көргенде: “Төс табаны төрт елі Атан жүрер жер екен. Төсегінен түңілген Адам жүрер жар екен” Шідертіні көргенде “Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай  арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер  екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын  жылқының жері екен” Үшқараны көргенде: “Он екі тұтам­тұтам қазылық үй түндік, маңырап  жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып  тұрған жер екен”­ деп артына үш қараған екен. Ерейментауды көргенде: “Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы  тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас  ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі  жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс  Бір­біріне жақсы  көңіл­күй тілейді. Оқушылар осы өлең  жолдарынан бүгінгі  тақырыпты  анықтайды.Сабақ  тақырыбы  анықталған соң,  сабақ барысы  тақтадан  көрсетіледі. қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір­ бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп  тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.” Терісаққанды “Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда – санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан  мал тез өсетін жер екен” Баянды көргенде “Баянға жаймай, қой семірмес...” Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым  деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап  отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып  тұрған жер екен", ­ депті. Талас өзенін көргенде: Екі Келес, бір Талас, Бал татыған жерін­ай, Ағайының аралас, Тату екен елің­ай. Желмаяға өңгертіп, Алып кетер едім­ай, Сыймаған соң алдыма, Әттең, дүние, дедім­ай! ­ депті. Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай,  Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім,  әттең атым көтере алмайды­ау! Қой үстіне  бозторғай жұмыртқалайтын тып­тыныш  мамыражай ел екенсің", ­ депті. Қорытынды сөз: Аңыз бойынша  Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы  өлке  іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп  өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние  салыпты –мыс  1­ көрініс:      Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген  әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді.  Бұл ұлан­асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы  көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ  жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды  құрмет тұтқан жер­жердегі бай, бектер, сұлтан,  билер бірінен бірі асыра тарту­таралғысымен  артынып­тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге  созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе,  әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт­сана,  ойын­сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады,  күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол  бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы  Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған  осы жиынды Асан жырау: Түсіндірме сөздікпен  жұмыс.    `   Өте жақсы            Жақсы         Жақсартуды қажет етеді Әр қатар жазған  тұжырымдамаларын  өзара тексеріп, автор  орындығына біреуін  ұсынады.   Таза мінсіз асыл тас,    Су түбінде жатады.   Таза мінсіз асыл сөз,   Ой түбінде жатады.    Су түбінде жатқан тас,   Жел толқытса шығады.   Ой түбінде жатқан сөз,   Шер толқытса шығады, ­ деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер  жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ  қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап,  "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері  көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай,  сағынып аңсап жүрген ел­жұрты сөз иіні келген  кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс­тұсынан  жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол: Әділдіктің белгісі, Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, Өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі, Жауға қарсы тұрмаса; Залымдардың белгісі, Бейбіттің малын ұрласа. Надандардың белгісі, Білгеннің тілін алмаса. Шамаңша шалқып көре бер, Қабірге әзір қоймаса. Артыңда қалар атақ жоқ, Тіріде данқың болмаса,­ деп термелепті.  2­көрініс: Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ  туындапты: Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не  жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты.  Сонда қарт абыз: Бұ заманда не ғаріп? Ақ қал алы боз ғаріп. Жақсыларға айтпаған, Асыл шырын сөз ғаріп. Замандасы болмаса, Қария болар шын ғаріп. Қадірін жеңге білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп. Ел жағалай қонбаса; Бетегелі бел ғаріп. Қаз, үйрегі болмаса, Айдын шалқар көл ғаріп. Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп. Ата жұрты бұқара Өз қолында болмаса, Қанша жақсы болса да, Қайратты туған ер ғаріп. Ғалымды хатим еткендер, Мақсатына жеткендер, Жас көрілер отырып, Алдынан сабақ алмаса, Қарамаса жүзіне, Ғалым да болса ол ғаріп, ­деп термелепті. Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы  өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып  отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді.  Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра  түсіпті дейді: Көлде жүрген қоңыр қаз, Қыр қадірін не білсің? Қырда жүрген дуадақ, Су қадірін не білсін? Көшіп­қонып жүрмеген, Жер қадірін не білсін? Көшсе кона білмеген, Қонса көше білмеген, Ақылына көнбеген, Жұрт қадірін не білсін?­деп тура ханға айтқан екен. Сабақтың соңы   «Ақын айнасы» Оқушыларға Асан қайғының  толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып,  тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын  ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді. «Ұйқасын тап»  Адамдықты толғап өткен бұрыннан,  Жырау деген – қасиетті ... .  Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,  Асан қайғы – неткен ғажап ... .  Үй тапырмасы: "Асан ата мың алғыс..” эссе жазу Өте жақсы           Жақсы            Жақсартуды                                         қажет етеді  Оқушылар үйге  тапсырма алады

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні

Аңыздың тәрбиелік мәні
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018