"Бізді коршаган ортага саяхат" (ФЭМП)

  • Разработки уроков
  • docx
  • 04.02.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Оқыту – обучающая: "Бір-бірден", "бірде-біреуі жоқ" ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру. Қоршаған ортаны қадірлей білу, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Дамытушылық – развивающая: Балалардың логикалық ойлау іс - әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.Балалардың логикалық ойлау іс - әрекетін дамытып, жан - жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте сақтау қабілетін дамыту.
Иконка файла материала 07.02.18 бізді қоршаған ортаға саяхат.docx
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе Өткізу күні/Дата проведения: Тәрбиеші/Воспитатель:  Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание. Пән/Предмет: ҚМҰҚ. ФЭМП. Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем» Тақырыбы/Тема: «Бізді қоршаған ортаға саяхат»  Мақсаттары/Цели:  1.Тәрбиелік – воспитательная: қоршаған ортаны қадірлей білу және  қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың логикалық ойлау іс ­  әрекетін дамытып, жан ­ жақты ойын арқылы баланың қиялын ой – өрісін есте  сақтау қабілетін дамыту.  3.Оқыту – обучающая: «Бір­бірден», «Бірде біреуі жоқ» ұғымдарын  ажырату дағдыларын жетілдіру. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау  технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.  Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: ағып жатқан бұлақ,  тастар, алма ағашы, алмалар, күн мен жаңбыр суреттері Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: бір­бірден ­ по  одному, бірде біреуі жоқ – ни одного  Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:  Ғажайып сәт: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?  Біз бүгін «Бізді қоршаған ортаға» саяхатқа шығамыз.  Психологиялық сәт: (музыка қою) Балалар саяхатқа немен баруға болады?  Дұрыс айтасыңдар, ал біз бүгін поездбен барамыз.  Орындықта отырып, көзімізді жұмып, өзімізді поезда отырғандай сезінейік.  2.Негізгі бөлім/оснавная часть: Тәрбиеші сөзі: Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер. Құстардың  даусы, гүлдер жайнап өсіп тұр. Өзен ­ көлдер сылдырлап ағып жатыр,  Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан мөлдір бұлақ кездеседі.Мөлдір бұлақтың кездеседі:   ­Балалар қараңдаршы бұлақтың ағысына тастар үйіліп қалыпты, қане біз  тастарды алып тастайық.  ­Айлин сен бір тасты алып тастай ғой.   ­Айлана сен бір тасты алып таста, осылай бәріміз бір­бірден алып тастаймыз. ­Әділбек қарашы бұлақтың ағысында тастар қалды ма?  ­Жоқ, жарайсыңдар балалар, біз бұлақтың еркін ағуына көмектестік.  Тастарды бір­бірден алып тастадық. Қане қайталаймыз: «бір­бірден» Билингвалдық компонент: бір­бірден ­ по одному.  Бұлақ бізге риза болып, өзінің суын береді. Бұлақтан су ішеміз. Ал, енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.  Алдымыздан алма ағашы кездеседі.  Алма ағашы: ­Балалар, менің алмаларым жерге түсіп жатыр, оларды жинауға  көмектесесіңдер ме?  ­Балалар алмаларды бір­бірден жинайық.  ­Айару қарашы жерде алма қалды ма?  ­Жоқ, қане бәріміз «бірде біреуі жоқ» деп қайталайық.  Билингвалдық компонент: бірде біреуі жоқ – ни одного Алма ағашы қуанып, сендерге өзінің алмаларын сыйға тартады.  Ал енді саяхатымызды жалғастырайық.  Раушан гүліне кездесеміз. ­Балалар қараңдаршы, раушан гүлі көңілсіз. Қане  біз раушан гүлін сергітіп, жаттығу жасайық.  Сергіту сәті: Таң атқанда күн шығып, Гүл ашады қауызын.  Желмен бірге тербеліп, Теңселеді ақырын.  ­ Балалар, рақмет  сендерге, мен бір сергіп қалдым.  Балалар қараңдаршы аспанда күн жарқырап тұр. Қане, ойын ойнайық.  Ойын: «Күн мен жаңбыр»  Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», ­ дейді.  Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген  сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың  артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер»,  ­ дейді, ойын қайта басталады. ­ Жарайсыңдар, балалар, бүгін көп жұмыс жасадыңдар, енді балабақшамызға  қайтайық.  3.Қорытынды/итоговая часть:Балалар айтыңдаршы біз бүгін қайда саяхатқа шықтық?  Мөлдір бұлаққа қалай көмектестік?  Тастарды қалай алып тастадық? Алма ағашына қалай көмектестік?  Жерде алма қалдыма?  Дұрыс жерде «бірде біреуі жоқ» қалмады.  Балаларды мадақтау.