Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып
Оценка 4.8

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
чтение
4 кл
31.01.2017
Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып
4 сыныпқа арналған әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспарында АКТ технологиясын пайдаланып, құрастырылған. Тақырыпқа байланысты бейнесұрақтар, флипчарттар, қызықты тапсырмалар жасалынды.Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның көркем жерлеріне саяхат жасай отырып, еліміздің тауларын біледі, ғажайып аңыздарымен танысады.Сабақтың аяғында өз білімдерін тексере отырып, бағалайды, қорытындылайды.Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып.
әдебиеттік оқу.Ашық сабақ.docx
Пән: Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: А. Сейтақ.«Қазақстан таулары.» Сабақтың мақсаты: А. Сейтақтың өмірбаяны және «Қазақстан таулары»  өлеңімен танысу. Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай  отырып, оқу, жазу,өз ойын еркін жеткізу дағдыларын , шығармашылық ойлау  қабілеттерін  дамыту. Патриоттық  тәрбие беру арқылы, оқушылардың  эстетикалық, экологиялық көзқарастарының кеңеюіне әсер ету.  Табиғатымыздың әсемдігін бағалауға үйретіп, оқушының танымдық  көзқарасын дамыту Күтілетін нәтиже: А.. Сейтақтың өмірбаяны және «Қазақстан таулары» өлеңімен танысады. Қазақстан жеріндегі таулар атауларын, олардың орналасқан аймақтарын  біледі.  Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, презентация, Активстудио  бағдарламасы (флипчарттар), бағалау парақшалары, «білім қоржыны» Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал: ­Армысың , алтын күн!                                             ­Армысың, аспан!                                             ­Армысыздар, қонақтар!                                              Армысыңдар, достарым!( 2мин) ( Бүгінгі сабақтың ерекшелігі алған білімімізді білім қоржынына жинау) ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Есіл» С.Мұқанов.(Сұрақ – жауап ) «Тілшінің  сұрақтары.» Бейне сұрақтар ­Сабит Мұқанов жайында не білесің? ­Есіл қандай өзеннің саласы? ­Есіл өзені қандай қалалар бойымен өтеді? ­Өзеннің бойында қандай өсімдіктер өседі? ­Қандай құстар мекендейді? ­Жарайсындар, балалар! ( 4мин) (Әр бала бағалау парақшасына бағасын қойып отырады) ІІІ. Жаңа сабақ. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.      Ребус шешу. (Жұптық жұмыс)  Балалардың жауаптары:  Алатау, Алтай, Қаратау, Баянауыл, Ұлытау,  Қарқаралы, Жұмбақтас, Оқжетпес. ( 3мин) 2. Жаңа тақырып: ­ Балалар, қалай ойлайсыңдар, сабақта не туралы айтатын боламыз? ­ Сабақта қандай нәтиже күтіп отырсыңдар? Қандай мақсат қойып  отырсыңдар?(ауызша айту)  ­ А.Сейтақ туралы білгім келеді? ­ Қазақстанның жерінде қандай ірі таулар бар? ­ Ең биік шыңы қалай аталады? ­ Қай аймақтарда қандай таулар орналасқан?  ( 2 мин) ­ ­ Бүгін сабақта Айбатыр Сейтақтың «Қазақстан таулары» атты өлеңімен  танысамыз.  Қазақстан жеріндегі таулар атауларын, олардың орналасқан аймақтарын,әр таудың ерекшеліктерін білетін боласыңдар. ( 1мин)  Тау тақырыбына жазылған қандай өлеңдермен  таныссыңдар? Авторы  кім?(«Алатау» Ж.Жабаев) ( 2 мин) ­ ­ Тау тақырыбына жазылған А.Сейтақ «Қазақстан таулары» атты  өлеңімен танысасыңдар. «Қазақстан таулары» өлеңін мәнерлеп оқу.  ( слайдтар) ( 3мин) ­ Балалар, өлеңде не туралы айтылған? ­ Авторы кім?    Айбатыр Сейтақ туралы  үй тапсырмасы ретінде бергем,  Еркежан бізге әңгімелеп береді. 1. «Айбатыр Сейтақ (28.2.1966 жылы туылған, Батыс Қазақстан  облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы) ­  ақын. 1989 ­ 1997 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадио  компанияларында теледидар редакторы болып жүмыс істеген.  "Сарыарқа" журналы бас редакторының орынбасары, "Жас Алаш"  газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, "ҚазАқпарат"  агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Парламенті  Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1988  жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті  өткізген 1996 және 2000 жылдары "Сорос­Қазақстан" халықаралық  қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты.1999 жылы ҚР  Президенті стипендиясының иегері. "Ғұмырнама" атты жыр жинағы  жарық көрген (1997)            3. Оқулықпен жұмыс:      ­ Оқулықтың   69­ ыншы. бетін ашып, өлеңді  мәнерлеп оқып шығыңдар.  Балалар, өздерің түсінбеген сөздер, не сөз тіркестері бар ма? ( 3мин) 4. Сөздік жұмыс: «Ұлытау жер кіндігі» , «Ұлт бірлігін сақтаған» деген өлең  жолдарының мағанасын түсіндір? ­ Таудың бәрі тағдырлы­  кез келген таудың өзіндік тарихы, басынан өткен  оқиғасы бар деген сөз.  ( 2мин)  ­Әр тау аңызға үңіліп тұр. Балалар, сендер қандай тау туралы аңыз  оқыдыңдар ? Ендеше, Шыңғыстың анасы бізге «Жұмбақтас» туралы аңыз  айтып бермекші.Бейнебаянға назар аударыңдар. ( 3мин)  ­Өздерін қандай аңыздарды білесіңдер? (Балалардың жауаптары) ( 1мин) ІV. Сергіту сәті. (Музыкалық бейне) ( 2мин)  ІІІ. Бекіту:              ­ Ақын Қазақстандағы қандай таулар туралы айтып тұр?             ( Алатау, Көкшетау, Ұлытау, Алтай, Қарқаралы, Қаратау, Баянауыл)    1. Топтық жұмыс. Алты топ : Алатау, Көкшетау, Алтай,  Қаратау,  Баянауыл,Қарқаралы.(Топ басшылыры тағайымдалады, әр баланың қызыметі  анықталады. Тапсырма парақшалары таратылады)            ­ Қосымша ақпараттарды айту.           ­«Синквейн» әдісі бойынша өлең шығару.           ­ Картамен жұмыс. Өлеңде аталған тауларды картадан көрсету. ( 10  мин) 2. Ал, балалар, өлеңді оқыдық. Қалай ойлайсыңдар, таулар бір­ біріне ұқсайды ма?Таулар бір­ бірінен несімен ерекшеленеді?Осы бейнебаянды тамашалай  отырып , қадағалап отырыңдар. (Бейнефильм) ( 2мин) 3. Дәптермен жұмыс: Таулардың ерекшеліктерін жазып шығады? ( 3мин)  VІ. Қорытынды: Ал, балалар, бүгінгі сабақтан не білдіңдер?  Тест( 1мин) VII. Бағалау

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып

Әдебиеттік оқу "Қазақстан таулары" 4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.01.2017