«Жол ережесін білубәріне міндет»
Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс
жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәртіптілікке,сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз.
Ой қозғау.
Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?
Көшеде жүру тәртібі
Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?
1оқушы: (бағдаршам болып киінген оқушы)
Бағдаршам аты
Көп көзі бар батыр
Тоқ болғанмен заты
Өзінде көп ақыл
Тұрады ол дәйім
Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын
Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады
бағдаршамның неше көзі бар?
Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып
отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер»
атағына ие болады.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген.деп сайыстың кезеңдерімен
таныстырып өтейін.
1.Өз орынды тап!
2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
4. МАИ емтиханы
5. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)
Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік .
1кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты
белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.
Қызыл топ
Сары топ
Жасыл топ
Мұғалім: Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор
қызметкері ала таяғымен тұрады.
Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» .
1.Мына белгі нені білдіреді?
(Абайла,балалар!)
2. Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тиым салынады)
3.Сымға асылып,жүр асығып. ( троллейбус)
4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай
телефондарға қоңырау шалады? ( Өрт сөндіру01,жедел жәрдем03 МАИ02 )
5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
Балалар, жол ережелер қаласында да қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала
әліппесі дейміз.
Ескерту белгісі: Қыпқызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған. Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жанжақта.
Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үнтүнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі
4кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы
жүргізуші куәлігін табыс етеді.
4кезең МАИ емтиханы. Сауалнама
1.Жүргіншілер деген кім?
А)машина жүргізетін адамдар В)көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2. Мына белгі нені білдіреді?
А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кезкелген жерден С) дүкен алдарынан
Келесі соңғы 5 кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек
сөздермен өлең құрастыру
Өлең құрастыру
балалар
тротуар
ұмытпа сақта!
«Үздік жүргіншілерді» анықтау.
Қорытынды
Қай көше,қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкенкіші баршам
Әдебиеттік оқу "Жеті қазына"
Әдебиеттік оқу "Жеті қазына"
Әдебиеттік оқу "Жеті қазына"
Әдебиеттік оқу "Жеті қазына"
Әдебиеттік оқу "Жеті қазына"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.