Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері
Оценка 4.6

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
изобразительное искусство
Детсад
04.05.2017
Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері
Баланың жан - жақты дамуына әсер ететін басты тәрбие эстетикалық тәрбие беру. Оған сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу сабақтары арқылы бала өзін қоршаған туралы өз түсініктерін қалыптастырып, дамиды. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі бала үшін бейнелеу өнерінің маңызы зор. Бұл балаға зор қуаныш сыйлап, жағымды көңіл күй қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетінің дамуына зор ықпал етеді. Бейнелеу өнері сабақтары басқа сабақтармен тығыз қарым - қатынаста болуы керек. Мысалы сурет сабағында дөңгелекке ұқсас заттарды салған кезде математика сабақтарында шеңбермен таныстыру, тіл дамыту сабақтарында доп туралы тақпақ жаттатқызу, мүсіндеу сабақтарында доптарды мүсіндеу ұсынылса дөңгелек туралы түсініктері жақсы қалыптасады. Берілетін тақырыптар балаларды қызықтыратындай таныс болуы қажет.
сурет салу.docx
Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру. Мақсаты: Балаларды қарындашпен сурет сала білуге үйрету. Ойлай білу қабілетін дамыту.  Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. І. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларға қағаз, қарындаш көрсетіп, оларға қағазда қарындашпен сурет салуға болатынын  түсіндіру. Оң қолымен қарындашты қалай дұрыс ұстай білуге болатынын көрсетіп, ал сол  қолымен қағазды ұстап тұру керектігін көрсету. Қағазға әр түрлі сызықтар салып көрсету  (ирек, түзу, қисық сызықтар). Қағазға түскен сызықтарға назар аудару. Ол сызықтарды белгілі бір заттарға ұқсату. Балаларға қарындашты ұстап сурет салуды ұсыну. Сурет салу барысында балалардың  қарындашты қалай ұстағанына назар аудару. Не салғандарын сұрау. Біз не білдік? Қарындаштар әр түсті болады. Олармен әр түрлі заттарды бейнелеуге болады. 2. Сурет Ақ жауын Керекті зат: көк түсті қарындаш. Мақсаты: қоршаған ортаға болған әсерін бейнелей білуге үйрету. Сурет салуға деген  ынтасын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Жау ­ жау, жаңбыр, жау жаңбыр, Жердің шаңы басылсын Гүлдің аузы ашылсын Еккен егін көктесін Бізге нанды көп берсін Бау ­ бақшалар гүлденсін. Сендер жаңбыр жауғанын бақыладыңдар ма? Жаңбыр жоғарыдан төменге қарай жауады Жерге түскен тамшылар судан жасалған жіптей болып көрінеді екен. Жаңбыр тамшыларын  салудың бірнеше әдіс ­ тәсілдерін көрсету. (қысқа, ұзын сызықтар, нүктелер). Қарындашты  дұрыс ұстатып, өздеріне сурет салуды ұсыну. Сурет салу тәсілінің дұрыстығына назар  аудару. Сабақ соңында барлық суреттерді қарап, қай жерде күшті нөсер, қай жерде ақ  жауын бейнеленгенін таңдап алу. Біз не білдік? Жауын табиғат құбылыстарының бірі. Жауын тамшылары ұзын, қысқа сызықтарға ұқсайды. Олар түзу. 3. Түрлі түсті жіптер Мақсаты: түзу сызықтарды жоғарыдан төмен қарай салуға үйрету. Қарындашты дұрыс  ұстай білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу. Барысы: Балаға қағазға жапсырылған жіптерді көрсету. Жіптер жуан, түстері ашық болуы  қажет. Олардың түзу екендігіне назар аудару. Саусақпен жіптің үстін сипалау. Балаларға  сурет салуды ұсыну. Қарындашты дұрыс ұстауына назар аудару. Бояуларды ауыстырып,  бояуларына қолдау жасау. Сабақ соңында балалардың назарын қаншама түрлі түсті жіптер  салғанына аудару. Біз не білдік: ­ Жіптер түрлі түсті болады. ­ Сызықты жоғарыдан төменге қарай салуға болады. 4. Түрлі түсті қарындаштар Мақсаты: жоғарыдан төмен қарай сызықтар сала білуге үйретуді жалғастыру.  Қылқаламмен жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу. Барысы: Балалармен түрлі түсті қарындаштарды қарап, олардың ашық, әдемі екеніне назар  аудару. Бүгін олар осы әсем қарындаштарды салатынын түсіндіру. Қылқаламды бояуға  қалай батыру керектігін, артық тамшыларды алу, соңынан оны суда қалай жуу керектігін  көрсету. Бояу қарындашты су бояумен бейнелейміз. Ол үшін қылқаламды бояуға малғандықтан,  кейін қағазға қылқаламның қылшалары түгелдей жағылатындай батыра жағамыз. Бояу  кезінде түзу сызықты жоғарыдан төмен қарай үзбей кідіріссіз бояу. Бояп болғаннан кейін  қылқаламды қалай жуу керектігін көрсетіп, содан кейін келесі бояуға көшу керектігін ғана  түсіндіру. Жұмыс соңында түстердің қалай әсем үйлескенін атап өту. Біз не білдік: ­ Суретті субояумен де салуға болады. ­ Келесі бояуға көшу үшін қылқаламды жуып отыру керек. ­ Сурет әдемі болып шығуы үшін қылқаламды дұрыс қолдана білу қажет. 5. Әжемнің әдемі алашасы Мақсаты: солдан оңға қарай қылқаламмен сызықтарды сала білуге үйрету. Әр түрлі  бояуларды қолдана білу қабілетін дамыту. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу. Барысы: Әже туралы әңгіме. Ол бізге шұлық тоқып береді. Ол өнерлі адам. Оның өз  қолымен жасалған алашасы бар. Біз бүгін сол алашаны безендіреміз. 3 ­ 4 алашаның үлгісін  көрсету. Жолақтардың бағытын өзгерту. Үлгілерді алып тастау. Алашаны салудың әдіс ­  тәсілін көрсету: алдымен солдан оңға қарай бір түсті жүргізу, келесі бояу екеуінің арасын  аса алшақтатпау. Келесі түсті бояу үшін қылқаламды жуып отыру. Сабақ соңында түстердің әдемі үйлескенін ескеріп, алашаның өте әдемі болып шыққанын  атап өту. Біз не білдік: ­ Алаша түсі алабажақ. ­ Әртүрлі түстерді үйлестірсе, әдемі зат шығады. №6 Күзгі жапырақтар Мақсаты: қылқаламды дұрыс ұстай білуге үйрету. Түстер туралы түсінік дамыту.  Табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Барысы: Күзді ақындар әртүрлі жырлайды. Күз де болды Гүл де солды Қайран бұтақ Қалды жұтап.­ Ол неге жұтап қалды? Балалармен жапырақтар туралы әңгіме жүргізу. Күзгі жапырақтар қандай? Сары, олар  желмен бірге ұшады. Күзде сарғайып, жерге түседі. Оның үстінен жүрсең, олар  шытырлайды. Оның түсі сары, яғни сары түсті бояумен бояймыз. Жұмыс барысында  қылқаламды дұрыс ұстап, бояуларды қолдану тәсілдеріне назар аудару. Сабақ соңында  қаншама күзгі жапырақтар ауада қалыптап ұшып жүргеніне көңіл аудару. Бірге күзгі  жапырақтар туралы өлең айту. Біз не білдік: Жапырақтар сары, әр түрлі көлемді болады. №7Иірілген жіптер Мақсаты: сызықтарды үзбей дөңгелете сала білуге үйрету. Есте сақтай білу қабілетін  дамыту. Әжелердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу. Жіп иіру. Түбіт түтіп шүйкелеп, Саусаққа әже іледі. Сұрамайды бір көмек Бәрін өзі біледі. Санына тақап ұршығын, Алақанмен сипайды. Жүнінен болмай бір шығын, Жіп болып бәрі ширайды. ­ Балалар жүннен тоқылған шұлықтар жылы болады. Оның емдік қасиеті бар. Балаларға жіптің қалай оралатынын көрсету. Ортасынан бастап, шеңберді үлкейте беру.  Балаларға оны алдымен ауада салып көруді ұсыну. Қарындашты қағаздан алмай салу.  Жіптерді салуда түрлі түсті қарындаштарды қолданған балаларды мадақтау. Біз не білдік? Қылқаламмен әртүрлі заттарды салуға болады Бояуларды дұрыс пайдалана білудің маңызы зор. №8Әдемі доптар Мақсаты: дөңгелек пішінді заттарды салуға үйрету. Қарындашты дұрыс ұстай білу  қабілетін дамыту. Әдептілікке тәрбиелеу. Барысы: Доп туралы жұмбақ. Доптарды көрсету. Балалардан оның пішіні қандай екенін сұрау, оны ауада қалай салу  керектігін сұрау. Өткен сабақтарда қандай дөңгелек пішінді заттарды салғанын еске  түсіру. Сурет салу барысында доптар әр түрлі болатынын, сондықтан да әр түрлі  қарындаштарды қолданғандары дұрыс екендігін айтып өту. Сабақ соңында балалармен  қандай тамаша доптар салғанын талдап, әр бала өз добын қандай түспен бояғанын айтуы  керек.

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері

Екінші сәбилер тобына арналған сурет салу сабағының үлгілері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017