Графикалық редакторлардың түрлері
Оценка 4.9

Графикалық редакторлардың түрлері

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
информатика
Взрослым
26.05.2017
Графикалық редакторлардың түрлері
Білім алушыларға графикалық редакторлардың түрлерімен таныстырып, оны меңгерте отырып, сабақта интерактивті технологияны қолдануға дағдыландыру, оны өмірде қолдана алу дағдыларын және білімдерін қалыптастыру Мамандықтарына байланысты танымдық білімдерін арттыра отырып, компьютерлік технологиямен жұмыс жасау, ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту. Білім алушылардың адамгершілік қасиеттерін арттыра отырып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өз ойларын еркін білдіруге бейімдеу, өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге дағдыландыру.
инф РЭС ашык сабак.doc
Сабақ жоспары                                                Пән: «Информатика» Курс:      Топ: ___РЭС1А______    1__     Мерзімі: “_18__”     03       2011жыл    Кабинет: ______________    Оқытушы:______________________ Тақырыбы: Мақсаты: Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік Оқыту түрі: Типі: Оқыту технологиясы Оқыту әдісі: Көрнекіліктер: Графикалық редакторлардың түрлері Білім   алушыларға  графикалық   редакторлардың   түрлерімен таныстырып,   оны   меңгерте   отырып,   сабақта   интерактивті технологияны қолдануға дағдыландыру, оны өмірде қолдана алу дағдыларын және білімдерін қалыптастыру  Мамандықтарына байланысты танымдық білімдерін арттыра отырып,   компьютерлік   технологиямен   жұмыс   жасау,   ойлау, жобалау қабілеттерін, логикалық қабілеттерін дамыту. Білім   алушылардың   адамгершілік   қасиеттерін   арттыра отырып,   ұқыптылыққа,   жауапкершілікке,   өз   ойларын   еркін білдіруге   бейімдеу,   өз   бетінше   жұмыс   жасауға,   ізденуге дағдыландыру. Сабақ ­ лекция Топтық жарыс Деңгейлеп – саралап оқыту алынған білім көздері бойынша: сөздік, көрнекілік; танымдық   қызметті репродуктивті, иллюстративті­түсіндірмелі, баяндау, ойын. оқу құралдары, лекция, интерактивті тақта, суреттер,  тесттер, үлестірмелер ТҚЖ: дербес компьютер   ұйымдастыру   тәсілі   бойынша: САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ 1. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) Дәрісхананың тазалығын тексеру, түгелдеу. 2. Үй тапсырмасын қайталау (15 минут)  Microsoft Word, Microsoft Excel,  Microsoft  Access, Microsoft Power Point. Шығармашылық тапсырма Әр топ өз аттарына байланысты дайындап келген шығармаларымен таныстырып, оны  қорғайды, түсіндіреді. 3.  Жаңа сабақты түсіндіру (30 минут)   кескіндерді   (суреттерді, Компьютерлік   графика   –   әр   түрлі   сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.     Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:   Ғылыми графика Бұл ең бірінші пайда болған бағыт. Оның міндеті – объектілерді көрнекі бейнелеу. Ғылыми және инженерлік қызметте ғылыми графика ғылыми зерттеулер мен сынаулар жүргізгенде, есептеу нәтижесін   графиктік   өңдеу   үшін,   есептеу,   эксперимент   жүргізгенде   және   олардың   нәтижесін көрнекі   түрде   көрсету   үшін   қолданылады.   Медициналық   қызметте   ғылыми   графика кардиограмма, рентгенограмма және т.с.с. түрінде қолданылады.  Іскерлік графика Компьютерлік   графиканың   бұл   саласы   әр   түрлі   мекемелер   жұмысында   жиі   қолданылатын иллюстрация   жасауға   арналған.   Жоспар   көрсеткішін,   есеп   беру   құжаттарын,   статистикалық мәліметтерді   –   осы   объектілер   үшін   іскерлік   графиканың   көмегімен   иллюстрациялық материалдар /график, диаграмма/ жасалады.  Көркемдік графика Графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданылады Графиканың үш түрі бар Растрлық графика  Векторлық графика  Фракталдық графика  Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.   Растрлық графикада кескіндер түрлі­түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.      Растрлық   кескіннің   сапасы   сол   кескіннің   өлшеміне   (тігінен   және   көлденең   орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады . Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Paint, Corel Photo Paint             Растрлық графикада  бейне көптеген нүктелердің жиынтығы түрінде көрсетілгендіктен, мысалы,  салынған  шеңбер суретін біртұтас объект ретінде өңдей алмаймыз. Мұндайда  бейне құрамындағы көрсетілген жеке нүктелерді өз алдына бөлек өңдеп алу керек болады. Ал мұндай жұмыс адамды барынша жалықтыратын іс болып табылатыны түсінікті шығар.        Paint  программасы – осы биттік графика бейнелерін өңдеуге арналған. Windows ортасының қарапайым   қалыптағы   (типтегі)   программасы.   Міне   осындай   ВМР   кеңейтуіндегі   файлдармен биттік графика тобына жататын PCX немесе TIF кеңейтуіндегі файлдарда болады. Осы биттік графика тобына жататын файлдардың негізгі кемшілігіне, сурет масштабын өзгерту барысында, олардың сапасының күрт төмендеуі жатады. Енді мысал ретінде ВМР форматындағы суретті Кірістіру   =>   Сурет   (Вставка   =>   Рисунок)  меню   командасының   көмегімен   мәтін   ішіне орналастырайық.   Сосын   масштабты   өзгерту   жақтауы   пайда   болу   үшін   суретті   тышқанмен шертейік   те,   суретті   тігінен   және   көлденеңінен   ұлғайтайық.   Бұдан   кейін   қарасақ,   бейненің бұрынғыдан біршама өзгергенін байқаймыз.(Сурет ­ 1). Сурет ­ 1. ВМР форматындағы үлкейтілген сурет Векторлық кескіндер, бұл ­ сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан   тұратын   кескіндер.   Бұл   жерде   вектор   дегеніміз   ­   осы   объектілерді   сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.            Векторлық графикада  суреттің әрбір жеке элементі вектор түрінде немесе параметрлер массиві   түрінде,   дәлірек   айтсақ,   осы   фигура   жайлы   информация   –   оның   мөлшері,   центрінің координаталары   және   түсі   туралы   информацияны   құрайтын   қарапайым   геометриялық фигуралардың   (сызықтыр,   тіктөртбұрыштар,   дөңгелектер   және   т.с.с)   математикалық сипаттамасы түрінде сақталады. Мысалға, дөңгелекті сақтау үшін оның центр координаталары (x=10, у=5), радиусы (34). түсі (көк)  туралы информация керек. Сондықтаан бейне масштабының өзгеруі (өзгеруі немесе кемуі) оның сапасына әсерін тигізбейді. WMF форматы – бұл күрделі векторлық   графика   форматы,   сондықтан   ол   Word­та   оның   құрамында   бірге   орнатылған графикалық сүзгі арқылы іске асырылады.        Кез келген графиктік редакторда сурет салып, оны WMF форматында  сақтай алсақ, онда масштабты өзгерту барысынды ешбір сапасын төмендетпей оны Word­та пайдалана аламыз.       Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай   кішірейтуге   және   үлкейтуге   болатындығы.   Векторлық   кескіндер   СorelDRAW       секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.             Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады,  бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз .    Графиктік   редакторлар   –   сурет   салуға,   сызбалар   жүргізуге   арналған   программалар. Түрлері: қарапайым графиктік редакторлар – Paint,   мүмкіндігі кең графиктік редакторлар – Corel Draw, Adobe Photoshop, AutoCAD, мамандарға арналған графиктік редакторлар – Microsoft Chart, Harword Graphics.                Photoshop    құрамына   көптеген   құралдар,   жабдықтар   кіретін,   олардың   арқасында қолданушыға құнды ақпарат ұсынатын бағдарлама.                 AutoCAD  сызбалар мен сұлбаларды орындауға, редакциялауға, басып шығаруға толық мүмкіндік беретін бағдарлама.          Corel Draw иллюстрациялар дайындау бағдарламасына арналған. Ол векторлық графикамен жұмыс   істеуге   арналған   графикалық   бейнелерді   өзгерту   мен   жасаудың   көптеген   жолдарын қамтиды.   Бағдарлама   интерфейсі   қолдануға   өте   қолайлы   және   алынатын   кескіннің   сапасы жоғары   болып   келеді.  Corel   Draw  –да   «объект»   терминімен   иллюстрацияның   кез   келген элементті аталады. Сызықтар, фигуралар, сырттан енгізілген (импортталған) графика және мәтін объектілер бола алады.               Paint және Adobe Photoshop бағдарламаларының ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы салыстыру. Бір терезелі графи­ калық бағдарлама. Windows опера­ циялық жүйесі­ нің стандартты  бағдарламасы 16 құралмен  жұмыс істейді 4.Кеңейтілуі  .bmp    Нүктелік графика Көп істі құрал­саймандар  қатарымен атқарады. Сурет салуға, мәтін енгізуге,  дайын суреттер енгізуге  болады. Бейнелердің кез келген бөлігін  қиып алып алмастыру  буферінде сақтауға болады.  Көп терезелі. Суреттерді түрлі  жолдармен  өңдеуге  болады. Қабаттармен,  каналдармен  жұмыс істеу  мүмкіндігін  береді  51 құралмен  жұмыс  істейді.  Кеңейтілуі .  psd 4.   Бекіту (20 минут) 1 деңгей Кім білімпаз?    Мұнда әр топқа 3 сұрақтан беріледі. Жауап бере алмаған жағдайда қарсы топ  жауап  береді. (10 минут) 2 деңгей Ойлан тап! Әр топқа графикалық 4 редактор беріледі. Біреуін таңдап, сол редактордың құрал –  саймандарын жинайды.  (5 минут) 3 деңгей Аудармашы Әр топтағы әр балаға тапсырмалар таратылады, қазақша сөздерді орысшаға, орысша  сөздерді қазақшаға аудару керек. (5 минут) 5. Қорытындылау (5 минут)   Төрт топқа үлестірмелер таратылады. Жалпы графикалық редакторлардың түрлері  туралы әркімнің қаншалықты түсінгені туралы мағлұмат алынады. Әр топтан  шығып,  таратылған үлестірмелердің қорытындысын хабарлайды. Білемін Білгім келеді Білдім 6. Бағалау  (5 минут)       Әр топтың тапсырмалардан көрсеткен балдары, яғни таратылған  жетондар бойынша  бағаланып жалпы қорытындыланады.  Тапсырма Топ аты Microsoft Word Microsoft Excel Microsoft  Access Бал 1 ­5 1 ­5 1 ­5 Microsoft Power Point 1 ­5 Шығармашылық тап­ма Кім білімпаз? Ойлан тап! Аудармашы Қорытынды 7. Үйге тапсырма (3 минут)  Графикалық редакторлардың түрлеріне материалдар жинау және осы тақырыпқа дайындалу Пайдаланатын әдебиеттер: 1. Компьютерлік графика (Corel DRAW редакторымен жұмыс) Н.Т Ермеков. Астана, 2007  2. Компьютерлік графика негіздері (Word, Excel,  Paint, Power Point, Auto CAD) Ы.Нәби,  Ғ.Жұматай, Г.Шапрова. Алматы, 2009

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері

Графикалық редакторлардың түрлері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
26.05.2017