Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Қазақстанның қазіргі замандағы әлеуметтік- экономикалық дамуы. |
Мектеп: «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы |
||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Агажанова Айнур Серикбековна |
||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан тарихы Сынып: 11 |
Қатысқандар: - |
Қатыспағандар:- |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
№ 1. ХХ ғасырдағы Қазақстан экономикасының дамуы. |
||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану; |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: «экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдарын қолданады; Оқушылардың басым бөлігі: ХХ ғасырда Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктеріне дәлел келтіру үшін «экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» салдарын талдайды; Кейбір оқушылар: Дәстүрлі экономика мен жоспарлы экономиканы салыстырады, жоспарлы экономиканың салдарын бүгінгімен байланыстырады; |
||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
- ХХ ғасырда Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдайды; - «экономикалық жүйе», «дәстүрлі (аграрлы) экономика», «жоспарлы (социалистік) экономика» ұғымдарын Кеңестік дәуірдегі Қазақстан экономикасын сипаттау үшін қолданады; |
||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар:1. Дәстүрлі экономика мен жоспарлы экономиканың ерекшелеліктерін талқылайды /айтылым/ 2.Әскери коммунизм саясаты мен ЖЭС-тің белгілерін жазады /жазылым/ 3.Ә.Бөкейханов, Е.Тимофеев, М.Сириус, А.Ермаков еңбектерінен дәстүрлі экономика жайлы мәліметтерді зерделейді. 4. Видео жазбалар https://www.youtube.com/watch?v=TyrdAyBIYdk арқылы берілген мәтіндерді тыңдап,ой қорыта алады./тыңдалым/Басқа жазса? Лексика мен терминология: «Экономикалық жүйе», «аграрлы», «дәстүрлі», «жоспарлы экономика», «индустрияландыру" Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Дәстүрлі экономика қазақ халқы үшін тиімді болды, өйткені .... Сіз неліктен ........ айта аласызба? Неліктен Қазақстанда экономикалық жүйені жаңғыртудың маңызды деп ойлайсыз? Жазылым үшін ұсыныстар: Менің ойымша Кеңес үкіметі дәстүрлі экономиканы өзгертті..... оған әсер еткен сыртқы факторлар ....., ішкі факторлар.......
|
||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық дамуы жағымды, жағымсыз жағын қарастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның экономикасында дамытуда сол қателіктерді жібермеу үшін «Мәңгілік елдің индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығына баулу. |
||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Бизнес және кәсіпкерлік, география, дүниежүзі тарихы |
||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
мақсатында жұмыс жасаған сол білімдерін 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану; оқу мақсаттарына жету үшін қолданады. |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||
Тарихи концепт: 3.2 «Ұқсастық пен айырмашылық» |
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин
3 мин
5 мин
3 мин |
Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу). Дәстүрлі экономика, Жоспарлы экономика, Нарықтық экономика сөздері арқылы 3 топқа бөлемін
1-тапсырма. (БС) Үй тапсырмасын сұрау. «Экономикалық және мәдени өзара қарым- қатынас және өзара әсері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін «Ыстық орындық» әдісі арқылы тексеру. - Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы қатынасқа қандай фактор әсер етуі мүмкін? -Мухаммад ибн Мансур Мерверрудидің «Тарих-и-Мубарак шах» (XIII ғ.басы) еңбегінде не туралы айтылды? - Орта Азияда болған Филипп Назаровтың хабарлауы бойынша қандай деректер келтірді? -Түркітанушы М.Х.Абусеитованың пікірі бойынша бұл өңірде сауда ешқашан, тіпті соғыс уақытында да тоқтамады. Бұның себебі неде?
ҚБ: Топтар «Бағдаршам» арқылы бағалау
№2 Тапсырма. (ТЖ) «Суреттер сөйлейді» әдісі Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығы мен кеңестік дәуірде жүргізілген жоспарлы экономика және қазіргі кезеңдегі нарықтық экономиканы бейнелейтін суреттерді көрсетіп, оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою арқылы сабақ тақырыбына болжам жасату. 1. Суреттерден нені көресіздер? 2. Суреттерден қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқай аласыздар? 3. Cіздерде қандай сұрақтар туындады?
Дескриптор - Cуреттегі шаруашылық түрлерін сипаттайды; - Екі шаруашылықтың ұқсастықтарын атайды; - Екі шаруашылықтың айырмашылықтарын ажыратады; Мұғалімнің ҚБ Өте жақсы, ұтымды жауап Cұрақтар. Бүгінгі сабақтың тақырыбы не деп болжайсыңдар? Мақсатымыз қандай? Мұғалім оқу мақсатын хабарлайды. 11.1.3.1 Қазақстанның экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономикалық жүйе", "дәстүрлі (аграрлы) экономика", "жоспарлы (социалистік) экономика" ұғымдарын пайдалану;
«Кинометафора» әдісі Бейнероликті интербелсенді тақтада көрсету |
Топтың аттары жазылған парақшалар
Тақырыпқа қатысты суреттер
https://www.youtube.com/watch?v=TyrdAyBIYdk |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 21 мин 3 мин
10 мин
|
№3 тапсырма. (Ж) «Сұрақ ілмегі» әдісі Кестеде берілген ұғымдарды суреттермен сәйкестендіріңіз, экономикалық терминдерін атауын жазыңыз.
ҚБ: (мұғалім оқушыларға кері байланыс жасайды)
№ 4 тапсырма. (Жұптық). Ойлан. Жұптас. Бөліс әдісі Топтар ұсынылған деректерді талдаңыздар. Ресурстардың байланысын дәйектеме арқылы көрсетіңіз. Ақпаратты талдап, постерге түсіріңіз. 1-топ. Дәстүрлі, жоспарлы экономика (түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.) / оқулық мәтінімен/ 2 –топ. М.Сириус, А.Ермаков дерегі (А ресурсы) 3- топ. Ә. Бөкейханов, Е.Тимофеевтің дерегі (В ресурсы) Дәйектеме________________________________ Дерек А ресурсынан____________________ Дерек В ресурсынан ---------------------------------- Дескриптор: - Дәстүрлі экономика мен жоспарлы экономиканың ерекшелеліктерін анықтайды; - Дәстүрлі экономика жайында Ә.Бөкейханов, Е.Тимофеев, М.Сириус, А.Ермаковтың еңбектерінен мәліметтерді салыстырады; - Экономиканы реформалаудағы қабылданған шешімдердің кемінде 2-уін анықтайды; - Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтардың кемінде 2-уін анықтайды ҚБ: Балл арқылы бағалау
Зерттеу сұрағы. · Дәстүрлі экономика қазақ халқы үшін тиімділігі неде? · Неліктен Қазақстанда экономикалық жүйені жаңғырту маңызды деп ойлайсыз? ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтық кері байланыс. |
Кесте
Таратпа парақшалар
Стикер
|
|||||||||||||||||||||||||||
8 мин
Сабақтың соңы 6 мин 3 мин |
№ 5 тапсырма (Ж). Оқушылар берілген деңгейлік тапсырманы орындаңыздар: 1 деңгей тапсырмасы: Кестеде көрсетілген ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіріңіз. Дәстүрлі экономика Жоспарлы экономика Нарықтық экономика
Дескриптор - Дәстүрлі экономиканы ықтайды; - Жоспарлы экономиканы анықтайды; - Нарықтық экономиканы анықтайды; 2 деңгей. 1. Кеңес үкіметі дәстүрлі экономиканы өзгертту себебі қандай?. 2. оған әсер еткен сыртқы факторлар ....., ішкі факторлар....... 3. Әскери коммунизммен ЖЭС-тің белгілерін көрсетіңіз. 3 деңгей. Қазақстанның дәстүрлі экономикасының даму ерекшелігін кестеге толтырыңыз.
ҚБ: «Ашық микрафон» әдісі |
Деңгейлік тапсырмалар
|
|||||||||||||||||||||||||||
2 мин Үй тапсырмасы 1 мин
|
Рефлексия. Барлығы параграфты оқиды, мазмұндайды А тобы Ашық тест құрастырады В тобы «Қазақстанның экономикасын жақсартудың қандай жолдарын ұсынар едіңіз...?» Эссе жазу. С тобы Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау |
|
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін (Гарднер бойынша көптік зият теориясы). Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.