Калдыкпен болу
Оценка 5

Калдыкпен болу

Оценка 5
Разработки уроков
docx
математика
3 кл
21.03.2018
Калдыкпен болу
Білімділік: Қалдықпен бөлу тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, жинақтау. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа, ұжымшылдыққа жұмылдыру бір бірімен пікір алмасу .
гулмира.docx
Тақырыбы: Ө.Тұрманжанов "Шал мен бала"  Мақсаты: Білімділігі:    Оқушыларға мәтіннің мазмұнын ашқыза отырып, негізгі ой қандай мәселеге құрылғанын тапқызу. Дамытушылығы:  Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту. Тәрбиелігі:Үлкенді сыйлауға, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Сабақ түрі : Түсіндірмелі, сұрақ­ жауап, деңгейлік тапсырмалар. Сабақта қолданылатын техникалық құрал­жабдықтар:  компьютер, интерактивті   ACTIVstudio бағдарламасы.   ACTIVote   тестілеу   жүйесі,   тақта, Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі:   «Қызығушылықты ояту» ­ Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және  топбасшы сайлау; ­ Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою. І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы  (ерболестйдіберікатташикібелесілік ­бейбітшілік) ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (бжгадқвсзыблғыжқ­Жақсылық) ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы  (мқесйтікртікмхдқі­мейірімді)  Көңіл күйімізді көтерейік: Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Күлімдеп күн бүгін  Қарады баршаға. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау  “Алпамыс батыр” жырынан үзіндіні жатқа сұрау.  ІІІ. Өтілген сабақты бекіту Тест түрінде өтілген сабақты бекіту. (ACTIVote тестілеу жүйесі) 1. Қобыландының аты? А) Құлагер Ә) Тайбурул Б) Ақ боз ат 2.Тайынбай найза салысты, Екі найза қағысты. Осыменен екеуі Біраз жерге барысты.        Қай жырдан үзінді? А) «Қобыланды батыр» жырынан  Ә) «Алпамыс батыр» жырынан Б)  «Сағыныш сазы» 3.Алпамыстың ғашығының есімі кім? А)Қарлығаш Ә) Аналық Б) Гүлбаршын 4. Байбөрінің асырап алған ұлының аты кім? А) Ұлтан Ә) Алпамыс Б) Ер Тарғын 5. Батырлар жырын айтушылар, жеткізушіліер кімдер? А) Ақын, жазушылар Ә) Жыршылар Б) Батырлар  Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу. ІҮ. Сабақтың мақсатын қою ­ ­ Мәтін бойынша сұрақтарға жүйелі жауап беруге үйрету. ­ Мәтін мазмұнына байланысты ой қортындылай білуге баулу. Ү. Жаңа сабақты түсіндіру   Өтілетін  сабақтың  тақырыбын  ашқан  соң  авторға  қысқаша  тоқталу. Ө.Тұрманжанов   1905   жылы     15   желтоқсанда   Бөген ауданындағы   "Жалғызағаш"   ауылында   туған.   Ташкентте   N14   жетім балалар үйінде тәрбиеленді.  "Казақтың макал­мәтелдері", "Асыл сөздер" атты жинақтарды  құрастырды.  Ауыз әдебиетінің  белгілі зерттеушісі, көрнекті   ақын   Ө.Тұрманжанов   Еңбек   Қызыл     орденімен марапаттадды. Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.   Ту       Мәтінмен жұмыс. а) Іштей оқыту. ә) Тізбектеп оқыту. б) Мәтінді бөлікке бөліп оқыту.  Сөздік жұмысы  Төтелей жүру­ең қысқа жолмен  жүру Қазан құлағын көтеру­ құрметті қонаққа қазанға ет асу, ас дайындау. Он екіде бір гүлі ашылмаған­ жас бала  ҮІ. Жаңа алынған білімдерін тексеру.  Топпен жұмыс Мәтіндегі  оқиға: а)  ертегі ә)  болған оқиға б)  аңыз екенін  дәлелде   Шығармашылық тапсырма:  1) Қонақжайлылық тақырыбында әңгіме жазу 2) Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу 3) салт­дәстүр туралы мақал жазу ҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау. Ой қозғау.   ­Баланың ауылына келген қонақ қандай адам еді?   ҮІІІ. Үйге тапсырма.  ­Әңгімеде   ертедегі   қазақ   ауылы   қалай   суреттелген? Мәтінді оқып , түсінігін айтып келу. Оқушыларды бағалау.

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу

Калдыкпен болу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.03.2018