Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу
Оценка 4.7

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
искусство +1
Взрослым
10.02.2017
Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу
Киіз басу технологиясы, киізді түту, бояу туралы мәліметтер, панно дайындау. Киіз басу барысының бірнеше кезеңдері. Жүнді бояу технологиясы. Механикаландырылған киіз басу , сабын ертіндісін дайындау туралы ақпарат. Еліміздің жүрегі - Астанада «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбында өтетін Экспо -2017 Халықаралық көрмеде ең ғажайып туындылар жасалып, әлемді таңғалдыратына сенеміз. Экспо-2017-ні бекер айтып отырған жоқпын. Біз 3топқа бөлініп, бүгінгі тақырыпқа сай панно жасаймыз.Киіз басу технологиясы, киізді түту, бояу туралы мәліметтер, панно дайындау. Киіз басу барысының бірнеше кезеңдері. Жүнді бояу технологиясы. Механикаландырылған киіз басу , сабын ертіндісін дайындау туралы ақпарат.
Қолөнер сабағы.docx
САБАҚ ЖОСПАРЫ Пән: Қолөнер Сабақ №2 Сабақтың тақырыбы: Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу Күні:  Топ:  Сабақ мақсаты: Киіз басу технологиясын үйрету Сабақтың міндеті: 1. Киіз басу технологиясы, киізді түту, бояу туралы мәліметтер беру,  құрғақ және дымқыл киіз басудың жаңа технологиясымен және   этностильдегі   суреттермен   танысу,   жүнді   киіз   басу   техникасында панноны өздігімен дайындауды үйрету 2.  Киіз   басудың   техникасы   мен   технологиясын   меңгерте   отырып, шеберлігін   дамыту,   өнерге   деген   ынта   –   қабілетін   арттыру; 3.   Жас   ұрпаққа   осы   заман   талабына   сай   өзгеріп   келген   жүнмен   жұмысты үйрету негізінде ұлттық өнерді қастерлеуге, дәстүрді сақтауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Студенттер киіз басу технологиясын түсініп, киіз басудың техникасы  мен технологиясын меңгеріп,  жүнмен жұмыс жасау шеберлігін игеру керек.  Сабақтың түрі мен типі: практика  Оқыту технологиясы мен әдістері: демонстрациялау, топпен жұмыс Пәнаралық интеграция: Қазақстан тарихы   Құрал жабдықтар:  түрлі ­ түсті жүндер, сабын, су, су сепкіш, тор мата, полиэтилен пакеті, эскиз, нұсқау карта Негізгі әдебиет: С.Қасиманов «Қазақ халқының қолөнері» Сабақтың өту барысы: 1. Ұйымдастыру   кезеңі:  Амандасу,   түгендеу,   құрал­жабдықтарын тексеру, сабаққа назарын аудару. 2. Үй тапсырмасын тексеру:  1) Төрт   түлік   малдың   жүнін   қазақ   шаруашылығында   қалай пайдаланған? 2) Жүннің түрлерін айт. 3) Киіз басу дегеніміз не? 4) Көне   заманнан   қолданылған   киізден   жасалған   дүниелер   табылған аймақ. 5) Жүннен жасалатын бұйымдар туралы айт. 3. Жаңа білімді меңгеру: Киіз басу барысы. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:  Сабау. Алдымен   жүн   жасалатын   бұйымдарға   ыңғайланып,   ақ,   қара   түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.  Шабақтау. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып,   әлгі   шабақталған   жүннің   үстіне   салып   отырып,   оң   қолдың   қырымен басып   қалып,   үзіп   қалдырады.   Үзілген   жүн   бірімен­бірі   жалғаса,   біртегіс болып   төселе   береді.   Бұл   істі   бұрыннан   бет   тартып   машықтанған,   жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі­үш адам орындаса, жүн ала­құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.  Булау. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды.   Жоғарыдан   шашырап   құйылған   су   өз   салмағымен   жүнді   басып, шабақталған   жүн   мен   тартылған   жүнді   біріне­бірін   қосып   жабыстырады. Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін­әлсін ыстық су құйылады. Түгел   жиналған   шидің   сыртынан   жіппен   шандып,   жұмырлап   байлайды   да, ортан   белінен   бір   жерінен   немесе   екі   жерінен   арқанды   өткізіп   алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 – 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама­қарсы бір адам – “қой бастар” киізді   алға   қарай   (өзіне   қарай)   домалата   сүйрейді.   Бұдан   кейін   шидің шандуларын   шешіп,   шиыршықталған   киізді   жазып   босатады.   Киіздің   асты­ үстін   ауыстырып   отырып,   3   –   4   рет   шиыршықтап,   бүктейді   де,   екі   басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды.  Білектеу. Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып,   тізесіне   соғады,   білегімен   ұрып   басады.   Білектеліп   болған   киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір­біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.  Қарпу. Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды­солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет­ шеті   жиналып   тегістеледі   де,   екі   жақ   бетіндегі   кірікпей   қалған   бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып,   екінші   басына   жеткізеді.   Одан   кейін   екінші   басын   тағы   да   соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы­солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз,   талдырма,   сатымсақ   киіз,   қозы   жүнді   киіз   деп   бірнеше   түрге   бөліп айтады. Механикаландырылған   киіз   басу.  Қазіргі   заманғы  киіз  басу   жұмыстары механикаландырылған.   Киіз   өндірісінде   жүн   арнаулы   машиналармен көпсітіліп,   майланып,   араластырылады   да,   тарақтап   түту   машинасымен түтіледі.   Түтілген   жүн   жасалатын   бұйым   пішіміне   сай   тартылып,   талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкірт қышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол   білектеуден   өтіп   нығыздалады,   соның   нәтижесінде   бұйымның   көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді.   Киіз  басу   –   әрлеу,   түгін   қырқып   тазалау,   престеу,   кесу   т.б. жұмыстармен аяқталады.  Бұрынғы   кезде   киізді   бояу   үшін   бояуды   табиғаттан   алған.   Мысалы, жапырақ, шөп, гүл  т.б. Әр   жақтың, аймақтың  бояуында  ерекшелік  болған. Жетісу,  Оңтүстік   Қазақстан  аймағының  текеметтері  көбінде  жасыл, қызыл түстермен боялса, жасыл желегі аздау шөлді аймақтарда сары түстер көбірек қолданылған. Ол бояу киізге сіңгеннен кейін кетпеген. Ал қазіргі кезде, әрине арнайы фабрикаларда жүнді химиялық бояулармен бояйды.  Жүнді бояу   технологиясы.   Жүнді   бояу   үшін   қазанның   қақпағын   жауып бірқалыпты қайната отырып, оған жүнді мөлшерлеп салып, оны ағаш қалақпен бастырып отырған дұрыс (жүн салмастан бұрын бір литр суға бір шай қасық көлемінде сірке суы кұйылады). Су керекті мөлшерден аз болса, жүн қазан түбіне жабысып қалады. Қазан бір қайнағаннан кейін от қызуын азайту керек. Жүннін бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен боялып жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді. Бояу алған жүн суы сығылғанды, бозғыл тартпайды. Онда қазан астындағы от сөндіріліп, боялған жүн   суы   сорықтырылып,   жүн   эмальді   табаққа   алынады.   Бетін   қақпақпен жауып үстін ауыр затпен бастырады да суығанша қоя тұрады. Суығаннан кейін жүн  керілген жіпке, көлеңке жерде кептіріледі, оны арнайы  жүн  тарайтын таракпен тарап, түтіп түрлі әсем бұйымдарын жасауға болады. Біз бүгін қойдың жүнінен панно жасауды үйренеміз. Ол үшін боялған жүн, полиэтилен, тор мата, су сепкіш, арнайы дайындалған сабынды су.  Сабын ертіндісін дайындау үшін. 1)  100­125гр сабынға 2 литр су керек 2) Сабынды ірі үккіштен өткізіп алады 3)   Үккіштен   өткен   сабынды   табаққа   салып   үстіне   1   литр   қайнаған   су құйылады. 4) Оның үстіне үй температурасындағы тағы 1 л су құйылады 5) Ерітіндіні көпіртіп, қоюланған соң жұмысымызға қолданамыз. Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: ­Жұмыс орнын ретке келтіру. ­Арнайы алжапқышты тағып алу. ­Жұмыс құралдарын түгелдеу. ­арнайы қолымызға қолғап киеміз 4. Практикалық жұмыс Жүннен панно жасау.  Біздің   қолымыздан   жасалған   керемет   туындыларды   көрмелерге қоятынымыз анық. Мәселен, көрмелер колледжімізге  қонақтар келген кезде міндетті   түрде   ұйымдастырылады.   Сол   секілді   еліміздің   жүрегі­Астанада «Болашақтың   энергиясы»   атты   тақырыбында   өтетін   Экспо ­2017 Халықаралық   көрмеде   ең   ғажайып   туындылар   жасалып,   әлемді таңғалдыратына сенеміз. Экспо­2017­ні бекер айтып отырған жоқпын. Біз   3топқа   бөлініп,   бүгінгі   тақырыпқа   сай   бірінші   топ   көрменің эмблемасын жасайды. Сонымен   қатар   «ЕХРО­2017   көрмелерінде   барлық   мемлекеттер өздерінің   таңдаулы   технологиялық,   ғылыми   және   мәдени   жетістіктерін көрсетеді.   Мұндай   шараларға   барлық   құрлықтардан   ондаған   елдерден миллиондаған адамдар келеді. Астананың бәсекелестік күресте жеңіске жетуі ­ кездейсоқ емес.   зиянын келтірмейтін «Болашақтың энергиясын» назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. Екінші   топқа   Лампочканың   бейнесіндегі   картинаны   жасауға   берем,   бірақ өзгерту енгізуге болады.   Қоршаған   ортаға Қуатсыз ­   өмір   жоқ.   Үшінші топтың қыздарына мынаған ұқсас эскизді жасауға беремін. Ал,  кәне   «қол   батыр­көз   қорқақ»   ­дегендей.   Алдарымыздағы   керек құралдарды пайдалана отырып, ұйымдасқан түрде жұмысымызды бастайық. Әр   топтың   жанына   барып,   қателері   болса   байқап,  дер   кездерінде   түзетуге мүмкіндік беріп, жұмыстарын қадағалау, түсінбеген жерлерін түсіндіру. Топ басшыларына сөз беру. 5. Жаңа білім және іс­әрекет тәсілін меңгеруді бекіту: 1) Киіз басу технологиясын ретімен айтып бер. 2) Механикаландырылған киіз басу туралы айт. 3) Сабын ерітіндісін қалай дайындайды? 6. Бағалау: жұмыстары бойынша студенттерді бағалау 7. Үйге тапсырма: картон мен бояу, сызуға қажетті құралдар және киіз әкелу. 8. Рефлексия:  көрсету   смайликтер   арқылы   бүгінгі   сабақтан   алған   әсерлерін

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу

Киіз басу технологиясы. Киізді түту, бояу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017