Ілияс Жансүгіровтың "Көкшетау" поэмасынан үзінді. Оқушыларға шығарманы толық түсіндіру, негізгі ойын анықтау, туған жерге, туған табиғатты сүюге баулып, қазақ халқының арыс азаматы Ілияс Жансүгіровтың шығармаларын насихаттау, Қазақстан Республикасының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған сабақ жоспары берілген. Жаңа технологиялар қолданып өткізілген сабақ.сабақ жоспары берілген
көкшетау.docx
Тақырыбы: Көкшетау І.Жансүгіров
Мақсаты:
А) Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен
шығармашылығы туралы білімдерін толықтырып, өлеңді түсініп оқуға үйрете
отырып, туған ел табиғаты, әсемдігімен таныстыру, мазмұнын түсіндіру, бейнелі
сөздерді таба білуге үйрету;
Ә) Дүниетанымдық көзқарасын, ой өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын,
шығармашылық қабілетін дамыту
Б) Туған елді, жерді, Отанды сүюге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтарымызды
білуге, құрмет тұтуға, мақтан етуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: сұрақ жауап, түсіндіру, түртіп алу.
Көрнекілігі: І. Жансүгіров портреті, бейнефильм, аудиожазба, слайдтар.
Барысы: I. Бағдарлау мотивациялық кезең
1. 1. Психологиялық дайындық
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз,
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
1. 2. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту
А) С. Жүнісовтың «Түнгі сәуле» мәтінін мазмұнын айтқызу.
Ә) Қорыту
Балалар, қазір әдебиет сабағы. Үйге не берілді?
«Түнгі сәуле»
Сұрақтар қою.
Жапар неге мазасызданып, ашуланып жүрді?
Жеңіс пен Бауыржан кімге көмектесті?
Егер Жеңіс машинаға ескерту жасағанда не болар еді деп ойлайсыңдар?
II. Операциялық орындаушылық кезең
2. 1. Миға шабуыл
«Сөздер байланысы». Бұл сөздердің бірбірімен байланысы туралы не айтуға
болады?
Ақан сері І.Жансүгіров Құлагер Көкшетау
Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру.
Құлагер Ақан серінің аты, Көкшетау туралы І.Жансүгіров өлең жазған. Ал
Көкшетау өлеңі І.Жансүгіров жазған «Құлагер» поэмасының үзіндісі.
2. 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Бүгін сол І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан алынған үзінді «Көкшетау»
өлеңімен танысамыз.
Сіздер Көкшетау туралы не білесіңдер? ( балалардың жауаптарын тыңдау,
толықтыру)
Көкшетау Қазақстанда орналасқан. Алтайдан Атырауға дейін көсіліп жатқан
қазақ даласына тән қай қасиет, қай сипаттың бәрін осы жерден табылады.
Құдіреттің өзі аспан асты әлемінің барлық сыр, барлық қасиетін қаз қалпында
бейнелейтін арнайы көрме залын әкеп әдейі орнатқандай.. Көкшетауды екінші
Швейцария деп те атайды. Ақын – жазушылары Көкшетаудың сұлулығын, ондағы
80 көлдің әсемдігін жырлап, көптеген шығармалар жазылған. Солардың бірі І.
Жансүгіров.
2. 3. Автормен танысу.
І. Жансүгіров туралы не білеміз? (Балалар жауабы тыңдалады)
Автор туралы нені білуіміз керек? (Слайд)
Қашан, қай жерде дүниеге келді?
Кім болды?
Шығармалары?
2. 4. Оқулықпен жұмыс
а) Мұғалімнің оқығанын тыңдау
Ә) Сөздік жұмысы
Маужыраған – тып тыныш
Малта тас – теңіз толқыны, су ағынымен жұмырланып қалған майда тас
Жақпар – қатпар қатпар
Маржан, ақық, меруерт әсемдік, сәндік үшін қолданылатын қымбат бағалы тас
б) Мазмұнын ашу
Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:
Ақын тауды кімге теңейді? (сұлуға)
Ақын суреттеген таудың биіктігі өлеңнің қай жолдарынан көрінеді?
в) Мәнерлеп оқу Балалар, шығармада бір нәрсені басқалардан бөлектеп, ерекше көзге түсетіндей
етіп көрсету үшін көркем, бейнелі сөздер қолданылады. Ақын таудың тасын
бейнелеуде қандай сөздер қолданған? ( Малта тас, маржан, ақық, меруерт тас)
Г) Дәптермен жұмыс
Осы сөздерді дәптерлеріңізге жазып алыңдар.
Осындай тамаша өлең небір көркем сөздермен әсерлі болып тұр. Қалай
ойласыңдар, осы өлеңге қандай мақал – мәтелдер сәйкес келеді?
Кім айтады?
Туған жердің жері де жұмсақ, ауасы да шипа.
Ендеше, осы өлеңге сатылай кешенді талдау жасайық.
Көкшетау
1. Авторы І. Жансүгіров
2. Тақырыбы Көкшетаудың әсем табиғатын жырлау
3. Жанр түрі поэзия (өлең)
4. Идеясы өз Отанын сүйетін, табиғатқа қамқорлық танытатын адам болып
қалыптасуға үндейді.
5. Шумақ 5 шумақты
6. Тармақ 25 тармақты
7. Бунақ — белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақты
8. Буын саны —11 буынды
9. Ұйқас түрі — қара өлең ұйқасы (ааба)
Сергіту сәті
Көкшетау туралы бейнефильмді көрсету
2.5. «Сен білесің бе?» айдары
Сіздер Көкшетау туралы естіп, тіпті кейбіреулерің көзбен көрген де
шығарсыңдар, бейнефильм де
көрсетілді. Ал Көкшетауда орналасқан
«Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Жекебатыр» туралы не білесіңдер? (Суретпен
жұмыс)
Оларды суреттен дұрыс тауып көрсеттіңдер. Бірақ олардың нег былай аталғанын
білесіңдер ме? Олай болса, мен сендерге аңыз әңгіме айтып берейн.
«Жекебатыр» тралы аңыз
Кедей ауылда асқан күшті, әрі арманшыл бір батыр тұрыпты. Жас кезінде уайым
қайғы дегенді елемей, өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен
халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне шығыс пен оңтүстіктен
жоңғарлар шапқыншылық жасап, батыстан Еділ қалмақтары шабуылдап тыным
бермейді. Бірде оған басқа жұрттың батырлары жолығады. Жас батыр оларды күш біріктіріп, қол болуға шақырады. Бірақ оны өзгелер тыңдамайды. Жаумен бірінші
болып жас батыр кездесіп, жалғыз өзі қарсы шабады. Қаптаған қалың қол оның
алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол қанша күшті болса да , қисапсыз жауды құртып
бітіре алмайды. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсініп, аһ
ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әлдәрмені құрып, туған даласына шалқасынан
құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жекебатыр тауы осылай
пайда болған деседі.
«Жұмбақтас пен Оқжетпес туралы аңыз»
Оның кейіпкерінің бірі —шапқыншылықта қолға түскен қалмақ кызы. Автор
оның атыжөнін атамайды. Абылай қолға түскен олжаны бөліске салғанда осы қыз
үшін хан мен оның сарбаздары арасында талас туады. Бәрі де кызды алудан дәмелі
болады. Сұлу кызды ел тонаушылар біріне бірі қимай, ақыры таңдауды қыздың
өзіне береді. Қыз ақылдылығы кімге тиюді таңдау өзіне берілген кезде байқалады.
Ол көл жағасындағы биік шыңның басына орамал байлатып, кімдекім соны атып
түсірсе, соған тимек ойын білдіреді. Қыз бақытына қарай, Абылай
«батырларының» бірдебірі шың басына оғын жеткізе алмайды. Шыңның
«Оқжетпес» атануы да осыдан дейді. Тұтқын кыз амалсыз жаңа шарт қоюға
мәжбүр болады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, ол екінші шарт етіп күш сынасуды
(төрт адамды арқалап мың қадам жүгіру) ұсынса, үшінші жолы өз өмірін
жұмбақтап айтып, соны шешуді сұрайды. Ханның ақылсыз даңғой батырлары тек
қаракүштің ғана иесі екенін ақын осы тұста бір аңғартып етеді. Төрт адамды
арқалап мың кадам жүгіру арқылы күш сынасу кезінде олар біріненбірі оза
алмайды. Бәйгіге түскен қырық адамның сегізі қыз тұрған тасқа қатар жетеді.
Қайта талас туады. Енді қыз жұмбағын осы тастың үстінде отырып айтады. Тастың
«Жұмбақтас» аталуы сыдан екен. Қыз өз басынан кешкен жайларды жұмбақтайды.
Өзі және әңгімеге қатысы бар адамдар онда әртүрлі құстар түрінде бейнеленеді.
Мысалы, ол өзін кептер етіп көрсетсе, қиянатшыл адамдарды қарақұс, жапалақ
күйінде, лашын— елдің қамқор адамдары, сұңқар — өзінің сүйген жары, жыртқыш
бүркіт — хан бейнесінде суреттеледі. Қыз жұмбағын, оның кай құстың ерлігі
артық деген сұрағын хан тобыры тағы да шеше алмайды. Ең соңында қазақ батыры
Адақ қана қыз сынынан өтіп, оның жұмбағын шешеді. Оқжетпес басындағы қыз
орамалына оқ тигізеді. Өзінің үлесіне тиген қызды Адақ рұқсат беріп, еліне
қайтарады.
III. Рефлексиялық бағалау кезең
3. 1. Шығармашылық тапсырма
Сабақ басында айтып өткендей Көкшетаудың сұлулығына тамсанбаған ақын,
жазушы, суретші жоқ. Олар біздің арамызда да бар. Олай болса ендігі кезекті
шығармашылық тапсырмаға берейік.(С. Сейфуллиннің «Көкшетау» әні ойналып
тұрады)
1 топ: (дайын ұйқас бойынша өлең жазу)
................. ...................... жарқырап, ...................... ................. жалтырап.
...................................... етегің,
........................................... мекенім.
2 топ: (әңгіме жазу )
3 топ: ( сурет салу)
Ал енді жер жаннаты туралы оқушылардың шығармаларын тыңдайық.
Жарайсыңдар, балалар!
3. 2. Сәйкестендіру
Бүгінгі сабақтан алған білімдерімізді көрсететін сәт те келді. Интерактивті
тақтадағы суреттерді өз атауларымен сәйкестендірейік.
Жұмбақтас
Оқжетпес
Бурабай
Жекебатыр
Балдәурен
3. 3. Қорыту.
Қазақстанда Көкшетау сияқты көрікті жерлер өте көп. Бірқатар адамдар
табиғаты көркем жерлерді аралап көріп, демалуға шетелдерге барады. Ал шын
мәніндегі табиғат сұлулығы осы Көкшеде. Көкшетау – ұлттық мақтанышымыз.
Сондықтанда біз оны мақтан тұтамыз. Сондықтан да мен сіздерді шетелге емес, еліміздің осындай сұлу жерлеріне баруға шақырамын. Жер жаннатын шалғай
шетелден емес, өз жерімізден іздейік!
3. 4. Үйге: Өлеңді жаттау, тау сөзіне байланысты бейнелі сөздерді тауып,
үш сөйлем құрау.
3. 4. Бағалау.
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Көкшетау. І. Жансүгіров (4-сынып, әдебиеттік оқу)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.