Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Оценка 4.7

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
математика
7 кл
21.03.2018
Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғылары туралы ақпарат беру. Оқушыларға компьютердің ақпараттық қамтамсыз етуі туралы мағлұмат беру. Программалық жабдықтама туралы түсіндіре отырып, жады түрлерімен таныстыру. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Компьютердің құрылғылары жөнінде танымдылықтарын арттыру.Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту.
гулмира.docx
    Пән аты: Информатика Класы: 7 «А» Уақыты: Сабақтың тақырыбы: Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғылары туралы ақпарат беру. Оқушыларға компьютердің ақпараттық қамтамсыз етуі туралы мағлұмат беру. Программалық  жабдықтама туралы түсіндіре отырып, жады түрлерімен таныстыру. Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Дамытушылық: Компьютердің құрылғылары жөнінде танымдылықтарын  арттыру.Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракиясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер,интер.тақта, электронды оқулық Сабақтың өту барысы: 1. Оқушыларды ұйымдастыру. 2. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 4. Сабақты бекіту. 5. Үйге тапсырма беру. 6.Бағалау. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: Кодтау мен кері кодтау дегеніміз не? Бит және байт дегеніміз не? Ақпарат деген ұғымды қалай түсінесің? Техника қауіпсіздік ережелерін айтып бер? Жаңа сабақ "Компьютер" сөзі "есептеуіш" дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. Компьютер — деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондық құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т.б.) акпаратты  өндейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды  басқарады. Информатика сабағында ІВМ РС типті ДК­лерді оқып үйренеді, олар осындай  дербес компьютерлерді алғашкы шығарған американдық компанияның атымен аталған (ІВМ  фирмасының ДК­лері). Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер  шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал  мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК­нің басқа типтері де бар. мысалы, Аррlе фирмасының  Масіntosһ ДК­сі. Бірақ ДК­лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым­ катынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы  ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан  (құрылғылардан) тұрады. Блоктардың номенклатурасы (тізімі) әр түрлі болуы мүмкін, бірақ  кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек (компьютердің  негізгі жинағы). Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер,  дыбыс колонкалары, құлақкалқа, микрофон, модем, сканер, мани­пуляторлар: "маус",  трекбол, терте (джойстик) жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі  ­ жүйелік блок. ДК жүйелік блогы ­ компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік  төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессор мен жедел жады және т.б. бар аналық тақша,  адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қаткыл дискідегі| жинактауыштар, контроллер,  ажыратпалар орналастырылған. ДК (дербес компьютер деп аталынуы ­ бір­ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік  арасында кең тарай бастады. Кез­келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады. ►► Монитор, жүйелік блок, пернетақта , мультимедиа колонкасы, модем, маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі: монитор, жүйелік блок, пернетақта.     Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы  ажыратылады. Компьютердің процессоры мен жедел жадысынан басқалары оның сыртқы  құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем. Әрбір  сырткы кұрылғы процессормен арнайы блоктар ­ адаптер немесе контролер арқылы  жалғасады. Контролер немес адаптердің міндеті ­ процессордан келіп түскен ақпаратты  құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру. Жүйелік блок ­ мұнда компьютердің негізгі құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып  өшіру батырмасы, дискжетек, компакт­дискіні оқитын СD­RОМ орналастырылған. Жүйелік  блоктың ішінде аналық тақша, процесор, СD­RОМ, бейнетақташа, дыбыс такташасы мен т.б.  бар. Процессор ­ компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютердің "миы". Ол бүкіл компьютердің  жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды. Іс  жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы ­  микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған "пентиум" процессоры. Сондықтан  компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад  микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады. Дисплей (монитор) ­ компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей (монитор): электрондық­сәулелі түтікшеден (ЭСТ) (электронная лучевая трубка  ЭЛТ), қоректендіру блогынан және сәулелі басқарушы электрондық блоктан тұрады.  Монитор түрлі түсті, монохромды болады. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары оның интерфейсіне қосылады, ол қосымша  операцияларды орындауға арналған.Арналуы бойынша сыртқы құрылғыларды төмендегідей  бөлуге болады: деректерді енгізу құрылғылары деректерді шығару құрылғылары деректерді сақтау құрылғылары деректерді алмасу құрылғылары Жады. Компьютердің ең маңызды компоненттерінің бірі оның жады болып табылады. Компьютер  жадында программалар мен мәліметтер сақталады. Компьютер жады ішкі және  сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі жады Жедел жад (ЖЕСҚ) жылдам жұмыс істейді, ол сенімді және өте берік. ЖЕСҚ тек өзінің соңғы берген хабарламаңды ғана сақтайды, ал қалғандарын өшіріп тастайды. Ток көзінен ажыатқанда ЖЕСҚ өз мәліметтерін жоғалтады. Жедел жадта жұмыс істеу барысмында программалар мен мәліметтер сақталады. Жедел жад көбіне уақытша қойма ретінде қарастырылады, өйткені ондағы мәліметтер мен программлар компьютер қосулы тұрғанда ғана немесе болдыртпау батырмасын басқанға дейін сақталады. Тұрақты жады (ТЕСҚ) ақпаратты тұрақты есте сақтайтын құрылғы. ТЕСҚ әдетте ЖЕСҚ на қарағанда баяу жұмыс істейді, бірақ олардың жады тұрақты және кедергілерге төзімді.  Барлық ТЕСҚ ның жады әрдайым тұрақты емес. Сыртық жады Компьютердің сыртқы жадының негізгі қызметі үлкен көлемдегі ақпаратты (программлалар,  құжаттар, аудио – және бейнеклиптер т.б) ұзақ уақыт сақтау болып табылады. Иілгіш магниттік дискілер. Қатты диск. Оптикалық дискілер. Флешкалар жатады. Программалық жабдықтамалар Компьютердің программалық жабдықтамалары жүйелік, қолданбалы бағдарламалардан  және бағдарламалау жүйелерінен тұрады. Жүйелік бағдамалардың ішінде операциялық жүйе (ОЖ) (операционная система –ОС) негізгі болып табылады. ОЖ ­ компьютердің барлық мәліметтерді өңдеу жұмысын ұйымдастыратын бағдарламалар  жүйесі. Ол компьютердің барлық құрылғыларын басқарады, компьютер құрылғыларының арасында және компьютер мен адам арасында мәліметтер алмасуын жүзеге асырады.  Сонымен қатар ОЖ­әмбебап жүйе, оны әр түрлі типтегі компьютерлерге, компьютерге  қосылған қосымша құрылғыларға сәйкестендіріп баптауға болады, компьютерді дербес  түрде баптауға мүмкіндік береді. ОЖ ­ лер өте көп, бірақ біздің қарастыратынымыз үйде және мектептерде тұрған  компьютелердің операциялық жүйелері. Бұдан аз­ақ уақыт бұрын мұндай компьютерлерде  ОЖ MS DOS тұратын. Қазірг кезде кең тараған жүйелер: WINDOWS 95, WINDOWS 98,  WINDOWS NT. Бұл операциялық жүйелердің және көпдеген өте маңызды қолданбалы бағдарламалардың,  бағдарламалау жүйелерінің негізгі әзірлеушісі (жауапшысы) американың Microsoft фирмасы. Компьютерде жұмыс істеу­ негізінде оның ОЖ­мен жұмыс істеу. Сондықтан компьютер мен  адамның қатынасу тәсілі қаншалықты қарапайым, түсінікті және жақын долстықта екендігі  өте маңызды. Адам мен компьютер арасындағы қарым­қатынас тәсілін интерфейс деп те атайды.Дербес  компьютерлерде қатынасудың –интерфейстің­команданың және терезелік екі тәсілі болады. Командалық интерфейсте адам компьтермен ОЖ­нің командаларының жиынтығының  көмегімен қатынас құралады,олар өте көп және жазылу түрлері де әр түрлі.Командалық  интерфейсі бар ОЖ­ға ОЖ МSDOS жатады,олкомпьютерлерде соңғы жылдарға дейін негізгі болып келді.компьютерде дұрыс жұмыс істеу үшін,ОЖ MSDOS нұсқауларының қалың  томдарын оқып үйрену қажет болды. Терезелік интерфейстің жөні басқа,ол WINDOWS тіпті Ож­де жүзеге асырылған.Мұнда  компьютермен қатынасу көбіне тек маус құрылғысы арқылы жасалады.Компьютермен  жұмыс істеу үшін,экранда графикалық формаларды компьютермен қатынас құруды сезу  дәрежесіндетүсінікті еді. Оның үстіне ОЖ WINDOWS бір мезгілде бірнеше мәсел елерді,ал MSDOS тек бір мәселені  ғана шешуге мүмкіндік береді. Әрине, WINDOWS типті ОЖ­лар тек белгілі жағдай жасалғанда,яғни процессордың  жұмысының жылдамдығы арттырылғанда, компьютердің жедел және тұрақты жадының  көлемі үлкейтілген ғана MSDOS­тың орнын басты. Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселелерін шешуге  арналған.Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі  есептеу жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға көмектеседі. Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екі топқа бөлінеді. Сабақты бекіту сұрақтары: Компьютер сөзі нені білдіреді? Дербес компьютердің негізгі құрылғыларын ата? Жады дегеніміз не? Ішкі жадының атқаратын қызметі қандай? Сыртқы жадыға нелер жатады? Үйге тапсырма: Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады. Бағалау:     

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.

Компьютердің ақпараттық қамтамасыз етуі. Жады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.03.2018