Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)
Оценка 4.9

Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
воспитательная работа +1
Детсад
04.02.2018
Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)
Дөңгелектер жасап, оларды біріктіру арқылы жұлдызқұрт мүсінін жасап шығаруға үйрету. Әдемілікке, ұқыпты жасауға, жұмыс барысында тазалыққа үйрету. Балаларға түрлі мүсінді жасата отырып, оның түсін ажырата бөлуге үйрету. Алақанға салып, дөңгелек етіп есуді, бірдей бірнеше дөңгелектер жасауды үйрету. Тазалық сақтауын қадағалау.Алақанға салып дөңгелек етіп есуді, бірдей бірнеше дөңгелектер арқылы жұлдызқұрттың мүсінін жасауды үйрету. Балаларға түрлі мүсінді жасата отырып, олардың түсін ажырата білуге үйрету.
05.02.18 жұлдызқұрт.docx
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе Өткізу күні/Дата проведения: Тәрбиеші/Воспитатель:  Білім беру саласы/Образовательная область: Шығармашылық. Творчество. Пән/Предмет: Мүсіндеу Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Бізді қоршаған әлем»  Тақырыбы/Тема: «Жұлдызқұрт»  Мақсаттары/Цели:  1.Тәрбиелік – воспитательная: Әдемілікке, ұқыптылыққа, жұмыс жасау  барысында тазалықты сақтауға тәрбиелеу. 2.Дамытушылық – развивающая: Дөңгелектер жасап, оларды өзара біріктіру арқылы жұлдызқұрт мүсінін шығару дағдыларын дамыту.  Ойлау қабілеттерін дамыту.  3.Оқыту – обучающая: Алақанға салып  дөңгелек етіп есуді, бірдей бірнеше  дөңгелектер арқылы  жұлдызқұрттың мүсінін жасауды үйрету. Балаларға  түрлі мүсінді жасата отырып, олардың түсін ажырата білуге үйрету. Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау  технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, түсіндіру және көрсету. Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: қорапша, түрлі  түсті ермексаз, тақтайша, майлық, үлгі.   Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: жұлдызқұрт ­  гусеница Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:  Ғажайып сәт: ­ Балалар қараңдаршы мен бүгін ағаштың түбінен бір қорапша тауып алдым. ­Қорапшаның ішінде не бар екенін ашып көремізбе?  Қорапша жапырақтар, ал ішінде жұлдызқұрт. Біреудің жалынышты дауысы  естіледі. Жұлдызқұрт маған бірдеңе айтқысы келіп тұр. Ол жалғыз қайда  менің достарым? – дейді.  Тыңдашы Бағлан, тыңдашы Амина. ­ Ох ­ ох ­ ох? ­ Жұлдызқұртқа көмектесеміз бе? Оған арнап достарын жасап береміз бе? 2.Негізгі бөлім/оснавная часть: ­Балалар айтыңдаршы жұлдызқұртты неден жасауға болады?  Дұрыс айтасыңдар, ермексаздан.  ­Жұлдызқұрттың денесі қандай пішінге ұқсайды?  Билингвалдық компонент: жұлдызқұрт ­ гусеница Жасалу жолдарын түсіндіру: ­ Балалар ермексазды  алақанның арасына салып жұмсартамыз. ­ Ермексазды екіге бөлеміз. Ермексаздың бөлінген бөлігін алып тағы да екіге  бөлеміз. Бұл бөлшектерден домалатып дөңгелек жасаймыз. Жұп ­ жұмыр  болғанша дейін домалатамыз. Ең үлкен дөңгелекті таңдап алып, бұл басы.  Ортаншысы денесі, ал ең кішкентайы құйрығы. ­ Жұлдызқұртта неше көз? ­ Мұртын салайық, тікендерін салайық, аяқтарын саламыз. Жұмыстың алдында саусақтарымызды жаттықтырайық. Саусақ жаттығуы: Бала, бала, балақан, Қане қайсы алақан Саусақтарым әйбат Былай ­ былай ойнат. Балалардың өзіндік жұмыстары.  Жеке жұмыс: ­ Самрат сенің жұлдызқұртың қандай түсті? ­ Айя ал, сенің жұлдызқұртың қандай түсті? ­ Ал сендерге ұнады ма жұлдызқұрт?  ­Балалар мүсінді жасап отырып, әр бөлікке қолданған ермексаздың түсін  айтып отырады. Балалар енді жасаған жұлдызқұрттарымызды қорапшаға салайық.  Балалар қараңдаршы жұлдызқұрт өте көңілді, ол сендерге рахмет айтып  жатыр. Ойын: «Жұлдызқұрт» Шарты: Балалар жұлдызқұрт сияқты бірінің артына бірі тұрып, ирелеңдеп  жүреді. Кім дұрыс орындамаса, сол шығып отырады. 3.Қорытынды/итоговая часть: ­Балалар бүгін мүсіндеу іс­әрекетінде не жасап үйрендік? ­Оны неден жасадық? ­Көңіл күйлерің қалай? ­Жұмыстарын көріп бағалау, салыстыру, мақтау мадақтау.

Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)

Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)

Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)

Констпект "Жулдызкурт" (мусіндеу)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.02.2018