МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Оценка 4.6
Лекции
doc
администрации +1
Взрослым
12.03.2017
Өзектілігі: Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмысын жоспарлау және іске асырудағы мақсаты қоғамдастықтағы жұмыс барысында мұғалім қызметіндегі кемшіліктерді, оқушылардың өмір сүруі үшін қажет болып табылатын дағдыларды игеру үшін үлкен өзгеріс енгізу қажет екенін анықтау болып табылады.
Мектебімдегі қоғамдастықтың мақсаты: оқу үдерісін жақсарту үшін тәжірибе алмасу, оқу үшін үйрену, біліктілікті дамыту, ұжымдық пікір қалыптастырып, ортақ шешімге келу, ынтымақтасып-ортақ жұмысты жоспарлау, қиындықтан шығу жолын ата - аналармен бірлесіп қарастыру, оқушы үнін зерттеу, пікірлесу, талдау, ақпарат бөлісу ж.т.б.
Әдісі: бұл мектептегі озық тәжірибелерді басқа мектепке тарату, қала мектептерінің тәжірибесімен танысу арқылы маңызды мақсаттарға қол жеткіземіз. Желілік қоғамдастықтағы ұйымдастыру іс-шараларын төмендегінше алып барамын: мектепте кəсіби қоғамдастық құрып, тәжірибе алмасып, мектеп мұғалімдерімен аптасына бір рет жиналып коучинг өткіземін. Қоғамдастықтың іс-шаралары әріптестердің пікірлерін тыңдаудан тұрады.
Күтілетін нәтижелер: мұғалімдерге көмек көрсететін топ пайда болады, өзекті мәселені бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырады, басқа мектептермен кәсіби байланыс орнатып, мұғалімдердің бірлескен іс-әрекетте белсенділіктері артады, мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсететін түрлі қоғамдастықтармен байланыс орнайды.
Қорытынды: Қоғамдастықтың жұмысы мұғалімдер үшін қолдау көрсетуші күшке айналады.Бірлескен оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуі арқылы мұғалімдер бір- біріне әдістемелік көмек беру арқылы мектеп мұғалімдер алдындағы кейбір проблемаларды шешуге болады.
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ.doc
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ
КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Картбаева Баршагуль Отановна
№2 ЖОББМГ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ақтөбе қ. Қазақстан
Еmail: barshagul_kartbaeva@mail.ru
Бірлескен оқу өзара ісәрекет жасау философиясы, ал бірлескен
жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуі [1,86 б.] арқылы
мұғалімдер бір біріне әдістемелік көмек беру арқылы мектеп мұғалімдер
алдындағы кейбір проблемаларды шешуге болады. Өзімнің тәжірибемде мен
мына қиындықтарға тап болдым, ол топпен жұмыс жасағанда ұйымдастыру,
оқушылардың бірлескен еңбегін бақылау. Мектептегі тәжірибе кезінде
мұғалімдердің сабақтарына қатысып, топтық жұмыстың жоқтығы мені
қынжылтты, мұғалімдердің топтық жұмыстың тиімділігін түсіндіру
мақсатында коучинг тақырыбын " Бірлескен оқудың оқыту мен оқудағы
тиімділігі мен ерекшелігі" деп таңдадым. Коучинг мақсаты: сабақ
үдерісіндегі жаңа әдіс тәсілдердің оқытудағы маңызын ажыратады.
Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту
стратегиялары бойынша тәжірибе алмасады. Қатысушыларға оқушыларды
топтық жұмысқа дағдыландыру арқылы сабаққа ынтасын көтерудің
жолдарын іздестіруге негіздеу. Коучинг жұмысын ұйымдастыру кезінде
қатысушыларды қағаз қиындыларындағы сөздермен өз тобын табуы
оқушыларын топқа бөлудің бір әдісімен таныстырдым. Бір топ мүшелері
жаңа әдіс тәсілдер туралы постер қорғаса, екіншісі топтағы жұмыстағы
кедергілер туралы айтады, үшіншісі бірлескен оқудың тиімділігі мен
ерекшелігі туралы өз тәжірибелеріне сүйене отырып, тақырыпты толығымен
ашты. Топтық жұмыс барысында, деңгейлік бағдарламалар бойынша оқыған
мұғалімдер өз жетістіктерімен бөлісті. Топтық жұмыс артықшылығы,
үлгерімі төмен оқушылардың білім деңгейінің көтерілуіне ықпал
жасайтынына, дарынды оқушыларды анықтап, оқушыларды басқа бір
қырынан танып жататынын да ашып айтып, топ мүшелерінің өз ой
тәжірибелерімен бөліскені мен үшін де қызық болды. Оған қоса
мұғалімдердің де топтық жұмыс барысында белсенділігі артып, жұмыс
барысында әріптестерінің басқа қырынан танып жатқанын да жасырмады.
Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондайақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау
көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа
мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін
зерделеумен айналысты. [1,12 б.] Ал коучинг нәтижесінде мұғалімдер
өздері оқушы рөлінде болып, үлгерімі төмен балалардың жауап берудегі ішкі кедергілерін, қиындығын сезінді, бірлесе істеген жұмыс тиімді
болатынын ұғынды. Сонымен қатар, оқу үрдісінде әңгімелесудің
маңыздылығын түсінді, оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп,[1.55 б.]
соның нәтижесінде еркін, ө дәлелдеуін сенімді жеткізетін, сыни пікір
көзқарастары жүйемен дамыған құзіретті оқушы дайындайтынын
пайымдады.
"Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымының бірі:
Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен
әдістер, бір қарағанда, болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйе ішінде
жағымды өзгерістерге ықпал ететін қозғаушы күш бола алады" [1,89 б.]
деген тұжырымға сүйене отырып, осы топтық жұмыстың сыныптағы
жағдайды толығымен өзгерте алатын маңыздылығын коучингке қатысушы
жас мамандардың өз тәжірибесіне енгізгісі келетінін кері байланыста ашып
жазды. Топпен жұмысты дұрыс ұйымдастырғанда ғана мұғалімнің жұмысы
да табысты болады. Болашақта Бағдарламаның түйінді тақырыптары –
коучинг пен тәлімгерлік (mentoring), [1,87 б.] олардың көмегімен
әріптестерімді оқытамын және мектеп жағдайында оқыту мен оқуға өзгеріс
енгіземін, ұстаздардың жетекші топтарында және желілік қоғамдастық
шеңберінде өзара қарым қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдемен
бірлесе жұмыс жасаймын, Коучингке жас мамандарды тарту үшін аптасына
бір рет қоғамдастық мүшелерімен жиналамыз, себебі өз зерттеген
оқушыларымыз туралы, қай әдіс тиімді болғаны туралы пікір бөлісеміз.
Тәліпте білім мен түсінігі қалыптасуы үшін, курстан алған теориялық
біліммен бөлісу үшін аптаның жұма күндері кездесіп, тренингтер өткіздім.
Жұмыс нәтижелі болуы үшін, тәліппен бірлесе отырып, жұмыс жоспарын
жасадым. Тәліптен сауалнама алып, сабақтарына қатысып, талдау жасау
арқылы тәліптің мәселесін анықтадым. Тәліп мәселесінің шешімі
жетілдірілген оқу, оқушылармен топтық жұмыс арқылы жаңа әдіс
тәсілдермен сабақ өту. Тәліппен төмендегі жұмыс түрлерін атқардым:
мұғалімнің кәсіби дамуы үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлдім, коучинг, тренинг кезінде мұғалімдер бірлесіп жұмыс
істеп, инновациялық, тиімді идеяларымен бөлісті, сынып оқушыларын
зерттеп,оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін есепке ала отырып
тапсырмаларды бірге дайындадық. Тәлімгерлік үдерісінің жүзеге
асырылуының табыс критерийлерін де анықтап алдық: ҚМЖ құрылымы
мен сабаққа дәл мақсат қоюдың маңыздылығын үйренеді, сабақтың әр
кезеңіндегі қалыптастырушы бағалау, соның ішінде өзін өзі бағалау және
өзара бағалауды жоспарлай алады, диалогты сын тұрғысынан ойлауды
дамыту құралы ретінде қолданады, тапсырмаға рефлексия жасау және
оқушылар ісәрекетіне кері байланыс жасауды үйренеді. Кәсіби әңгіме
кезінде тәліпті зерттеумен бірге, сабағын талқылап келесі сабақтарға жоспар жасадық. «Шульман "үш көмекші" деп атаған қасиеттер болған
жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады» [1,9 б.] деп Бағдарламаға
сүйене отырып, тәліптің сабағында дәстүри білім беру басымдығының
кесірінен, оқушыларды табысты оқыта алмай жүргенін байқадым.Тәліпте
оқытудың тәжірибелік дағдылары қалыптасқанымен, оны жетілдіру керек.
Сабақ мақсатын дұрыс қоюға үйрету үшін, «Сабақтың мақсатын қалай қою
керек?» тренингке шақырдым. Осы коучингтен соң, сабақ мақсатын қоя
біле ме? деген сұраққа жауап алу үшін, 8 "А" класында қазақ тілі мен
әдебиет сабақтарына қатыстым. Сабақ талдау барысында, тәліптің
тәжірибесін дамытып өзгеріс енгізу үшін бағытбағдар бердім. Сабақты
талдау барысында, жаңа әдіс тәсілдермен көптеген жұмыстар жүргізуге,
қалыптастырушы, жинақтаушы бағалаудың мәніне [1.67 б.], сыныптағы
көшбасшылыққа назар аударуына кеңес бердім. Тәліптің сын тұрғысынан
ойлау теориясын игергенін ескере отырып, жеті модульдің оқу үшін бағалау
және оқуды бағалауға баса назар аудардым. Бағалау үшін қадағалау,
интерпретация, қорытындылау маңызды екенін айттым. Бір ай ішінде
оқушыларының топтық жұмыс кезінде белсенділігі артып, оқушылардың
пәнге деген қызығушылығы артқанын айтты. Теориялық біліммен
қаруланған тәліпке нұсқау, бағыт беру оңай болды. Тәлімгерліктің
тиімділігін анықтау үшін, тәлімгерліктің нәтижесін талқылап талдадық.
Дәстүри білім беретін мұғалім жаңа әдіспен сабақ бере бастады, топпен
жұмыс жасап үйреніп, оқушылардың қызығушылығы артқанын байқады,
болашақта өзі де өзгеретінін айтты.
Қазіргі заманда кәсіби қоғамдастықтың маңызы күн санап артып
келеді. Білім беру саласындада мұғалімдердің бірігуі оқу үдерісін жақсарту
жолындағы бірден бір шешім. Үздіксіз оқытуды дамытуда "қоғамдастық"
ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады [1.99 б.]. Қоғамдастықты
құру барысында бірқатар кедергілер бар. Қоғамдастық құру үшін
мұғалімдер педагогикалық стратегияларды терең меңгерген, оқу үдерісінің
мәнін, оқушыларды ынталандыру жолдарын түсінуі керек. Мұғалімдерге өз
тәжірибесінің негізінде білім алу үшін тәжірибесін сыни бағамдауды
дамытып, жетілдіру үшін педагогикалық қоғамдастық қажет. Әлемнің
жылдам өзгеруімен білім беру саласындағы қызметкерлер де өзгеруі керек.
Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында
жұмыста әртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал
[1,113 б.]. Мектепте қоғамдастық мүшелеріне қазақ кластарына сабақ
беретін мұғалімдерді тартып, солармен көп байланысқа түсіп, тренинг
өткіздім, жиналғанымызды сырттай бақылап жүрген үш мұғалім келіп,
оларға да менің не үйретіп жүргенім қызық екенін айтып, мектептің жалпы
жиналысында бір коучинг ұйымдастыруымды сұрады. Орыс кластарына
сабақ беретін мұғалімдермен бірге коучинг өткіздім, сол кезде кәсіби
кедергі келтіріп жүрген екі мұғалімді де сырттай бақыладым, коучинг барысында мұғалімдердің басым бөлігі уақыттың қалай өткенін де
байқамадық, қызықты болды деген кері байланыстарын есіткен мұғалімдер,
келесі коучинг қашан болады деп сұрап келгенінде, олардың көзқарастары
өзгергенін сездім. Қоғамдастығыма барлық қызығушы мұғалімдер жиналып,
өз тәжірибесіне өзгеріс енгізеді деп ойлаймын. Қоғамдастықтың өз атауы,
мақсаты болуы керек. Қоғамдастық атауын «Отан» деп қоюымның негізгі
себебі, біз мұғалімдер отандық өнім балаларды көшбасшы бола алатындай
етіп тәрбиелеп, жаһандану заманында Қазақстандыотанымызды әлемге
таныту болғандықтан осылай атадым. Енгізіліп жатқан өзгерістерді
қадағалап, жаңалықтарды мұғалімдердің жұмысына, оқушылардың
көзқарастары мен оқу нәтижелеріне ықпалын бағамдап байқауым үшін
көшбасшы ретінде қоғамдастық құруым үшін алдымен мақсатын айқындап
алдым. Қоғамдастыққа мектептегі деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер
мен бірге барлық санатағы мұғалімдерді тартып және басқа да осы
қоғамдастыққа қызығушылық танытқан атааналарды да жинауды
мақсаттадым. Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмысын
жоспарлау және іске асырудағы мақсаты қоғамдастықтағы жұмыс
барысында мұғалім қызметіндегі кемшіліктерді, оқушылардың өмір сүруі
үшін қажет болып табылатын дағдыларды игеру үшін үлкен өзгеріс енгізу
қажет екенін анықтау болып табылады. Нақты, ашып айтатын болсам,
мектебімдегі қоғамдастықтың мақсаты: оқу үдерісін жақсарту үшін
тәжірибе алмасу, оқу үшін үйрену, біліктілікті дамыту, ұжымдық пікір
қалыптастырып, ортақ шешімге келу, ынтымақтасыпортақ жұмысты
жоспарлау, қиындықтан шығу жолын ата аналармен бірлесіп қарастыру,
оқушы үнін зерттеу, пікірлесу, талдау, ақпарат бөлісу. Бұл мектептегі озық
тәжірибелерді басқа мектепке тарату, қала мектептерінің тәжірибесімен
танысу арқылы маңызды мақсаттарға қол жеткіземіз. Желілік
қоғамдастықтағы ұйымдастыру ісшараларын төмендегінше алып барамын:
мектепте к сіби қоғамдастық құрып, тәжірибе алмасып, мектеп
мұғалімдерімен аптасына бір рет жиналып коучинг өткіземін.
Қоғамдастықтың ісшаралары әріптестердің пікірлерін тыңдаудан тұрады.
Қоғамдастықтың жұмысы мұғалімдер үшін қолдау көрсетуші күшке
айналады. Күтілетін нәтижелер: мұғалімдерге көмек көрсететін топ пайда
болады, өзекті мәселені бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырады, басқа
мектептермен кәсіби байланыс орнатып, мұғалімдердің бірлескен іс
әрекетте белсенділіктері артады, мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсететін
түрлі қоғамдастықтармен байланыс орнайды. Мұғалімдер мен мектеп
әкімшілігінен сауалнама алдым. Мектептің объективті жағдайын анықтауға
арналған [2.41 б. ]сауалнама нәтижесі бойынша, үйлестіру мен
көшбасшылық бойынша жоғары пайыз болғанымен, қатыстырылым бойынша
төмен пайыз алды. Бұл сауалнама нәтижесі мектептің оқыту мен оқу
ə тәжірибесіне оқушылар мен атааналардың қатыстырылуы әлсіздігін
білдіреді.
Менің мектептегі тәжірибе кезінде ұйымдастырушылық кедергілер аз
болмады, бірақ кәсіби кедергіге тап болғанымда[1,111 б. ], басқа
мұғалімдер менімен жұмыс жасап жатырған әріптестерінің қызығушылығын
бақылап, олардың да қызығушылығы оянды. Мен осы жолда кәсіби дамып,
мұғалімдермен бірлесе жұмыс жасап, қадағалаушы ретінде сыныптарға
баруға уақыт тауып, әріптестерімнің кәсіби өсуі үшін тренинг, коучингтер
өткіздім. Алты апта ішінде мектептегі тәжірибеде бір коучинг жеткіліксіз
деп ойлап, аптасына бір рет мұғалімдермен жиналып, тренинг, коучинг
өткердім. Жұмысым тиімді болуы үшін, мұғалімдер қолдауы қажеттігін
сезіндім. Мұғалім көшбасшылығының төртінші сипаттамасындағы [1.109 б.]
ең аса маңыздысы жекелеген мұғалімдермен тығыз қарымқатынас құруға
негізделген, бұл арқылы мұғалімдер бірінбірі оқытып, өзара білім алады,
деген тұжырымға сүйене отырып, мектептегі әріптестерімді бірлесе отырып,
мектептің, мұғалімдердің өздерінің мәселелерін шешу мүмкіндігі бар екенін
түсіндіремін.
Басқа мектептерден әріптестерді тарту арқылы педагогикалық
қоғамдастықты кеңейту бойынша ұсыныстарым төмендегіше: мектеп
мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал етіп, мектеп мұғалімдерінің
тәжірибесін жетілдіру мақсатында теориялық тәжірибелік және кәсіби
құзыреттілігі терең тәжірибелі мұғалімдермен өз әріптестері арасында
ынтымақтастық орнату мақсатында, «Жаңа технологияларды ендірудің
мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпалы» атты тақырыптағы мектепішілік
конференцияны ұйымдастырамын. Сәтті, сәтсіз шыққан жақтарын сараптай
келе, мектептегі кәсіби қоғамдастық мүшелерімнің көмегімен
мұғалімдердің құзыреттілігін жетілдіріп, білім берудегі әдістемелік
жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдана
білуге үйрету, үйрену үшін қала мұғалімдерінің тәжірибесін жетілдіру
мақсатында теориялық тәжірибелік және кәсіби құзыреттілігі терең
тәжірибелі мұғалімдермен өз әріптестері арасында ынтымақтастық орнату
үшін «Мұғалім көшбасшылығы мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуіне ықпал
етеді» атты тақырыптағы қалалық конференцияны өткіземін. Тәжірибесі
мол мұғалімдермен байланыстың пайдасы мол, себебі түсінбей, күмән
келтіріп тұрған жеріңде, бұл қолдау сияқты болып көрінеді.Қоғамдастық
аясындағы көшбасшылық, команда құруда серіктестіктің сәттілігі оң ықпал
ететіндігін [1.103 б.] мектептегі тәжірибеде көз жеткіздім. Мұғалімдерді
ынталандыру үшін зерттеушілік семинарлар ұйымдастырғанда[1.116 б.], ол
мектептердегі мұғалімдерге желілік байланыс нысанына айналады. Сол үшін
мұғалімдермен тек бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, ісіміз тиімді әрі
табысты болады. Нағыз көшбасшы мұғалім ғана, дарынды балаларды тәрбиелеп шығарады. Сол көшбасшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өз
білімін дамытқанда ғана мұғалім өз мақсатына жетеді. Мұғалімдердің
желілік қоғамдастығын дамыту мақсатында жұмыс жасап, өз үлесімді
қосамын.
Әдебиеттер тізімі:
1. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" Мұғалімге
арналған нұсқаулық. 2016 ж.
2. "Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы" Үлестірме
материалдар (бірінші апта) 2016ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ
КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Өзектілігі: Мектептің педагогикалық қоғамдастығының жұмысын
жоспарлау және іске асырудағы мақсаты қоғамдастықтағы жұмыс
барысында мұғалім қызметіндегі кемшіліктерді, оқушылардың өмір сүруі
үшін қажет болып табылатын дағдыларды игеру үшін үлкен өзгеріс енгізу
қажет екенін анықтау болып табылады.
Мектебімдегі қоғамдастықтың мақсаты: оқу үдерісін жақсарту үшін
тәжірибе алмасу, оқу үшін үйрену, біліктілікті дамыту, ұжымдық пікір
қалыптастырып, ортақ шешімге келу, ынтымақтасыпортақ жұмысты
жоспарлау, қиындықтан шығу жолын ата аналармен бірлесіп қарастыру,
оқушы үнін зерттеу, пікірлесу, талдау, ақпарат бөлісу ж.т.б.
Әдісі: бұл мектептегі озық тәжірибелерді басқа мектепке тарату, қала
мектептерінің тәжірибесімен танысу арқылы маңызды мақсаттарға қол
жеткіземіз. Желілік қоғамдастықтағы ұйымдастыру ісшараларын
төмендегінше алып барамын: мектепте к сіби қоғамдастық құрып, тәжірибе
алмасып, мектеп мұғалімдерімен аптасына бір рет жиналып коучинг
өткіземін. Қоғамдастықтың ісшаралары әріптестердің пікірлерін тыңдаудан
тұрады.
Күтілетін нәтижелер: мұғалімдерге көмек көрсететін топ пайда болады,
өзекті мәселені бірге талқылап, шешу жолдарын қарастырады, басқа
мектептермен кәсіби байланыс орнатып, мұғалімдердің бірлескен іс
әрекетте белсенділіктері артады, мектеп мұғалімдеріне қолдау көрсететін
түрлі қоғамдастықтармен байланыс орнайды.
ə Қорытынды: Қоғамдастықтың жұмысы мұғалімдер үшін қолдау
көрсетуші күшке айналады..
Түйінді сөздер: мұғалім, педагогикалық қоғамдастық, көшбасшы, кәсіби
өсу.
АННОТАЦИЯ
ЛИДЕРСТВО УЧИТЕЛЯ – СТУПЕНЬ К ПРОФЕССИОНАЛЬНОМУ
РОСТУ УЧИТЕЛЯ
Актуальность: планирование и реализация работы школьного сообщества,
внесение изменений в навыке детей в целях развития функциональной
грамотности.
Цель: обмен опытом в целях улучшения учебного процесса,
усовершенствование знаний, основывание коллективного мнения,
планирование работы, рассмотрение путей решения проблем с родителями,
обмен информацией и т.д.
Метод: распространение опыта школы, знакомство с опытом городских
школ.
Результат: появление группы, оказывающей помощь учителям, учителя в
сообществе рассматривают вместе пути решения проблем, поддерживают
профессиональную связь с учителями города, поддерживают связь с
другими сообществами.
Выводы: Работа сообщества будет для учителей поддерживающей силой.
Ключевые слова: учитель, педагогическое сообщество, лидер,
профессиональный рост.
АBSTRACT
Subject: Teacher leadership – step to professional growth of teacher
Relevance. Planning and implementation of the work of the school community,
entry of changes in the children skills in the development of functional literacy.
Goal (purpose): exchange of experience to improve, the foundation of the
connective opinion, planning of work consideration of ways of solutions of the
problems with parents, exchange of information, e.t.c. Method: distribution of school experience, acquaintance with experience of urban
schools
Result: the appearance of the group assisting teachers, community’s teacher
consider ways of solution of the problems together, support professional relations
with urban (city) teachers, support relations with other communities.
Conclusions: Community work will be supporting force for teachers.
Keywords: teacher, pedagogical (education) community, leader, professional
growth.
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
МҰҒАЛІМ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ- МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ӨСУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.