Опералық театр тарихы
Оценка 4.7

Опералық театр тарихы

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
музыка
4 кл
14.01.2018
Опералық театр тарихы
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялыќ опера және балет театры 1934 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезовтің либреттосында «Айман-Шолпан» музыкалық қойылымымен ашылды. Спектакль Қазақ драматеатрының сахнасында өтті. Театр ғимараты 1936-1941 жж. салынды. Жылына 200 балет және опералық спектакльдер ќойылады, 70 мыңдай көрермен тамашалай алады. Театрдың репертуарында 35 астам опералық және 40 балет спектакльдері бар.
рус3.docx
Сабақтың тақырыбы:Опералық театр тарихы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту,опералық  театрлар тарихымен таныстыру. Оқушылардың танымдық іс­әрекетін дамыту,  тарихи деректерді білу,опералық өнердің  ерекшеліктерін сезіну.  Сабақтың түрі : Жаңа сабақ  Көрнекіліктер : Үнтаспа,оқулық, суреттер                                     Сабақтың барысы :  Ұйымдастыру кезеңі  1.Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгендеу.  2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.  3 Оқушылардың сабаққа назарын аудартып,сабақтың ерекшелігі мен мақсатын таныстыру  Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа материалды игеру кезеңі   0 Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет  театры  Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялыќ опера және балет театры 1934 жылдың 13 қаңтарында Мұхтар Әуезовтің либреттосында «Айман­Шолпан» музыкалық   қойылымымен   ашылды.   Спектакль   Қазақ   драматеатрының сахнасында өтті. Театр ғимараты 1936­1941 жж. салынды. Жылына 200 балет және   опералық   спектакльдер   ќойылады,   70   мыңдай   көрермен   тамашалай алады.   Театрдың   репертуарында   35   астам   опералық   және   40   балет спектакльдері бар. Мемлекеттік опера және  балет театры немесе Астана Опера — Астана қаласында орналасќан Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры– тікелей  Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке баќылауында ұстады. Дәл осы алып театр  сахнасынан 2012 жылы 14 желтоќсанда жариялаған «Қазақстан – 2050»  стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалыќ  және материалдыќ тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяќ бастыќ» деп атап көрсеткен болатын. Театр  шымылдыѓын тұңғыш ашқан М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектаклі.  Биылғы жылы ќазаќтың осы ұлы композиторыныњ туғанына 100 жыл  толады«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап,  талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды  шығара алады. Музыкалық сауаттылық:  «Абай»­ композитор А. Жұбанов пен Л. А. Хамидидің операсы. Либреттосы – М. Әуезовтікі. Операның алғашқы қойылымы 1944 ж. желтоқсанның 26 күні  Қазақтың опера және балет театрында Абайдың 100 жылдық мерейтойы  қарсаңында қойылды.  Операны сахнаға шығарған режиссері Қ. Жандарбеков, суретшісі Қ.  Қожықов, дирижері Л. М. Шаргородский болды. Операның 2­редакциясын  Жұбанов пен Хамиди 1956 ж. қайта жазды. Сөз қорына жаңа сөз қосылады Жаңа ән үйрену. Музыка тыңдау.Абай операсынан Халық хоры Операдағы кейіпкерлер: Абай, Жиренше, Ажар, Нарымбет, Айдар т. б А. Жұбанов (1906 ­ 1968) Ақтөбе облысында туған қазақ музыка өнерінің  көрнекті қайраткері, академик, профессор, музыка зерттеушісі болған.,  Санкт­Петербург консерваториясын бітірген. А. Жұбанов 1934 жылы  Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің бас дирижері қызметін  атқарады. Оркестрге арналған «Би», «Күй», «Құрманғазы маршы», «Қазақ  маршы» т. б. вокалдық әндері: «Қарлығаш», «Ақ көгершін» т. б. Л. Хамиди (1906 ­ 1983) қазіргі Татарстанның Апас ауданы Бували ауылында  дүниеге келген. 1933 ж Л. Хамиди Қазақстан Мемлекеттік драма театрының  шақыруымен Алматыға келеді. Алғашқы күннен бастап халық әндері мен  күйлерін жинақтаумен айналысты. Операда ұлы ақын ағартушы бейнесі жан ­ жақты ашылып, Абайдың өмір  сүрген кезіндегі қараңғы да надан, байлықтан басқа білмейтін топас байлар,  қатыгез әдетті ұстанған кейбір адамдар нанымды бейнеленген. Опера  барысында Абай бүтіндей халықпен бірге көрінеді. Операның сюжеті  бойынша, қайшылық негізінде Абайдың сүйікті шәкірті Айдар мен Ажардың  махаббаты баяндалады. Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды. Елің досың Абайжан , Елің досың Абайжан . Аяу білмес ашумен , Қасыңдамыз бәріміз . Абайжан ,Абайжан. Жаңа сабақты бекіту. 1.Қазақстанда қандай опера театры бар?Олар туралы не білесің ? 2.«Абай» операсын жазған композиторлар. 3.Сахнаға қай жылы қойылды? 4. Либреттосын жазған кім? 5. Операда Абай кімдерге қарсы күресті? Үйге тапсырма. Бағалау.

Опералық театр тарихы

Опералық театр тарихы

Опералық театр тарихы

Опералық театр тарихы

Опералық театр тарихы

Опералық театр тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.01.2018