Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"
Оценка 4.8

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
музыка
Детсад
09.04.2017
Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"
«Сиқырлы планеталарға саяхат» Ортаңғы топ Білім беру саласы:Шығармашылық Бөлімі: «Музыка» Мақсаты:Балалардың музыкалық тыңдау,орындау қабілеттерін дамыту.Табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажыратуды үйрету,аспаптардың аттарын атап білуге тәрбиелеу. Көрнекілік:Ұшатын тарелка қаңқасы,скафандрлар,құнсыз заттар,шулы аспаптар,балалар аспаптары. Сөздік жұмыс:Шулы аспаптар,табиғат дыбыстары, тарсылдайды, сытырлайды,қытырлайды,аспаптар. Балалар залға музыка әуенімен кіреді.Әуенді амандасады. М.Ж:Балалар қараңдаршы бүгінгі сабағымыз өте ерекше бүгін біз сендермен ғарышқа аттанамыз,ғарышқа ұшып ондағы музыка түрлерімен танысамыз,ал ғарышқа аттану үшін біз қандай болуымыз керек? Балалар:Тәртіпті,ақылды,білімді,батыр..... М.Ж:Әрине балалар ең бастысы деніміз сау болу керек,ал ол үшін барлығымыз музыкалық қимылдар жасап денемізді күнде жаттықтырып,сауықтыруымыз керек М.Ж:Балалар алдымен мойынға,иыққа арналған қимылдар жасап алайық,сосын аяқтың ұшымен жүреміз,өкшемен жүреміз,барлығымыз маған қарап қимылдарды қайталап жасаймыз. М.Ж:Жақсы ал енді сендермен орындықтарға жайғасып отырайық. Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышқа ұшып бару үшін бізге не керек? Б:Ракета,зымыран немесе ұшатын тарелка. М.Ж: Балалар қазір біз ғарышқа СОС дыбысын жібіреміз,мүмкін олар бізге көмектесетін шығар. (СОС дыбысы естіледі сахна ашылады,сахнаның артында ұшатын тарелка тұрады,артынан ғарыш тұрғыны шығып амандасады.) Ғарыш тұрғыны:Сәлеметсіңдер ме балалар?Мен сендерді ғарышқа алып кетуге келдім,басқа планетада сендердің көмектерің қажет болып отыр,мына қолымдағы сендерге арналған скафандрлар,киіп алыңдар,ғарышқа скафандрсыз аттануға болмайды. (Балалар орындықтарды ілулі тұрған скафандрларды киеді,Тәрбиеші көмектеседі.) Тарелкаға отырады 5,4,3,2,1 ұшамыз деп музыкамен аттанады. М.Ж:Балалар қараңдаршы бір біз танымайтын планетаға келдік,сұрайықшы олардан бұл қандай планета? Ортада өзге планета адамдары жылап отырады.Балалар жақындайды Б:Сендер неге жылап отырсыңдар? Сарт-Сұрт:Біз көңілсізбіз,бізге өз Шу-шу планетамыз ұнамайды.Менің атым Тарс-тұрс,ал менің атым Сарт-сұрт біздің планетамыз толып кеткен қоқыстар сатырлаған дыбыстар-деп үстел үстіндегі қоқыстарды (Тастар,маржандар , гречка,күріш,таяқшалар) көрсетеді. М.Ж:Мұңаймаңыздар планета тұрғындары,сендер бізге өте керексіңдер,егер сіздер болмасаңыздар біз табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырата алмаушы едік,ал сіздердің арқаңызда балалар барлық шулы дыбыстарды ажырата алады.Қане тыңдап көрейікші,мынау ненің дыбыстары екен? (Балалар табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдап айырады)ал мынау қоқыстардан біз пайдалы заттар жасай аламыз ол заттарды қолданып ән айтуға да болады. (Балалар үстел үстіндегі заттардан шулы аспаптар жасайды) Б.Бейсенованың «Көктем» әнін орындап береді.Планета тұрғындары қуанып балалармен бірге билеп ән айтады. М.Ж:Балалар біздің тағы да баратын жерлеріміз бар,Шу-шу планетасымен қоштасайық,сау болыңдар!!! (Тарелкаға барып отырады5,4,3,2,1 ұшамыз) Басқа планетаға ұшып келеді.Ол планета тұрғындары дауласып жатады. Жоқ былай ойнайды,жоқ дұрыс емес,былай ойнайды-деп аспаптарды мүлдем басқаша ойнап,ұстап тұрады. М.Ж:Балалар,қараңдаршы біз сендермен тағы бір планетаға келдік,бұл планета қалай аталады екен,сұрап көрейікші. Б:Сәлеметсіңдер ме сіздер кімсіздер,планеталарыңыз қалай аталады? Фа:Менің атым-Фа, Ля:Ал менің атым-Ля Біз екеуіміз «Аспаптар» планетасында тұрамыз. Біздің планетамызға вирус кіріп кетті міне енді біз аспаптардың қалай аталатынын оларды қалай ұстап қалай ойнайтынын ұмытып қалдық. М.Ж:Фа және Ля дауласпай ақ қойыңдар біз сіздерге көмектесеміз.Қане барлығымыз отырайық ал мен сіздерге аспаптардың суреттерін көрсетемін,балалар аспаптардың атауларын атап береді.Ал біздің ұлдарымыз сіздерге аспраптардың қалай ойнау керектігін көрсетіп береді. Мультимедиялық аппаратта аспаптардың суреттері көрсетіледі,балалар атауларын атап береді. Балалар аспаптарды ойнап «Балапан» әнін орындап береді. Фа:Қандай ақылды білімді балаларсыңдар сендерге көп рахмет! М.Ж:Балалар енді біздің өз планетамызға қайтатын уақытымыз болды. Балалар тарелкаға отырады.5,4,3,2,1 ұшамыз! Балалар орындарына отырады. М.Ж:Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Қандай планеталарға бардық,кімдерге көмектестік? Балалардың жауаптарын қабылдау. М.Ж:Балалар мен сендерге өте риза болдым,сабаққа өте жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге мынадай жұлдызшалар сыйлаймын. Балалар музыкамен залдан шығып кетеді.План открытой занятий в средней казахской группе на тему "Сиқырлы планеталарға саяхат". На занятий ребята отправляются в волшебную планету , где встречаются в планете "Инструменты" с Фа и Ля. Они с удовольствием помогают и показывают им, как правильно играть на инструментах и как они называются.
Планеталарға саяхат.docx
«Сиқырлы планеталарға саяхат» Ортаңғы топ Білім беру саласы:Шығармашылық Бөлімі: «Музыка» Мақсаты:Балалардың музыкалық тыңдау,орындау қабілеттерін  дамыту.Табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажыратуды  үйрету,аспаптардың аттарын атап білуге тәрбиелеу. Көрнекілік:Ұшатын тарелка қаңқасы,скафандрлар,құнсыз заттар,шулы  аспаптар,балалар аспаптары. Сөздік жұмыс:Шулы аспаптар,табиғат дыбыстары, тарсылдайды,  сытырлайды,қытырлайды,аспаптар. Балалар залға музыка әуенімен кіреді.Әуенді амандасады. М.Ж:Балалар қараңдаршы бүгінгі сабағымыз өте ерекше бүгін біз сендермен  ғарышқа аттанамыз,ғарышқа ұшып ондағы музыка түрлерімен танысамыз,ал  ғарышқа аттану  үшін біз қандай болуымыз керек? Балалар:Тәртіпті,ақылды,білімді,батыр..... М.Ж:Әрине балалар ең бастысы деніміз сау болу керек,ал ол үшін  барлығымыз музыкалық қимылдар жасап денемізді күнде  жаттықтырып,сауықтыруымыз керек М.Ж:Балалар алдымен мойынға,иыққа  арналған қимылдар жасап  алайық,сосын аяқтың ұшымен жүреміз,өкшемен жүреміз,барлығымыз маған  қарап қимылдарды қайталап жасаймыз. М.Ж:Жақсы ал енді сендермен орындықтарға жайғасып отырайық. Балалар қалай ойлайсыңдар ғарышқа ұшып бару үшін бізге не керек? Б:Ракета,зымыран немесе ұшатын тарелка.  М.Ж: Балалар қазір біз ғарышқа СОС дыбысын жібіреміз,мүмкін олар бізге  көмектесетін шығар. (СОС дыбысы естіледі сахна ашылады,сахнаның артында ұшатын тарелка  тұрады,артынан ғарыш тұрғыны шығып амандасады.) Ғарыш тұрғыны:Сәлеметсіңдер ме балалар?Мен сендерді ғарышқа алып  кетуге келдім,басқа планетада сендердің көмектерің қажет болып отыр,мына  қолымдағы сендерге арналған скафандрлар,киіп алыңдар,ғарышқа  скафандрсыз аттануға болмайды. (Балалар орындықтарды ілулі тұрған скафандрларды киеді,Тәрбиеші  көмектеседі.) Тарелкаға отырады 5,4,3,2,1 ұшамыз деп музыкамен аттанады. М.Ж:Балалар қараңдаршы бір біз танымайтын планетаға келдік,сұрайықшы  олардан бұл қандай планета? Ортада өзге планета адамдары жылап  отырады.Балалар жақындайды Б:Сендер неге жылап отырсыңдар? Сарт­Сұрт:Біз көңілсізбіз,бізге өз Шу­шу  планетамыз  ұнамайды.Менің атым Тарс­тұрс,ал менің атым Сарт­сұрт біздің планетамыз толып кеткен қоқыстар  сатырлаған дыбыстар­деп үстел үстіндегі қоқыстарды (Тастар,маржандар ,  гречка,күріш,таяқшалар) көрсетеді. М.Ж:Мұңаймаңыздар планета тұрғындары,сендер бізге өте керексіңдер,егер  сіздер болмасаңыздар біз табиғат құбылыстарының дыбыстарын ажырата  алмаушы едік,ал сіздердің арқаңызда балалар барлық шулы дыбыстарды  ажырата алады.Қане тыңдап көрейікші,мынау ненің дыбыстары екен? (Балалар табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдап айырады)ал мынау  қоқыстардан біз пайдалы заттар жасай аламыз ол заттарды қолданып ән айтуға да болады. (Балалар үстел үстіндегі заттардан шулы аспаптар жасайды) Б.Бейсенованың «Көктем» әнін орындап береді.Планета тұрғындары қуанып  балалармен бірге билеп ән айтады. М.Ж:Балалар біздің тағы да баратын жерлеріміз бар,Шу­шу планетасымен  қоштасайық,сау болыңдар!!! (Тарелкаға барып отырады5,4,3,2,1 ұшамыз) Басқа планетаға ұшып келеді.Ол планета тұрғындары дауласып жатады. Жоқ былай ойнайды,жоқ дұрыс емес,былай ойнайды­деп аспаптарды мүлдем  басқаша ойнап,ұстап тұрады. М.Ж:Балалар,қараңдаршы біз сендермен тағы бір планетаға келдік,бұл  планета қалай аталады екен,сұрап көрейікші. Б:Сәлеметсіңдер ме сіздер кімсіздер,планеталарыңыз қалай аталады? Фа:Менің атым­Фа, Ля:Ал менің атым­Ля Біз екеуіміз «Аспаптар» планетасында тұрамыз. Біздің планетамызға вирус кіріп кетті міне енді біз аспаптардың қалай  аталатынын оларды  қалай ұстап қалай ойнайтынын ұмытып қалдық. М.Ж:Фа және Ля дауласпай ақ қойыңдар біз сіздерге көмектесеміз.Қане  барлығымыз отырайық ал мен сіздерге аспаптардың суреттерін  көрсетемін,балалар аспаптардың атауларын атап береді.Ал біздің ұлдарымыз  сіздерге аспраптардың қалай ойнау керектігін көрсетіп береді. Мультимедиялық аппаратта аспаптардың суреттері көрсетіледі,балалар  атауларын атап береді. Балалар аспаптарды ойнап  «Балапан» әнін орындап береді. Фа:Қандай ақылды білімді балаларсыңдар сендерге көп рахмет! М.Ж:Балалар енді біздің өз планетамызға қайтатын уақытымыз болды. Балалар тарелкаға отырады.5,4,3,2,1 ұшамыз! Балалар орындарына отырады. М.Ж:Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?Қандай планеталарға  бардық,кімдерге көмектестік? Балалардың жауаптарын қабылдау. М.Ж:Балалар мен сендерге өте риза болдым,сабаққа өте жақсы  қатысқандарың үшін мен сендерге мынадай жұлдызшалар сыйлаймын. Балалар музыкамен залдан шығып кетеді

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"

Ортаңғы тобына арналған ашық сабақ жоспары "Сиқырлы планеталарға саяхат"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017