Сабақтың тақырыбы: Орыс халқының музыкасы
Мақсаты:
Білімділік: Орыс халқының музыкасы және музыка аспаптарымен танысу. Дамытушылық: Қазақ халқының музыкасымен салыстыру арқылы оқушылардың ойлау, тыңдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Орыс халқының музыкасына құрметпен қарауға және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тыңдау, ән айту, би билеу т.б
Көрнекілігі: Орыстың музыкалық аспаптары (бубен, трещетка, погремушкалар, маракастар, балалайка), суреттер, нота тақтасы, сөзжұмбақ, үнтаспа
Сабақтың барысы:
Орыс халқының музыкасы. Орыстың музыкалық аспаптарымен таныстырып өтейін. (аспаптарды көрсетемін) Балалайка – 3 ішекті, домбыра тәрізді, көлемі жағынан кішкене, шанағы үшбұрыш. Гармонь – тілді, баян тәрізді аспап. Треугольник – үшбұрышты ұрмалы аспап. Бубен – ұрмалы, сылдырмақ аспап. Трещетка – ағаштан жасалған ұрмалы аспап. Свирель – сыбызғы тәрізді, үрмелі аспап. Маракастар – ұрмалы, қасық аспаптар. ( әр аспаптың қалай ойналатынын көрсету және оқушыларға қолдарымен ұстатып ойнату) Музыка тыңдау.
Орыстың музыка аспаптарында орындайтын «Камаринская», «Калинка» атты халық әндерін тыңдау. -Қандай музыкалық аспаптың үндерін естіп тұрсыңдар, музыка көңілді ме? - Қазақтың домбыра аспабында күйші, әрі домбырашы Бақыт Қарабалина орыстың шығармаларын көп ойнаған.
Ән орындау - Қазақ халқының әзіл айтыс өнері сияқты орыс халқында частушки айтылады. Алдарыңда частушки әнінің сөзі жатыр, 1 рет оқып шығыңдар.(әнді орындау, не жайлы екенін талқылап, көңілді, ойнақы орындауға үйрету) Орыстың «Во поле береза стояла» әніне билейміз деп биші қыздар қонаққа келді, тамашалайық. (орыстың ұлттық киімін киген қыздар билейді)
Сабақты бекіту –
Қай халықтың музыкасымен таныстыңдар? - Қандай шығармалар тыңдадыңдар? - Орындаған частушки ұнады ма?
Үйге осы әнді жаттап келесіңдер."Орыс халық музыкасы"
муз сабак жоспары.rar
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.