Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
труд
Взрослым
21.04.2017
Барлық электр құралдары мен аппараттар. ток көзiн қоса есептегенде автомобильдiң электр жүйесін құрайды. Қызметiне қарай автомобильдiң барлық электрлiк жабдықтарын eкі түрге бөлуге болады: электр ток көзi барлық электр желiсi мен жүйе аппараттарын ток кезiмен қамтамасыз ету және ток кезiн тұтынушы.
энэ ашык сабак.docx
"АКАДЕМИК С.А. ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ"
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ
"Бекітемін"
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
_________Дауленбаева Ш.А
"__"_________20__ж
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Автомобильдiң электрлiк
жабдықтары
Өткізілетін күні: 11.11.2016ж
Өткізілген орны: 111 дәрісхана
Оқу тобы: А151
Курсы: 2
Жауапты оқытушы: Тлегенов Д.А
Колледж әдіскері: Турмаханова Р.А
"Арнайы пәндер" бірлестігінің жетекшісі Назарова Ш.Е Байқоңыр қаласы, 2016 жыл
Сабақ тақырыбы: Автомобильдiң электрлiк жабдықтары
Білімділік мақсаты: Тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып,
студенттердің білімін пысықтау, Автомобильдiң
электрлiк жабдықтары мен олардың қызметтерін
және айырмашылықтарын ажырата білу
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта
отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Модульдік технология бойынша сабақ барысын ойын
арқылы, студентердің өзіндік ізденістерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео таспа, сұрақ жауап
слайдтары.
Сабақ барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру: оқу құралдары
* Өткен сабақты пысықтау
Жоғары вольттік аспаптар
Қазіргі электрмен жабдықтау жүйелерінде кернеу жүздеген киловольтке,
шиналардың тогы ондаған, ал қысқа тұйықталу токтары жүздеген
килоамперге жетіп отыр. Осындай өте жоғары кернеулі және өте үлкен ток
жүретін электрлік қондырғылар мен желілерді басқару үшін арнаулы аспаптар
қолданылады. Олардың конструкциясының және оларда қолданылған
материалдардың электрлік беріктігі күшті электр өрісіне төтеп бере алатын
һәм оқшаулағыштық қасиеті жоғары және өте аз уақыт ішінде үлкен токты
қосып немесе ажырата алатындай қасиеті болуы керек.
Жоғары вольттік негізгі басқару аспаптарына майлы ажыратқыштар,
айырғыштар,
қысқа тұйықтауыштар, реакторлар,
бөлектеуіштер, ұйықсыздандырғыштар (разрядниктер), өлшеуіштік трансформаторлар және
сақтандырғыштар жатады.
Жоғары вольттік электр тізбектерін қалыпты, асқын жүктелген һәм
қысқа тұйықталған әлпілерінде
қосу және ажырату үшін әдетте
майлы тажыратқыштар қолданылады. Ол трансформатор майы құйылған
тенектен қозғалмайтын және қозғалмалы түйіскілерден, жетектен тұрады.
Түйіскілер арнаулы электрлік, механикалық немесе электромеханикалық
жетектің көмегімен түйістіріледі және ажыратылады. Трансформатор майы
доға сөндіргіш орта және оқшаулық материал ретінде қолданылады.
Жаңа сабақ тақырыбы: Автомобильдiң электрлiк жабдықтары
ток
Барлық электр құралдары мен аппараттар.
көзiн қоса
есептегенде автомобильдiң электр жүйесін құрайды. Қызметiне қарай
автомобильдiң барлық электрлiк жабдықтарын eкі түрге бөлуге болады:
электр ток көзi барлық электр желiсi мен жүйе аппараттарын ток кезiмен
қамтамасыз ету және ток кезiн тұтынушы.
Қозғалтқышты iскe қосу қозғалтқышты iскe қосу барысында иiндi бiлiктi
айналдырып және поршеньдi шектiк нүктелерiнен қозғау үшін цилиндрдегi
жанғыш қоспаны сығып, оған оттықтан ұшқұш берiп. алғашқы оталдыру
жұмысын атқару.
Жарықтандыру және бөлгi беру жолды жарықтандыру, салонды
жарықтандыру. өлшем көрсеткiшiн көрсету,бұрылу, кейбiр әрекеттерден
хабар беру. Бақылауөлшеу құралдарын iскe қосу және де қосымша
аппараттарды iскe қосу.
Электр жабдықтары электр қуатын алуға (электрмен жабдықтау),
тұтандыру, оталдыру, жарықтандыру, белгі беру, диагностикалау жүйесінің
жұмыстарын қамтамассыз етуге,
ал қарапайым автомобилдерде
қозғалтқышты, трансмиссияны және басқа агрегаттарды автоматты
басқаруға, қозғалыс қауіпсіздігін, жайлылықты қамтамассыз етуге және т.б.
арналған
Электр жабдықтары екі сымды немесе бір сымды жүйеде жасалуы мүмкін.
Негізінде соңғысын пайдаланады, мұнда екіншісінің орнына автомобилдің
бейметалдық бөлшектерін пайдаланады. Бұл мыс шығынымен қоса
сенімділікті төмендетеді, себебі қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
«Массамен» электр қуат көзінің теріс жағы жалғанған. Барлық
автомобилдерде тұрақты тоқ пайдаланылады, бұл аккумуляторлы
батарейяларды пайдаланумен анықталады. тораптағы кернеу 12 В. Соңғы
кездері көп тұтынушыларға (мұздатқыш) толықтырушы 24 В жүйе
пайдаланады. Электр жабдықтарының барлық аспаптарын екі топқа бөледі: реттеуші
қондырғымен бірге қуат жабдықтау жүйесін құрайтын ток көзі, және
тұтынушылар. Генераторлар және аккумуляторлы батареяларды қуат
кқзіне жатқызады, қалған аспаптар тұтынушыларға жатады (шамдар,
дыбыстық белгінің аспаптары, тұтандыру жүйесі,
желдеткіштер,
иоңазытқыштар, әйнек тазалағыштар және т.б.)
Электр жабдықтарының жүйесі.
Электр жабдықтарының жүйесі тұтынушыларды электр қуатымен
қоректендіруге арналған. Қоректенудің негізгі көзі генератор (1. Сур),
мұнда қозғалтқыш жұмысы кезінде, сондайақ оның оталуы кезінде
қорекпен қамтамассыз етеді. Реттегіш генератор жұмысы кезінде берілген
кернеуді, сондайақ соңғысының аккумуляторлы батареясымен біріккен
жұмысын қуаттайды.
Генератор тұтынушыларды қоректендіру үшін және қозғалтқыш жұмысы
кезінде аккумулятор батареиясының зарядталуына қызмет етеді.
Автомобил генераторларына қойылатын талаптар: толық жүктеме кезінде
барлық тұтынушыларды қорекпен қамтамассыз ету; қозғалтқыштың айналу
жиілігінің кең аймағында тұрақты кернеу (13,2... 15,5 В); массасы және
құны минималды; тербелу, тозаңдану, жоғарғы температура жағдайында
сенімді болуы.
Сур.1 Генератор 37.3701:
1—кронштейн; 2—түзеу блогы; 3— кедергі өшіруші конденсатор; 4, 14—
қақпақтар; 5, 16— мойынтіректер; 6— тығыздаушы сақиналар; 7— щетка
ұстағыш; 8—түйісу сақиналары; 9—білік; 10— ротор; 11— статор; 12— қозу орамасы; 13— бекіту планкасының бұрандамасы; 15— кілтік; 17—
желдеткіш; 18— статор орамасы.
Аккумуляторлы батареялардың құрылысы.
Аккумуляторлар
батареяларды тізбектей жалғайды, сонда жалпы 6 В (ұш аккумулятор), 12 В
(алты аккумулятор) кернеулерді қамтамассыз етеді. Олардың әрқайсы
эбониттен, термопластан (толтырылған полиэтиленнен), полипропиленнен
және полистиролдан жасалған жекеленген моноблокқа орналасқан. Бұл
жадығаттар қышқылға , суыққа, жылуберіктікке және жоғары
механикалық беріктікті қамтамассыз етеді.
Сур.2. Стартерлі аккумулятор батареясы:
1, 3— сәйкес оң және теріс электродтар; 2— сепаратор; 4— борн; 5—
қорғаушы қалқан; 6—жалғаушы көпірше; 7—қақпақ; 8— перемычка; 9—
тығын; 10— белдеулік шешім (піспек); 11— моноблок; 12 – призмалы
қабырға; 13— электродтар блогы.
Стартер — басқаруы жабдықталған арнайы электро қозғалтқыш. Ол
негізгі қозғалтқыштың оталуын қамтамассыз ете отырып маховигін
айналдырады. Оталдырғаннан кейін жүргізуші тұтандыру кілтін бұрайды,
түйықталу үзіледі, реле тураланады, серіппе 5 жүрекшені 4 жылжытады
және тегеріш (суретте оң жағында) және тегеріш 7 маховик тістерімен
ілінісуден шығады. Сур.3.Стартердің сұлбасы:
1— аккумулятор батареясы; 2— қосу түйіспесі: 3—электромагниттің және
тарту релесінің орамасы; 4— реле жүрекшесі; 5—серіппе; 6—иінтірек; 7—
тегеріш; 8—білік; 9— маховик тісі; 10— электроқозғалтқыш; 11—
түйіспелер; 12— түйісу дискісі.
Қорытындылау.
Жаңа материал бойынша сұрақтар қою:
Генератор қызметі?
Аккумулятор қызметі?
Стартер қызметі?
Жұмыстан қорытынды шығару. Топ қалай жұмыс істеді. Студенттер
қандай жаңа нәрсені үйренді. Қай студент ерекше тырысты.
Студенттерді салыстырмалы түрде бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Автокөлік электр жабдықтарының түрлерін оқу, Электр
жабдықтарының ақауларын оқу?. Пайдаланылған әдебиеттер
1. И. Мұхити "Электротехника" Астана. Фолиант 2012 жыл
2. П. Жүнісбеков "Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы" Астана.
Фолиант2013 жыл 144157 бет
3. Youtube сайтынан видеолар алынған
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Открытый урок по предмете Электроника и Электротехника "Электронное оборудование автомобилей"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.