Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оценка 4.9
Лекции
doc
математика
Взрослым
17.05.2017
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне дән сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі», дейді Ян Амос Каменский. Осы нақыл сөзде келтірілген ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған мұғалім ғана нағыз ұстаз. Жүрегіміздегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп, санамыздағы жағалай аққан «білім» атты жырдың жүйесін тісіндіріп, сол арқылы «мектеп» атты кемеге мініп, «білім» атты теңізбен жүзіп, «болашақ» атты тұғырға шәкірттерді қондыру біздің мәңгілік мақсатымыз.Баяндама
баяндама.doc
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамыта отырып жетілдіру.
Ақылтон, алдағанға тозбайтұғын
Ғылым кен күнде өніп қоздайтұғын
Иелік екеуіне еткендердің
Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын.
Тұрмағамбет ақын
Ғылымның қай саласы болсын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді.
Соның ең бастысы – сапалы білім мен саналы тәрбие беру барысында
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақылой белсенділігін дамыту.
Себебі, білім жастар ғана ел егемендігін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік
экономикалық дамуына лайықты үлес қоса алады.
Елбасымыз нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Білім
беру реформасы табысының басты өлшемітиісті білім мен білік алған
еліміздің кезкелген азаматы әлемнің кезкелген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде
әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге
тиіспіз» деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8бабында «Білім
беру жүйесінің басты міндетіұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту. Еңбек
рыногында бәсекелесуге қабілетті жұмысшылар мен мамандар даярлау
біліктілігін арттыру» делінген. Яғни, барша ұстаз қауымына ХХІ ғасыр
талабына сай азамат тәрбиелеудегі жауапкершілік жүктелгені анық. Расында
да, қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты, іскер мамандарға
мұқтаж. Жалпы білім беретін мектептердегі пәнді оқытуда оқушыларға көп
жағдайда дайын білім ұсынылады. Оқыту әдістері оларды өздігінен жаңа
ақпаратты
оқу тапсырмаларын өздігінен шешуге
талпындырмайды. Мектептегі оқутәрбие үрдісінің негізгі мақсаты баланың
білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
дамыту. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс жасау қабілеттерін
дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу
бұл білім берудегі басты мәселе. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық
міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде
«Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды, әрбір пәнді бар пейілмен және
қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан жақты, білімді өз ісінің
шебері болуы қажет» деп атап көрсетеді. Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала
білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға
іздестіруге, жұмысты әліне қарай шағындап беру және белгіленген мақсатқа қарай
бағыттап отыру керек» деп ескертеді.
Оқу тәрбие үрдісінде пайдаланатын бұл жұмыстың тұлғаны жанжақты
дамыта отырып, өскелең өмір талабына сай тәрбиелеудегі маңызы ерекше.
Оқушы шығармашылығы үнемі сынып ұжымы, ата аналар тарапынан қолдау
тауып отыруы керек. Мұғалімнің ең үлкен міндеті шығармашылық бағыт
бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналасуы үшін жеке дара оқушы
емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойсалу үшін мүмкіндік туғызу,
өзара шығармашылық қарымқатынас, шығармашылық ахуал орнату қажет.
Оқушының шығармашылық қабілеті оның ойлауы мен іс жүзіндік әрекеттері
арқылы дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім
мен оқушы арасында ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл
жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес,
танымдық ісәрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда
ғана оқушы интнллектісінің көзін ашып, шығармашылын дамытады.
Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі қызықтыру
жолдарын іздестіру керек.
Бірлескен жұмыс түрлеріне шығармашылық, білімді демократияландыру
және ізгілендіру, оқыту сапасын арттыру, басқару тиімділігін жетілдіру,
оқушылардың дамуына бақылау жасалынып отыруы қажет. Мәселен, мұғалім
оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім
шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі «сәтсіздікке
ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі,
екіншісі өзінеөзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі жалқаулық.
Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде
қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі,
саналы түрде қалыптастырып отыруға тиіспіз. Оқушыны шығармашылыққа
баулу үшін мұғалім көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Мұғалім
оқушы шығармашылын дамытып бағыт бағдар беруде мыналарды ескеруі
керек:
Шығармашылық міндеттері оқушыға ұсынудың әдіс тәсілдерін меңгеру;
Көркемдік шешім табу, оқиға құру, бейне жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
Шығармашылық үрдісті деректер мен мәліметтерге педагогикалық,
әдістемелік тұрғыдан баға бере білу, теориялық, тәжірибелік
тұжырымдар жасау.
Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен
көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы
ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан
белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың әдістәсілдерін іздестіру
қажет. Оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында сабақта мәселелік жағдай
туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау
қабілеті нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді.
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана
қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті
жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген
қызығуы артатыны даусыз. Мысалы, оқушылардың үш деңгейлі есептер
жүйесін шығаруы, оқушының мүмкіндік деңгейіне сай келетін білімді
меңгеруіне жағдай жасайды.
Оқушылардың шығармашылын дамыту педагогикада басымды бағыт болып
есептеледі. Жалпы алғанда, өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі
қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Қоғам дамуының ең басты
шарты шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек
шығармашыл тұлға тәрбиелей алады. Сондықтан оқушылардың оқутәрбие
үрдісінде жанжақты дамуын жүзеге асыру, білім алу кезіндегі
шығармашылық белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері
дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселенің бірі болып қала береді.
Отанын, елін
Отанын, елін
сүйетін патриот
сүйетін патриот
Білімді, тәрбиелі,
Білімді, тәрбиелі,
отбасын және
отбасын және
мектебін
қадірлейтін азамат
мектебін
қадірлейтін азамат
Эстетикалық сезімі
Эстетикалық сезімі
кең, жаны нәзік,
сұлу, салауат ты
кең, жаны нәзік,
сұлу, салауат ты
жан
жан
Ұлтжанды
Ұлтжанды
азамат
азамат
Шығармашы
Шығармашы
л тұлға
л тұлға
Адамгершілігі,
Адамгершілігі,
кісілігі мол, бүкіл
кісілігі мол, бүкіл
адамзатты сүетін
адамзатты сүетін
Өз елінің, басқа
Өз елінің, басқа
да елдердің салт
да елдердің салт
дәстүрін, өнерін
дәстүрін, өнерін
құрметтеуші
құрметтеуші
Өзін өзі, басқаны да
Өзін өзі, басқаны да
сүйрейтін
сүйрейтін
қайратты жан
қайратты жан
Рухы таза,
Рухы таза,
өнерпаз, өнер
өнерпаз, өнер
тапқыш, ертеңгі
тапқыш, ертеңгі
ата ана, тәрбиеші
ата ана, тәрбиеші
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің
жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнәі құрайды. Ендеше
оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі
міндеттерінің бірі болып саналады.
Оқутәрбие үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін
арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуына жол ашуы қажет. Оқутәрбие үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс
әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын,
белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тәсілдері:
1. Оқушы білімінің өмірімен байланыстылығы;
2. Ғылыми негіздердің зертханалық сарамандық жұмыстармен байланысты
болуы;
3. Берілген білімді сапалы, жүйелі меңгеруі;
4. Теориямен сарамандық әдістердің байланысты болуы;
5. Өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытубарысында
жүргізілетін жұмыстар:
1. Ғылыми бағытта жұмыс жасау үшін зерттеу күнделігін жүргізу;
2. Трек сызба нұсқалар құрастыру;
3. Өздігінен жоспар жасау;
4. Ғылыми жоспарының оқудан тыс өмірімен байланысты болуы;
5. График, диаграммалар құру, салыстыру;
6. Оқушылардың кітапханадан ғылыми әдістемелік, ғылыми анықтамалық
әдебиеттермен жұмыс істеп үйренуі;
7. Ғылыми жоба шығармашылық тақырыбын таңдап алуы.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы
және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс
істеуін, ойлауға қабілетті болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін,
ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәнін оқыту процесінің
негізгі мақсаты арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде
пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, өз бетімен
білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген
қызығушылығынан және қажеттілігінен туындайды. Өз білімін көтеру
жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып,
шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім
алад, ал содан соң оны қолдану арқылы шығармашылыққа бұрады.
Оқушы математикапәнінен шығармашылығын қалыптастыру үшін мынадай
талаптарды орындау қажет:
1. Оқулықтағы материалды оқу;
2. Тақырыптағы негізгі түсінік пен заңдылықты меңгеру;
3. Бір тақырып бойынша баяндама жасау;
4. Бақылау жұмысына , емтиханға жақсы дайындалу;
5. Таңдап алынған тақырыпқа өз бетімен зерттеу жүргізу;
6. Тақырыптпғы құбылыстарды түсіну;
7. Тақырыптағы нақты сұрақтарды тереңдетіп қалыптастыру; 8. Техникалық құралжабдықтармен жұмыс істеп, тәжірибе жасауды
үйрену;
9. Қабілетті көрсету және дамыту
10.Тақырыптағы оқу барысында аргументтер бойынша пікір таластыруға
үйрену;
11.Тақырып бойынша есептерді немесе проблемаларды шешу.
Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін
сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған тиімді, Олар: деңгейлеп
саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және т.б.
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін қалыптастыруды төрт кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезеңде мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен
таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер жинақтату,
сонымен бірге әр түрлі тарихи есептер және әзіл есептер шығарту арқылы
пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек.
Оқушының әр қадамына көңіл бөліп мадақтап, қадағалап отырған дұрыс.
Есептердің шығарылу жолына нұсқау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік
беру.
Екінші кезеңде мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдістәсілдерін көрсетіп,
талқылап, есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге
үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуын талап етеді.
Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып,
оқу құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды пайдалану қажет.
Үшінші кезеңде мұғалім оқушыға үлкен жуапкершілік жүктейді. Оқушы
өз жұмысына анализ жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік
білмейтініне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқыпүйренетін материалдарын
жоспарлайды, ізденеді.
Төртінші кезеңде оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі
көрінеді. Математикалық ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды
дәлелдеудің әр түрлі әдістәсілдерін тауып, есептерді шешуде тиімдісін
пайдаланады. Оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске
түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады.
Сонымен «шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу, ойлап табу» дегенге
келіп саяды. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңалық
ашатын әрекетті атаған. Ал Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды.
Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік
ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бет алған тұста,
әр баланы әр сабақтың жеке кейіпкері ете біліп, шығармашылық шәкірт
даярлай алған ұстаз ғана мақсатына жете алады деп ойлаймын.
«Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне
дән сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі», дейді Ян Амос Каменский. Осы нақыл сөзде келтірілген ұлы қасиеттерді бойына жинақтаған
мұғалім ғана нағыз ұстаз. Жүрегіміздегі сәуле шашқан күннің нұрын сеуіп,
санамыздағы жағалай аққан «білім» атты жырдың жүйесін тісіндіріп, сол
арқылы «мектеп» атты кемеге мініп, «білім» атты теңізбен жүзіп, «болашақ»
атты тұғырға шәкірттерді қондыру біздің мәңгілік мақсатымыз.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Оқу тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып жетілдіру.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.