Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"
Оценка 4.6

Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
чтение
4 кл
04.05.2017
Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"
Үстеудің мағыналық топтарын ажырату. Сабақтың міндеттері: а) Сөйлем ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы мағынасын тану, үстеулердің ұқсастықтары мен іштей өзгешеліктерін салыстыру; ә) Оқушылардың білім, біліктерін негізге ала отырып, өздігінен іздену дағдысын, іскерлік қабілетін, ой қорытындысын жасай алуын дамыту; б) Оқушыларды нақтылыққа, ұқыптылыққа баулу. Сабақтың типі: қорытындылау сабағы Сабақтың әдіс - тәсілдері: танымды іздендіру, сұрақ - жауаптар, салыстыру, талдау, қорытындылау Сабақтың көрнекілігі: түрлі - түсті шаршылар, сөздер жазылған қағаздар Сабақ барысы: І Алғашқы ұйымдастыру - Оқушылар, жұмыс барысында көтеріңкі көңіл - күй мен сәттілік тудыру үшін бір - бірімізге қарап жымиып, көңілімізді көтерер «зат есім» айтайық, «етістікпен» сәттілік тілейік, «сын есіммен» еркелетейік.
сын қимыл үстеу.docx
Сабақтың тақырыбы: Сын ­ қимыл үстеулері  Күні:13.03.2017 Сынып:4а Сабақтың мақсаты: Үстеудің мағыналық топтарын ажырату. Сабақтың міндеттері: а) Сөйлем ішінен үстеулерді тауып, сұрақ қою арқылы мағынасын тану, үстеулердің ұқсастықтары мен іштей өзгешеліктерін салыстыру; ә) Оқушылардың білім, біліктерін негізге ала отырып, өздігінен іздену дағдысын, іскерлік қабілетін, ой қорытындысын жасай алуын дамыту; б) Оқушыларды нақтылыққа, ұқыптылыққа баулу. Сабақтың типі: қорытындылау сабағы Сабақтың әдіс ­ тәсілдері: танымды іздендіру, сұрақ ­ жауаптар, салыстыру, талдау,  қорытындылау Сабақтың көрнекілігі: түрлі ­ түсті шаршылар, сөздер жазылған қағаздар Сабақ барысы: І Алғашқы ұйымдастыру ­ Оқушылар, жұмыс барысында көтеріңкі көңіл ­ күй мен сәттілік тудыру үшін бір ­ бірімізге  қарап жымиып, көңілімізді көтерер «зат есім» айтайық, «етістікпен» сәттілік тілейік, «сын  есіммен» еркелетейік. Аружан, әдемісің, үміттенемін. ІІ Негізгі бөлім 1. «Артық сөзді тап» Оқушылар берілген сөздердің ішінен артық сөзді сан жазылған  түстермен көрсетеді.   үстеу, сын есім, қосымша, етістік   мезгіл, сан, сын ­ қимыл, мекен   қалай? қашан? қайда? кім?   Кеше, жоғары, артта, төменде   Түнде, түсте, таңертең, кеше   Үстеу, үскірік, үміт, Үсен Осы жаттығулардан соң «Үстеу» туралы білетінімізді қорытындылаймыз. 2. Оқулықпен жұмыс. 522 ­ жаттығу Үстеулерді қатыстырып, сөйлемдер құрау. І қатар ­ түсте, тез, қысы ­ жазы ІІ қатар – бүгін ­ ертең, орын ­ орнына, бүрсігүні ІІІ қатар ­ сыртта, қысы ­ жазы, оқта ­ текте Тақтаға әр қатардан 1 оқушыдан шығып, 1 сөйлемнен жазады. Сөйлем мүшелеріне талдайды. 3. Көп нүктенің орнына үстеулер қою. а)................. төрт түлігі сай бай болыпты. ә) Серік мектепке менен.............. келді. б)..................... жүрші, Көкшолақ, ..................... жүрші, Көкшолақ. в) Керегені құшақтап,..................... құлады. («Қыз Жібек» жырынан) г) Сен.................. артықтау кеттің, Жазықбай. Керекті сөздер: баяғыда, кейін, олай, былай, етпетінен, тым. 4. Оқушыларға алдын ­ ала тапсырмалар берілген. Үстеулер қатыстырылған қазақ  жұмбақтары мен мақал ­ мәтелдерін жазып келу тапсырылған. 2 оқушының жұмысымен  танысу. 5. Дара және күрделі үстеулерді бөліп жазу. Қыстай, күні кеше, анда ­ санда, ерекше, аз ­ аздан, әдейі, құлан ­ таза, дәл, бірте ­ бірте, бірталай, қазақша. ІІІ Қорытынды ­ Сонымен балалар, тапсырмаларды шапшаң әрі дұрыс орындап, ауызша және жазбаша  қимылдадыңдар. Кейбір балалар біле тұра өз деңгейін көрсетпеді, кейбір балалар өте  жоғары деңгейге шықты. Сонда да балалар, біздің класта әбден жаттыққан, айрықша білімді,  өңкей сауаттылар жиналған ғой. ­ Мен неше үстеу пайдаландым? (9) ІV Үйге тапсырма Абайдың «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдерінен үстеулерді теріп жазу. V Бағалау ­ Өз білімімді дұрыс көрсеттім дегендеріңіз қызыл түс, білімімді көрсете алмадым  дегендеріңіз сары түс көтеріңіздер.

Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"

Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"

Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"

Поурочное планирование "Сын қимыл устеу"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017