Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"
Оценка 5

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Оценка 5
Разработки уроков
docx
чтение
6 кл
05.05.2017
Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"
.Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңінің мазмұнын ашу. Ғылым сөзіне талдау жасау. 2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту. 3. Өз ойларын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, интерактив тақта. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, интерактив тақта. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. - Балалар, мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше? - Біз де көңілдіміз. - Неліктен? - Өйткені: Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз. Оқып білім аламыз. • Балалар, бүгін қандай күн? • Бүгін Әдебиет сабағы.
абай кунанбаев.docx
Сабақтың мақсаты: Ғылым таппай мақтан ба? Сабақтың мақсаты: 1.Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңінің мазмұнын ашу. Ғылым сөзіне талдау жасау. 2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін  дамыту. 3. Өз ойларын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға тәрбиелеу. Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, интерактив тақта. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, интерактив тақта. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. ­ Балалар, мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше? ­ Біз де көңілдіміз. ­ Неліктен? ­ Өйткені: Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз. Оқып білім аламыз.  Балалар, бүгін қандай күн?  Бүгін Әдебиет сабағы. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» ойыны арқылы өткен материалды сұрау. А 30 40 20 20 50 30 10 60 10 10 60 10 ) 1. Ортадағы 60. «Әдеп» әңгімесінің авторы кім? 2. Ортадағы 50. Арман неге қысылды деп ойлайсың? 3. Ортадағы 40. «Әдеп» дегенді қалай түсінесің? 4. Сол жақтағы 30. Әжей Аянға не үшін алма берді? 5. Оң жақтағы 30. Аян әжесіне орын бергені туралы тауып бер? 6. Сол жақтағы 20. Аян мен Арман нешінші сыныпта оқиды? 7. Оң жақтағы 20. Сенің досың Арман сияқты болса не дейсің? 8. Сол жақтағы 10. Автобусқа кім кірді? 9. Оң жақтағы 10. Автобустың ішінде бос орын болды ма? Ә) Бір оқушы түсінгенің айтады. ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың тақырыбын хабарлау). Ой қозғау. *Абай туралы не білеміз? Кіріспе әңгіме. Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шын аты Ибрахим.  Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс  болған. Абай Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайындағы  Қасқабұлақ деген жерде туған. Оның атасы Өскенбай би болған, ал Абайдың  әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейірімді  кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген, ол Ибрахимді еркелетіп «Абай»  деп атаған. Қос ана қазақтың ертегі, аңыз – жырларын көп білген. Абайда кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя  білген. Абай 10­12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. 12 жасынан  бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20­дан астам әндер шығарған үлкен  сазгер. Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өленің көлемі 77 жол. Абай бұл өлеңді 1886  жылы жазған. 77 жолдың бізге ұсынып отырғаны 12 жол. Бұл өлең арқылы  ақын сендерді жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс  пайдалана білуге шақырады. Ғалым болудың басты шарты не нәрсені болсын  ақылмен өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену, көзін анық жеткен шындықты  тура айту керек. Ең алдымен біз білімді, ғалым адамдарды құрметтеу керекпіз және сондай адам боламын деп талпыну керекпіз. Оқулықпен жұмыс. 1. Өлеңді мәнерлеп оқу. (мұғалім) 2. Мазмұны бойынша жұмыс. а) «Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр. ә) Адам білімді, ақылды болу үшін не істеу керек? 3. Оқушыларға оқыту. Сөздік жұмыс. Ғылым – білім жүйесі. Ғалым – оқымысты, ғұлама. Дәптермен жұмыс. Бір оқушы интерактивті тақтаға шығады. (фонологиялық) І қатар. «Ғылым» сөзіне дыбыстық талдау. ІІ қатар. «Білім» сөзіне. Ғылым – бұл сөз жасалу, айтылу жолдарына қарай жуан сөз. Ғылым – 5 дыбыс, 5 әріп Ғы – лым (2 буынды сөз, себебі екі дауысты дыбыс бар). Ғ – дауыссыз, ұян Б – дауыссыз, ұян Ы – дауысты, жуан І – дауысты Л – дауыссыз, үнді Л – дауыссыз, үнді Ы – дауысты, жуан І – дауысты М – дауыссыз, үнді М – үнді дауыс ІҮ. Қорытындылау. Сабақ бойы алған білімдерін тест арқылы тексерейік. 1. Абайдың әжесінің аты? а) Зәуре ә) Зейнеп б) Зере 2. Абайдың алғашқы хат таныған жасын тап. а) 9­11 ә) 10­12 б) 8­11 3. Абайдың шын аты. а) Абылай ә) Ибрахим б) Арманбай 4. Абайдың анасының аты? а) Ұлжан ә) Ұлбике б) Ұлтай 5. Абайдың туған жері? а) Семей ә) Текеш б) Қапал

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"

Поурочный план по казахскому языку на тему "Абай Кунанбаев"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.05.2017