Разработка урока
Оценка 4.7

Разработка урока

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
история
6 кл
15.02.2017
Разработка урока
мною предоставлено разработка открытого урока по истории Казахстана для 6 класса. Тема урока Борьба саков за независимость. Цель урока: продолжить формирование знаний у учащихся по освободительной борьбе саков против чужеземных завоевателей. Изучить источники, имена героев - саков, их подвиги. Так же целью урока является воспитать учащихся в духе продолжения патриотических традиции древних предков
ашық сабақ 27.01.2017.docx
АШЫҚ САБАҚ   Тақырыбы:  Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі                                           Сыныбы: 6 ә                                           Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 6  Мерзімі: 27.01.2017ж.       Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы  «Ә» Сабақтың тақырыбы:  Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі 1. Білімділік: Басқару ісі, қоғамдық құрылысы, тәуелсіздік үшін жүргізген  соғыстары тарихы тұлғалар мен олардың ерліктері туралы білім беру. Алған  білімдерін толықтыру, тәуелсіздік үшін сақтардың парсыларға, гректерге қарсы  күресі туралы әңгімелей отырып, олардың ерлігін ашып көрсету. 2. Дамытушылық: Оқушылардың сақтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп,  ойлау, картаны қосымша көмек құралы ретінде пайдалана білу қабілеттерін, аңыз ­  деректері, тарихи оқиғалардың тарихи шеңбері мен кеңістігі туралы білімдерін  жетілдіру. 3.Тәрбиелік: Отаншылдыққа, мемлекетті және тәуелсіздікті сүюге, ұлт жандылыққа тарихи тұлғалардың ерлік ісі негізінде тәрбиелеу.Оқушыларға сақ патшаларының  ерлігін үлгі етіп, оқушылар бойында батылдық, ерлік туралы ой тудыру Көрнекі құралдар: Карта, интерактивті тақта, Томирис суреті, Шырақ суреті,  кесте. ватман, оқулық т.б.  Сабақтың түрі: аралас сабақ Әдіс ­ тәсілдері: түсіндіру, ойды жинақтау, талдау, сұрақ ­ жауап, жүйелеу,  баяндау, өзіндік жұмыс, ізденіс, сұрақ ­ жауап Сабақтың барысы                                                                                        (2 минут) І. Ұйымдастыру кезеңі:  1. Сәлемдесу. 2. Түгендеу. 3. Сабаққа даярлығын тексеру.                                                                    (1 минут) (Тақтаға бір оқушы шығып картадан сақтардың өмір сүрген аумағын  көрсетіп сақтар туралы біраз мәлімет береді) ІІ.Үй тапсырмасы                                                                                            (10 минут)   Тақырып:   Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Үй тапсырмасы бойынша білім ­ білік дағдысын тексеру:  (Үй тапсырмасын ойын арқылы тексеру) 1. Адасқан әріптер ойыны (әріптерді дұрыс қой) Л Ы Ы Қ Ж – жылқы Р С Ы И – сиыр О Қ Й – қой Й Ү Е Т – түйе Ы Т Р А – тары А А П Р – арпа Қ А Л А – алқа Қ А И С А Н А Р Ғ Ы Л С Р А – сақина сырғалар Р Қ У А Р А А Қ Ж – қару жарақ Е Е Ж Б – жебещ Й А Н А З – найза 2. Зымыран сұрақтар ойыны 1. Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды? (жылқы, қой) 2. Сақтардың қосымша кәсібі? (балық аулау) 3. Сақтардың 3 әлемін атаңдар? (аспан, жер үсті жер асты) 4. Сақтардың қыш ыдыстары қай қорғаннан табылды? (Есік қорған) 5. Сақтардың өмір сүрген баспанасы? (Киіз үй) 6. Сақтар өлген адамды қалай жерлеген? (дүние мүліктерін қоса жерлеген) 7. Сақтар неге табынды? (ата ­ баба аруағына) 8. Сақ елінің басты құдайы не болды? (күн құдайы) 9. Сақтардың негізгі шаруашылығы не болды? (мал шаруашылығы) ІV. Жаңа сабаққа кіріспе:  Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі  Психологиялық дайындық. Көк туым аспанымда желбіреген,                                                    Сақ үйсін, буынған белді бекем.                                                     Ата – бабам біз үшін жан аямай                                                     Даласында майданның жауды жеңген  Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу үшін түрлі түсті стикерлер таратамын. (1минут) (Спикер сайлап, топтың атын қорғау)     1. Аргиппейлер  2. Аримапылар  3. Исседондар  4. Массагеттер “Сақтар дұшпанға ­ қатал, досқа – адал” Геродот. V. Жаңа сабақты түсіндіру:                                                                         (10 минут) Тақырыптың негізгі мазмұнының жоспары: 1. Кир әскерінің басып кіруі. 2. Шырақтың ерлігі. 3. Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы (Жаңа сабақты слайдпен түсіндіру)                                                                 (5 минут) Оқушылар, электрондық тақтаға назар аударып, сақтардың жорықтарын электронды  нұсқада көрейік. Жаңа сабақты оқып болғаннан кейін топ бір ­ бірімен жаңа алған  ұғымдары жөнінде пікірлеседі. Осыдан кейін әр топ топ аралық араласып, өз тобындағы мәліметтерімен бөліседі де, алдарындағы ватмандарға өз білімдерін түсіреді. Іштерінен  лидері шығып, жаңа тақырып жөнінде мәлімет береді. Оқулықпен жұмыс (Әр топқа оқулықтың әр тақырыпшасы бойынша алдын ала дайындалып қойған мәтін  үлетіріледі)                                                                                                             (4 минут) Постер қорғау                                                                                                        (7 минут)  Бекіту.    Суреттер сөйлейді                                                                                 (3 минут) 1. Ежелгі грек тарихшысы, ол сақтардың жауынгершілігі туралы былай деп жазған:  “Еуропалық патшалықтар түгілі Азияның өзінде сақтарға қарсы келетін бірде ­ бір  халық болған жоқ”. Геродот 2. Сақтардың бізге дейін жеткен асыл мұрасы: Алтын адам  3. Парсылар патшасы державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны  өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел. Томирис 4. Б. з. б. IV ғасырдың 30 – жылдары грек ­ макендондықтар осы адамның бастауымен  сақ ­ скиф жеріне басып кіреді. Ол адам кім? А. Македонский 5.  б.з.б. 1­мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен  еткен ежелгі тайпа.  Қорытынды. Ассоциация         минут) Бағалау.                        (1 минут) (1 Үйге тапсырма:    Тәуелсіздік тақырыбында әңгіме құрастырыңдар.

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока

Разработка урока
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.02.2017