Разработка уроков по казахскому языка
Оценка 4.8

Разработка уроков по казахскому языка

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
чтение
5 кл
23.11.2018
Разработка уроков по казахскому языка
Мақсаты: Ананың , балаға деген жағымды эмоциясын туғызу. Тренингке жиналған аналар түрлі формада қиылған кеспелерді алып, өз балаларына арнап тілек жазады. Тілек жазылған кеспелерді әрбір ана оқып, өз баласының маңдайынан сүйіп, сыныпта тұрған талға іліп қояды. Кеспелердің сыртында қарамен жазылған сөздер болады. Әр ана өзіне ұнаған кеспені алады. Тілектер ілініп боған соң, компьютерден келесі слайдта әр адамның таңдауы бойынша қандай қасиеті бар екені шығып тұрады.
5Ә.-сынып.docx
5Ә­сынып                         Тақырыбы:                              Ана  біздің  күніміз Мақсаты: ­ Оқушылардың  ананың  ақ  сүтін  ақтауға,сенімділігін, жағымды, эмоциясын   туғызу. ­ Оқушылардың  аналарға  деген  сүйіспеншілігін  арттыру.  Сабақтың  түрі:  Психологиялық  тренинг сабақ. Көрнекіліктер :    Нақыл  сөздер «Анашым­данасың!» « Ана  сүті­қарыз, әке  сөзі  парыз» « Ана – өмір  шуағы» Шарлармен, гүлдермен безендірілді, түрлі  түсті  шарлар, жұмсақ  ойыншық,  әртүрлі  формадағы  кеспе  қағаздары, тал  ағашы, релаксациялық  әуендер. Тренинг  барысы I .Ұйымдастыру II .Аналарға  арнау III .Балама  тілек IY .«Анашым»  күн  шуағы Y .« Менің  балам!» ойыны Қорытындылау Ұйымдастыру: Релаксациялық  әуен  үнемі  ойналып  тұрады. Психолог: Ананың  жолы  басқа, ана деген  сөздің  өзі  ыстық. Ана  десе –  толқымайтын  жүрек, таусылмайтын  қан, сезбейтін  сезім  болуға  тиіс  емес. Адам   бойындағы  барлық  асыл  қасиет күннің  нұрынан,ананың  ақ  сүтінен  дариды. Ана – барлық  өміріміздің  бастауы, Ана – адамды  өмірге  әкеледі. Ана – оны  тәрбиелейді , өсіреді, Ана – ұлы  адам. Ана – құдыретті  жан! II .Аналарға  арнау: 1 – оқушы Ана  сүттен  барлық  адам  нәр  алған,  Ол  азығың  өзіңменен  бір  жаралған. Туа  салып  тұңғыш  татқан  дәмің  ол, Күш­қуат  боп  өнебойыңа  таралған. 2 ­ оқушы Онда  өмірге  керектінің  бәрі  бар, Ананың  ақ  сүтіне  әбден  қанып  ал. Құс  сүтіне  кейін  қолың  жетсе де, Ана  сүттей  асыл  қайдан  табылар. 3­оқушы Азамат  боп  алыстарға  кет  мейлі, Ана  сүттің  дәмі  ауздан  кетпейді, Сүт  біткеннің  бәрін  кейін  ішсең  де Уызына  жарығанға  жетпейді. 4­оқушы Ана  сүттей  құдіретті  ана  тілі, Қанатсыз  құс  ана  тілсіз  оратар. Меңгерілер  өзге  тілдер  өмірде, Ана  сүттей  ана  тілмен  ғана  асыл. 5­оқушы Ана  дейміз бәрімізде  аңқылдап, Ана  дейді  жас  сәбиде  жарқылдап. Ана деген – бәйтерегі  өмірдің, Ана  деген  алтын  қазық, алтын  бақ. 6­оқушы Ерлік  еткен  біз  үшін, Еңбек  еткен  біз  үшін. Еркелеткен  біздерді, Еркіндеткен  біздерді, Анамызға  мың  алғыс! Ән:  М. Омаровтың. «Анашым» III .Балама  тілек  ойыны Мақсаты: Ананың , балаға  деген жағымды  эмоциясын  туғызу. Тренингке  жиналған  аналар  түрлі  формада  қиылған  кеспелерді  алып, өз   балаларына   арнап  тілек  жазады. Тілек  жазылған  кеспелерді  әрбір  ана  оқып, өз    баласының  маңдайынан  сүйіп, сыныпта  тұрған  талға  іліп  қояды. Кеспелердің  сыртында  қарамен  жазылған  сөздер  болады. Әр  ана  өзіне  ұнаған кеспені  алады.  Тілектер  ілініп  боған  соң, компьютерден  келесі  слайдта  әр   адамның  таңдауы  бойынша  қандай  қасиеті  бар  екені шығып  тұрады. ­ ЖАҚСЫ – Бір  қалыпты адам ­ ӨТЕ  ЖАҚСЫ – Барлық  істі  жақсылыққа  жоритын  адам  ­ БІЛІМ ­ Ізденімпаз ­ ТАМАША – Әсерлі  адам  ­ КЕРЕМЕТ – Жан  дүниесі  мол ­ ОРТАША – Қанағатшыл  ­ КӨҢІЛДІ – Көпшіл  ­ ШЕҢБЕР – Идея, фонтазиясы  жоғары  ­ ЖҰЛДЫЗ – Жаңалыққа  жаны  құмар  адам ­ ҰСТАЗ – Баланың  инженері  ­  ӘСЕМ – Талғампаз  ­ ТӘТТІ – Балажан, бауырмал. IY .« Анашым» күн  шуағы Мақсаты: Оқушылардың  анаға  деген  сүйіспеншілігін  туғызу. Ендігі  бұл  бөлімде  оқушылар аналарына  арнап, күннің  шуағын  алып  жылы   тілектерін  тілеп, күн шуақтарды  тақтаға  іледі. Оқушылардың  анаға   деген  жылы   лебіздерінен «Анашым» күн  шуағы  шығады.                                                                  Данасың Бақытымсың                                  Шуағымсың                                               Қамқоршысың Жан шуағымсың Күнімсің                                       Өмір  шуағысың   Мақтаны шымсың Y .« Менің  балам» ойыны: Мақсаты:  Ана  мен  бала  арасындағы  қарым­қатынас. Түрлі­түсті  шарлардың  ішінде  сұрақтар  бар. Сол  түрлі­түсті  шарларды  әрбір   ана  өзіне  ұнаған  түсті  таңдап алып, сол  шарды  жарып  ішіндегі  сұрақтарға  жауап   береді. Әрбір  таңдаған  шарлардың  түстеріне  қарай  психологиялық  сипаттама   беріледі. Түстер  жайлы: Ақ – бейкүнә Қызыл – өткір  тіл. Басқара  білу  қабілеті. Сары – байлық, сән  салтанат Қоңыр – көндіру Сұр – үміт Жасыл – данышпандылықпен  ойлау Апельсин  түстес  сары – бейімділік Көгілдір  күлгін – достық, еске  түсіру, тұрақтылық  т.б.  түстер Шарлардың  ішіндегі  сұрақтар. ­ Сіз  балаңызды  қалай  еркелетесіз? ­ Балаңызбен  сырласасыз  ба? ­ Балаңыз  қай  пәнді  жақсы  көретінін  білесіз бе? ­ Балаңыздың  жан  досы  туралы  не  білесіз, қаншалықты   білесіз? ­ Балаңыздың  ең  жақсы   көретін  түсі? ­ Балаңыз  қандай  тамақты  жақсы  көреді? ­ Балаңыздың  білім  деңгейін  қаншалықты  екенін  білесіз бе? ­ Сіз  балаңыздың  қандай  азамат  болғанын  қалайсыз? ­ Балаңызға  кімді  үлгі  тұтасыз? ­ Баланы  еркін  тәрбиелеген  дұрыс  па?  тағы  басқа  сұрақтар. YI .« Сыйлық»  ойыны Мақсаты: рефлекция  процесін  күшейту, қатысушыларға  жағымды  психологиялық  ахуал  орнату, топ  мүшелерінің бір­бірін түсінісуге, қарым­қатынастың  маңызды   сапаларын  ашу. Аналар  мен оқушылар  бірге  шеңбер құрып  тұрады. Сіздер  бір­бірлеріңізге,  яғни өзіңіздің  оң жақтағы  көршіңізге  сыйлық  сыйлайсыз. Көпшіңізге  қандай   сыйлық  жасайсыз, сыйлықты  үнсіз  ым­ ишара (мимика)  арқылы  көрсетіп   бересіздер.  Көршіңізге  қандей  сыйлық  силап  жатқанын  түсінетіндей  жасау   керексіз. Барлық  силықтарын  алып  болғанша  ештеңе  айтылмайды. Барлығы  үнсіз жасалуы  тиіс.  YII .Қорытындылау: Тренингтің  соңында  аналарымыз  қолымыздағы  жұмсақ  ойыншықты  бір­ бірімізге  беріп, тренингтен алған  әсерімізді  білдіреміз. Ал  оқушылар  қолдарындағы  жұмсақ  ойыншықтарды  өз  аналарына  ұсынып,  жылы  лебіздерін  білдіреді.  Рахмет!

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка

Разработка уроков по казахскому языка
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.11.2018