Бұл тәрбие сабағының тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Бұл сабақ материалында мектеп оқушыларына ауру түрлері, соның ішінде жұқпалы аурулар туралы мәліметтер беріледі. Күнделікті өмірде оқушылар аурулар туралы мәліметтер алып, оның адамға қандай зиян әкелетінін біліп жүреді. Әрбір оқушы өз өмірін аялап жүруі тиіс.Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар.docx
Мерзімі: 19.01. Сыныбы:
Тақырыбы: Жұқпалы аурулар
Мақсаты: оқушыларға жұқпалы аурулар туралы түсінік беру. Жұқпалы аурулардың
түрлерімен таныстыру. Жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарымен таныстыру.
Мұғалім: оқушылар қүз мезгілі басталғалы күнде суыта бастады. Алда қыс мезгілінің
келе жатқанын білесіңдер. Күннің салқындауымен адамдар салқын тиіп ауырып
бастайды. Салқыннан,яғни тонған адамдардың көбі тұмау ауруымен ауыратынын
білесіңдер. Ал бұл ауру адамнан адамға жұғатын,яғни жұқпалы аурулардың қатарына
жатады. Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Жұқпалы аурулар» деп аталады. Аурулардың
түрлері, жұғу жолдары туралы бүгін бізге мектебіміздің медбикесі Аспентаева Гүлзира
апайларыңыздың дайындаған баяндамасы бар екен. Сондықтан зер салып баяндаманы
мұқият тыңдаймыз.
Медбике:
Жұқпалы аурулар жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте замандаак олардың жаппай
таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет,
жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен
байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш
микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді
білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады.
Қоздырғышмикробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда
ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы
мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп,
көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып
табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғиошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір
климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи
сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары —
жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.
Жүқпалы аурулардың қоздырғыштары паразиттік емір кешеді, белгілі бір уақытка дейін
қажетті нөрсемен камтамасыз етіледі, осы уақыт біткеннен кейін қожайынды
ауыстыру қажеттілігі туады. Бұл берілудің тиісті механизмі көмегімен жүзеге
асырылады. Бұл жүйелі пайда болып отыратын жөне өзара байланысты жұқпалы
(инфекциялы) жағдайдың үздіксіз тізбегі, ол
клиникалық айқын немесе жасырын формада көрініп отырады, бұл эпидемиялық процесс
деп аталады. Эпидемиялық ошақ дегеніміз—инфекция көзінің өзін қоршаған аумақ шегінде
нақты жағдайда жұкпалы бастауды беруге қабілетті орны.
Эпидемиялык процестін пайда болуы үшін фактордың өзара қимылы кажет: жұқпа
қоздырғышының көзі, жұкпаның берілу механизмі жөне қабылдағыш ағза. Жоғарыда
айтқандай, ауру адам немесе жұқпалы (залалданған) жануар жүқпа көзі болса, тағы бір
жұкпа кезі — тасушы (бацилло — «таратушы»). Кейбір аурулар кезінде (тырысқак, іш
сүзегі) ауру адамның айығуы ағзаның қоздырғыштан босауымен кабаттаса жүреді, яғни
клиникалық тұрғыдан сау адам коздырғыштар бөлуі мүмкін, бұл «тасушы» деп аталады.
Қоздырғыштың залалданған ағзадан сау ағзаға өтуі эволюциялық қалыптасқан әдіспен
өтеді. Бұл — жұқпа қоздыргыштарыньщ берілу механизмі деп аталады. Ағзада коздырғыштың орналасуы мен жұкпаның берілу механизміне байланысты бар жүқпалы
аурулар 4 топқа бөлінеді: ішек жұкпасы, тыныс алу жолдарының жұкпасы, қан жұкпасы
жөне сыртқы кабат жұқпасы.
Ішек жүқпасына қоздырғыштардың ішекте орнығуы мен соған сөйкес олардың сыртқы
ортаға, негізінен, нәжіспен бөлінуі тән. Бұл аурулардың қоздырғыштары сау адамдарға
ауыз аркылы азықтүлікпен, ауыз сумен немесе лас қолдармен ағзаға түсуі нәтижесінде
жұғады. Оларға — дифтерия, іш сүзек, тырысқақ, ішек уыты жұқпалары жатады.
Тыныс алу жолдарының жұқпасына тыныс алу жолдарының шырышты кабықшаларда
өсіпенетін және сыртқы ортаға жөтелу, түшкіру, қатты сөйлеу, шулы тыныс алу
кезіндегі шырышты ұсақ бөліктерімен, кақырықпен бөлінетін қоздырғыштары бар аурулар
жатады. Сау адамға, сондайақ шырыштың жұкпаға ұшыраған белігінің жоғары тыныс
алу жолдарына түсуі нөтижесінде жұғады. Бұл ауруларға — тұмау, табиғи шешек,
дифтерия жатады.
Қан жұқпа тобына қоздырғыштары кан ағысына қансорғыш буынаяқтылардың (бүрге,
маса) шағуы кезінде түсетін, сөйтіп, негізінен, қанда орнығатын қоздырғыштары бар
аурулар жатады. Бұл ауруларға — бөртпе сүзек, безгек, оба жатады.
Сырткы қабат (жамылғыш) жұкпалары—сау адамның шырышты қабыкшасы немесе
керісінше ауру тудыратын қоздырғыштардың түсуі нөтижесінде жұғады. Қоздыр
ғыштардың берілу факторлары төсек жайма заттары, киім, ыдысаяқ, су, шырышпен,
ірумен немесе кабыкпен ластану. Жара жұқпа жарақат нөтижесінде сыртқы
жамылғыш қабат тұтастығының бұзылуы төн. Сыртқы жамылғыш қабат жұкпасына
— түйнеме, туляремия, саңырауқұлақтық аурулар жатады.
Өте ауыр өтетін, өлім жағдайы көп кездесетін жөне жүғудың жоғары деңгейімен, яғни
адамдар арасында тез тарау кабілеттілігімен (жоғары контагиозды) сипатталатын ауру
аса қауіпті жұқпа деп аталады. Бұған: оба, тырысқақ, шешек жатады.
Осы бетте тұмау, А, В, С, Е, Д, G вирусты гепатиттері, кене энцефалитеті жұқпалы
аурулары туралы мәліметтер ұсынылған.
Тұмау (грипп) — өте жұқпалы ауру.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға
шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей
қабығында өсіпөнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде
және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондайақ тұмау вирусы науқастың ыдысы,
сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды.
Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін.
Бір ауырған адам бірекі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде
жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері
қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде
мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау
вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.)
әсерінен тез қырылады.
Тұмау басталғанда адамның денесі делсал болып, көңілкүйі нашарлайды және тағамға
тәбеті шаппайды. Бірекі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық
еттері сыздап, буынбуыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі,
тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге
көрініп, емделсе, үшбес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.
Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Дене
қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау
вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы
мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс
Кене энцефалиті.
Кене энцефалиті (КЭ) – ауыр мержігуге, немесе өлімжітімге әкеліп соғатын, адамның
қауіпті сырқаттануы. Бұл сырқаттану жануарлар мен адамдарды иксод кенелері
шаққанда таралатын вирус арқылы пайда болады.
2005 жылы облыс бойынша медициналық көмекке кене шаққан – 800 адам жүгінді, оның 9
– ы кене энцефалитімен ауырды.
Ақсу, Алакөл, Ескелді, Енбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Сарқан, Талғар, Уйғыр аудандары
және Талдықорған, Текелі қалалары — кене энцефалитінің табиғи ошақтары бар аудандар
болып табылады. Осы аудандарда адамдар арасындағы сырқаттанушылық жыл сайын
тіркеледі.
Кенелердің сүйікті жерлері – қалын орман тұғырығы бар аралас ормандар. Кенелердің иіс
сезімі жақсы дамыған, олар адам мен жануарлар иісін 35 метр жерден сезеді. Кенелер,
әмісе мойынға, төске, қолтық астына және шап қатпарына қадалады. Жыл ішінде
кенелердің белсенділігі мамыр мен шілденің ортасына дейін және тамыз айынан қазанға
дейін байқалады.
Бірақ, адамның КЭ зақымдалуы мүмкіндігі жылдың барлық жылы мезгілдерінде де бар.
Энцефалиттің белгілері (симптомдар)
Жасырын кезең 130 күнге дейін созылады. Сырқаттану аяқ асты қалтыраудан дене
қызымының 38390С көтерілуінен, қатты бас ауруынан, дене сырқырауынан, әлсіздіктен,
ұйқы бұзылудан, жүрек айнудан, құсудан басталады. Науқастың беті, көзі қызарады 35
күннен кейін жүйке жүйесінің зақымдалуы басталады.
Кене шаққаннан қалай қорғану және егерде, кене шаққанын байқасаңыз не істеу керек?
Бірінші, есіңізде сақтаңыз! КЭ бойынша қауіпті аумақтарға барған кезде (тау, тау
етектері), кене шабуылын және жағу мүмкіндігін төмендегі бірқатар қарапайым
ережелерді сақтау қажет.
Сәйкесетін киім киюге көніл бөлу керек. Шалбардың балағын етіктің, бәтіңкенің
қонышына жіберген дұрыс, көйлегіңіз ұзын жеңді және жағалы болу керек. Орманға
баратын болсаңыз әртүрлі комбинизондар киген дұрыс.
Киімді өңдеу және оның қорғаныс қасиеттерінің ұтымдылығын арттыру үшін алдын алу
репелленті (қорқытатын) және инсектицидті (жәндіктер мен кенелерді жоятын)
препараттарды қолдану керек.
714 тәулік бойы кенелерден максималды қорғанысқа киімді репеллент – инсектицидті
препараттармен өңдеу арқылы жетуге болады.
Егерде қадалған кенені көрсеңіз, жақын арада медициналық мекемесі жоқ болған
жағдайда, оны өзіңіз алып тастауыңыз керек. Ол үшін кене денесіне өсімдік майын жағып,
кененің бас жағын жіппен байлап, жіп үштарын жоғары және жан жаққа тартып,
тербеліс қозғалыстарымен алып шығу қажет.
Содан соң, серопрофилактика пунктіне, жүгіну қажет. Онда емдеу мақсатында кене
энцефалитіне қарсы иммуноглобулин тегін енгізіледі.
Кенеге қарсы туратын иммуноглобулин — кене шағуға дейін және кене шақаннан кейін кене
энцифалитінің дереу арнайы серопрофилактикасына арналған препарат.
Бұл препаратты жұқпаның табиғи ошақтарына барғанға дейін, кенелердің белсенді
кезеңдерінде, сондай – ақ, кене шақаннан кейін 96 сағат (4 тәулік) ішінде енгізу ұсынылады.
Егер, кене қадалғаннан кейін 96 сағат өтсе, бұл препаратты енгізудің қажеті жоқ. Ал,
негізгі алдын алу шараларының бірі – кене энцефалитіне қарсы вақцинациялау болып
табылады. ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ (ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІ, САРЫ АУРУ,
ТУБЕРКУЛЕЗ, ҚЫШЫМА)
Жұқпалы аурулар — жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте замандаак олардың жаппай
таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет,
жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен
байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш
микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді
білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады.
Қоздырғышмикробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда
ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы
мүмкін.
Қырым қанды безгегі
Халық арасында «қырым қанды безгегі» аталып кеткен конгоқырым геморрагиялық
қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі.
Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында ОңтүстікҚазақстан облысында аталған
ауруға 8 адам шалдығып, екеуі көз жұмды. Осыған орай, еліміздің өзге өңірлері аурудың
алдын алуға шұғыл кірісті. Қанды безгек — екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен
және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлімжітімінің
жоғарылығымен сипатталатын жіті вирусты ауру. Ол ауру жұқтырған кенелер
шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде
жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі
жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары
арқылы да жұғуы мүмкін. Сондайақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға
медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс
істеу барысында да жұқтырады. Қанды безгектің жұғу жолдары әртүрлі жүретін,
кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған
капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады.
Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы — вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып
табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы —
биологиялық организм — кенелер, бүргелер және олардың табиғи демдеушілері, жабайы
не үй жануарлары. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін
анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлықэпидемиологиялық
қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын,
олардың санының маусымдық өсімін және вирустың табиғи резервуарларын зерделеуі
керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде
зоологиялықпаразитотологиялық тексеру жүргізілуі тиіс.
ры ауру немесе вирусты гепатит –бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы
ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус
тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар,
қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.
Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондайақ вирусты
гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары
ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп
атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі
тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте
маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және
режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің
сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың
мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш
аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Құдықтарды таза
ұстау қажет. Оларға жақын жерде кәріз жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары
жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан
тазалап, оқтыноқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда
дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері
арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азықтүлік дүкендерінде санитария
ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу
керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының
артық болмауын және одарда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар
әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті
мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде,
балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті
түрде өткізілуі қажет. 35 күн бойына ауру мен қарымқатынаста болған адамдарға
медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн
сайын өздерімен бірге қайнаған су құйылған құты алып жүрулері керек.
Туберкулез
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі
жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды.
XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны
(туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі
туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары
болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер,
нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер
құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да
туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен
жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік
сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған
туыстары.
Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ
барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты
өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда
адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.
Жұқпа қалай жұғуы мүмкін?
Қышыма — жұқпалы қышыма ауруы. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің
түсуінен пайда болады. Жұқтыру көзі болып табылатын — адам. Кене басқа сау адамға
«ауысу» үшін және ауру туғызу үшін міндетті түрде «тері теріге» байланыс болу қажет.
Сондықтан басты қышыманың таралу ошағы тар жанұялық ортада, ерлі
зайыптылардың жақындасуларында, сонымен қатар жыныстық серіктес арасында
қалыптасады. Басқа қышыманың мүмкіншілік жолының таралуы: төсек орын арқылы, киімкешек,
сүлгі, жөкелер, қолғап бұл заттармен науқас қолданғасын, белгілі уақыттардан кейін
өзінде өмір сүретін кенелерді сақтайды. Қайталама қолдануда, егер кәдімгі жуылуда
өтпесе, таралу көзіне айналады.
Ұйымдастырылған балабақшаларда таралу көзі болып табылатын жазу құралдары,
ойыншықтары, спорт бұйымдары және т.б. Санитарлықгигиеналық тәртіпті
сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан,
жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргінші поездардан жұқтырып алуға болады.
Мұқият душ астында жылы сумен сабынмен жуыну емделудің басы болып табылады
(міндетті түрде қайнатылған жөкемен және жуылған сүлгіден кейін) және оның
аяқталуынан кейін.
Ішкі киімді және төсек орынды ауыстыру препаратты қолданғаннан кейін бірінші күні мен
ем аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Қышымаға қарсы препаратты барлық дене
түбіне, беттің терісіне, бастың шашты бөлігіне жағылады және сүртіледі, ал 3 жасқа
дейінгі балаларға жай ғана сүртіледі және бастың шашты бөлігіне және бетке
жағылады, бірақ препарат көзге түспеуі керек.
Қышымаға қарсы препаратты жағу және сүрту кешкі мезгілде тампонды қолданбастан
немесе сүртіндіні қолданбастан жағылады, кешкі қышыма кенесінің белсенділігіне
байланысты.
Емделуден кейін терідегі қышуды сақтау қосымша спецификалық емді талап етеді және
өлі кенелердің ағзадағы реакциясы және өмір сүру тағамдары болып табылады. Қышыма
антигистаминдық препаратын тағайындауда және глкжокортикоидами майымен
кетіріледі.
Қышыманы жұқтырмауды қалай ескертуге болады?
Бөтен адамның киімдерін, қолғабын, аяқкиімін, төсекорындарын, сүлгілерін, жөкелерін
қолданбаңыз,
Кездейсоқ жыныстық байланысқа түспеңіз.
Қоғамдық орындардан үйге оралғанда, көлікте жол жүргесін және т.б жағдайда
міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Жалаң аяқ душта, қонақүйде және басқа да жерлерде жүрмеңіз. № 17 орта мектеп
Тақырыбы: Жұқпалы аурулар :
Сыныбы: 7 «Б»
С/ж: Ишанбаева З.С
Медбике: Аспентаева Г.С.
2017/2018 оқу жылы
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Сабак такырыбы: Жукпалы аурулар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.